Жарияланымдар

«Нұр Астана» мешітінде Ә. Кекілбайұлының жаназасы шығарылды

Астана жаңалықтары: «Нұр Астана» мешітінде Ә. Кекілбайұлының жаназасы шығарылдыБүгін Астана қаласындағы «Нұр-Астана» мешітінде Қазақстанның халық жазушысы Әбіш Кекілбайұлының жаназа намазы оқылды.
Мешіт алдындағы жаназа намазына жиналған жұртшылық алаштың ардақты ұлын Алланың құзырына қарай ақтық сапарына аттандырып салды. Жаназа намазын оқыған жамағат сонымен қатар, ұлтымыздың ардақты азаматының рухы шат, жаны жәннәтта болуын тіледі.

Жаназа шығарылған соң «Көрме» кешенінде Ә. Кекілбайұлын жұртшылық ақтық сапарға шығарып салады. Сүйегі Астана маңындағы Ұлттық пантеонға қойылады.
Әрі қарай

Қалалық мәслихат Астананың 2016 - 2018 жылдарға арналған бюджетін бекітті

Қалалық мәслихаттың 61-ші кезектен тыс сессиясында Астананың 2016 – 2018 жж. арналған бюджеті бекітілді.

Елорданың 2016-2018 жж. арналған бюджеті бес жылдық кезеңде (2015-2020жж.) қаланың әлеуметтік-экономикалық даму болжамдарының негізінде әзірленді.
Әрі қарай

Мемлекет басшысы Астанада жаңа индустриалды объектілерді ашты

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев индустриаландыру бойынша жалпыұлттық телекөпір аясында Астанада екі индустриалды зауытты іске қосты. «Astana Diesel Engines» ЖШС «GEVO» зауыты дизель қозғалтқыштар шығаратын болады.
Әрі қарай

Астанада жастар кәсіпкерлігін қолдау бағдарламасы жүзеге асырылуда

Елордада «Astana – ZhasStarT» жастар кәсіпкерлігін қолдау бағдарламасы жастар кәсіпкерлігін дамытуға, жастарды бизнеске тартуға бағытталған. Оған 29 жасқа дейінгі жаңа бастаған жастар қатыса алады, салалық белгілер бойынша шектеу қойылмайды, пайыздық мөлшерлемесі – 7%. Несиенің ең көп мөлшері бір несие алушы үшін (СМСП) – 20 млн. теңге.
Әрі қарай

Астанада көлік қозғалысы шектеледі

2015 жылғы 12 желтоқсанда «Астана Арена» стадионында эстрадалық әнші Қайрат Нұртастың жеке концертінің өтуіне байланысты Астана қаласының ІІД ақпараты бойынша, жол-патрульдік полиция қызметкерлері қоғамдық көлік пен таксилерден басқа көлік құралдарының қозғалысын шектеу шараларын қолданады.
Әрі қарай

Астанада «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы бойынша 500 жуық жоба мақұлданды

Астана жаңалықтары: Астанада «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы бойынша 500 жуық жоба мақұлданды

2010 жылдан бастап осы күнге дейін бизнесті қолдау мен дамытудың «БЖК-2020» бірыңғай бағдарламасы аясында жалпы құны 84,5 млрд. Теңгені құрайтын 480 жобаға қолдау көрсетілді, соның ішінде 2015 жылы жалпы сомасы 12 млрд. теңге болатын 67 жоба мақұлданды.
Әрі қарай

Астана әкімі жаңа балалар жұқпалы аурулар ауруханасын ашты

Астана жаңалықтары: Астана әкімі жаңа балалар жұқпалы аурулар ауруханасын ашты
9 желтоқсанда Астана әкімі Әділбек Жақсыбеков жаңа қалалық балалар жұқпалы аурулар ауруханасын ашты. Мекеме жаңа әрі халықаралық стандарттарға сай қондырғылармен жабдықталған. Аурухана құрылысы «100 мектеп, 100 аурухана» жобасы аясында жүргізілді.
Әрі қарай

Астанада «Дарын» мамандандырылған лицейі ашылды

Астана жаңалықтары: Астанада «Дарын» мамандандырылған лицейі ашылды

Елордада № 82 «Дарын» мамандандырылған лицейінің ашылу салтанаты өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова, ҚР Білім және ғылым вице-министрі Е.Н. Иманғалиев, Астана қаласы әкімінің орынбасары Е.Ә. Аманшаев, Парламент Мәжілісінің депутаттары, білім қызметкерлері, мұғалімдер мен оқушылар қатысты.
Әрі қарай