Таңдаулы

Қазақ пен түрік ырымға қалай сенеді

Блог - aktobe88: Қазақ пен түрік ырымға қалай сенеді
«Қазақтар ырым етеді, ырымы қырын кетеді» дейтұғын бір мақал бар. Қазақтың ырымшылдығын, сенгіштігін сынау үшін айтқаны. Бақсақ, ырымшылдық жалғыз бізге тән емес, түрік халқының қанында да бар қасиет көрінеді. Кейде тіпті бұл түрік, қазақ қана емес, жалпы адамзат баласына тән бе деп те ойлаймын. Өйткені қара мысықтың жолды кесіп өткенін сәтсіздік санайтындар жер жүзінде жетіп жатыр. Немесе қытайлардың он үш пе еді, әлгі бір саннан шошитыны. Алты санын сайтаннан деп нанатындар… т.б.
Әрі қарай

Бақыт сыры

Өмер әкей әңгімелері: Бақыт сыры

Бір саудагердің «мен бақытсызбын» дей беретін ұлы бар екен. Саудагер бақыттың сыры неде екенін үйреніп келсін деп баласын бір данышпан кісіге жіберіпті. Жас жігіт данышпанның үйіне жеткенше шөл даламен 40 күн жүріп, соңында бір төбеге шыққан кезде алыстан зәулім сарай көріпті, данышпанның үйі сол үлкен сарай екен. Сарайға жеткеннен кейін данышпанмен кездескісі келетінін айтыпты. Қараса адам көп екен, жігіт кезеккке тұрып, өз кезегін күтіпті. Кезегі келіп, данышпанға жеткеннен кейін данышпаннан бақыттың сырын білгісі келетінін айтыпты. Данышпан оған қазір бақыттың сырын түсіндіретін уақыты жоқ екенін айтып, оған «сен қазір 2 сағаттай мына сарайды аралап шық, сосын келесің» депті. Кетерде қолына екі қасық беріп, ішіне май құйып беріпті. «Аралап жүрген кезде мына майды төгіп алма» депті. Жас жігіт қолына қасықтарды ұстап, баспалдақпен түсіп, сарайдың ішін, сыртын аралап кетіпті. 2 сағаттан кейін данышпанға келіпті.
Әрі қарай

Сенім туралы

Өмер әкей әңгімелері: Сенім туралы

Хз. Омар халифа кезінде Мединаға Византия короллігіннен бір елші келіпті. Елшіні Хз. Омар жақсы қарсы алыпты. Елші жерде, құм үстінде отырған ел басшысын көріп таң қалыпты. Әкелген хатымен бірге өз елінің сыйлығын беріпті. Сыйлық кішкентай бір шиша екен. «Бұл не?» деп сұраған халифаға елші «Бұл шишаны сізге королім сыйлық ретінде жіберді, ішінде бір ұрттаса адам өлетін у бар. Біздің короліміз өзіне ұнамаған адамдарға осы уды беріп, өлтіреді» депті. Хз. Омар «Бұл не деген сорақылық, ешқандай адам басқа біреулерді бұлай өлтіруіне болмайды» деп қолындағы шишаны ашып ішіндегі уды «Бисмиллах» деп ішіп қойыпты. Мұны көрген елші шошып кетіп, сол жерде талып қалыпты. Есін жиғаннан кейін сап-сау отырған Хз. Омарды көрген ол «Бұл қалай, удың бір тамшысының өзі сізді өлтіруі керек еді» депті. Хз Омар елшіге «Менің Аллахыма соншама иманым және сенімім бар, Оның рұқсаты болмай мені ештеңе өлтіре алмайды» деген екен...

Хикмет: Яғни біреу бізге у берсе ішуіміз керек пе?!
Өмер әкей: Адамдар у емес шәрбат берсең де қазір ішпейді. Хз. Омар туралы әңгіме қазіргі адамдардың тірліктерін сеніммен, шын жүректен істеулері үшін керемет мысал. Сену және сенімді адам болу дініміздің өте маңызды ережелерінің бірі. Адамдармен қарым қатынаста бір біріңе сену өте маңызды.
Әрі қарай

Әлеуметтік желі (фильм)

Киностан: Әлеуметтік желі (фильм)Ресей прокатына «Социальная сеть» деп шыққан бұл фильм www.facebook.com сайты жайында. Дәлірек айтқанда, оның негізін қалаушы Марк Цукерберг жайында. «Жәй өмірбаяннан көріністердің тізбегінен құралған ұйқышақырар фильм», деп ойлағам басында, қателесеппін. Тартымды сюжет, актерлер шеберлігі, режиссуралық тапқырлық демей-ақ қояйын, бірақ бір көруге тұрарлық туынды.
Алған әсерім жоғары. Осыдан кейін сен де бір болмашы нәрсені қолға алып (мысалы әлеуметтік желі), 2-3 жылда миллиардер атанып кеткің келеді. Аршатқа, Ерлан Оспанға бір көруге кеңес берер едім.
Үйде, кешкі мезгілде қолыңа салқын сыраны алып, жұмсақ төсекте жатып алып қарауға жақсы.

Менің берер бағам,
10/8

Онлайн қарау
Әрі қарай

Wordpress.com: не? қалай? қашан?

Алғашқы қаралай жазба

Блог - urimtal: Wordpress.com: не? қалай? қашан?

1. WordPress.com Automattic компаниясына тиесілі блог хостинг. 2005 жылдың 21-қарашасында бұқараға жол тартты. WordPress деп аталатын қолдануы тегін софт негізінде құрылған. Блог Google Adsense жарнамасы, VIP қолданушылардың есебінен және блогтағы ақылы функцияларды ұсынумен қаржы қорын молайтуда (Wikipedia деректері бойынша).
Әрі қарай