Жарияланымдар

Наурыз мейрамына орай Астанада өтетін іс-шаралар

Астана жаңалықтары: Наурыз мейрамына орай Астанада өтетін іс-шаралар

Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамына орай елордада мәдени ойын-сауық бағдарламасы әзірленді. Дәстүр бойынша басты шаралар 21-22 наурызда қаланың ашық алаңдарында сағат таңғы 10.00-ден кешкі 18.00-ге дейін өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасына сілтеме жасап.

Биыл халықтық серуен «ЭКСПО» көрмесі аумағында ұйымдастырылады. Мерекелік шаралар, сондай-ақ, «Қазақ елі» алаңында, Қалалық алаңда, «Студенттік» саябақта және қаланың тұрғын алаптарында да өтетін болады.

«21-22 наурызда «Астана ЭКСПО» халықаралық мамандандырылған көрмесі аумағында киіз үйлер тігіліп, Этноауыл ашылады, жиналған қауымның назарына мерекелік концерт ұсынылады. Астана қаласы театрларының әртістері мен этномәдени бірлестіктердің өкілдері әрбір киіз үйдің жанында қазақ халқының салт-дәстүрлерін көрсетеді. Бұдан басқа, фуд-корт аймағы ұйымдастырылады. Онда палау, наурыз көже мен бауырсақ дайындауға арналған қазандар тұрады.

Сауда орындарында шығыс аспаздығынан ыстық тағамдар сатылады. Сондай-ақ сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарын сату-көрмесі ұйымдастырылады», — делінген хабарламада.

Этноауыл аймағында халық арасында қазақ күрес, арқан тартыс, гір көтеру, қой көтеру сияқты ұлттық ойындар ойнатылады.

Мұнымен қоса, Наурыз мейрамын мерекелеу аясында этноауыл аумағында ит жарысы, тазы мен төбеттер көрмесі өтеді.

Астананың мәдениет мекемелерінде де Наурыз мейрамына арналған шаралар ұйымдастырылады.

21 наурызда Конгресс-орталықта қазақстандық «Жаңарған жер, бақ қонған нұрлы ел» мюзиклі көрсетіледі.

«Шараға жас таланттар, опера, балет, театры сынды сахна өнеріндегі жаңа тұлғалар тартылған. Мюзикл барысында симфониялық оркестр әлемдік классикалық музыка, қазақстандық композиторлардың белгілі композицияларын орындайтын болады», — делінген ведомствоның хабарламасында.

Осы күні «Астана» концерт залында «Ауылым — әнім» атты концерт өтсе, «Жастар» сарайының қонақтары 20 наурызда «Женщина-весна» концерттік бағдарламасын тамашалай алады.

Ал 16 наурызда «АЛЖИР» мұражайында Балалар үйінің, мамандандырылған интернаттардың тәрбиеленушілері үшін «Добро пожаловать, Наурыз!» атты мерекелік танымдық ойын-сауық бағдарламасы, «Мәңгілік ел» қақпасында елорданың жас суретшілері мен фотосуретшілердің көрмесі өтеді деп күтілуде. Ал тарихи-мәдени мұра нысандары мен ескерткіштердің сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі дирекция «Наурыз – бейбітшілік және достық мерекесі» атты шара өткізеді. Сәкен Сейфуллин музейінде 19-23 наурыз аралығында «Астанаға қош келдің – ӘзНаурыз» экспозициясы жұмыс істемек.

Мереке күндері елорданың барлық кітапханаларында кітап экспозициялары, ұлттық салт-дәстүрмен таныстыратын театрландырылған кештер, библиошоу, тақырыптық викториналар, этнографиялық көрмелер көпшілік назарына ұсынылады.

Шаралардың толық кестесі www.madeniet.astana.kz сайтында жарияланған.
Әрі қарай

«Байқоңыр» ауданының ашылуы туралы бірер сөз

Астана жаңалықтары: «Байқоңыр» ауданының ашылуы туралы бірер сөз

12 ақпанда еңселі Елормадызда жаңа – «Байқоңыр» ауданының ашылатындығы туралы жаңалық жарыққа шықты.

Байқоңыр – адамзат баласы тұңғыш рет ғарыш көгіне самғаған Қазақстанның қаситетті жері. Күні бүгінге дейін адам баласын ғарыш көгімен байланыстырып келе жатқан стратегиялық орталық. Сондықтан жаңа ауданға Байқоңыр атауын таңдау, бір сөзбен бейнелеп айтсақ арайлы Астанамыздың биікке ұмтылған өміршең мұраттарын білдіреді.

Жаңа аудан өзінің алдына қойылған тиісті міндеттердің үдесінен шығып, халықтың игілігіне қызмет етеді деп сенемін.

Арман НҰРҒАЗИН
«Астана қаласының азаматтық альянсы» заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы
Әрі қарай

«Астана LRT»: Автобуста валидатор істен шықса жолаушылар тегін жүреді

Астана жаңалықтары: «Астана LRT»: Автобуста валидатор істен шықса жолаушылар тегін жүреді

2018 жылдан бастап «Астана LRT» ЖШС жолақыны төлеудің электронды жүйесіне толықтай көшетінін мәлімдеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.

Осыған байланысты, «Астана LRT» елорданың барлық автобус паркі валидатормен жабдықталып, ASTRA PLAT транспорттық электронды картасымен төлем жасайтынын мәлімдеді. Егер автобуста валидатор істен шықса, ол автобус маршруттық бағыттан шығарылып тасталады немесе жолаушылар тегін қатынайтын болады.

Сондай-ақ, келесі жылы айлық жол жүру билеті де алынып тасталады. Қағаз билеттің орнына пластикалық карта шығады. Бағасы бұрынғыша – 7500 теңге күйінде қалдырылады. Ал транспорт картасының бағасы – 400 теңге. Бұл жаңалық жолақыны электронды жүйемен төлеуге толықтай ауысудың алғышарты.

Сонымен қатар, жыртылып берілетін билет орамы да алынып тасталады, бұл көлеңкелі ақша айналымын тоқтатады. Жүргізушінің қасындағы (валидатор жүргізушінің жанында орнатылады) мөр басылған билет жолақының төленгенін растайды.

Транспорт картасын алып үлгермеген азаматтар картаны арнайы мамандандырылған кассалардан, RTVM терминалынан және де халыққа ыңғайлы болу үшін Касса24 немесе QIWI терминалы арқылы толтыруына болады.

25 желтоқсаннан бастап транспорт картасын сататын және электронды картаны толтыратын сауда орындарын көбейту жоспарланып отыр.

Кассалардың мекен-жайы:

№12 касса — «Гранд Астана» ТК, Ж. Нәжімеденов көшесі, 10/1.

№8 касса — Астаналық цирк, Қабанбай батыр к-сі, 5.

№14-15 касса — Орталық кеңсе, Қ. Мұңайтпасов к-сі, 14

№17 касса — Теміржол вокзалы, Гёте көшесі, 1.
Әрі қарай

Астана қаласының әкімдігі үлескерлік құрылыс нысандарының проблемаларын шешу жолдарын қарастыруда

Астана жаңалықтары: Астана қаласының әкімдігі үлескерлік құрылыс нысандарының проблемаларын шешу жолдарын қарастыруда

Астана қаласының әкімдігі Қазақстан Республикасының Үкіметімен, құзырлы орталық мемлекеттік органдармен бірлесіп, «Нұрлы жер» бағдарламасы аясындағы үлескерлік құрылыстың проблемалы нысандарының құрылысын аяқтау жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Пысықталып жатқан механизмдер нысандар құрылысының аяқталуын көздейді. Осының негізінде бөлінген мемлекеттік қаражаттың қайтарымдылығы қамтамасыз етіледі.

Нормативті шешімдер мен тәртіптердің қабылдануы 2018 жылдың 15 қаңтарына дейін аяқталады деп жоспарлануда. Осыдан кейін үлескерлік құрылыстың әр нысаны кесте бойынша жеке қаралатын болады. Кесте өз кезегінде 2018 жылдың 10 желтоқсанына дейін жарияланбақ.
Әрі қарай

Сегіз жоба Астананың 20 жылдығына арналған үздік брендбук атануға үмітті

Астана жаңалықтары: Сегіз жоба Астананың 20 жылдығына арналған үздік брендбук атануға үмітті

Астананың 20 жылдығына арналған брендбукты анықтау байқауына өтінім қабылдау аяқталды. Нәтижесінде үздік 8 төлтаңбаның жобасы іріктелді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.

«Байқауға елорда мен еліміздің басқа аймақтарында жұмыс істеп жатқан заңды және жеке тұлғалардан 61 өтінім (150-ден астам жұмыс) түсті. Атап өтетін жайт, қатысушылар арасында елорда мектептерінің оқушылар мен әлемнің беделді университеттерінің түлектері – дизайнерлер бар. Жастардың азаматтық ұстанымдарын көрсетуте белсенділік танытқаны қуантады», — деді Астана қаласының Ішкі саясат басқармасының басшысы және үздік брендбукты анықтау комиссиясы төрағасының орынбасары Ерлан Каналимов.

Байқаудың идеологиялық маңызын ескере отырып, ұйымдастырушылар жұмыс тобының аноноимді дауыс беруі үшін арнайы парақшалар әзірледі. Жоба авторларына өз жұмыстарын таныстыруға мүмкіндік жасалды. Жұмыс тобының дуыс беру нәтижесінде байқаудың үздік 8 жұмысы іріктелді.

«Алдағы уақытта іріктелген үздік жұмыстар таныстырылып және келістірілу үшін Қазақстан Республикасының елордасы — Астана қаласының 20 жылдығына дайындау және өткізу жөніндегі комиссияның қарауына жолданды», — деді Е.Каналимов.

Айта кетейік, үздік брендбук байқауына өтінімдер қарашаның 6 мен 27 аралығында қабылданды. Елорданың 20 жылдық мерекесіне арналған төлтаңбаны анықтау байқауын Астана қаласының Ішкі саясат басқармасы өткізді.

Үздік брендбук авторы 8 млн теңге көлемінде сыйақы алады. Ал үздік қолтаңба елорданың 20 жылдығын мерекелеу кезінде жарнамалық және маркетингтік, сонымен бірге мәдени шаралар кезінде қолданылады.
Әрі қарай

Қоғамдық көліктердің жұмысы астаналықтарды қанағаттандырады ма? (ВИДЕО)



Автобустардың санын қай бағытта көбейту керек? Жылы аялдамаларды қайда орнату қажет? Қай бағдардағы автобустар қозғалыс интервалын сақтамайды? Дөрекі кондукторларды қалалықтар көбіне қайда кездестіре алады?

Қала билігіне арналған көмек елорда әкімдігі медиа орталығы тілшілерінің блиц-пікіртерімінде.
Әрі қарай

Астанада криптовалютамен алаяқтық жасады деген күдікпен ер азамат ұсталды

Астана жаңалықтары: Астанада криптовалютамен алаяқтық жасады деген күдікпен ер азамат ұсталды

Полицейлер криптавалютаға байланысты алаяқтық жасады деген күдікпен 28 жастағы Алматы тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің медиа орталығы.

Полиция бөліміне екі қала тұрғыны хабарласып, қаражаттарын алаяқтық жолмен белгісіз біреу қолды қылғанын айтып арызданған.

Зардап шегушінің айтуынша, криптовалюта сатылатыны туралы бір сайттан оқып «сатушыға» хабарласқан, содан күдіктімен қаламыздың СО-ның бірінде кездесіп, 11 200 доллар қаржысын қолына ұстатқан.

Жүргізілген жедел-іздестіру нәтижесінде күдікті ұсталып, қазіргі кезде аталған фактыға байланысты ҚР ҚК 190 бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүруде.

Астана қаласының ІІД-і қаржылай операциялар кезінде қырағы және мұқият болуды ескертеді. Ал «Есіл» ауданының ІІБ –і осы азаматтың заңға қайшы іс-әрекетінен зардап шеккен тұрғындарды мына телофондарға 71-65-50, 8 700 099 96 79 хабарласуын сұрайды.
Әрі қарай

Астананың дарындылары анықталды

Астана жаңалықтары: Астананың дарындылары анықталды
Бейбітшілік және келісім сарайында «Астана дарыны — 2017» байқауының жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.

Астана қаласының жастар саясаты мәселелері басқармасы ұйымдастырған байқауға қатысуға 200-ден аса өтінім түскен. 16 аталым бойынша үздіктер анықталып,

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнінде байқаудың салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

Қатысушыларды марапаттау салтанатына Астана әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев пен ҚР Парламентінің Мәжіліс депутаттары Бақытбек Смағұл мен Серік Сәпиев қатысты.

Байқауда ғылым, үкіметтік емес ұйым, театр, қоғамдық қызмет, спорт, журналистика, жас кәсіпкер, жыл еріктісі, әлеуметтік саланың үздік қызметкері, эстрада, жыл студенті, кино, үздік мемлекеттік қызметкер және т.б номинация бойынша мықтылар анықталды.

Қатысушылардың құрметіне эстрада өкілдерінің қатысуымен концерт өтті.

Айта кетейік, Астана әкімдігі аталған байқауды жыл сайын өткізуді жоспарлап отыр.

Әрі қарай

Қала билігі қыс басында балық аулаудың қауіпті екенін ескертеді

Астана жаңалықтары: Қала билігі қыс басында балық аулаудың қауіпті екенін ескертеді

Астана әкімдігі қала тұрғындарын өзен арқылы өтелетін өткелдерде жаяу жүріп және мұз үстінде балық аулаудан бас тартуға шақырады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.

Ауа температурасының төмендеуіне байланысты Астананың су қоймалары мұздың жіңішке қабатымен қапталып, тұрғындар мұз үстінде тұрып балық аулай бастады.

Осыған орай құтқарушылар су беті толық қатпайынша балық аулаудан бас тартып, қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады.

Қазіргі күні мұздың қалыңдығы бірнеше сантиметрді құрайды.

Мұздың мұндай қабаты адамның салмағын көтере алмай соны қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін.

Қалалық ТЖД бойынша департаменті қайғылы жағдайдың алдын алу үшін балықшыларды мұз үстінде тұрып балық аулаудан бас тартуға және қала тұрғындары мен қонақтарын өзенді мұз үстімен жүріп өтпеуге шақырады.
Әрі қарай

Астанада мерекелік автошеру өтті

Астана жаңалықтары: Астанада мерекелік автошеру өтті

Астанада ҚР Тұңғыш Президент күніне арналған мерекелік автошеру өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.

Автошеру қалалық Спорт және дене шынықтыру басқармасы мен елордалық Автомотоспорт федерациясының ұйымдастыруымен өткізілді. Мемлекеттік тумен безендірілген 28 көлік «Қазақстан» СК бастап елорданың сол және оң жаңалауымен жүріп өтті.

«Мерекелік автошеруге 28 көлік қатысып жатыр. Қатысушылар спорт шеберлігіне кандидаттар, республикалық және халықаралық жарыстарға қатысып жүрген спортшылар. Шараға елорданың ең жүйрік және көз тартатын ерекше көліктері қатысуда. Себебі, біз бүгін қала тұрғындарына ерекше көңіл-күй мен сый тарту еткіміз келеді», — деді Астана қаласы Авто мото спорт федерациясының президенті Анатолий Бондарь.

Айта кетейік, автомотоспорт федерациясы аталған шараны 2012 жылдан бері жыл сайын өткізіп келеді.
Әрі қарай