Жарияланымдар

Халық шеберлеріне құрмет көрсетілді

Өткен аптаның демалыс күндері ҚР Ұлттық музейінде республикалық Қазақстан қолөнершілерінің «Шебер-2018» конкурсының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі болып өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.


Астанада жыл сайын Шебер байқауы өтіп тұрады, мақсаты – Қазақстанда қолөнер индустриясын дамыту, ұмыт болған халық қолөнерін қайта жаңғырту. Осы жылы байқауға 76 өтініш беріліп, 100-ден аса жұмыс ұсынылды. 27 шебер финалға өтті. Қолөнер туындысының көп бөлігін еліміздің әр аймағындағы шеберлер жасаған.


«Республикалық байқауға қатысу шеберлердің шығармашылығы мен туындысын дамытып, дәстүрлі мотивтің қатарына және қалыптасқан техника бойынша заманауи шешім мен жаңа қадам жасауға алып келеді. Шеберлердің арқасында біз негізгі мақсатымызға қол жеткіздік, ежелгі қолөнер түрін заманауи түрде дамытып, Қазақстандағы халық көркем қолөнерін қайта жаңғырттық», — деді ҚР қолөнершілер одағының төрайымы Айжан Бекқұлова. 


Байқауға келіп түскен жұмыстарды өнертанушылар, суретшілер, бизнес өкілдерінен құралған сарапшылар комиссиясы бағалады. Әділқазылар құрамының арасында Германиядан келген халықаралық зергер Мартин Демпф те бар. Шеберлерге 7 номинация бойынша марапаттар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді. Ал ең басты марапат «Хас шебер – 2018» күміс медалін — Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Суретшілер одағының мүшесі, музыкалық аспаптар дайындау бойынша мектептің авторы Жолаушы Тұрдығұлов жеңіп алды. Ол оның 6-шы марапаты.


Сонымен қатар, басқа да жеңімпаздар Таиландта өтетін халықаралық World Ikat Textiles Symposium – 2018 фестиваліне қатысатын жолдама алды.


Астанада аулаларды абаттандыру жұмыстары жалғасуда

Қыркүйек айында А. Кравцов көшесі үйлердің аулаларында жаңа балалар алаңдары, спорттық тренажерлар орнатылды, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Жалпы бұрынғы Целинный шағын ауданында 5 аймақта көріктендірілу жүрді. Олар: А. Кравцова 3, 7, 7/1, Пушкина 1 және Пушкин 3/1 мекенжайында орналасқан үйлердің жанында. Балалар алаңы жасанды көгалдармен жабылған.

Айта кетейік, Астанада мыңнан астам аула ішілік аумақ бар. Осы жылы 400 аула абаттандырылды. Оның ішінде Алматы ауданында – 203, Байқоңыр ауданында – 73, Есіл ауданында -10, Сарыарқа ауданында — 100. Онда балалар алаңдары, тренажерлер, шағын сәулет нысандары пайда болды.

Астанада ерекше балаларға арналған алғашқы инклюзивті алаң ашылды


«Kunshyaq» инклюзивті платформасы әкімдіктің және «Ротари-клуб Астана» қоғамдық бірлестігінің бастамасымен құрылды.


29 қыркүйекте астанада мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған ойын алаңы ашылды. Ол «Қазақстан» спорт кешені ғимаратының алдындағы алаңда орналасқан, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.


Жоба үшін арнайы 1382 шаршы метр алаң аумағы бөлінді. Алаңда 42 түрлі құрал-жабдық бар. Мұнда арба-орындығымен  бірге шыға алатын мүмкіндігі бар ойын кешендері, қауіпсіз әткеншектер, лайықталған құм-орындықтар, арнайы тактильді панельдер орнатылған.


Алаңның салтанатты ашылуына астана әкімдігінің өкілдері, «Ротари-клуб Астана» қоғамдық бірлестігінің президенті Ләззат Алшынова, АҚШ және Норвегия елшілігінің өкілі, «Қасиетті жол» қайырымдылық қорының және ДЦП балаларды оңалтудағы мамандандырылған орталықтың  президенті Гүлмира Әбелдинова қатысты.


 «Астана қаласы әкімдігінің атынан осы алаңның ашылуына қатысқандардың барлығына алғысымды айтқым келеді. Алаң өте ыңғайлы және қала үшін өте қажет орын. Мұндай жобалар қалада әлі де көбейе түспек. Қалада тек қауіпсіздікті ғана қамтамасыз ететін емес, біздің барлық тұрғындар үшін де арнайы бағдарламалар бар. Бұл жоба көзге айтарлықтай түседі деп ойлаймын. Біздің балаларымызды әкімдік дайындап отырған тағы бір сыйлық күтіп тұрғанын хабарлай кеткім келеді», — Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев.


Қазақстандағы зерттеулерге қарасақ, мүмкіндігі шектеулі балалар өзінің қатарластарынан медициналық көрсеткіш бойынша емес, әлеуметтік жағынан кенже қалып қойған, яғни белсенді түрде айналысу, қарым-қатынас және қозғалыс ойындары жоқ. Демек, инклюзивті ойын алаңын құру – ерекше күтімдегі балалардың игілігі үшін жасалған кезекті қадам.


«Кәдімгі алаңдарда арбаға таңылған балалар әткеншек пен сырғанақ ойындарын пайдалана алмайды. Ойнағысы келеді, бірақ мүмкіндігі шектеулі. Ал мұндағы әткеншекке арбасымен отырып, өздігінен тербеле алады. Барлығы тамаша жасалған. Барлық балалар үшін осындай жобалар ашылып, бүлдіршіндер әрдайым қуанып жүрсе екен. Себебі, ең бастысы – баланың бал күлкісі», — дейді ерекше баланың әжесі Дария Рахимова.


2 қазанда балабақшаға 300-ден аса жолдама беріледі

2 қазанда келесі мектепке дейінгі мекемелерде электронды жолдама беру басталады: № 95 «Almaty balabaqshasy» (Алматы к, 4) және№ 54 «Нұр-ай» (Қарқабат к, 15), деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.


Өз уақытында құжат тапсырған ата-аналар және орын алғандарға смс-хабарлама келеді. Балабақшаға берілетін жолдаманы анасы немесе әкесі ЭЦҚ-кілті арқылы E.ASTANA.KZ сайты арқылы алады.


Жолдама қазақ және орыс топтарына беріледі.


Айта кетейік, жоғарыда көрсетілген балабақшадағы орынды үш күннің ішінде (2, 3 және 4 қазанда) таңдауға болады. 5 қазан таңертеңнен бастап сұраныс болмаған орындар қолжетімді бос орындарға жүктеледі, яғни оны келесі кезектегілер алады.


Астаналық білім басқармасы астана тұрғындарына электронды кезекке қою туралы сұрақтар бойынша консультация күндері болатынын тағы да еске салады. Ол әр сәрсенбіде сағат 9-дан 18.00-ге дейін барлық мектепке дейінгі мекемелерде өтеді.


Толық ақпаратты мына телефондар арқылы алуға болады: 55-68-73, 55-68-83.


Айта кетейік, 2017 жылдан бастап 55 мың орын электронды жүйе арқылы берілді.


Тұрғын үй кезегіне тұрғандар (2006 жыл бойынша) құжаттарын жаңартуы қажет

Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы хабарлайды!


«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 71-бабына сәйкес Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы (одан әрі Басқарма) коммуналдық тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрған Қазақстан Республикасы азаматтарының кезектегі тізіміне жыл сайын түгендеу жүргізіледі.  


Осыған байланысты, құжаттарды жаңартуға 2006 жылға (қоса) коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаждардың есебінде халықтың әлеуметтік осал топтарының тізімі бойынша тұрған кезектегілерге Басқарманың 3 кабинетке құжаттарды өткізу қажет: Астана қаласы, Достық көшесі 13 мекенжайы бойынша («Нұрсая-2 тұрғын үй кешені»).


Жұмыс уақыты сағат 8.30-дан 17.00-ге дейін, үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға.


Тұрғын үй алу үшін тұрған азаматтар құжаттарды жаңартуға


мыналар қажет


  • Көшірмелер: өтініш берушінің және отбасы мүшелерінің (болған жағдайда) жеке басын куәландыратын құжаттар, туу туралы куәліктері; 
  • нотариалды куәландырылған азаматтық хал актілерін (туу, қайтыс болу, неке қию (ерлі-зайыпты болу), некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу, бала асырап алу, әке (ана) болуды анықтау, атын, әкесінің атын және тегін өзгерту) мемлекеттік тіркеу туралы куәліктердің көшірмелері;
  • мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері және мемлекеттік сайланбалы қызмет атқаратын адамдар жұмыс орнынан (қызметтен) анықтамасы, отбасы құрамын растайтын және кадрлар бөлімінен куәландырылған еңбек кітапшасының көшірмесі ұсынылады;
  • Артықшылықты растайтын құжаттардың көшірмесі (оралман куәлігі, зейнетақы кітапшасы, көпбалалы отбасы кітапшасы, 1 және 2 топтағы мүгедектердің дәрігерлік-консультациялық комиссияның анықтамасы, Ауғанстандағы әскери операцияларға қатысушы куәлігі, Чернобыль АЭС-да аварияны жоюға қатысушы куәлігі, 4-форма анықтамасы, әке болу туралы куәлік) растайтын құжатты қосымша ұсынады;
  • Халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын азаматтар әлеуметтік қорғау органынан күнкөрістің ең төменгі деңгейінің 3,1 есе мөлшерін растайтын жиынтық табыстың есебін беретін анықтамасы. 

(Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы, Достық көшесі, 13 үй, № 11 үстел).

Астана базарларында тәртіп орнатыла бастады

Әкімдікте Байқоңыр ауданында орналасқан «Алаш», «Шарын», «Сапар», «Әмір» және «Биг Шанхай» ірі базарлардың директорларымен жиналыс өтті. Базар әкімшілігіне мемлекетке тиесілі жер телімдерінде заңсыз салынған құрылысты бірнеше күннің ішінде бұзу туралы нұсқама берілді, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.


 


Жүргізілген маниторинг нәтижесінде аталмыш базарларда заңсыз салынған сауда және түрлі қызмет көрсететін 159 орын бар. Оның ішінде 26 – павильон, 14 дүңгіршек, 81 контейнер, сондай-ақ, кафе-асхана, қалқалар, жапсарлас құрылыстар, биодәретханалар. Әкімдік ақпараты бойынша осы орындарда жабайы сауда мен кассалық аппараттарды пайдаланбай, тіркеуден өтпеген сауда мен қызмет көрсету қызып тұр. Бұл нысандарда өртке қарсы қауіпсіздік және санитарлық нормалар сақталмаған, бұндай жағдай сатушылар мен сатып алушылардың денсаулығы мен өміріне қатер төндіреді.


Кейбір сауда орындары мемлекетке тиесілі жер телімдерінде салынған. Сонымен қатар, базар қожайындары мемлекетке тиесілі жерде салынған жаңағы сауда алаңдарын жалға беріп пайда тапқан.  


Әкімдік бұл заңсыздықты бірден тоқтатуды және үш күннің ішінде заңсыз сауда орындарын базарға тиесілі жер теліміне көшіруді талап етті.   


Сонымен қатар, қала әкімдігі аталған базарлар аумағында құрылыс салу жоспарларын қарастырды. Қазіргі кезде мақсатты қолдануы автотұрақ болуы тиіс жер телімдерінде сауда контейнерлері мен павилондар қойылған. «Егер ол жердің мақсатты қолданылуы автотұраққа арналса, онда сауда орындары емес автотұрақ болуы тиіс», деді әкімдікте. Базар иелеріне өздеріне бөлінген жерді мақсатына қарай пайдалану туралы ескертпе берілді және жуық арада орындалуы тиіс.


Сондай-ақ, жиында қалаға кіретін ірі жолдардың бірі Алаш тасжолындағы көлік жүйесіне тәртіп орнату мәселесі қаралды.  


Әкімдік басшылығы базарлар аумағына кіретін жолдар схемасын қайта қарау керектігін және ол жүрдек магистраль қозғалысына кедергі келтірмеу  керектігін айтты. Базарлар әкімшілігіне орталық кіреберіс есіктерді қарама- қайшы бетке ауыстыруды, ал көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасына  сатып алушылар үшін ыңғайлы кірме жолдар, аялдама павильондарын орнатуды қамтамасыз ету тапсырылды.


«Біз барлығы тәртіпке сай және қала тұрғындары үшін ыңғайлы болуын қалаймыз. Сіздердің сауда орындарыңызға тұрғындардың көбі бармайды, себебі онда ашығын айтқанда бей-берекетсіздік орын алған», деді әкімдікте «Алаш», «Шарын», «Сапар», «Әмір» және «Биг Шанхай» базарларының иелері мен директорларына.  


Анықтама:


8 айда елордада 250 заңсыз салынған құрылыс бұзылды, оның ішінде 23 сауда павильоны, 4 тұрғын үй құрлысы, 143 металл гараж, 4 жапсырма, 74 контейнер мен 2 қоршау.


Сот шешімімен 37 құрылыс бұзылған, оның 29 – коммерциялық, 8 –і тұрғын үй нысаны.


Өзіне тиесілі емес жерге өз бетімен күрделі құрылыстарды салу, шектеулер қою мен сауда контейнерлерін орнату арқылы жер телімдерін кеңейту жолымен айналысқан «Орталық базар», «Көк базар», «Шарын», «Алаш» базарларында орналасқан 5 субъекті әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл салынды (жалпы сомасы 1 млн тг.).


Астанада қандай мамандықтар сұранысқа ие?

Елордалық жұмыспен қамту орталығы ең сұранысқа ие мамандықтарды айтты, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.


Астанада бәрінен бұрын сатушыларға сұраныс жоғары. Екінші орында бармендер, даяшылар және құрылысшылар.  Еңбек рыногы осы салаларда 23% тиісінше 24% ұсыныс жасайды. Ал сұраныс 25 % бен 18 % аралығында. Үшінші орында көлік қызметкерлері және логистика. Төртінші орында әкімшілік қызметкерлері. Еңбек нарығында осы салаларда ұсыныс 15% және 12% құрайды. Сонымен қатар, медбикелер, мұғалімдер қажет. Жалпы жұмыспен қамту орталығында қазаіргі күнде 6 мыңнан астам адам тіркелген.


Өз мамандығыңыз бойынша жұмысқа орналасу үшін орталықтың сайтына кіріп, міндетті түрде электронды адресті көрсетіп анкетаны толтырып тіркелу қажет. Сосын «іздеу» тетікшесінде қандай жұмыс, қандай тәртіпте толтырасыз. Ал, орталықтан бос жұмыс орындары туралы ақпарат сіздің поштаңызға келіп тұрады.


Астанада алғаш рет стартапшылардың халықаралық апталығы өтеді

8-14 қазан аралығында Techstars акселератор қамқорлығымен Астанада және Алматыда стартапшылардың алғашқы халықаралық апталығы өтеді, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.  


Жоба бастамашылары: MOST бизнес-инкубатор, «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ, Астана әкімдігі, «Astana Innovations» АҚ және т. б.


Бір апта ішінде еліміздің екі ірі қаласында 30-дан астам шара өтеді. Әрбір бағыт бойынша оқыту, нетворкинг, конкурстар және басқа да іс-шаралар жүргізілетін болады. Астана қаласында үш хакатон жоспарланған, онда жас стартапшылардың сауда және түрлі конференциялар тақырыбына арналған жұмыстары қаралады. 


Іс-шара барасында Қазақстанның барлық стартап-экожүйесінің қатысушыларын бір ортаға жинап, түрлі кездесулер, дәрістер, пікірталастар өткізу жоспарланған. Startup Week Qazaqstan мынадай бағыттардан тұрады: FinTech, Smart City, Экожүйелер, Entrepreneurship, ақпараттық технологиялар (IT), қыз-келіншектер кәсіпкерлігі, корпоративтік инновациялар.


Айта кетейік, 2017 жылы 80-нен астам ел осы тәріздес «Techstars Startup Week» апталығын өткізді. Онда бір апта бойы жетекші сарапшылар өз тәжірибелерімен бөлісті және оқыту курстарын жүргізді. Techstars Startup Week-тің басты мақсаты жас кәсіпкерлерді біріктіру, жергілікті кәсіпкерлік қоғамдастығын дамыту және көшбасшылар мен дарынды адамдар үшін жаңа мүмкіндіктер қарастыру.


Астана әкімдігінде ең қажетті азық-түліктердің бағасын тұрақтандыру мәселесі талқыланды

Астана әкімі Бақыт Сұлтановтың төрағалығымен өткен калалық әкімдіктің кезекті жиынында ең бірінші қажетті деген азық-түліктердің бағасын тұрақтандыру мәселесі қаралды, деп хабарлайды елорда әкімдігнің ресми сайты. 


Жиын барысында Астана қаласының Инвестиция және кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі басқарма басшысы Әлішер Абдықадыров пен «Астана ӘКК» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов көтеріліп отырған мәселе бойынша қаладағы қабылданған шаралар туралы баяндады.


Соңғы төрт жылда астанада инфляцияның орташа және өсім динамикасы тұрақты, 7,5 % құрағаны айтылды.  


«Біз аймақтар арасында баға деңгейінің өсуі бойынша 3 орында тұрмыз. Бұл жақсы көрсеткіш», — деп мәлімдеді Ә. Абдықадыров.


Оның пікірінше, астанадағы жақсы көрсеткіш «Астана ӘКК» АҚ 2016 жылы іске асырған сауда желілерін жеңілдікпен несиелеу бағдарламасының арқасында жетіп отыр.


«Біз желілерге пайызсыз займ ұсынамыз, олар ақшаны өздерінің қажеттілігіне қарай алады және бағаны белгілейді, яғни біз олардың бағаны өсірмеу тәуекелін өтейміз. Бұл өзінің тиімділігін көрсеткен нарықтық механизм», — деді ол. 


Бүгінге дейін «Астықжан» супермаркеті мен «КенМарт» гипермаркетімен әріптестік туралы шартқа қол қойылды. Қойылған шартқа сәйкес, желілер 25 тауар позициясына баға белгіледі. Олар: макарон, май, ұн, сүт, қаймақ, тұз, ірімшік, жұмыртқа, тауық нан және т.б.


 «Осы жүйенің арқасында біз бүгінде өзге аймақтар арасында баға өсімі бойынша 8-ші позицияда тұрмыз. Енді осы бағдарламаны кеңейтіп, тізімде белгіленген тауарлар санын көбейткіміз келеді. Әрине бұған басқа да сауда желілерін тартамыз», — деді Н. Жақыпов. 


Айта кетейік, мониторинг бойынша бүгінде қаладағы сауда үйлерінде күріштің бағасы 240-тан 300 теңге аралығында түрленіп тұр. Ең төменгі баға күріштің бір килосы «Шапағат» базарында 240 теңге болып бекітілді. Қарақұмықтың бағасы («Шапағат» ЖШС 110 теңге, «Артем» СҮ 180 теңге, «Әсем» СҮ 150 теңге), макарон өнімдері («Шапағат» ЖШС бір келісі 270 теңге, «Артем» СҮ 320 теңге, «Әлем» СҮ 330 теңге), ұн («Шапағатта» килосы 210 теңге, «Артем» СҮ 360 теңге, «Әлем» СҮ 350 теңге  және «Әсем» СҮ бір килосы 280-300 теңгеден). Одан басқа, шай, қант, тұз және күнбағыс майын осы жерден арзан бағаға сатып алуға болады. Мысалы, шай арзан, бағасы шамамен 200 теңге. Бұл жерден сондай-ақ бір кило ет пен ет өнімдерін және де сүт пен сүттен жасалған өнімдерді 150-200 теңгеге дейін арзан сатып алуға болады.


«Мысалы, әрбір бесінші килограмм ет қаладағы «Шапағат» базарында сатылады екен. Себебі, онда қала бойынша ең төменгі баға – килосы 1350 теңгеден сатылады. Ал қала бойынша орта есептегі баға 1680 теңгені құрайды», — деді Ә. Абдықадыров.


Астанада қатты отынның жалпы қоры 8 тоннадан астам

26-27 кыркүйек күндері Елордаға 97 вагон немесе 6746 тонна көмір әкелінді, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.


27 қыркүйектегі жағдай бойынша «көмір сатылатын жерде» көмірдің жалпы қоры 8337,45 тоннаны құрайды. Астана қаласының отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы баға өсімінің алдын алу үшін көмір сатушылармен меморандумдарға қол қойды.


  — 31 вагон немесе 2159 тонна «Шұбаркөл»;


— 41 вагон немесе 2842 тонна «Майкөбе»;


— 17 вагон немесе 1186 тонна «Қаражыра»;


— 8 вагон немесе 559 тонна «Кузнецкий»;


 Көмір бағасы:

«Шұбаркөл» — тоннасына 13500-14500 теңге


«Қаражыра» — тоннасына 14000 теңге


«Майкөбе» — тоннасына 12000-12500 теңге


«Богатырь көмірі» — тоннасына 8500-9500 теңге


«Кузнецкий» – тоннасына 12000-12500 теңге


Өткен жылдың тамыз және қыркүйектің 20 күні аралығында 24 мың тонна көмір жеткізілді. 2018 жылдың осы кезеңінде 56 мың тонна жеткізілді, бұл 133% -ке (немесе 2,3 есеге) артық.


Астана қаласы әкімдігі көмір нарығындағы жағдай күн сайын бақылауда және үнемі қадағаланады. «I-Kөмек 109» негізінде тұрғындарға арналған жедел желі құрылды.