Astana Invest 2015 VI Халықаралық инвестициялық форум басталды
            
Бүгін Тәуелсіздік сарайында Astana Invest 2015 VI Халықаралық инвестициялық форумы басталды.
Astana Invest 2015 – қазақстандық истеблишмент пен шетелдік және қазақстандық бизнес-қоғамдарының өңірдегі инвестициялық дамуды талқылауға арналған бірегей алаң болып табылады. 20-дан астам басқа елдің 1000-нан артық делегаты Форумға қатысу ниетін білдірді. Шетелдік қонақтар үшін «Астана — жаңа қала» АЭА индустриалды парктің кәсіпорындары бойынша қызықты тур өткізіледі: «Еврокоптер Қазақстан Инжиниринг» ЖШС, «Тұлпар-Тальго» ЖШС, «Astana Solar» ЖШС. Нысаналардың көрсетудің барысында делегаттарға өндірістегі алдыңғы қатарлы технологияларды көрсете отырып, зауыттардың барынша қуаты жөнінде айтылады, сондай-ақ, соңғы жетістіктер мен еркін экономикалық аумақтың әлеуеті туралы сөз қозғалады.

            
            
            
            
            
Атырау облысы Дін істері басқармасының қолдауымен «Шапағат» Деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» Қоғамдық қоры Тәуелсіздік күні мерекесіне орай «Дінді ұстай білсең – қасиетің, ұстай білмесең – қасіретің» атты республикалық жыр мүшәйрасын жариялайды.
            
            
            
            