Бағдарламаға бүгінгі күннің алғыр бойжеткенінен бастап, от пен ошақтың арасында жүретін ибалы келіндер мен қаладағы іскер әйелдердің өмірде өткерген шынайы оқиғалары арқау болады. Ашық әңгіме барысында шемен болып қатып қалған шер тарқатылады.
Хабарда ұтымды сөздер ұшқыны, орынды әзіл мысқылы айтылады. Тағдыр тауқыметін көрген аруларымызға кеңес беріп, ішкі сырын сыртқа шығаруға септігін тигізетін бірден-бір жоба.
Жаңа маусымда шытырман оқиғалар, көңілге қонымды жауаптар, қажетіңізге жарар пайдалы кеңестер айтылмақ. Сонымен қатар, қоғамда болып жатқан өзекті мәселелер де жүргізушінің назарынан тыс қалмайды.
Бағдарлама мақсаты — еңбек адамының мәртебесін көтеру, көрермендердің кәсіпкерлікке деген ынтасын арттыру. Өскелең ұрпаққа үздіктердің жолын үлгі етіп, «Қазақстанда жасалған» маркасының дамуына үлес қосу. Бағдарламада кәсіпкерлердің еңбек жолы, өндірістің тынысы, қазақстандық нарықтағы кәсіпорындардың қалыптасу мен даму жолдары айтылады.