Жарияланымдар

admin
жеке блогтан бөлек тақырыптық ортақ блог ашу үшін www.dabai.kz/blog/add/ сілтемесіне өт яғни «Блог бастау» деген сілтемеге. кейін бұған басқа қолданушылар да қосыла алады және олар да сол тақырыпта сол блогқа жаза алады. ал алғашқы бетке шығару күші тек админде, яғни админ ғана шығара алады алғашқы бетке.
admin
Жаңа Жыл — Наурыз әңгімесі қайтадан абсталып жатқасын мен де отқа май тамызып кеткенім ғой :)
admin
8-мартта да үйінде әйелі бар еркектерге де премия берсек…
admin
рахмет, қызықтырып қойдың. блогың қызық блог болатын сияқты, қош келдің!
admin
Тиынды «тиін» деп өзгертіп қойсам бола ма? :)
admin
бүгін бала-шағаммен бардым осы фильмге. иә, бұрынғыларына қарағанда сәтті шықпаған. Джессика Альба ұнады :)

Youtube, Google, Myspace жарнамалары жақсы жасалды :)

былай бір қарауға болатын кино.
admin
не зат мынау? дым түсініксіз не екені
admin
балгер, астрологтардың ең басты қасиеті — психологтық ау деймін. қыздар осылайша негізі психологқа барып келеді.
admin
қайынжұрт Астрахань жақ па?
admin
сын айтылмай мін түзелмейді деген қазақ, бірақ қазақ сол сынға ренжиді айтылған кезде. біз де сондай болдық, бізге де айтылды сын. ренжитін түгі жоқ, қайта түзету керек айтылған ескертпелерді.

менің жыным келетіні, түрікше білетіндер қазақ тіліне түрікшеден көп сөз қосып жібереді де спокойно айта береді қазақта ондай сөз бар деп. жоғарыда қазақ тілінде бар деген сөздеріңе дәлел сұраймын, сілтеме болмаса скан.

онсыз да тіліміз «супер» аудармашылардың «көмегімен» бұзылып бара жатыр, енді бұған «түріктер» «ат салыспаса» екен деген ой ғой менікі.
admin
Жезқазған маған орысша сияқты болып көрінетін еді… барып көру керек екен.
admin
өзінің барлығы командасына сәтсіздік әкеледі деп Аргентинаға қарсы ойналатын матчқа шығудан бас тартады.

сөйлем түсініксіз

бейдуа

түрікше beddua сөзіне қазақша аударма қосқаның ба?

Келелім 1953-ке

типа Gelelim? :)

Педер Гоес Фламенгода болса, Флуминенсенің де бір пірадар Педері, Peder Romualdo Папаның айрықша рұхсатымен клубтың рухани істер жөніндегі жауаптысы тағайындалады.

түсінбедім, ана жерде педер біреудің аты ма әлде түрікшедегі peder — яғни әке ме? (христиандарда дін қызметкерлеріне әке (peder) дейді ғой)

техникалық директоры

бізде teknik direktör'ді бас бапкер, бас жаттықтырушы дейді

бәлки…

бәлкім…

формасын астынан кесуді

қазақ тілінде киімді кеспейді, қияды

ең соң шығуды

ең соңғы

атлетін теріс киеді

түріктер футболка, майканы атлет десе, қазақтар атлет деп спортшыны атайды. мақаланың қазақ тілінде екенін ұмытпаған жөн.

аты мен сойатының

шедевр аударма! Терминком, жазып алыңдар!

гол ұрғаннан кейін

мдааа…
admin
saghan da rahmet bauerem! dostarende de xaher ose torapha.
admin
ерінбей бір рет оқып шығуыңды өтнемін. ТӨМЕРде бір жыл оқығаннан тіл осылай сына қала ма екен? біз жеті жыл сол елде жүрсек те тілімізді сындырмай кішкентайымыздан сөйлеп өскен қазақшамызбен жазушы едік. егер Түркиядағы қазақтар үшін жазған болсаң жарайды түсінемін, ал егер жалпы қазақтарға арнап жазған болсаң мынауың жазу емес порнография, мен түрік шығар деп жақсы деп мақтап едім, бірақ авторы сен болсаң мынауың ұят. тілімізді мазақ қылма.
admin
мақала жақсы, тек авторын неге жазбағансың? түрік жазған сияқты. өйткені мақаланың көп жерінде қате бар, түрікше оймен жазылғаны көрініп тұр. бірақ, әрине басқа ұлттардың біздің тілімізді үйреніп, осындай мақала жазғанына тек қуануымыз керек.
admin
пікірі сендей талай қызды көргенмін, жастары да сен шамасында. осы мақаланы және астындағы пікірлерді біраз жылдан кейін келіп оқып көр, сосын пікір жаз :)
admin
Футбол кезінде құрметті Ғалия, сізде эйсиэйби сезімдері бола ма? ондай ситуацияға тап болдыңыз ба?