Головкин Геннадий Геннадийұлы (1982, 8 сәуір Қарағандыда туған) — Қазақстан боксшысы. 2003 жылы әлем чемпионы және 2004 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері. 7 рет Қазақстан Республикасының чемпионы, халықаралық турнирлердің жеңімпазы: жастар арасындағы әлем чемпионы (Мажарстан, Будапешт, 2000 ж.); ҚР I спартакиадасының чемпионы (2001 ж.); Шығыс Азия ойындарының чемпионы (Жапония, Осака, 2001 ж.); Азия ойындарының чемпионы (Оңтүстік Корея, Пусан, 2002 ж.); жеке сынақ бойынша Әлем кубогының чемпионы (2002 ж.); «А» класты турнирлердің бірнеше мәрте жеңімпазы. 2006 жылы кәсіпқой боксқа ауысты. WBA нұсқасы бойынша орташа салмақта әлем чемпионы (атағын 8 рет қорғады) және IBO нұсқасы бойынша орташа салмақта әлем чемпионы (атағын 5 рет қорғады). 89% нокауттық үлесімен Головкин кәсіпқой бокс орташа салмағы тарихында ноукат үлесі бойынша бірінші орында тұр.
Бізге өз тәуелсіздігіміз қымбат. Неге дейсіз ғой? Ол бізге қымбат- ата- бабаның рухын көтергені үшін! Ол бізге қымбат- сөнген мемлекетіміздің отын маздатып жандырғаны үшін! Ол бізге қымбат- елімізді қатарға қосып, әлемдік қауымға ендіргені үшін! Ол бізге қымбат- ата тарихымызды, ана тілімізді, дінімізді, ділімізді қаз- қаз тұрғызып «қазақ» деген атауға қан мен жан кіргізгені үшін! Ол бізге қымбат- «Отан» деп жүрегімізді қақтырғаны үшін! «Елім» деп елеңдетіп, «жерім» деп желпінтіп, барша алпыс екі тамырымызды игізіп, ата жұртын сүйдіргені үшін! Мен елімді сүйемін!
Танымал «Carlsberg» компаниясы «If Carlsberg Did Chocolate Bars!» атты шоколадты сыра мейрамханасын ашты. Бардың ені 5, ұзындғы 2 метр. Құрылыс жұмысына 3 ай уақыт кеткен.
Ерекше мейрамханада барлығы шоколадтан жасалған. Тіпті ыдыс пен тағамдарға дейін. Сондай-ақ, мейрамханада орналасқан теледидар футболдан Әлем чемпионатының қызықты сәттерін көрсетеді.
Компанияның бренд-менеджері Дхармеш Рананың айтуынша, ағылшындар шоколад пен сыраны жақсы көреді. Сондықтан, осындай мейрамхана ашуды ойластырған екен.
Құрметті көрермен! Назарларыңызға Төреғали Төреәлінің шығармашылығына арналған сұрақтар ұсынамыз. Жауабын дұрыс тапқан жандарға әншінің кешіне тегін билет беріледі.
Сұрақ: Төреғали Төреәлі сахнаға алғаш рет неше жасында шықты және алғаш сахнаға айтып шыққан әні қалай аталады?
Жауаптарыңызды мына электронды адреске жіберіңіздер: salem@kaztrk.kz.
Дұрыс жауап берген әрбір жеңімпаз 2 билетке ие болады.
Заттыбек ағамыздың ән кешін асыға күткендердің ішінде үлкен кісілер өте көп болды. Қосылып ән шырқап, би билеген, әдемі, жанға жылу беретін кеш болды жалпы.