Жарияланымдар

Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы

Астанада 4 сәуір күні Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті. Қоғамдық кеңестің қарауына 10 мәселе енгізілді. Кеңес мүшелері Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» комерциялық емес акционерлік қоғамына қайта құрумен байланысты өзгерістер енгізілген қала әкімі қаулыларының кейбір жобаларын талқылады, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты astana.gov.kz.
Астана жаңалықтары: Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы
Жер қатынастары және жерді пайдалануды және қорғауды бақылау басқармасының басшысы Төлеуғазы Нүркенов мекеме атауының өзгертілуіне орай Астана қаласы аумағында жер қатынастары саласында жеке және заңды тұлғаларға ұсынылатын мемлекеттік қызметтер регламентіне өзгерістер енгізілгенін баяндады.
Сонымен қатар, Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Әсет Құрманғалиев кеңес мүшелерінің қарауына қала әкімдігінің карантиндік режим енгізу үшін карантиндік аймақтарды белгілеу туралы қаулысының жобасын ұсынды.
Кеңес мүшелері қалалық Жұмыспен қамту орталығының директоры Олжас Омардың баяндамасын тыңдады. Мекеме басшысы мамандықтар бөлінісінде оқудың құнын көрсете отырып, кәсіптік оқытуды жүзеге асыратын оқу ұйымдарының тізімімен таныстырып өтті.
Отырыс барысында бағдарламаға қатысушылардың әрқайсысының оқуына жұмсалатын қаржыны есептеу мәселесі талқыланды. Түрлі мекемелерде оқу мерзімдері мен оқудың құнына байланысты айырмашылықтар бар екендігіне баса назар аударылды. Кеңес төрағасы Сансызбай Есіловтың ұсынысымен «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасының осы бағыты бойынша қаржыны ішкі үлестіру механизмін кеңес мүшелері жеке қарайтын болады.
Сондай-ақ, отырыс барысында қалалық Білім басқармасының басшысы Эльмира Суханбердиева да баяндама жасады. Шетелге оқуға түсетін жоғары сынып оқушыларына экстернат формасында оқуға рұқсат беру бойынша мемлекеттік қызметтерді білім мекемелерінен енді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы деп аталатын ХҚКО-ларға беру туралы қала әкімдігі жобаларының қаулылары және т.б. бірауыздан қолдау тапты.
Отырыс барысында елордалық Сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Виталий Силецкийдің «Қазақстан Республикасы аумағында жылжымайтын мүлік объектісінің мекен жайын нақтылау бойынша анықтама беру», «Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру» және «Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты емес қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) рұқсат беру» мемлекеттік қызметтерінің регламенттерін бекіту туралы» қала әкімдігінің қаулысына өзгерістер енгізу туралы баяндамасы тыңдалды
«Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты емес қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) рұқсат беру» регламентін талқылау барысында көптеген даулы мәселелер туындағандықтан оны қоғамдық кеңестің келесі отырысында қарау туралы шешім қабылданды.
Әрі қарай

Жалпықалалық сенбіліктер басталады

23 сәуірде Астанада экологиялық айлық пен жалпықалалық сенбіліктер басталады. Бұл туралы бүгін Әділбек Жақсыбековтің төрағалығымен өткен аппарат отырысында айтылды. Отырыс барысында елорданың сыртқы келбетіне қатысты мәселелер көтеріліп, осы бағыттағы жұмыстар айтулы даталарға орайластырумен ғана шектелмеуі тиіс екендігі атап өтілді.

Астанада халық пен бизнестің белсенді қатысуымен «таза бейсенбі» шаралары, экологиялық полициямен бірге рейдтер тұрақты түрде өткізілуі керек. Бұл ретте әрбір қала тұрғыны, әрбір кәсіпкер немесе ұйым елорданы абаттандыруға қатысты екендігін сезінуі керек.
Астана жаңалықтары: Жалпықалалық сенбіліктер басталады
Сенбіліктер тарихынан:
Сенбіліктер Азаматтық соғыс және әскери интервенция кезеңінде, яғни 1919 жылғы көктемде В.И. Лениннің теміржол жұмыс жақсарту жөніндегі ұсынысынан кейін пайда болды. Алғашқы сенбілікке 15 адам қатысқан екен. Сенбіліктер жалпы кеңестік одақ елдерінде ғана емес, алыс шетелдерде де бар. Мысалы, Норвегияда, dugnad түсінігі бар. Бұл аумақты абаттандыру, тазарту немесе басқа да игі істер бойынша ерікті ақысыз жұмысты білдіреді.
Ал Елордамызды ең таза Астаналар тізімінде көргіңіз келсе, сенбіліктерге белсенді қатысыңыз.
Әрі қарай

Астанада тіркелу ережелері өзгеруі мүмкін

Сәуірдің 4 күні Астана әкімдігінде өткен аппарат отырысында халықты тіркеу және есепке алуды жетілдіру мәселесі талқыланды, деп хабарлайды astana.gov.kz сайты.

Мегаполистерде кеңінен тараған мәселелердің бірі – азаматтардың тіркеусіз жүруі және есепке алынбай тұруы, сонымен қатар, азаматтардың бақыланбайтын ішкі көшіп-қонуы болып табылады.

Осыған орай Астанада көші-қон полициясының қызметін реттейтін арнайы ережелер бекітілуі мүмкін. Астана әкімдігінің аппарат отырысында тұрғын үйде бір адамға есептелген белгілі бір шаршы метрлер болған жағдайда ғана азаматтарды тіркеу, сондай-ақ, тұруға арналмаған орынжайларда (мысалы, саяжай немесе кеңсе) тіркеуге тыйым салу ұсынылды.

Астанада шектеу шараларының болмауы жекелеген үй иелеріне бір мекенжай бойынша, шын мәнінде онда тұрмайтын ондаған және жүздеген адамды тіркеу жағдайлары жиі кездеседі. Қалада кейбір пәтерлерде 400-ден астам азамат тіркелген жағдайлар да болды, бұл ретте бір пәтерге 100-200 адам тіркелу кеңінен тараған құбылыс. Көптеген пәтер иелері мұны қосымша қаржы көзі ретінде пайдаланып келеді. Заң бойынша мұндай әрекеттерге тосқауыл қойылған, алайда олар тіпті әкімшілік айыппұл төлегеннен кейін де адамдарды тіркеуді тоқтатпайды.

Астана жаңалықтары: Астанада тіркелу ережелері өзгеруі мүмкін
«Тұтастай бір көлеңкелі индустрия жұмыс істеуде. Бұл тәртіпсіздікке заң жүзінде реттелмеуі ықпал етеді», — деді Астана әкімі Ә. Жақсыбеков. Елорда басшысы тиісті мемлекеттік органдармен осы мәселені қарауды және «Астананың мәртебесі туралы» заңға толықтырулар мен өзгертулер енгізу бойынша тиісті ұсыныстар енгізуді тапсырды.
Әрі қарай

Астана өңірлік хабы ЭЫДҰ-мен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

Астана жаңалықтары: Астана өңірлік хабы ЭЫДҰ-мен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

Бүгін елордада Астанадағы мемлекеттік қызмет саласындағы өңірлік хаб Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.

«ЭЫДҰ қатарында әлемнің барынша дамыған 34 экономикасы бар және ЭЫДҰ елдерінің мемлекеттік басқарудағы тәжірибесі мен директораты өңірдегі реформалар бойынша өз бағдарламасын жүзеге асырып жатқан барлық елдер үшін маңызды. Біз бұл ынтымақтастығымыз барлық үкіметтердің игілігі үшін жұмыс істейді деп үміт артамыз», — деді Астанадағы мемлекеттік қызмет саласындағы өңірлік хаб басқарушы комитетінің төрағасы Әлихан Байменов.

Өз кезегінде ЭЫДҰ мемлекеттік басқару және территориялық даму мәселелері жөніндегі директоры Рольф Альтер Қазақстан ұйым үшін тамаша серіктес екендігін баса атап өтті.

«Біз Қазақстанмен тамаша ынтымақтастықты жолға қойып, керемет достарға айналдық. Бұл жақтың адамдары бар ынта-жігерімен Қазақстандағы мемлекеттік қызметті реформалауға ұмтылатындығы байқалады. Біз, ЭЫДҰ тарабынан бұл саладағы оң тәжірибелерді тек Қазақстанға ғана емес, сонымен бірге көрші елдерге де бере аламыз», — деді ол.

Айта кетерлігі, шара барысында ЭЫДҰ мен Қазастандағы БҰҰ Даму бағдарламасы арасында 4 жылдық кезеңге арналған келісім де рәсімделді. Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасының тұрақты өкілі Норимаса Шимомураның атап өтуінше, қол қойылған құжат Қазақстанға әлемнің дамыған 30 елінің қатарына қосылуына жәрдем беретін болады.

ҚазАқпарат
Әрі қарай

«ASPA» Астанадағы мемлекеттік қызмет саласындағы өңірлік хабты дамытуға жәрдем бермек

Астана жаңалықтары: «ASPA» Астанадағы мемлекеттік қызмет саласындағы өңірлік хабты дамытуға жәрдем бермекАмерикандық мемлекеттік басқару жөніндегі қоғамы мен Астанадағы мемлекеттік қызмет саласындағы өңірлік хаб өзара іс-қимыл және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

«Біз рәсімдеген меморандумда ұйымымыздың Астана хабына қалай жәрдем көрсететіндігін нақты қадамдары жазылған. Бұл ынтымақтастықтан Астана хабы ғана емес, сонымен бірге 7 мың мүшесі бар біздің қоғам да өте қажетті дүниелерді алады деп санаймыз», — деді ASPA-ның атқарушы директоры Уильям Шилдс.

Өз кезегінде Астанадағы мемлекеттік қызмет саласындағы өңірлік хаб Басқарушы комитетінің төрағасы Әлихан Байменов келесі жылға арналған жоспар қазірден бастап жасалып жатқанын айтты. Айта кетерлігі, ASPA өзінің жыл сайынңы конференциясы аясында Астана өңірлік хабының қызметіне арналған арнайы сессия ұйымдастыруды жоспарлап отыр.

ҚазАқпарат
Әрі қарай

Астанада саяжай немесе кеңсеге азаматтарды тіркеуге тыйым салу ұсынылды

Астана жаңалықтары: Астанада саяжай немесе кеңсеге азаматтарды тіркеуге тыйым салу ұсынылдыБүгін елорда әкімдігінде өткен аппарат отырысында халықты тіркеу және есепке алуды жетілдіру мәселесі талқыланды, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен.

Астанада көші-қон полициясының қызметін реттейтін арнайы ережелер бекітілуі мүмкін. Елорда әкімдігінің аппарат отырысында тұрғын үйде бір адамға есептелген белгілі бір шаршы метрлер болған жағдайда ғана азаматтарды тіркеу, сондай-ақ, тұруға арналмаған орынжайларда (мысалы, саяжай немесе кеңсе) тіркеуге тыйым салу ұсынылды.

Барлық астаналарда кеңінен тараған мәселелердің бірі — азаматтардың тіркеусіз және есепке алынбай тұруы, сонымен қатар, азаматтардың бақыланбайтын ішкі көшіп-қонуы болып табылады.

Астанада шектеу шараларының болмауы жекелеген үй иелеріне бір мекен жай бойынша, шын мәнінде онда тұрмайтын ондаған және жүздеген адамды тіркеуге мүмкіндік береді. Қалада кейбір пәтерлерде 400-ден астам азамат тіркелген жағдайлар да болды, бұл ретте бір пәтерге 100-200 адам тіркелу кеңінен тараған құбылыс. Көптеген пәтер иелері осылайша ақша тауып келеді, алайда олар тіпті әкімшілік айыппұл төлегеннен кейін де адамдарды тіркеуді тоқтатпайды.

«Тұтастай бір көлеңкелі индустрия жұмыс істеуде. Бұл тәртіпсіздікке заң жүзінде реттелмеуі ықпал етеді», — деді Астана әкімі Ә. Жақсыбеков. Елорда басшысы тиісті мемлекеттік органдармен осы мәселені қарауды және «Астананың мәртебесі туралы» заңға толықтырулар мен өзгертулер енгізу бойынша тиісті ұсыныстар енгізуді тапсырды.

ҚазАқпарат
Әрі қарай

«Астана Опера» камералық залында «Би ырғағында» концерті өтеді

Астана жаңалықтары: «Астана Опера» камералық залында «Би ырғағында» концерті өтедіКөктемгі сәуір айында әсем мэнует, жеңіл вальстерден ширақ регтаймға, екпінді тангоға дейін алуан түрлі би әуендері елорадалықтардың назарына ұсынылады. «Астана Опера» камералық залында 7 сәуірде «Bel Canto музыкалық салоны» абонементінің аясында «Би ырғағында» концерті өтеді.

Отандық және шетелдік композиторлардың музыкасын белгілі опера әншілері орындайды — Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Ғалия Байғазинова, Қазақстанның құрметті қайраткері Айгүл Ниязова, Халықаралық конкурстардың лауреаттары Айзада Капонова, Елена Низамутдинова, Роза Нұркей, Әсем Сембина, Азат Мәлік, дарынды скрипкашылар Майя Бекназар, Шынар Барлықова және т.б.

«Вальс королі» Иоганн Штраустың, «қазақ вальсінің королі» Шәмші Қалдаяқов туындылары, С. Джоплиннің «Рэгтаймы», А. Пьяццолланың «Либертангосы», Л. Делибтің «Испан әні», Ш. Лекоктың «Мадам Анго қызы» опереттасынан «Гавот», Н. Достальдың «Моника» опереттасынан Моника вальсі, Ф. Легардің «Көңілді жесір» опереттасынан Ганна мен Данило дуэті және т.б. орындалады.

Сопрано Елена Низамутдинова Дж. Россинидің «Музыкалық кешінің» циклынан «Неаполитанская тарантелланы» орындайды.

— Дж. Россини — сүйікті композиторларымның бірі, оның шығармашылығына тәнтімін. Адамның көңіл-күйін ерекше сезімге бөлейді. Сонымен бірге, Имре Кальманның «Королева чардаша» опереттасынан Сильваның ариясын орындаймын, — деді Елена Низамутдинова.

Фортепиано партиясында — халықаралық байқаулардың лауреаттары Раушан Бескемпірова, Меруерт Жекенова.

Концерт 19:00 басталады, билет құны — 2000 теңге.

ҚазАқпарат
Әрі қарай

Астанада «Қазақстан барысының» іріктеу кезеңі өтеді

Астана жаңалықтары: Астанада «Қазақстан барысының» іріктеу кезеңі өтедіБүгін Астанада қазақша күрестен «Қазақстан барысы» республикалық турнирінің іріктеу кезеңі өтеді.

Турнирді ұйымастырушылардың хабарлауынша, іріктеу сайыстарына барлығы 38 палуан қатыспақ.

Бұл кезеңнің жеңімпаздары Қазақстан астанасында 2016 жылғы 3 шілдеде өтетін ҚР Президентінің жүлдесі үшін «Қазақстан барысы» республикалық турнирінің финалына жолдама алады.

Іріктеу кезеңіне өткен жылдардағы турнирдің бірнеше финалистері қатысады, олардың арасында 2015 жылғы қола белбеу жүлдегері Ғани Сейділдаев бар.

Өткізу орны:«Дәулет» Спорткомбинаты» МКҚК, Тұран даңғылы 4/2, Астана қ. Өткізу уақыты: 10:00 ден 18:00 дейін (кіру тегін).

Турнирдің ұйымдастырушылары:«Қазақстан Барысы» қазақ күресін дамыту қоры, Қазақстан Республикасы қазақ күресі федерациясы, Астана қаласы қазақ күресі федерациясы, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің спорт және дене шынықтыру комитеті, Астана қаласы әкімдігінің спорт және дене шынықтыру басқармасы.

ҚазАқпарат
Әрі қарай

Астанада бес мыңға жуық жұмыс орны ашылды

Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтының мәлімдеуінше, елордада биылғы жыл ішінде 4 849 жаңа жұмыс орны ашылды. Оның ішінде 349-ы – өнеркәсіп, 1 103-і – сауда, авто және мотоциклдерді жөндеу, 238-і – көлік және қойма, 771-і – білім және денсаулық сақтау, 660-ы – құрылыс саласында, ал қалған 1 728-і – экономикалық қызметтің басқа түрлеріне жатады.

Жыл басынан бері Астана қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту орталығы 1478 адамды жұмысқа орналастырған. Сондай-ақ, жастар тәжірибесінен өтуге 218 түлек жіберілсе, 39 адам әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылды.
Астана жаңалықтары: Астанада бес мыңға жуық жұмыс орны ашылды
Әрі қарай

Премьер-министрдің орынбасары Астананың спорттық және мәдени нысандарын аралады

Премьер-министрдің орынбасары Дариға Назарбаева бастаған делегация «Алау» мұзайдыны сарайын аралады. «Алау» мұзайдыны «жылдам мұз» дайындауға мүмкіндік береді. Сондықтан тек қала тұрғындарының ғана емес, спорттық қауымдастықтардың да көңілінен шығуда.
Астана жаңалықтары: Премьер-министрдің орынбасары Астананың спорттық және мәдени нысандарын аралады

Елорда әкімінің орынбасары Ермек Аманшаевтың айтуынша, Астананы спорттық қала деп атауға болады. Қала халқының 30% жуығы дене шынықтырумен және спортпен айналысады. Бүгінгі таңда елордалық спортшылар Рио-де-Жанейрода өтетін жазғы Олимпиада ойындарына 11 лицензия жеңіп алған

– Біздің басым міндеттеріміздің бірі бұқаралық спортты дамыту болып табылады, бұл ретте жоғары жетістіктер спортына, балалар мен жасөспірімдер арасындағы спортқа да баса назар аударылады, – деді Е. Аманшаев.

Д. Назарбаеваның ойынша спорт нысандары коммерциаландырылып, өз шығындарын өздері көтеруге тиіс Бұл үшін қызмет көрсету саласын дамытып, қосымша табыс табу көздерін іздеу керек.

– Мектептер, секциялар ашу керек. Демеушілер тартудың басқа да көптеген жолдары бар. Шын мәнінде, бүгінде біз спорт саласында үлкен оптимизм танытып отырмыз. Жастар үшін бұл үздік нәтижелерге қол жеткізу, өз атын шығарып, қомақты қаржы табу мүмкіндігі. Бәріміз үшін бұл ұзақ өмір сүрудің жолы, ең бастысы, спорттық қызметтер қолжетімді болуы керек, бұл бюджетке түсетін салмақты азайтуға ықпал етеді. Егер нысан жақсы жұмыс істесе, бұл қызметкерлердің еңбекақысын көтеруге мүмкіндік береді,- деді Д. Назарбаева.

Сонымен қатар, Д. Назарбаева осы сапар аясында № 81 Astana English School гимназиясында болып, бес күндік білім беру жүйесіне ауысу мәселесін көтерді. ҚР Премьер-министрінің орынбасары бес күн оқыған жағдайда, бірінші сынып оқушылары 1 маусымға дейін, тіпті, маусымның ортасына дейін оқуы мүмкін екендігін жеткізді.

— 1 қыркүйекте мектепке баратын бірінші сынып оқушылары 1 маусымға дейін оқиды. Біздің пайымдауымызша, ең көп дегенде оқу жылы маусым айының ортасына дейін созылады. Алтыншы күн жүктемені азайтуға арналған. Демек, баланың өз бетінше дайындалуына уақыт болады, бүгінде көптеген жеке меншікті мектептер солай істейді, — деп түсіндірді Д. Назарбаева.

Қалалық Білім басқармасының басшысы Эльмира Суханбердиеваның айтуынша, елордалық мектептерде көптілді білім беру жүйесін енгізу бойынша мақсатты жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қазіргі кезде Астанада 17 мектепте пәндердің жартысы үш тілде оқытылады.
Премьер-министр орынбасарының пайымдауынша балаларды үш тілде оқыту, олардың болашағына оң әсер етіп, білікті маман болып қалыптасуына ықпал етеді.
— Жаңадан білім алу керек, оның басым бөлігін ағылшын тілінде. Бүгінде халықаралық деңгейге сай жаңа кәсіптік стандарттар әзірленіп жатыр. Сондықтан мектептер, колледждер, университеттер бүгіннен бастап жұмыс істеуге дайын кәсіпқойларды оқытып шығаруы керек, біздің жастар күнделікті өмірде қажетті машықтарға ие болуға тиіс. Ағылшын тілін білу, компьютерді кәсіби меңгеру, ақпараттық технологиялар бойынша базалық білім – ең қажеттісі осы, — деді Д. Назарбаева.

Сапар «Жастар театрымен» аяқталып, қонақтардың назарына «Ревизор» спектаклі ұсынылды.

Материал Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты astana.gov.kz деректері бойынша дайындалды.
Әрі қарай