Жарияланымдар

«Өңіраралық жастар бизнес тағылымдамалары» жобасының екінші күні жас бизнесмендер «Жасыл технологиялардың халық академиясы» білім беру орталығында болды

Блог - astananews: «Өңіраралық жастар бизнес тағылымдамалары»  жобасының екінші күні жас бизнесмендер «Жасыл технологиялардың халық академиясы» білім беру орталығында болды
«Өңіраралық жастар бизнес тағылымдамалары» жобасының екінші күні жас бизнесмендер «Жасыл технологиялардың халық академиясы» білім беру орталығында болды. «Жасыл технологиялардың халық академиясы» Ақмола облысы Аршалы ауданы Арнасай елді мекенінде орналасқан. Орталықтың негізгі мақсаты – мемлекеттегі әртүрлі санаттағы тұрғындарға «жасыл» экономика мен «жасыл» технологиялар туралы жүйелі білім беріп, энергия және су үнемдеу технологиялары тәжірибелерімен таныстыру. Бұл технологиялардың ішінде елімізде шағын энергетика, энергия үнемдейтін жылыту мен жарықтандыру, туризм, жасыл құрылыс, қалдықтарды қайта пайдалану және басқа да бағыттар бойынша жүзеге асырылған жобалар бар.
Блог - astananews: «Өңіраралық жастар бизнес тағылымдамалары»  жобасының екінші күні жас бизнесмендер «Жасыл технологиялардың халық академиясы» білім беру орталығында болды
«Өңіраралық жастар бизнес тағылымдамалары» маусым айының 20-25 аралығында «Қазақстан жастарының конгресі» және ҚР Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және «Казка» Қазақстан кәсіпкерлер ассоциациясының» қолдауымен Астана қаласында өтеді. Бес күн ішінде жас кәсіпкерлер Астана қаласының табысты бизнесмендерімен кездесуге мүмкіндік ала отырып, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының» мемлекеттік қолдауына ие болу мүмкіндіктерімен танысады. Жоба аясында қатысушылар шағын және орта бизнес кәсіпорындарында тағылымдамалардан өтіп, жұмыс барысының ерекшеліктерін үйренеді. Бұдан басқа, жоба қатысушылары кәсіби мастер-класстарға қатысып, өз ісінің дамуына қажетті кеңестер алады.
Әрі қарай

«Өңіраралық жастар бизнес тағылымдамалары» жобасы аясында жас кәсіпкерлер танымал бизнес-тренер Әсел Қожақовамен мастер-класс өткізді

Блог - astananews: «Өңіраралық жастар бизнес тағылымдамалары»  жобасы аясында жас кәсіпкерлер танымал бизнес-тренер  Әсел Қожақовамен мастер-класс өткізді
«Өңіраралық жастар бизнес тағылымдамалары» жобасы аясында жас кәсіпкерлер танымал бизнес-тренер Әсел Қожақовамен мастер-класс өткізді. Әсел Қожақова маркетингтік коммуникациялар қызметі бойынша Red Point Kazakhstan компаниясының негізін қалаушы және бас директоры. Coca-Cola, Microsoft және General Motors халықаралық компанияларда мол тәжірибесі бар. Microsoft компаниясында маркетинг саласында маман қызметінен PR қызмет көрсету және маркетинг басшысына дейін қызмет атқарған, General Motors компаниясында маркетинг және PR саласы бойынша Қазақстан, Әзірбайжан, Армения және Грузия мемлекеттерінде аймақтық директор қызметін атқарған, кейіннен филиал басшысының орынбасары болды. Қысқа мерзімде Beeline компаниясынд қоғаммен байланыс қызметінің басшысы болып жұмыс істеді. Әсел Қожақова өзінің мол тәжиребесіне сүйене отырып бизнес жүргізуді, бизнесте жоспарларлау мен стратегияларды құруды, дұрыс таңдау туралы әңгімелеп берді.
Блог - astananews: «Өңіраралық жастар бизнес тағылымдамалары»  жобасы аясында жас кәсіпкерлер танымал бизнес-тренер  Әсел Қожақовамен мастер-класс өткізді
«Өңіраралық жастар бизнес тағылымдамалары» «Қазақстан жастарының конгресі» және ҚР Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және «Казка» Қазақстан кәсіпкерлер ассоциациясының» қолдауымен 27 маусым мен 2 шілде аралығында Астана қаласында өтеді. Бес күн ішінде жобаға қатысушылар елордалық шағын және орта бизнес нысандарында тағылымадан өтеді. Сондай-ақ жас кәсіпкерлер кәсіби мастер-класстарға қатысып, өз ісінің дамуына қажетті кеңестер алады.
Әрі қарай

Бизнес жүргізудің xалықаралық тәжірибесі

Блог - astananews: Бизнес жүргізудің xалықаралық тәжірибесі
Осындай тақырыпта Білім және ғылым министрлігінің тапсырысымен Қазақстан жастарының конгресі ұйымдастырған Өңіраралық бизнес-тағылымдамалар аясындағы кездесулердің бірі жас, дегенмен бизнес акуласына айналған кәсіпкер — Эрик Сагиевпен өтті. Жас кәсіпкер — «Hamstar» кофеханаларының негізін қалаушы және балалар мен ересектерге арналған Мәскеудегі атақты «Андерсон» кафелер желісінің франшизасының иесі. Осыған қоса, қазіргі таңда Эрик «Сарыарқа» Астана қаласының кәсіпкерлер Ассоциациясының басқарма кеңесінің мүшесі.
Блог - astananews: Бизнес жүргізудің xалықаралық тәжірибесі
Өңіаралық жас кәсіпкерлерге арналған бизнес-тағылымдамалардың қатысушылары өздерінде туындаған «Мейрамxана бизнесінің ерекшеліктері қандай?», «Интерьер мен меню қандай болуы қажет?», «Бизнесті сәтті қылу үшін не істеу керек? Қазіргі таңда қандай қиыншылықтар кездесуі мүмкін?» сияқты сұрақтарға өз жауаптарын алды. Эрик Сагиевтің айтуы бойынша мейрамхана ісіндегі сәттілік кепілі – қанша ақша табуды ойлау емес, ал тұтынушы талаптарына жауап беру.
Әрі қарай

«Өңіраралық жастар бизнес тағылымдамалары» жобасы барысында жас бизнесмендер "ARTA Software" IT-компаниясының жұмыс барысымен танысты

Блог - astananews: «Өңіраралық жастар бизнес тағылымдамалары»  жобасы барысында  жас бизнесмендер ARTA Software IT-компаниясының жұмыс барысымен танысты
«Өңіраралық жастар бизнес тағылымдамалары» жобасы барысында жас бизнесмендер «ARTA Software» IT-компаниясының жұмыс барысымен танысты. Компания ұйымдарды басқару үшін және жұмысты жүйелеу үшін бағдарламалармен қамтамасыз етеді. «ARTA Software» бағдарламалармен қамтамасыз ету әзірлеуші компания ретінде 2005 жылы құрылды. Кәсіпорынның атауы ежелгі скифтердің сенімдеріне байланысты қойылған. Мағынасы шабыт, ақиқат, әділдік, тәртіп, сондай-ақ адал еңбекті іске асыру болып табылады. Ұйымның басты мақсаты тұтынушылардың шығындарын қысқарту және инвестиция қажеттілігін барынша азайту, сату өнімділігін арттыру және бәсекеге қабілетті артықшылықтарға ие болу.
Еліміздің әр өңірінен келген жас бизнесмендер кәсіпорынмен танысу барысында кәсіпорынның жетекшісі Болат Башеев мырзамен танысты. Өз кезегінде кәсіпорын жетекшісі бизнес барысында кездескен қиыншылықтарынмен бөлісті, жұмыс барысында жасаған қателіктерін атап өтіп олардан арылуға шақырды.
Блог - astananews: «Өңіраралық жастар бизнес тағылымдамалары»  жобасы барысында  жас бизнесмендер ARTA Software IT-компаниясының жұмыс барысымен танысты
Естеріңізге сала кетейік «Өңіраралық жастар бизнес тағылымдамалары» маусым айының 27-і күні «Қазақстан жастарының конгресі» және ҚР Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және «Казка» Қазақстан кәсіпкерлер ассоциациясының» қолдауымен өз бастамасын алды. Бес күн ішінде жас кәсіпкерлер Астана қаласының табысты бизнесмендерімен кездесуге мүмкіндік ала отырып, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, «Казка» Қазақстан кәсіпкерлер ассоциациясының» жобаларымен, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының» мемлекеттік қолдауына ие болу мүмкіндіктерімен танысады. Жоба аясында қатысушылар шағын және орта бизнес кәсіпорындарында тағылымдамалардан өтіп, жұмыс барысының ерекшеліктерін үйренеді. Бұдан басқа, жоба қатысушылары кәсіби мастер-класстарға қатысып, өз ісінің дамуына қажетті кеңестер алады.
Әрі қарай

Астанада жауынгерлік өнер фестивалі өтеді

Астана жаңалықтары: Астанада жауынгерлік өнер фестивалі өтеді

«Дәулет» ұлттық теннис орталығында екінші Халықаралық жауынгерлік өнер фестивалі өтеді. Шара барысында Қазақстан, Ресей, Қытай, Италия, Филиппин және Жапония мемлекеттерінің үздік жекпе-жек өкілдері бір аренада өз өнерлерін ортаға салады.

Фестиваль бағдарламасы бойынша көрермендер назарына 11 дисциплинадан көрнекі ұрыстар көрсетеді, соның ішінде джиу-джитсу, киокушинкай-кан каратэ, қоян-қолтық ұрыс, сумо, таэквандо, муай-тай (тайс боксы), вин-чун, қазақ күресі, бразилиялық джиу-джитсу, шаолинь-цюань, пекити-тирсия кали.

Биыл шараға аралас стильдегі кәсіпқой спортшы Хабиб Нурмагомедов, кәсіпқой ресейлік тайбоксер және кикбоксёр, тай боксынан Ресейдің Еңбек сіңірген спорт шебері Артем Левин сынды әйгілі тұлғалар қатысады. Өткен жылғы фестивальге қатысқан актер, кәсіпқой спортшы, жауынгерлік жекпе-жек бойынша әскери нұсқаушы Сергея Бадюк спорт сүйер қауым үшін тосын сый болмақ. Маңызды спорттық шарадан қазақстандық спортшылар да тыс қалмайды.

Сонымен қатар, 29 маусымда екінші Халықаралық жауынгерлік өнер фестивалінің қатысушылары Астана қаласының спорт мектептерінің шәкірттеріне арналған шеберлік дәрістерін өткізеді. Олар тай боксының ерекшеліктері мен артықшылықтарын іс жүзінде көрсетіп, жаңа бастап отырған спортшыларды қызықтырған барлық сұрақтарға жауап береді.
Әрі қарай

«Аялаған Астана» конкурсы өтеді

Астана жаңалықтары: «Аялаған Астана» конкурсы өтеді

Астанада Оқушылар сарайында жыл сайынғы IV «Аялаған Астана – 2016» республикалық конкурсы басталады, оған Қазақстанның өңірлерінен кастингтен өткен 7-13 жастағы 12 талантты бала қатысады. Конкурс 2 шілдеде сағат 13:00 «Қазақстан» телеарнасында тікелей эфирде өтеді. Жобаның бас продюсері Лина Арифулина бастаған қазылар алқасы балалар шығармашылығына өз бағасын беретін болады. Сонымен қатар, ұнаған қатысушыға оның тиісті номері бойынша СМС арқылы дауыс беруге болады.

Айта кетейік, балалар музыкалық ұжымның сүйемелдеуімен жанды дауыспен ән айтады.

Қатысушылар Астанаға келді және Қазақстан мен Ресейдің үздік педагогтарымен дайындалуда. Конкурсқа қатысушылардың бос уақыттары жоқ. Олар қаланың көрікті жерлерін аралап, «балапан» телеарнасының түрлі балаларға арналған шараларына қатысады.

«Аялаған Астана – 2016» конкурсының гран-при иегері белгілі «Артек» лагерінде өтетін «Балалар Жаңа толқыны — 2016» халықаралық байқауына қатысуға жолдама алады.

Аталған жобаны ұйымдастырушылар – Астана қаласының әкімдігі, «АРС» компаниясы (Ресей), «Қазақстан» РТРК және «Нұр Отан» партиясы.

astana.gov.kz/kk/modules/material/10857
Әрі қарай

Елорда тұрғындарының назарына

Астана жаңалықтары: Елорда тұрғындарының назарына

2016 жылғы 6 маусымда елорда әкімі Ә.Р. Жақсыбеков Астана қаласының Терроризмге қарсы комиссиясының кезектен тыс отырысын өткізді. Отырыс барысында қауіпсіздік шараларын, әсіресе террористік тұрғыдан осал нысандарда күшейту мәселелері қаралды.

5-6 маусымда Ақтөбе облысының аумағында орын алған оқиғаларға байланысты террористік сипаттағы қауіп-қатердің алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті ел аумағында 40 тәулікке террористік қауіптіліктің бірқалыпты «сары» деңгейі белгіленді.

Террористік қауіптіліктің «сары» деңгейі жарияланған жағдайда ұсталатын тәртіп бойынша ұсыныстар.

Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары!

Қараусыз қалған сөмкелерге, қораптарға, түйіншектерге, қаптарға, чемодандарға, әсіресе сымдар мен техникалық құралдар шығып тұрса, сондай-ақ, қоғамдық жерлерде және көлікте күмәнді, күдікті адамдарға назар аударыңыздар.

Сақтау немесе тасымалдау үшін күмәнді заттарды алмаңыздар.

Айналадағыларға қараусыз қалған заттарға қол тигізудің қауіпті екендігін түсіндіріңіздер. Құқық қорғау органдарының құжат тексеру жұмыстарына түсіністікпен қарап, оларға көмектесіңіздер.

Ағымдағы жағдайды бақылап, жаңалықтарды тыңдаңыздар.

Дүрлігуге жол бермеңіздер.

Күмәнді заттарды тапқан жағдайда, дереу 112, 102, 71-60-10, 71-61-10 номерлеріне хабарласыңыздар.
Әрі қарай

Астанада заңсыз қоқыс орындары анықталды

Астана жаңалықтары: Астанада заңсыз қоқыс орындары анықталды

Елордада қала аумағын абаттандыру мен жақсартуға ерекше назар аударылады. Күн сайын Астанада 1000 тоннадан астам қоқыс жиналады. Елорданы абаттандыру ережелеріне сәйкес ол көму үшін заңды полигонға шығарылады.

Арнайы құрылған жұмыс топтары Астанада тазалықтың сақталуын бақылайды. Бүгін қала аумағын тексеру аясында абаттандыру ережелерін бұзудың бірнеше фактісі анықталды.

Жұмыс тобының өкілдері «Құлагер» ЖШС құрылыс объектісі аумағында көмілген қалдықтарды тапты. «Есіл» аудандық табиғат қорғау полициясының инспекторы ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексіне сәйкес, «Құлагер» ЖШС басшылығын әкімшілік жауапкершілікке тартып, 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салу туралы хаттама берді.

Экология департаменті ҚР экологиялық заңнамасының талаптарына сәйкес компания басшылығын әкімшілік жауапкершілікке тарту бойынша шараларды қабылдайды.

Сонымен қатар, абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін «Арман құрылыс» ЖШС 30 АЕК мөлшерінде айыппұл төлеуі керек. Жұмыс тобының өкілдері жұмыстар жүргізіліп жатқан аумақтардың қоршалмағанын, бірақ белгілер қойылып, ленталар тартылғанын, құрылыс қалдықтары уақытылы шығарылмайтындықтан қоқыс орындары пайда болғанын анықтады.

Елорданы абаттандыру ережелерін сақтау бойынша рейдтер тұрақты түрде өткізіледі. 18 сәуір мен 18 мамыр аралығында өткен экологиялық айлық барысында заңсыз қоқыс орындарынан 10 мыңнан астам қоқыс шығарылды.

Еске салайық, өткен аппарат отырысында қала әкімі қалалық қызметтерге екі аптаның ішінде құрылыс және тұрмыстық қоқыс тастау орындарын тазалап, елорданы абаттандыру мен санитарлық нормаларды бұзуды жоюды тапсырған болатын.

astana.gov.kz/kk/modules/material/10678
Әрі қарай

Ертең «Мерейлі отбасы» конкурсының жеңімпаздары марапатталады

Астана жаңалықтары: Ертең «Мерейлі отбасы» конкурсының жеңімпаздары марапатталады

3 маусымда Бейбітшілік және келісім сарайында сағат 15:00 «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының қалалық кезеңінің жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өтеді. «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы осымен үшінші жыл қатарынан өткізіліп отыр.

Конкурсқа қатысушылар үш кезеңнен өтеді – аудандық, облыстық және республикалық.

«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсын өткізу Ережелеріне сәйкес, үстіміздегі жылдың сәуір айынан бастап Астана қаласының тұрғындарынан құжаттар қабылдана бастады. Аталған кезеңде қала әкімдігіне елордалық отбасылардан 94 өтініш келіп түсті. Кандидаттардың ішінде әр түрлі тарихы бар және отбасылық бақытқа қол жеткізудің ерекше жолдарын білетін әулеттер бар.

Конкурс қорытындысы бойынша үздік отбасыларды марапаттау салтанатында қазақстандық эстрада жұлдыздары өнер көрсетеді.

astana.gov.kz/kk/modules/material/10677
Әрі қарай

Астана мен Сеул дәрігерлері ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Астана жаңалықтары: Астана мен Сеул дәрігерлері ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Медициналық туризмді дамыту аясында Астана мен Сеул дәрігерлері денсаулық сақтау саласындағы өзара түсіністік және ынтымақтастық орнату туралы меморандум жасасты. Кореялық дәрігерлер елордалық медицина қызметкерлеріне мемдициналық мекемелерді тиімді басқару әдістерін үйретеді. Сонымен қатар, биыл елордалық дәрігерлер Сеулдегі Корея денсаулық сақтау индустриясын дамыту институтында тағылымдамадан өтеді.

Өзара іс-әрекеттің бірінші кезеңінде корейлік тарап Астананың денсаулық сақтау саласындағы ағымдағы жағдайды зерттеп, талдау жасайды. Атап айтқанда, менеджмент, медициналық және ақпараттық технологиялар, ауруханалардың, емханалардың және перинаталдық орталықтардың жабдықталуы қаралады.

Кореялық менеджерлер мен докторлардан жұмыс тобы құрылады, олар елордалық медициналық ұйымдардың бас дәрігерлерін оқытатын болады.

Астаналық дәрігерлермен бірлесіп жұмыс істей және пациенттерді емдеу үшін №1 қалалық аурухана базасында кореялық медициналық орталық құру жоспарланған. Сонымен қатар кореялық дәрігерлер қазақстандық әріптестеріне ауыр аурулардың салдарымен күреспеу үшін профилактикалық медицинаны дамытуды ұсынды. Кореялық сарапшылардың айтуынша, денсаулық сақтауды дамыту үшін Астананың әлеуеті зор, медициналық ұйымдар жоғары деңгейде жабдықталған, тек кадрлық саясатты және менеджментті ғана жақсарту керек.

astana.gov.kz/kk/modules/material/10662
Әрі қарай