Жарияланымдар

Елордада «Сот кабинеті» электрондық порталы өз жұмысын бастады

Астана жаңалықтары: Елордада «Сот кабинеті» электрондық порталы өз жұмысын бастады

Үстімідегі жылдың 1 қыркүйегінен бастап сот органдарына талап-арыз беру жұмыстары тек «Сот кабинеті» электрондық порталы арқылы ғана жүзеге асырылып келеді», деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің мемлекеттік-құқықтық бөлімі.

Бүгінгі таңда «100 нақты қадам» бес институционалдық реформалардың Ұлт жоспары аясында қолжетімділік механизмін ықшамдау және жеделділікті, сонымен қатар азаматтардың электронды сот өндірісіне алыстан қатысуын қамтамасыз ету мақсатында ҚР Жоғарғы сотымен ұсынылған «Сот кабинеті» электрондық жобасы жүзеге асырылуда.

Электрондық сервиске ауысу сот өндірісіне қатысушылаға сот органдарына жүгіну процедурасын жеңілдетуге мүмкіндік береді, материалдық шығынды азайтады, сот органы кеңсесінің жұмысын айқындайды және тұтастай Астана қаласы әкімдігінің мемлекеттік органдарының заң қызметтерінің жұмысына оң ықпалын тигізеді. Мемлекеттік органдардың өкілдері «Сот кабинеті» электронды сервисі арқылы жұмыстарды ұйымдастыруды мақұлдады.

astana.gov.kz
Әрі қарай

Астанада жыл сайынғы экологиялық айлық басталды

Астана жаңалықтары: Астанада жыл сайынғы экологиялық айлық басталды

2015 жылғы 19 қыркүйекте Астанада жалпы қалалық сенбілік өтеді. Астана қаласының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының мәліметінше, елордада 7 қыркүйек — 7 қазан аралығында «Біз таза қала үшін!» экологиялық айлық аясында әр сенбі сайын коммуналдық сенбіліктер ұйымдастырылады, ал жалпы қалалық сенбілік 19 қыркүйекте болады.

Экологиялық айлық аясында қала аумағында санитарлық тазарту, абаттандыру және көгалдандыру, көшелерді тазалау, ағаш отырғызу, арықтарды тазалау және т.б. жұмыстар жүргізіледі.

19 қыркүйекте өтетін ауқымды шараға 80 мыңға жуық адам қатысады деп жоспарланып отыр. Атап айтқанда, 4000 кәсіпорын мен ұйым, 45 жоғары және арнайы орта оқу орны, 130 орта мектеп, 60 денсаулық сақтау мекемесі.

astana.gov.kz
Әрі қарай

Әділбек Жақсыбеков Индустриалды парктің жұмысын жетілдіруді тапсырды

Астана жаңалықтары: Әділбек Жақсыбеков Индустриалды парктің жұмысын жетілдіруді тапсырды

Бүгін Астана қаласының әкімдігінде елорда басшысы Әділбек Жақсыбековтің төрағалығымен кезекті аппарат отырысы өтті. Отырыс барысында қаланы абаттандыру, коммуналдық қызметтер, Астананың индустриалды паркін дамыту мәселелері талқыланды.

Осы аптада Астананы дамытудың 2016 жылға арналған бюджеті қарастырылады.

— Бюджеттің кіріс бөлігінің бірі болып саналатын шағын және орта бизнесті дамыту керек. Бұл үшін оларға барлық қажетті жағдайларды жасау керек. Бүгінде жергілікті бюджет түсімінің мөлшері жаман емес. Бірақ түсімді арттыра беру керек, — деді Әділбек Жақсыбеков.

Ағымдағы бюджеттің орындалуына қатысты елорда басшысы бюджеттік бағдарламалар әкімшілерін бөлінген әр теңгеге мұқият болуды тапсырды.

Әділбек Жақсыбеков Астананың бірінші индустриалды паркінің инфрақұрылымын дамыту бойынша ескерту жасады. Бұл жерде жаңа инвесторларды тарту жұмысы тиісті деңгейде жүргізілмейді. Жер учаскесін алу үшін құжат тапсыру ұзақ уақытқа созылады. Қала әкімі аталған мәселелерді шешу бойынша нақты іс-шаралар жоспарын әзірлеуді тапсырды.

Әділбек Жақсыбеков қала тұрғындарының мәдени-спорттық демалысын ұйымдастыру бойынша УЕФА чемпиондар лигасы аясында «Астана» футбол клубының кездесулерін өткізуді, билет сату орындарын көбейтіп, алыпсатарлыққа жол бермей, көрермендер мен жанкүйерлерді стадионға бір орталықтан жеткізуді тапсырды.

astana.gov.kz
Әрі қарай

Астанада құрылыс жұмыстарының көлемі 213 млрд. теңгеден астамды құрады

Астана жаңалықтары: Астанада құрылыс жұмыстарының көлемі 213 млрд. теңгеден астамды құрады

Жыл басынан бері Астана қаласының кәсіпорындары мен ұйымдары 213468 млн. теңге сомасына құрылыс жұмыстарын (қызметтерін) орындады. Соның ішінде ең жоғары үлестік салмағын жеке меншікті мердігерлік ұйымдардың ең жоғары үлестік салмағы 62,8%, шетелдік мердігерлік ұйымдарда 37,1% құрады, мемлекеттік мердігерлер жұмыстардың жалпы көлемінің 0,1% орындады.

Астана қаласы Статистика департаментінің хабарлауынша, жалпы көлемнің құрылыс жұмыстарының құрылымында 96,7%-ы құрылыс-монтаж жұмыстарына, 2,1%-ы күрделі жөндеуге, 1,2%-ы ағымдық жөндеуге тиесілі.

Құрылыс жұмыстарының жалпы көлемінде тұрғын және тұрғын емес ғимараттарды салубойынша жұмыстар басым үлеске ие, олардың көлемі 113686,4 млн теңгені (53,3%) құрады, 15246,4 млн. теңге (7,1%) өзге мамандандырылған құрылыс жұмыстарында игерілді.

Айта кетейік, Астанада жыл басынан бері 1 062 570 млн шаршы метр тұрғын үй тапсырылды.

astana.gov.kz
Әрі қарай

Елордада коммуналдық шаруашылық көліктері газбен жүретін болады

Астана жаңалықтары: Елордада коммуналдық шаруашылық көліктері газбен жүретін болады

Астана қаласы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Әділбек Сәрсембаев ГЭФ/БҰҰДБ халықаралық кеңесшісі Иржи Земанмен (Чехия) және БҰҰДБ-ның өзге де өкілдерімен екіжақты ынтымақтастық мәселелерін сөз етті.
Кездесу барысында сарапшылар БҰҰДБ/Жаһандық экологиялық қордың негізгі миссиясы – Астана қаласының төмен көмірсутекті дамуының перспективаларын талқылауға, әсіресе, қол қойылған Шығыс — қалалар мэрлері келісімі аясында елорданы дамытуға баса назар аударды. Сонымен қатар, Астана қаласында энергиятиімділіктің аймақтық қорын құру, «Астана қаласы үшін тұрақты энергетикалық дамудың іс-қимылдар жоспарын» өзектендіру бойынша ГЭФ/БҰҰДБ қолдау көрсетутуралы ұсыныстар жасалды.
Кездесу соңында Иржи Земан муниципалиттермен тығыз жұмыс істейтінін және Астанада жүзеге асырылып жатқан нақты жобалардың бар екеніне қанағат екендігін атап өтті. Мысалы, жеке тұрғын сектордағы үйлерді газдандыру жобасының ЖСҚ (көмірден газбен жылытуға көшу) әзірлейтін инвестор бекітілді. Қазіргі таңда коммуналдық кәсіпорындардың автокөліктері газ-моторлы отынға көшіріліп жатыр, биыл 200 машина газбен жүретін болды. 2015-2016 жылдары елорданың коммуналдық шаруашылығының үш мыңға жуық көлігі газ-моторлы отынға көшірілмек. Жобаны іске асыру парникті газдардың ауаға таралуын айтарлықтай азайтады.

astana.gov.kz
Әрі қарай

Астанада үш көшеде қосымша «BUS LANE» жолақтары іске қосылады

Астана жаңалықтары: Астанада үш көшеде қосымша «BUS LANE» жолақтары іске қосылады

2015 жылдың 3 қыркүйегінен бастап Астанада қалалық қоғамдық көліктің қатынауына арналған қосымша 3 «BUS LANE» деп белгіленген жолақтар іске қосылады.

Астана қаласы ІІД Әкімшілік полиция басқармасы, «Астана ЛРТ» ЖШС «СМЭУ-Алматы, Астана» ЖШС мердігер компаниясымен бірлесіп ҚР жолда жүру ережелерінің талаптарына сәйкес жол белгілерін, ақпараттық панно орнату бойынша жұмыстар атқара басталды.

Қосымша белгіленген жолақтар Кравцов көшесінде Пушкин көшесінен Тах Хусейн көшесіне дейін, Мұңайтпасов көшесінде Тәуелсіздік көшесінен Абылайхан көшесіне дейін және Сығанақ көшесінде Бейсекова көшесінен Нәжімеденов көшесіне дейінгі аралықта пайда болады.

Бірінші учаскенің ұзындығы 0,92 км құрайды. Бұл жермен 10 бағыт, 2159 автобус өтеді. Екінші учаскенің ұзындығы 1,59 км. Ол бойынша 14 бағыт өтеді. Бұл шамамен 2525 автобус. Үшінші учаскенің ұзындығы 6,65 км. Бұл жермен 7 бағыт, 1321 автобус өтеді.

Еске сала кетейік, «BusLane» жобасының мақсаты — жолаушылар үшін ыңғайлы жағдай жасау, қоғамдық көлік қозғалысына басым назар аудару.

Атап өту керек, аталмыш жолақ арқылы жүру қоғамдық көліктерден өзге тек қана жедел қызмет көліктеріне жүруге болады. Аталмыш тәртіптің сақталуын жол полициясы мұқият қадағалайды.

astana.gov.kz
Әрі қарай

Жамбыл облысының тауар өндірушілері қала тұрғындары үшін ауыл шаруашылық жәрмеңкесін өткізеді

Бүгін таңертеңнен бері Астанада «Мега» ойын-сауық орталығының алдында Жамбыл облысының тауар өндірушілерінің қатысуымен ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өтіп жатыр. Жәрмеңкеде картоп, сарымсақ, қияр, қызанақ, сүт өнімдері сатылады.

Осы демалыста жәрмеңкеге Жамбыл облысынан жалпы көлемі 150 тонна өнім әкелінді. Тауарлар нарықтық бағадан арзан сатылады.

Айта кетейік, келесі аптада, 12-13 қыркүйекте жәрмеңкеге Жамбыл облысынан бөлек, Оңтүстік Қазақстан мен Қызылорда облыстарының тауар өндірушілері қатысады. Жәрмеңке «Мега» СОО алдындағы алаңда және Тұран даңғылындағы «Астана» паркінде өтеді.

Астана жаңалықтары: Жамбыл облысының тауар өндірушілері қала тұрғындары үшін ауыл шаруашылық жәрмеңкесін өткізеді

Астана жаңалықтары: Жамбыл облысының тауар өндірушілері қала тұрғындары үшін ауыл шаруашылық жәрмеңкесін өткізеді

Астана жаңалықтары: Жамбыл облысының тауар өндірушілері қала тұрғындары үшін ауыл шаруашылық жәрмеңкесін өткізеді

Астана жаңалықтары: Жамбыл облысының тауар өндірушілері қала тұрғындары үшін ауыл шаруашылық жәрмеңкесін өткізеді
Әрі қарай

Қазақстан халқы тілдерінің күні Астанада аталып өтеді

Астана жаңалықтары: Қазақстан халқы тілдерінің күні Астанада аталып өтеді
Қазақстан халқы тілдерінің күніне орай елордада XVІІ қалалық тілдер фестивалі өткізіледі. Фестиваль қарсаңында мерекелік концерттер мен түрлі сайыстар ұйымдастырылады.

Биыл XVII рет ұйымдастырылып отырған фестивальдің ашылу салтанаты 8 қыркүйек күні сағат 18.30-да «Конгресс-Холл» сарайында өтеді. 7 қыркүйек күні, сағат 18.00-де Қ. Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында

Отбасы күніне орай «Отан отбасынан басталады» атты мерекелік іс-шара өтеді. Сондай-ақ, 16 қыркүйек күні, сағат 17.00-де «Мега» ОСО «Үздік жарнама» байқауы ұйымдастырылады. 18 қыркүйекте ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік қызмет академиясында «Мемлекеттік тіл – мемлекеттік қызметте» атты байқау ұйымдастырылады.

22 қыркүйекте, сағат 18.00-де «Тілеп қобыз сарайы» концерттік залында Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Тарих пен тіл тамырлас» атты ақындар мүшәйрасы өтеді.

Қазақстан халқы тілдерінің XVII фестивалінің жабылуы 24 қыркүйекке белгіленіп отыр. Осы күні таңғы сағат 10.00-ден 22.00-ге дейін қоғамдық көліктер, медицина мекемелері мен сауда орталықтарында «Біз мемлекеттік тілде қызмет көрсетеміз» атты акция өтпекші. Жабылу салтанаты аясында Орталық алаңда «Тіл тұтастығы – ел тұтастығы» атты гала концерт ұйымдастырылады
Әрі қарай

Астанада ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өтіп жатыр

Астана жаңалықтары: Астанада ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өтіп жатыр

Азық-түлік бағасын тұрақтандыру мақсатында 2015 жылдың қыркүйек айының 5-6 күндері Б. Момышұлы көшесі мекенжайы бойынша орналасқан Оқушылар сарайының жанында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді. Жәрмеңке қыркүйек айының әр сенбі-жексенбі күндері сағат 09.00-18-00 аралығында жалғасады.

Астана қаласы Ауыл шаруашылығы басқармасының хабарлауынша, жәрмеңкеге Астана мен Ақмола өңірінің тауар өндірушілері өз өнімдерін халыққа ұсынады. Аталмыш жәрмеңке елорданың үш ауданында да өтеді. «Алматы» ауданында Абылай хан даңғылы, «Есіл» ауданында Сауран көшесінде ХҚКО маңында, «Сарыарқа» ауданында Бөгенбай даңғылындағы «Көктем» СО жанында ұйымдастырылады.

Айта кетейік, 2015 жылдың 2 кыркүйегіне дейін 45 жәрмеңке ұйымдастырылып, оған 102 тауар өндіруші қатысты. Жәрмеңкедегі тауарлар нарықтық бағадан 10-12 пайызға арзан сатылады.

astana.gov.kz
Әрі қарай

Елордада үш ауысымдық мектептер мәселесі түбегейлі шешілді

Астана жаңалықтары: Елордада үш ауысымдық мектептер мәселесі түбегейлі шешілді

Астанада 115 мың оқушы үшін 2015-2016 жж. жаңа оқу жылы басталды. Биыл 15 мыңнан астам бала бірінші сыныпқа аяқ басты.

Былтыр (2014-2015 жж.) екі мектепте сабақтар үш ауысыммен өткізілген болатын. Үстіміздегі жылы үш жаңа мектеп қолданысқа берілген соң үш ауысымдық оқу жүйесі жойылды. Бүгінде Астанада 80 мемлекеттік мектепте балалар екі ауысыммен білім алады.

astana.gov.kz
Әрі қарай