Жарияланымдар

«Астанаэнергосервис» АҚ баспасөз-конференциясы

Блог - astananews: «Астанаэнергосервис» АҚ баспасөз-конференциясы

Баспасөз-конференциясы барысында келесі мәселелер талқыланады:

2017-2018 жылдардағы жылыту маусымының қорытындысы
Анықтама: Астанада 2017-2018 жылыту маусымы 27 қыркүйекте басталды және 10 мамырда аяқталды. КҚМ ұзақтығы 226 күн болды. Барлығы 10 қазандық және 7 турбиналық агрегат жұмыс істеуде. 2017-2018 жылдары КҚМ үшін көмірді тұтыну шығыны 2,76 млн. тоннаны құрады. 2017-2018 жылту маусымында мазутты тұтыну шығыны — 7,5 мың тонна болды.

Келесі жылыту маусымына дайындық (жөндеу) жұмыстары
Анықтама: 2018-2019 жылдардағы жылу маусымына дайындық аясында «Астана-Энергия» АҚ келесі жұмыстарды орындау жоспарланды:
— Кеңейтілген ағымдық жөндеу: 1 –ЖЭО №5 ст, №2 ст. Қазандық агрегаттар, №4 ст. турбоагрегаттар;
-күрделі жөндеу: №1 ст. турбоагрегат, №1 ст. турбогенератор, № 5, № 6 ст., ВК №4 ст. қазандық агрегаттар, аудандық қазандық жабдықтары, цехтар, ғимараттар мен құрылыс орындарындағы қосалқы жабдықтары.
2013 жылғы 30 мамырдағы жай-күйі бойынша жөндеу бағдарламасы орындалуының жалпы пайызы 2018 жылы 13% құрады.

«Астана-Теплотранзит» АҚ:
Күрделі жөндеу: 2-ЖЭОдан ТРП 2 дейін жылу магистралынан Т2 ДУ1000мм-ны ауыстыру, 1310 қ.м, УТ-12 -тен (45) Бөгенбай даңғылына дейін және Мүсірепов көшесі 6/3,6/4, Мұстафин көшесі 3, 3/1,3/2 (Т1, Т2)» жылу магистралы, 860 қ.м.;
Жылу трассаларын қайта Брусиловский-Жұбанов көшелері бойынша 2Ду 65-250 мм, УT12-ден (19) т.ж. № 15 дейін, Жұбанов көшесінен Эгалите ТК дейін Янушкевич көшесі бойы 2Ду 65-300, Мұстафин көшесі 5, 5/1, 7, 7/1, 9 2Ду 80-150 мм, Кравцов 3, 3/1, 5/1, 5, 7, 7/1, 3/2, 5/2, 2 көше бойынша Рахымова көшесі (Қошқарбаев) 33, 36, Ш.Уәлиханов көшесі, 5, 17, 9, Баянауыл 71 2Ду65-150 мм; УТ 2 (20) УТ 14-тен УТ16-ға дейінгі ЖМ-6 жылу магистрлаы 2Ду 800 мм (Т1, Т2), Есенберлин көшесі 13,15 ауданында ЖМ-2, ЖМ-3 2Ду 50-200 мм жалғастырғыш күрделі жөндеу жоспарланды;
— НО-8 — ден НО-11 дейінгі ЖМ-13, ұзындығы 560 қ.м. Т2 оқаушама «Энергияны үнемдеу» бағдарламасы бойынша ылу оқшауламасын қайта қалпына келтіру.
30.05.2018 жағдай бойынша КҚМ дайындық бойынша жөндеу жұмыстарын орындаудығ жалпы пайызы 34,2% құрайды.

«Астана-АЭК» АҚ орындалу жоспарланды:
— күрделі жөндеу: ҮҚ, ТҚ-10 / 0,4кВ жабдықтар — 56 дана, 10 кВ әуе жолы — 28,95 км, 0,4 кВ, — 21,852 км, 110 кВ, — 36,299 км;
— сүйеу шкафтарды ауыстыру — 97 дана, кабельдік желілер — 0,4 кВ — 10,1 км, 10 кВ — 9,98 км;
— ЖТҚ  үлестіру шкафтарын сатып алу және орнату — 36 дана;
— «Западная» қосалқы станциясын және «Городская» қосалқы станциясын қайта салу;
— Жеке сектор үшін ЭКЕАЖ есептеу құралдарын орнату — 3000 есептеу орны және КТҚ ЭКЕАЖ — 630 есептеу орны;
30.05.2018 ж. жағдай бойынша «Астана-АЭК" АҚ 2018 жылғы жөндеу бағдарлама орындалуының жалпы пайызы — 1,8% құрады.

2018-2020 жылдарға арналған «Астанаэнергосервис» АҚ компаниялар тобының даму стратегиясын жүзеге асырудың алғашқы нәтижелері
Анықтама: Жаһандық жалпы әлемдік үрдістердің әсерімен қатар, «Астанаэнергосервис» АҚ елімізде орын алып жатқан жалпы процесстерге ықпалы расталды.
Астана қаласының ерекше мәртебесі — жоғары тиімділікке қосымша талаптарды белгілейтін компанияның дамуын айқындайтын негізгі сын-тегеуріні.
Компанияның миссиясы — өз клиенттерінің өмір сүру сапасын жақсарту және өңірдің экономикалық дамуына жағдай жасау.
Бұл мақсаттарға Астана және Ақмола облысында халыққа, өндірістік кәсіпорындарға, бюджеттік және коммерциялық ұйымдарға сапалы қызмет көрсету арқылы қол жеткізіледі. Көрсетілетін қызметтердің сапасы барлық техникалық талаптарға сәйкес энергиямен жабдықтау сенімділігі мен үздіксіздігін, сондай-ақ тұтынушыларға қызмет көрсетудің жоғары стандарттарын білдіреді.
Әрі қарай

«Астананың 20 қыры» атты мультижанрлық конкурс басталды

Астана жаңалықтары: «Астананың 20 қыры» атты мультижанрлық конкурс басталды
Астананың 20 жылдығы қарсаңында «Астананың 20 қыры» мультижанрындағы конкурс өткізілгелі отыр, онда 25 бағыт пен 100-ден астам жүлделі орын болады.

20 жыл – бұл астана үшін ерекше шеп, мұнда нақты нәтижелер мен жетістіктер, перспективалар туралы айтуға болады. Дамушы мегаполис ретінде Астана айрықша ритм мен қарқынды өмірге қол жеткізді.

Астана әкімдігі барлық ұсыныстар үшін барынша ашық.

Мүмкін сіз баяғыдан астананың сүйікті орындары туралы өзіңіздің туристік маршрутыңызды ұсынғыңыз келген болар, қала туралы аңызды баяндап беру немесе қаланың туған күнінде өз құттықтауыңызды жариялы түрде жеткізгіңіз келетін шығар?

Қала бойынша ауқымды фотожобаға қатысуыңызды ұсынамыз, киноиндустриядағы кәсіпқойлардың қолдауымен фильм түсіріп, картина жазып, арт-объект эскизін, тақпақ немесе сурет ұсыныңыз. Ал журналистер мен блогерлер үшін конкурс бөлек өткізіледі.

Қорытынды бойынша қала үшін дайын «идеялар банкі» құрылып, солардан қазірден бастап абаттандыру бойынша, мәдениет және спорт саласындағы жобалар арқылы заманауи қоғамдық және мәдени кеңістікте және өзге де салаларға кез келген ұсынысты енгізуге болады.

Конкурста киелі орындарға арналған еліктірерлік квестке басымдық беріледі.

Жұмыстар 25 маусымға дейін қабылданады.

Толығырақ astana20.kz/ сайтында.
Әрі қарай

Астана әкімінің жетекшілігімен қатты желдің салдарын жою бойынша жедел штаб отырысы өткізілді

Астана жаңалықтары: Астана әкімінің жетекшілігімен қатты желдің салдарын жою бойынша жедел штаб отырысы өткізілді

Астана әкімі дауыл салдарын жою жұмыстарын бақылауда ұстап отыр. Астана әкімінің жетекшілігімен қатты желдің салдарын жою бойынша жедел штаб отырысы өткізілді. Әсет Исекешев аурухана, мектеп, балабақша, тұрғын үй сияқты әлеуметтік нысандарды ерекше бақылауда ұстап отыр.

Аудан әкімдіктерінің мәліметінше жалпы қала бойынша ірі қираулар жоқ, 24 тұрғын үйдің қасбетіне зиян келген, 7 әлеуметтік нысанның шатыры (мектеп, аурухана және балабақша) жұлынып, желге ұшып кеткен, 8 ағаш пен 2335 метр қоршау құлады.

Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, аяқ астынан құбылған ауа райынан 10 адам медициналық көмекке жүгінген. Дәрігерлер зардап шеккендерге тексеру жүргізді, бір пациент № 1 қалалық аурухананың жарақат бөліміне жатқызылды. Астаналық медиктердің айтуынша, пациенттің өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Дүлей жел басталысымен барлық коммуналдық қызметтер күшейтілген жұмыс режиміне ауысты. Барлығы 2000 жұмысшы мен 500 техника жұмылдырылды.

Сағат 20.30 уақыт бойынша ТЖ салдарын жою жұмыстары жедел жүргізілуде, шалшық суды сорып алу, жолдар мен тротуарларда сынған ағаштарды жинап шығу т.б.

Штаб отырысының қорытындысы бойынша және қаланы аралау барысында әкім қысқа мерзімде тосыннан тыс мінез танытқан табиғаттың барлық салдарын жойып шығуды тапсырды. Сондай-ақ, алдын ала ертеңгі дауылды ескертуге дайындық пен ахуалды бақылап отыру керектігін пысықтады.
Әрі қарай

1 мамырда Қазақстан халықтары бірлігі күніне орай өтетін велошеру өтеді



1 мамырда Қазақстан халықтары бірлігі күніне орай өтетін велошеруге байланысты Достық, Қабанбай батыр, Қонаев және Түркістан көшелерінде жол қозғалысы уақытша шектеледі, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Спорттық іс-шара Астананың 20 жылдығын тойлау қарсаңында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының бір жыл толу құрметіне арналады.

Мұның алдын, 1 мамырда Астанада «Рухани жаңғыру» бағдарламасының бір жылдығына арналған «Достық шеруі» атты велошеру өткізілетіні хабарланған болатын. Жарыс «Бәйтерек» монументінің алдында сағат 13:00 басталатыны, ал қатысушыларды тіркеу таңғы сағат 11-де өтетіні жоспарланған. Веложарысқа қатысатындардың жолы елорданың басты символы – «Бәйтерек» монументінен басталып, сол жағалау бойынша өтеді.

Велошеруге танымал, әлемдік деңгейде елдің атын танытып жүрген велошабандоздар, атақты спортшылар, Қазақстан халықтары ассамблеясының жастар қанатының өкілдері және де Астана қаласының 12 жастан асқан тұрғындары мен қонақтары қатысады.

Велошеруге өзге қатысушылармен бірге «Astana Pro Team» кәсіби командасының танымал велошабандозы Дмитрий Груздев те қатысады. Спортшы Қазақстанның үш дүркін чемпионы және жеке жарыста Азияның екі дүркін жеңімпазы.

Жаппай велошеруді Астана қалалық Мәдениет және спорт басқармасы Қазақстан халықтары ассамблеясы хатшылығымен бірлесіп өткізуде. Велошеруді қалалықтардың өмірін белсенді саламатты өмір салтына топтастырып, велосипедті күнделікті өмірде пайдаланудың пайдасын танымал ету мақсатында ұйымдастырды.

Астана жаңалықтары: 1 мамырда Қазақстан халықтары бірлігі күніне орай өтетін велошеру өтеді
Әрі қарай

Астана әкімі тұрғындарды сенбілікке шақырды

Астана жаңалықтары: Астана әкімі тұрғындарды сенбілікке шақырды

Әсет Исекешев Facebook әлеуметтік желісі арқылы қала тұрғындарын елорданы абаттандыру науқанына қатысуға шақырды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

«Қаламызда «Астана — таза және қауіпсіз қала» акциясы аясында тазалық айлығы басталды. Барлық қалалық қызметтер белсенді түрде көшелерді тазалап, өзіне қарасты төңіректі көгалдандыру жұмыстарын жүргізуде. Әр адам елордамыздың ажарын ашуға бағытталған акцияға қатыса отырып, қаламыздың әр тұрғыны өз үйінің ауласын, саяқбақтарды одан да көркейте алады. Жаппай сенбіліктер 21 сәуір және 12 мамыр аралығында өтетін болады.

Бұл игі шараға барлық қала тұрғындарын да қатысуға шақырамыз.

Тазалық жұмыстарына қатысты керек-жарақтар сол жерде беріледі.

Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, іске кірісейік!», — деп жазды өз парақшасында Әсет Исекешев.
Әрі қарай

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының бір жылдығы қорытындыланды

Астана жаңалықтары: «Рухани жаңғыру» бағдарламасының бір жылдығы қорытындыланды

Бүгін Астана қаласы әкімдігі мен Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық Ұлттық университеті бірлесіп Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты еңбегінің бір жылдығына арналған «Рухани жаңғыру: ұлттық бірегейлік – сананы қалыптастыру негізі» атты ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Конференцияда «Рухани жаңғыру» бардарламасы аясында атқарылған жұмыстар мен игі бастамалар зерделеніп және бағдарламаны алдағы уақытта тиімді жүргізу жөнінде ұсыныстар мен пікірлер ортаға салынып, талқыланды.

Ғылыми жиынға Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев қатысып, өткен бір жылда атқарылған іс-шараларды қорытындылап болашақта атқарылар жұмыстар жайлы айтып берді.

«Бұл бағдарламаның қазақ өркениетінің дамуына қосқан үлесі ұшан-теңіз. Бұған тек зиялы қауым өкілдері ғана емес, экономикалық, әлеуметтік кластер әсіресе жастар қызу араласып бағдарламаның мән-мағынасын теренңдете түсті және қалыптасқан, анықталған, белгіленген әртүрлі бағдарларда ұсынылды. Астана қаласының әкімдігі осы бағдарламаның жүзеге асуына екі жүзден астам шара өткізді. Оның ішінде тәрбие-білім, «Қасиетті Астана» бағытында көптеген шаралар өтті. Елордамыздың тарихын тануға, танытуға арналған, біздің белгілі ғалымдар қатысқан конференциялар, ашық сабақтар, студенттермен кездесулер өтті» деді Е.Аманшаев.

Осы жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында Елорда тарихының әртүрлі кезеңіне жататын мәдени, тарихи, археологиялық ескерткіштерді таңдап «Қасиетті Астана» атты айдарымен кітап және электронды қосымшалар етіп шығару жоспарланған.
Әрі қарай

Елордада Мемлекет басшысының қатысуымен Астананың одан әрі дамуы тақырыбына арналған кеңес өтті

Астана жаңалықтары: Елордада Мемлекет басшысының қатысуымен Астананың одан әрі дамуы тақырыбына арналған кеңес өтті

Мәжіліс барысында Елорданың болашақ дамуына байланысты және қаланың 20 жылдығын атап өтуге байланысты мәселелер талқыланды, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

«Біз осы жолы Астанамыздың 20 жылдығын атап өту алдында жиылып отырмыз. Елордамыз қысқа мерзімде еліміздің ірі қалаларының қатарына еніп отыр. Қаламыз қазіргі кездетиісті инфрақұрылымы бар, әлемде танымал қала, осында өтіп жатқан маңызды әлемдік оқиғалар бүкіл әлем назарын өзіне аударуда. Маған белгілі американдық журналист Ларри Кингтің Астанада болғанда айтқан сөзі ұнады «Тарихта барлық ел қалаларды жаулап алуда, ал Қазақстан өзі салуда». Осы сөзінде ол барлығын айтты. Біз жасалған жұмыс нәтижесінен көріп отырмыз, бұл бар қазақстандықтардың еңбегі. Бірақ, біз бұл жетістікпен тоқтамаймыз, әрі қарай жалғастырамыз». — деді Н.Назарбаев.
Әрі қарай

Астананың 20 жылдығына 600 астам іс-шара жоспарланған

Астана жаңалықтары: Астананың 20 жылдығына 600 астам іс-шара жоспарланған

Қаламыздың 20 жылдығына ҚР Мәдениет және спорт министрлігімен және басқа да мемлекеттік органдармен қоса алғанда 645 іс-шара жоспарланған. 2018 жылы бас қаламыздың 20 жылдық мерейтойы болған себепті салтанатты іс-шалалар жыл жойы жалғасатын болады, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

«Мысалы G-Global хатшылығымен бірлесіп 3 шілде де «Жаһандық Жібек жолы» атты халықаралық конференция, 4 шілде де Дүниежүзілік экономикалық ислам форумын ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз. Осының аясында Жібек жолы бойында орналасқан қалалар мэрлерінің форумын өткізуді жоспарлаудамыз», деді әкім.

Сонымен қатар, маңызды іс-шараның бірі 5 шілде күні «Астана» халықаралық қаржы орталығын ресми тұсаукесері. Тағы бір маңызды жоба «Астаналар шеруі: Астанының 20 жылдығы – әлемнің 20 астанасы» Басқада мәдени және шығармашылық іс-шаралар, бизнес-форумдар және іскерлік кеңестер өткізу жоспарланған.

Сондай-ақ, мерекеге орай Астанаға бауырлас қалаларды шақырамыз. Қазіргі күнде Анкара мен Бейжің Мәдениет күндерін өткізуді растады. Басқа да елдердің елшіліктері бірлескен шаралар өткізуге ұсыныс жасауда.

«Мерейтойлық шаралардың маңызды бір парасы ел аймақтарында Астана күнін өткізу болмақ. Бұл шара мамырда бастау алып қыркүйек айына дейін жалғаспақ. Шығармашылық топтардың және Елорданың инвестициялық жобалары таныстыратын болады. Сонымен қатар, 15 сәуір күні абаттандыру, көгалдандыру айлығы акциясы және «Үздік сурет», «Астана туралы үзік сыр», «Үздік ән» байқауын бастаймыз», деді Ә.Исекешев.
Әрі қарай

Астанада «Біз қаланың қауіпсіздігі үшін» шарасы басталды

Астана жаңалықтары: Астанада «Біз қаланың қауіпсіздігі үшін» шарасы басталды

Құтқарушы мамандар мен Жергілікті полиция қызметі қала тұрғындарын төтенше жағдайларда өздерін қалай ұстау керек, қандай шаралар жасауы керек екенін түсіндірді, деп хабарлайды Елорда инфо Астана қ. ІІД Жергілікті полиция қызметіне сілтеме жасап.

«Астана қаласы ІІД Жергілікті полиция қызметінің қызметкерлерімен Астана қаласы әкімдігінің «Біз қаланың қауіпсіздігі үшін» жобасы аясында Астана қаласының қоғамдық даму істері жөніндегі басқармасы, Төтенше жағдайлар Департаменті, ҚР Қызыл жарты ай қоғамының Астаналық филиалымен бірлесе отырып, жазатайым оқиғалардың нәтижесінде балалар арасында болатын түрлі жарақаттарды алдын-алуға бағытталған «Бізбен бірге» қайырымдылық іс-шарасы «MEGA SILK WAI» ойын – сауық орталығында жүргізілуде», — делінген хабарламада.

Аталмыш іс-шараның мақсаты — балалар арасында болатын түрлі жарақаттарды азайту, өсіп келе жатқан ұрпақтың бойына патриоттық тәрбиені қалыптастыру, тұрғындар арасында құқық қорғау органдарының өкілдеріне жағымды беделді жасау болып табылады.

Акция ұйымдастырушыларымен қатысушыларға күнделікті өмірде және қоғамдық орындарда жарақаттарды алдын –алу, сондай –ақ, төтенше жағдайлардағы іс-шаралар мен алғашқы жедел көмекті көрсету бойынша (өрт, жол-көлік оқиғасы, улану, суға кету, құлау, электрожарақат және т.б.) ақпарат беріледі.
Әрі қарай

Астанада тасқын сулардың алдын алу шараларының кешенді жоспары жүзеге асуда

Астана жаңалықтары: Астанада тасқын сулардың алдын алу шараларының кешенді жоспары жүзеге асуда

Көктемгі сулардың еруіне байланысты елорданың кейбір аудандарына су басу қаупі төнеді. Оның алдын алу мақсатында қаланың коммуналдық қызметтері судың астында қалуы мүмкін аудандардың мониторингін жүргізіп, нөсер су канализациясын тазартады. Ал су қоймаларының жанында орналасқан аудандар коммуналдық қызметтердің ерекше бақылауында, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Астана аумағында су астында қалуы мүмкін 27 учаске бар. Бұл жерлерде бақылау жұмыстары тұрақты түрде жүргізіледі.

Кешенді жоспарды тиімді түрде жүзеге асыру мақсатында арнайы құрылған топ нөсер су канализациясы коллекторларының баулықтарын,қабылдағыштары мен торларын, су өткізу арналарын, құбырларды, арықтарды тазарту жұмыстарын қадағалап отырады.

Мәселен, бүгін Сарыарқа ауданында жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде қардың 430 текше метрі шығарылып, су өткізетін құбырлардың 550метрі, арықтар мен нөсер су канализациясының 440 метрі тазартылды. Қарды шығару, суды сору жұмыстарына арнайы техниканың 70 бірлігі жұмылдырылды.

Алматы ауданында қыскы кезеңде қардың 1,2 млн текше метрі шыгарылды. Аталмыш жұмыстарға арнайы техниканың 109 бірлігі тартылған болатын. Сондай-ақ, көктемгі кезеңде еріген суларды еш қиындықсыз өткізу мақсатында арық-науа желілерінің 11,9 шақырымы қар мен мұздан тазартылды. Су таскындары кезеңінің басынан суды сору шараларына 209 арыз түсті. Олардың барлығы бойынша тиісті жұмымтар атқарылды. 23 наурыздағы жағдайға сәйкес тасқындарға қарсы шаралардың аясында мердігер ұйымдар Есіл ауданының аумағын қардан тазарту жұмыстарын жүргізіп жатыр. Аталмыш жұмыстарға арнайы техниканың 138 бірлігі тартылды. «Астана-Тазалық» ЖШС арық-науа желілерін қардан тазарту жұмыстарын жүргізді.

Тасқын суларға қарсы жұмыстар елорданың әр ауданында жүйелі түрде жүргізіледі.

Астана әкімінің орынбасары Қосман Айтмұхаметов бүгін қаланың шеткі аудандарында болып, су астында қалуы мүмкін аудандардағы жағдайды өз көзімен көріп қайтқан болатын. Оның айтуына қарағанда, қаладағы проблемалы аудандардың саны көп емес. Алайда тұрғындардың өзіне тиесілі аумақтан қарды дер кезінде шығармауы салдарынан көшелер мен аулаларда сулар көптеп жиналса керек. Мысалы, Кирпичный ауданын, Көксеңгір, Арқалы, Қамысты көшелерін су біршама басқан.

Жалпылай алғанда, қаладағы су басу қаупіне қатысты жағдай бірқалыпты. Қазіргі таңда елордада ауа райы жауын-шашынды.

Жүргізіліп жатқан шаралардың барлығы төтенше жағдайдың, қала аумағындағы жеке аудандардың су астында қалуының алдын алуға септігін тигізіп, көктемгі кезеңдегі еріген, тасқын суларды қауіпсіз түрде өткізу жұмыстарын ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.

Су басу қаупі төнген жағдайда елорда тұрғындары 109 номері арқылы қала әкімдігінің бірыңғай байланыс орталығына хабарласа алады.
Әрі қарай