Астана әуежайында апатты жағдайда қонған «Бек Эйр» ұшағына қатысты арнайы комиссия құрылды
Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев Астана әуежайында «Бек Эйр» әуе компаниясының ұшағына қатысты оқиғаға байланысты кеңес өткізді, деп хабарлады ҚР Үкімет басшысының баспасөз қызметінен.Жиынға Инвестициялар және даму министрлігінің, Бас көлік прокуратурасының, ІІМ, ҰҚК өкілдері қатысты.
Инвестициялар және даму министрлігі оқиғаның мән-жайын анықтайтын арнайы комиссия құрды. Оған шығарушы зауыт өкілдері мен тәуелсіз сарапшылар шақырылды.
Кеңес қорытындысы бойынша, Бақытжан Сағынтаев осы сынды әуе апатының алдын алу бойынша шараларды қабылдауды тапсырды.
Азаматтық авиация комитетіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, «Бек Эйр» АҚ ұшу қауіпсіздігі деңгейін арттыру бойынша шаралар жоспарын құрастыру тапсырылды.
Сонымен қатар, 29 наурыздан бастап, әуе тасымалдаушы қызметінің жоспардан тыс инспекциялық тексерісі басталады.
Жиында «Бек Эйр» АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Жұмасұлтанов жақын арада әуе компаниясы IOSA халықаралық авиациялық аудиттен өтуге кірісетінін айтты.
2016 жылы 27 наурызда сағат 10:36-да Астана әуежайына «Бек Эйр» компаниясының «Фоккер-100» ұшағы апаттық жағдайда қонды.
«Қызылорда-Астана» бағытында ұшқан ұшақ бортында 121 адам, оның 116-сы жолаушы және 5 экипаж мүшесі болды. Жапа шеккендер жоқ.
ҚазАқпарат

Елорда әкімдігінде апта сайынғы аппарат отырысында қаланы абаттандыру және санитарлық тазарту мәселелері де қаралды. Астана аудандарының әкімдері жол төсемінің жағдайы туралы толық фото-есеп ұсынды, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен.

Таяудағы уақытта Біріккен Араб Әмірліктерінің елордасы Астанамен әріптестік қатынастар орнатуға ниетті. Бұл туралы ҚР-нің БАӘ-дегі елшісі Қайрат Лама Шарифпен кездесу барысында Муниципалитет істері бойынша департаменттің басшысы (Әбу-Даби қаласының мэрі) Авайда Муршед Әл Марар мәлім етті.



Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы 2016 жылғы 20 наурызға тағайындалған партиялық тізімдер бойынша сайланатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі және мәслихаттар депутаттарының сайлауына байланысты прокуратура органдары конституциялық өкілеттіктеріне сәйкес барлық сайлау процесінің қатысушыларымен сайлау туралы заңнаманың дәл және бірыңғай қолданылуына жоғарғы қадағалауды жүзеге асыратынын мәлімдейді.

