Жарияланымдар

Сол кездер...

AknietTanirbergenkyzy — ның такси туралы жазбасын оқып есіме түсіп кетті.
Такси демекші мен күйеуіммен таксиде танысқам. Бір күні үш құрбы клубқа бармақшы болып такси тоқтатып тұрмыз, бір уақытта бір такси тоқтады. Опшым, не керек 200 тг апаруға келісті. Бір клубқа бардық жабық, екіншісіне апарды онда орын жоқ, мен алдыда отырмын, екі көзі менде, қайда апар дедік сонда тасып жүрді, ақыр аяғында клубқа кірмей бильярдқа апарып бізбен бильярд ойнап кетті. ))) Сонымен екі құрбымды уйіне апарып тастады, ең соңында мені әкелд, ертеңіне звондап, ресторанға шақырды. Звондағанда мен әшейін қараңғыда әкелді ғой таба алад деймісің деп ойлап, үйді тауып келсең кездесуге шығам дегем, бір кезде звондап тұр, осындай осындай үй, мындай подъездің алдында тұрмын деп.
Сонымен қызық үшін басталған кездесуден кейін мен оған шын ғашық болдым. Айтатын әңгімелерімен, мәдениеттілігімен мені баурап алды.
Демалысым бітті де, Атырауға жұмысыма кетіп қалдым. Сол кездегі билайнның Летние ночи деген тарифына қосылып алып таң атқанша сойлесетін едік, қазір ойлайм сонша не айтатын едік деп)))
Бір жылдан кейін қосылдық. Қазір үш ұлымыз бар Аллаға шүкір!!!
Кейде қыз күнімді армансыз уайым қайғысыз жүрген күндерді сағынып қоям еххх сол күндерім ай деп )))
Әрі қарай

Ой мороз, мороз, не морозь меня ...)

Ищщааа… Осы тұрғанда Ақтөбе аяз қатты болып тұр. -39-ды көрсетіп тұр. Машинаның жоқтығы қатты білінеді екен. Биыл бізде қыс қатты болып тұр. Ертеңгісін балдарымды балабақшаға апарар апармасымды ойланып тағы жүрдім. Амал жоқ тастайтын жер жоқ, апарып тастадым. Енді біртүрлі жүрегім ауырып отырмын тоңып қалды ау деп, балабақша да салқындау. Тездетіп бітсе екен мына аяз!!! Сіздерде қалай жылы шығар оңтүстік жақта? Завидуююю )))
Әрі қарай

Көмек керек!!!

Сәлем керекшілер! Маған мектеп оқушысына (қыз бала, екінші сынып) портфолио (мен жайлы мәлімет, ата ана туралы менің ағам, менің апам, менің қызықты сәттерім деген сияқты) керек еді. қазақша нұсқасын қай жерден алуға болды? Көп көп көмек күтем Көмектесіңіздерррр!!! Өтініішшшш
Әрі қарай