Жарияланымдар

Пәндік олимпиада өтуде

Дәл қазір С.Аманжолов атындағы ШҚМУ «Журналистика» мамандығының 1-3 курс студенттері аралығында дәстүрлі түрде өтетін пәндік олимпиада өтіп жатыр. Мамандық оқытушылары – Гүлмира Ахметқалиқызы және Әсел Жұмағалиқызының ұйымдастыруымен өтетін білім сайысының бірінші кезеңінде қатысушылар теориялық білімдерімен сынға түсті. Ал бүгінгі өтіп жатқан екінші кезеңінде «ШҚМУ press» «Gold» «Online-2050» командалар іс-тәжірибелік біліктіліктерін көрсетуде. Олар «Ең үздік фото», «Ең үздік бейнесюжет», «Ең үздік онлайн жазба», «Берілген тақырып бойынша фотоаппаратпен жұмыс» номинациялары бойынша марапатталатын болады.
– Қатысушылар жақсы тақырыптарды көтеріп, мазмұнын ашып жатыр. Дегенмен де сапасы жөнінен аздаған кемшіліктер бар. Бейнесюжет белгілі бір тұлғаға ғана арналса әлдеқайда ұтымды болар еді,- деді облыстық «Дидар» газетінің бас редақторының орынбасары Азамат Қасым.

Қорытындысы бірер минуттардан кейін белгілі болмақ.
Әрі қарай

Кәусәр сезім

Ғашықтық келсе, жеңер бойыңды алып –деп Абай атамыз айтқандай махаббат деген тұғыры биік, алтын діңгекті, кең мағыналы ұлы сезім.
Тамсандырған балдай тәтті мөлдір таза кәусәр бұлақ сусынынан дәм татқызып, шуағын шашып, нұрын төккен ақ сәулелі әсем бағында шарықтау, қанат біткен қиялымен көк аспанда қалықтап, қайғы мен мұңды, жаныңды оттай күйдірген қызғанышты, жүрегіңді мың құбылтып, жүз жылатқан шынайы сағынышты төзе білу – бұл махаббаттың бізге қойған талабы, шарты. Бұл сезімді сезу әр адамға бір арман, ал сезіп көрген адамға үлкен бақыт.
Әрі қарай