Жарияланымдар

«Елбасы жолы» киноэпопеясының желісімен түсірілген «Жұлдыздар тоғысқанда» фильмінің тұсаукесері өтті


Астанада «Елбасы жолы» киноэпопеясының желісімен түсірілген «Жұлдыздар тоғысқанда» фильмінің тұсаукесері өтті. Салтанатты премьерада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев пен Қазақстанның барлық саяси бомонды бой көрсетті.

astanatv.kz/news/show/id/47650.html
Әрі қарай

Елордада Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орай халықаралық конференция мен «KIOSH-2016» көрмесі өз жұмысын бастады

Астана жаңалықтары: Елордада Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орай халықаралық конференция мен «KIOSH-2016» көрмесі өз жұмысын бастады

Бүгін елордадағы «Көрме» орталығында Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орай, 6-шы Қазақстандық халықаралық конференция мен Еңбекті қорғау және өндіріс қауіпсіздігі жөніндегі «KIOSH-2016» көрмесі өз жұмысын бастады.

«Еңбекті қорғау және өндіріс қауіпсіздігі жөнінде өткізіліп отырған 6-шы халықаралық көрме мен конференцияға қош келдіңіздер. Біздің бұл көрмеміз бен конференциямыз дәстүрлі шаралардың біріне айналып отыр. 5 жылдың ішінде 20-дан астам компанияларды осы көрмеде көретін болсақ, бүгінде олардың саны 40-тан асты. Олар өздерінің құрал-жабдықтарын әкелді.

Біз қауіпті жұмыс орындарының бар екендігін айтқанбыз. Солардағы еңбек қауіпсіздігін сақтаудағы ең негізгі мәселе — әрбір жұмысшының қауіпсіздігін сақтайтын құралдармен жабдықтау», — деді жиынды ашқан ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова.

Айта кетерлігі, конференция мақсаты кәсіпорындарда жарақаттың азаюына, өндіріс нысандарында апат қаупін төмендетуге, қоғамға және қоршаған ортаға тигізетін шығынды азайтуға, кәсіби аурулардың алдын-алуға, еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған мемлекеттік органдардың, бизнестің және қоғамдық ұйымдардың күш-жігерін біріктіру. 2 күндік шара барысында өндірісте еңбектің қауіпсіз шарттарын қамтамасыз етуге экономиканың әсер етуі, еңбектің қауіпсіздігі мен қорғалуы бойынша заңнаманы сақтай отырып, кәсіпорындарда ішкі бақылауды жүзеге асыру, жұмысшыларды жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету, өндірісте болатын жазатайым оқиғалардың алдын-алу үшін кәсіби тәуекелдерді басқару мәселелері қарастырылуда.

ҚазАқпарат
Әрі қарай

2 мамырдан бастап «Астана-Қостанай» жаңа жүрдек пойызы жолға шығады

Астана жаңалықтары: 2 мамырдан бастап «Астана-Қостанай» жаңа жүрдек пойызы жолға шығады

«Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамы жолаушылардың сұранысын қанағаттандыру мақсатында №91/92 «Астана-Қостанай» бағытында жүретін жаңа «Тұлпар-Тальго» жүрдек пойызының жолға шығатынын хабарлайды.

Пойыз 2016 жылдың 2 мамырынан бастап күнара қатынайтын болады.

Жол бойында аялдайтын бекеттері: Атбасар, Жақсы, Есіл, Құсмұрұн, Тобыл, Железорудная. Пойыз таңғы 09 сағат 15 минутта Астанадан, ал Қостанайдан кешкі 21 сағат 11 минутта аттанады. Жолда жүру уақыты Қостанайға дейін 09 сағат 15 минутты, ал Астанаға дейін 09 сағат 11 минутты құрайды.

«Тұлпар-Тальго» пойызы 27 вагоннан тұрады, оның 2-уі «Гранд», 2-уі «Бизнес», 18-і «Турист» санатындағы вагондар, сондай-ақ 2 вагон-ресторан (вагон-бар) мен 3 техникалық вагон бар.

Қосымша ақпаратты темір жол вокзалдарының анықтамалықтарынан немесе 105 бірегей анықтама қызметінен алуға болады.

ҚазАқпарат
Әрі қарай

Елордада Еске алу аллеясы ашылды

Астана жаңалықтары: Елордада Еске алу аллеясы ашылды

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 71 жылдығы қарсаңында № 60 мектеп-лицейі аумағында Еске алу аллеясының салтанатты ашылуы өтті. Мектеп оқушылары ардагерлермен бірге жас қарағайлар отырғызып, әр ардагер туралы ақпараттық тақтайшалар орнатты.

Салтанатты шараға Сарыарқа ауданында тұратын Ұлы Отан соғысының ардагерлері Сиқымбай Мамыров, Жапаш Кашеков, Василий Макаров, Сейітжан Есілов, Алексей Фролов, Михаил Кочетков, Екатерина Плужникова қатысты. Оқушылар Жеңіс күніне арналған әндер орындады.

Ардагерлер балалармен бірге жас көшеттер отырғызып, соғыс ардагерлері туралы ақпараттық тақтайшалар орнатты. Әр ағашты бағып күтетін оқушылар белгіленді.

astana.gov.kz/kk/modules/material/10419
Әрі қарай

Астанада Чернобыль апатының құрбандарын еске алды

Астана жаңалықтары: Астанада Чернобыль апатының құрбандарын еске алды

Бүгін Астанада Чернобыль апатының құрбандарына арналған ескерткішке гүл қою рәсімі өтті. Шараға мемлекеттік органдардың, қоғамдық және жастар ұйымдарының, Ресей және Беларусь мемлекеттері елшіліктерінің өкілдері, сондай-ақ, Чернобыль апатының салдарын жоюға қатысқандар мен құрбан болғандардың туыстары қатысты.

Шара апат құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алудан басталды. Содан кейін ескерткішке гүл қою рәсімі өтті.

Биыл атаулы оқиғаның орын алғанына 30 жыл толып отыр. Бұрынғы КСРО аумағында орналасқан Чернобыль Атом электр станциясындағы апат салдарынан 150 мың шаршы шақырымға жуық жер радиоактивті элементтермен ластанды. Жарылыс салдарын жоюға 800 мыңға жуық адам қатысты. Сол жылдары 30 мыңнан астам қазақстандық апат салдарын жоюға өз еркімен аттанды.

-Апаттың 15 жылдығына байланысты шағын кітап шығардым. Бүгінгі күні апаттың 30 жылдығына байланысты «Өлі қаланың куәгерлері — Очевидцы мертвого города» деген кітапты тарту етіп отырмын. Онда жалпы апаттың тарихы, қазақстандық азаматтардың ерлікпен көрсеткен ерен еңбектері және апаттан кейінгі барлық жақтардан атқарылып жатқан жұмыстары бүгінгі өмір тыныстары баяндалады. Яғни, 15 жыл бойы қолдағы материалдарды жинақтаумен және 2015 жылдың қарашасынан бастап кірісіп, қарашадан бері қарай жазып шықтым, — дейді «Чернобыль одағы» ҚР ЗТҚ төрағасының орынбасары Марат Жүнісбек.

Айта кетейік, «Астана қаласындағы азаматтардың жекелеген санаттарындағы әлеуметтік көмек көрсету ережелері туралы» Астана қаласы мәслихатының шешіміне сәйкес, Чернобыль атом электр станциясында болған апат салдарын жоюға қатысқан адамдарға үстіміздегі жылдың қаңтар айынан бастап коммуналдық төлемдер мен басқа да төлемдерді төлеу үшін өтемақылар бөлінуде.

Сонымен қатар, 557 Чернобыль ардагеріне ақысыз тіс протездеу, қоғамдық көліктерде тегін жол жүру, тегін санаториялық-курорттық ем қабылдау сияқты әлеуметтік көмектер көрсетілуде.

Астана жаңалықтары: Астанада Чернобыль апатының құрбандарын еске алды

Астана жаңалықтары: Астанада Чернобыль апатының құрбандарын еске алды

Астана жаңалықтары: Астанада Чернобыль апатының құрбандарын еске алды

Астана жаңалықтары: Астанада Чернобыль апатының құрбандарын еске алды

astana.gov.kz/kk/modules/material/10411
Әрі қарай

Астанада қазіргі заманғы жемқорлыққа қарсы күрес саясаты мәселелері талқыланды

Астана жаңалықтары: Астанада қазіргі заманғы жемқорлыққа қарсы күрес саясаты мәселелері талқыланды
Астанада қазіргі заманғы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саясатына арналған ғылыми-практикалық конференция өтті. Шара барысында сыбайлас жемқорлықпен күрес түрлері, мемлекеттік қызметтер сапасын жақсарту мәселелері талқыланып, кездесуге қатысушылар азаматтарды сыбайлас жемқорлықтың кез келген белгілеріне немқұрайлылық танытпауға шақырды.

– Президенттің көреген саясатының арқасында жемқорлыққа қарсы күрес саясатын жетілдіруге баса назар аударылып отыр. 1999 жылы ТМД мемлекеттерінің ішінде Қазақстан бірінші болып сыбайлас жемқорлыққа қарсы заң әзірлеп, қабылдады. Содан бері сыбайлас жемқорлықпен күрес заңнамасы ұдайы жетілдіріліп келеді, – деді ҚР мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Астана қаласы бойынша департаментінің басшысы Тілеген Каскин.

Оның айтуынша, Департамент мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын бақылауды күшейтуге, яғни азаматтардың сенім деңгейін арттыруға басымдық беріп отыр, бұл елімізде жемқорлық жағдайларын азайтуға мүмкіндік береді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес әрқашан да прокуратура органдарының да басты міндеті болып табылады.

– Қазіргі кезде жемқорлықтың бірнеше түрі бар – заңды және заңсыз іс-әрекеттерді жасағаны үшін пара беруден бастап, лауазымды тұлғалардың қатысуымен күрделі операцияларды іске асыруға дейін және т.б. Үстіміздегі жылдың бірінші тоқсанында құқық қорғау және арнайы органдармен 109 жемқорлық құқық бұзушылық жағдайы анықталып, тіркелген. Бұрынғыдай қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану, пара алу және беру жағдайлары жиі кездеседі, – деді Астана қалалық Прокуратурасы Жалпы қадағалау басқармасы басшысының орынбасары Берік Мелдебеков.

Сыбайлас жемқорлықтың таралуына азаматтардың өз құқықтары мен мемлекеттік қызметтер ұсынудың тәртібі туралы тиісті дәрежеде хабардар болмауы ықпал етеді. Конференцияға қатысушылардың пікірінше, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің тиімділігі азаматтардың саналылығына тікелей байланысты, бұл мәселені қоғам жемқорлыққа төзбеушілікпен қарағанда ғана жоюға болады.

– Адамдар белсенді азаматтық көзқарасты ұстануы керек, өз-өзіңді қорғап, лауазымды тұлғалар тарапынан заңсыздыққа шыдамсыздық таныту керек. Бүгінде азаматтық көзқарасыңды жеткізуге болатын алаңдар көп және кез келген мемлекеттік органға жүгінуге болады. Сайттарға кіріп, өтініш қалдыруға немесе call орталыққа хабарласуға болады. Барлығы азаматтарға жемқорлықпен күресуге көмектесуге дайын, – деді Астана қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша ұлттық бюро штабы басшысының орынбасары Дінмұхамед Шермаханбетұлы.

Сонымен қатар, кездесуге қатысушылар, жемқорлыққа қарсы тәрбие беру мектептен басталатынын атап өтті. Кездесу соңында қалалық мектептер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбында өткен шығармалар мен сурет байқауының жеңімпаздары марапатталды.

astana.gov.kz/kk/modules/material/10412
Әрі қарай

Солтүстік аймақтағы қызыл судан зардап шеккендерге Астанадан «Қайырымдылық керуені» жөнелтілді

Қостанай облысындағы Суриков аулындағы тұрғындарға қайырымдылық қордан 1 млн теңгеден өтемақы үлестірілетін болды. Ал 20 отбасыға әкімдік үй бермек. Солтүстік Қазақстандағы Заречный ауылында орталыққа қатынайтын қос жол әлі жабық. Есепке қарағанда, өңірде қызыл судан 400-ге жуық үйге зақым келген.

Бүгін Астанадан 14 тоннаға жуық азық-түлік пен тұрмыстық заттар, киім-кешек тиелген қайырымдылық керуені теріскейдегі жұрт үшін жолға шықты.


astanatv.kz/news/show/id/47645.html
Әрі қарай