Жарияланымдар

ardana
Мүмкін әр өңірден делегаттар сайлаймыз ба?# келер Құрылтайға?
ardana
Админннің пікіріне толық қосыламын десем, жалған айтқан болармын. Кейбір пікірлерімен келісемін. «МИНУСТАР. Жұрттың бәрі бір ауыздан «левый» адамдардың көп болуы туралы айтты. Шынымен де 180 адамның көбісі блогер емес, блогтың иісі де бармайтын адамдар. Бұл бір сабақ болды. Алдағы уақыттағы жиындарға қатты фильтрация жасайтын боламыз. Әлсіз контингенттің кесірінен сәйкесінше сапалы мазмұн да болмады. Бұл негативті де позитивке айналдырамыз. Құрылтайдан бөлек салалық жиындарды да көбейтетін болдық.» Осы жерін ашып көрсетсеңіз. Жеке пікірім: қазақ блогерлерінің қатарына ұмытылып жүрген исі қазақ бауырларымызға қуануымыз керек сияқты. Расында, мықты қазақ блогерлерінің саны аз. Ал, жұрттың бәрі бір ауыздан айтты — дегеніңіз жеке пікіріңізге саяды. Құрылтайға қатысқан 180 адамның бәрі бір ауыздан солай айтса, сонда «сапасыз, мұрнына иісі де бармайтын блогер» кім болды екен? Соны ойлап отырғаным… Блогерлердің санын да, сапасын да арттыру үшін Құрылтай емес, семинар-тренингтер ұйымдастырған абзал сияқты. Кешегі өткен Құрылтайда шынымен де не болды? Мәліметтің көптігі соншалық, қабылдап үлгере алмадық. Ұйқыашар мен селтеткізер тамаша салт. Бірақ, өткізілуі асығыстау болған сияқты. Сіз қалай ойлайсыз? Бірақ, «мафия» ойыны керемет болды.!!!