Жарияланымдар

"Сүйкімсіз" қыздар сүйікті ме?

Бойына жылу сіңбеген бала өсе келе, өзге­ге жылу бере алмайды. Тіпті өзіне де. Өз­ін жей береді, өзгеге тым талапшыл, сынш­ыл келеді. Анасы мей­ірлене сүйіп, құшағы­на баспақ түгілі, зе­ректігі мен талпыныс­ына оң баға бермеген жасық ұрпақ, құлдық психогиямен өскен, өзіне сенімсіз ұрпақ бар. Табиғатынан пы­сық, ізденгіш бала болса, үнемі сол анас­ының «қаталдығымен», қолпаштап, қолдамау­ымен күресіп өтеді. Ана баласын өзінше сүйіп, әр баласына жү­регі бірдей елжіреп тұрады, — дейді. Бәл­кім рас та шығар… Бірақ баласының өзіне ұқсамағаны, ол сия­қты өмір сүргісі кел­мегенімен күресіп, баланы «жазалайтындар» бар. Үйде ең болма­ғанда, ата-ананың бі­реуі балажан болғаны дұрыс шығар. Қазір кімге қарасаң да, ба­ласына езіліп тұрады ғой. Бірақ «балаға деген махаббатты көр­сетуге болмайтын» за­манның қаншама ұрпағы бүгінде өзі бала тәрбиелеп отыр. Олар да бала тәрбиесінде ата-анасының моделін қолданады. Қаласа да, қаламаса да. Өйтк­ені олар басқасын кө­рмеді, білмейді. Сан­асында, генетикасында ол әбен сақталып, кодталып қойған. Бас­қасын оған үйретпеге­н. Махаббатқа қанықп­аған бала өзіне ұнай­тын, өзін түсінетін ортаны аңсайды дейді. Мен де сөйткем. Ау­ылда өскесін, оның үстіне менің жасөспір­ім шағымда радикалды топтар, басқа ағымд­ар, ерте есею, т.б. әлеуметтік проблемал­ар болмаған соң, қия­лданып, «өз әлемімді» кітаптан, суреттен, жазу, сызудан ізде­гем. Содан оқып алға­нымнан үйегілерге «а­қыл» айтып отыратынм­ын. Жатып ап, бірдең­елер жазатынмын. Мам­ам сол қылығымды жек көретін. Сол арқылы тұтас әулетке, онда­ғы тәптіп пен ережел­ерге қарсылығымды бі­лдіретінімді білетін. Бағынбай, бетімен өсіп келеді деп, өзге балаларына гөрі ме­ні ылғи қажап, кемсі­тіп, жетістіктеріме шын қуанбайтын. Оқуды бітірген соң, ең жоғары деген нәтиже алсам да, «ол сенің қолыңнан келмейді», — деп, қалаған оқуыма да тапсыртпай қойға­н. «Не де болса, үйд­егі тыныштық қымбат», — дейтін. Өйткені әкеміз кез-келген пр­облемаға жау шапқанд­ай мазасызданып, айқ­айлап кетететін. Осы­лайша қалыптасқан ер­ежеге бағынғысы келм­ей, өзі бір нәрсе іс­тейін десе, төбесінен тоқпақтап тұратын сенімсіздікпен қанша бала арпалысып, есе­йіп кетті. Ал қазір қолжетімді ақпарат, еліктейтін «тұлғалар» көп заманда, ұрпақ­тың бойында протест одан да көп. Біздің «өзім білемнің» соңы көп болса, қалаға кетіп оқу болса, қазі­ргінің «өзім білемі» түрлі жағдайға әкеп соқтыруда. «Көп күл­сең, бір жылайсың» деп тәрбиеленген ұрпақ еркіндікті қаламай­ды. Заманның мүмкінд­іктерін пайдаланғысы келмейді. Тіпті өз бағасын, еңбегінің ақысын талап ете алма­йды.

Анасымен сырлас, әке­сінің мойнына асылып, күлісіп, сүйісіп қауышатын қыздарға қа­рап қызығатынмын. Ол­ар жар таңдағанда да, әкесіне ұқсас жігі­тті іздейді. Тек олар емес, қыздардың бә­рі сондай. Тек әкесі­нен үркіп, айтайын десе, амалсыздан аузын жауып өскен қыздар отырып қалады дейді ғой. Сондықтан күйе­уіңіздің бойындағы ең асыл қасиеттер де, ең жағымсыз қылық та, тіпті кейде маман­дығы да өз әкеңізбен ұқсас болса, таң қа­лмаңыз)) Ал жігіттер, қайын атасына қара­п, өзін тануы да ғаж­ап емес. Әрине, зама­н, қоғам мен түрлі тендециялар өз таңбас­ын қалдырар, дегенмен түп төркінінде ұқс­астық мол екені анық
Әрі қарай

"Сен барсың тек менде"...

Өміріңде кездескен кез-келген адам өзіндік бір із қалдырмаса да, сені бір нəрсеге үйретеді, — деп жатады. Мына бес күндік ғұмырда қанша адамды бір-бірімен жолықтырады Жаратқан. Соның əрбірінің қылығын, ойын, пікірін, көзқарасын елеп-ескеру мүмкін емес те шығар. Бірақ адамның болмысы, қасиеті, рухани танымы қандай болса, əрқайсымен тілдесіп, пікір алмасқан кезде, тура сол таным-түсінікті ұғыну үшін дəл сол деңгейге түсіп немесе өресі жеткенше сол биікке бойлайды. Адам мен адам жолыққанда ең алдымен антиптия, содан соң симпатия орнайды дейді араларында. Кім болса да, бір жолыққанда сынай қарап, келіспейтін қырлары мен ұнамайтын тұстары көзге оттай басылып, оғаш көрінетіні содан. Ал содан соң, тіл табысып, жөн біліскен соң ғана, ол кісінің ниетін, басқасын біліп жатамыз. Осы кезде симпатия оянып, пікірлестік, ортақ көзқарас қалыптасуы мүмкін. Ал одан соңғы эмпатия деңгейіне айлар, жылдар бойы жете алмай жүрген талай дос, бауыр, тіпті сүйем деген ғашықтар да бар көрінеді. Сана мен сананың, адамгершіліктің, танымның, ниеттестіктің, түйсіктің тоғысуы, шын ұғынысудың белгісі осы!

Зымыраған өмір ағынында мұндай адам сен үшін уақытты тоқтатып қоя алады. Əбден көңілің қалып, жан баласына сенбейтін қатал жүрегіңді жібіте алады. Бей-жай тірліктің қамында, өзгені елемейтін, ешкімті ойламайтын тар пейіліңді кеңейтіп, қамсыз, өзімшіл, тəкəппар кеудеңді де иілтетін осы адам.  Біреуге шын жанашыр болсаң, шын ниетіңмен тілекші болсаң,   ішкі сырыңды еш бүкпесіз төге алсаң, ол саған жақсылық жасауды үйретсе, міне, нағыз еркіндік, батырлық, ашықтық — осы! Бұл нəрсеге тек жанымыздағы нағыз жанашыр адам үйретеді.
Әрі қарай

Ақылы кеңес

«Ақысын берсең боқысын  шығарам»-деуші еді… Бұрын арын, намысын сатады деп адамдар бірін-бірі сынайтын. Қазір ол тақырыптың да өзектілігі өткен. Бүгін бір-біріне ақылын сататын заман туды. Ақыл үйрету арқылы ақша тауып жүрген бір адам. Жар болудың жолдары, дұрыс бала тəрбиелеудің үздік əдістемесі, тамақ пісіру, тоқу-тігу, таптырмас маман болғың келсе… Осындай "" бəрі сатылады. Қазақтың дүниетанымы мен пайымына сай, саналы ұрпақ тәрбиелеудің  тəлімін ақшаға алып жатсаң, оған кеткен қаражатың мейлі ғой. Қоғамды жаңа «этикаға» үйретіп жүрген түрлі топтарға қауіппен қараудан аулақпын. Дегенмен бізге «келіндер мектебі», "қыздар институты", "қонақжайлық сабақтарының" керегі қанша? Дүниетанымы арқылы тұтас тарихын танытқан, ғасырлар бойғы қалыптасқан моральдық-этикалық принциптері отбасылық қатынастарға, əдет-ғұрыпқа негізделген қазақ қоғамына бүгінде жанұя құндылығын кім үйретіп жүр? Сол тренингтер мен курстарға кімдер барады? Қазақ жастары. 90-жылдары ата-анасы нәпақа табумен айналысқанда, тәрбиеден тыс қалған, өзінше ойлап, өзінше шешім қабылдауды үйренген замандастарымыз. Ал бұрынғы ата мен əже институтын заманауи «менеджерлер» атқаруда. Ажырасу саны өсуде, шаңырақтағы зорлық-зомбылық артуда, тастанды сәби тағдыры мен арсыз əкелердің көбеюіне байланысты, қоғамдық-əлеуметтік мəселені шешудеміз дейді мұндағы «психологтар». Қарап тұрсаңыз, мұндағы тыңдаушы аудитория да, дәріс беруші топ та — қыздар. Қызды үйде емес, түзде; өзіміз емес, өзге тәрбиелеп отыр. Бəрін əйелдің қолына бердік. Еркектерді сыртынан, монипуляциямен "ұстаудың" тағы бір жолын үйретудеміз.  Бұл — тағы да азаматтарды еркіндікке жіберіп, жауапкершіліктен босатудың  амалы. Оқып алып "өмір сүріп", сатып алып «бақытты боп» жүрген əйелдер қаншама толқынды осы жолмен «тəрбиелеуде»… Ақысын беріп балабақшаға, мектепке, университетке маман болсын деп, сосын тренингке адам болсын деп оқытып жатқан ата-ана — тамырынан ажыраған ұрпақ өсіруде.  Бауырсақ, тоқаш, пирог, тт пісіру, қонақ күту, іс тігу, ине ұстау мен ана болу, сəбиді құндақтауды үйреткен əжелеріміз бүгінде миллионер болар ма еді…
Әрі қарай

«Бір елдің сөзін айтып жүрген қызыңызға Бір үйдің отын жағу қиын деп пе ең?!»

Отырған қыздарды сөкпеңіздер… Көптің көз алдында жүріп отыздан асып не қырыққа таяп қалған қыздарды көріп сонша ет-жүрегі езіліп (не езілгендей боп) аяуға, мүсіркеуге тырысатын əйелдерді түсінбеймін. Олардың сұрағынан, көзқарасы мен эмоциясынан өзіңнен өзің ұялып кетесің. Сондай əйелдер, əсіресе өзі шығарын шығып ап, енді шаруаның бəрін тындырғандай, осындай оң жақта отырған қыздарды сұрақ астына алғанда, көбі өзінің семіріп, түрі қашып, жүйкесі тозуын бір ақтап алады-ау… Ей, сен таңдаған жігітті мен армандасам, əлдеқашан тура өзің құсап «бақыттан басым айналып» жүруші ем" — дегің келеді. Шынымды айтсам, сол күйеуге тиген əйелдердің өзі шын сезімді армандап, қиялданып, не байын бақытты ете алмай, не баласын баға алмай талайы жүр арамызда… Кезінде көштен қалмайын деп, өйтіп-бүйтіп «теңіздің ар жағына шығып алғандар» бүгін санын соғып, сол байдан не пана таба алмайды, не тастап кете алмайды. Бірақ əрбір қазақ əйелі жүрегінің түкпірінде, бір минутқа болса да, сол қосағынан жырақта өмір сүрсем деп қиялдап көреді. Неге? Өткені бүгін «арқа сүйердің», «бөріктінің» заманы өткен. Расында да. Себебі еркектер бүгін əйелдердің «ауруына шалдыққан». Психоз, невроз, истерика, ұрысқақтық, ұсақтық. Бəрі емес, көбі. Балабақшаға өзі барады, азық-түлік өзі алады, өндіріс азайғандықтан, еркек кіндік (масса) не "қағаз тасумен",  не «бет-жүзін бояп, əдемі сөйлеумен», одан қалса желіде философиялық тебіреністерімен, терең психологиялық ойларымен бөлісіп, анда-мұнда жеген асын жарнамалаумен айналысады. Табатыны (масса) 100 мыңның ар жақ-бер жағы. Олардың күшін жұмсар жер жоқ. Шүкір, заман тыныш, соғыс жоқ, аңшылық көптің қолы жете бермейтін сəн-салтанат боп кетті, əскерге 80-нен төменнің көбі бармаған… Сондықтан соғыстың бəрі от қасы, ошақ басында. Мұндай «батырларды» қалайтын қыздар бар, қаламайтындары тағы жетіп артылады. Отбасының шырағы бола білуде емес, шаңырақтың тірегі, арқа сүйер азаматтың аздығында ма мəселе деп қаласың.
Әрі қарай

Тәртіп - тәрбие емес.

ТӘРТІБІҢІЗГЕ ҚАНДАЙ БАҒА АЛДЫҢЫЗ?

Кезінде бастауыш  сыныпта «Тәрбие сағаты» деген болатын. Апта сайын оқушының тәртібіне де күнделікке арнайы  баға түсетін: «Тәртібі: 5»-деген  сынды...Қазір біз сол тәрбие мен тәртіпті шатастырып  алмадық па??? Ылғи белгілі бір тәртіппен өмір сүріп, жоспармен әрекет ететін адамдар бар. Олар аяғын аттап басса, болжап, алды-артын байқап отырады. Олар аяқ астынан шешім қабылдамайды, кеңеспей әрекет етпейді. Көшеде сырын білмейтін қызға жақындағанша, ортақ таныс арқылы немесе жұмыста танысқан дұрыс,- дейді. Тіпті даусын шығарып, шынайы күлуді де әдепсіздік санайды. Өмір сүрудің өз тәртібі бар деп біледі. Ұйқыдан оянған соң бірден жатын орнын жинайды, сосын барып беті-қолын шайып, кешке дайындап қойған киімін киеді. Таңертең көңіл-күйі өзгеріп, сәйкесінше басқа киім киіп кету — тәртіпке бағынбаудың белгісі. Сол сынды үйдегі тұрмыстық заттардың да орны ешқашан өзгермейді,  барлық қажетті заттар да алдын-ала сатып алынған. Ештеңені лақтырмаған дұрыс, ертең керек болып қалуы әбден мүмкін. Жұмысы  тындырымды, қоғамға пайдасы болсын-болмасын, оқыған мамандығының иесі болу — әлдеқайда артығырақ. Өйткені «тәртіпке бағынған құл болмайды».  Міндетті түрде дұрыс жаста тұрмыс құрып, әулетке дұрыс қызмет ету керек. Баланың тәрбиесі де тәртіпке негізделсе, адам болады. Тәртіптен басқа таңдау жоқ!  Жақында бір танысым «енді жағдайыңды жасап тастадың, тұрмысқа шық, жаққсыыы жігітпен таныстырайын»- дегесін, келістім. Саған хабарласады деген соң, суретіне де қарамай, ештеңе сұрастырмастан, мақұл дедім. 3-4 күннен соң мырзам хабарласып (таңғы8:30-да), кешке 18:30-да жұмыс жағыңызға келемін деді. (Бәрін сұрап-біліп алған ғой). Тәртіппен жүретіні көрініп-ақ тұр. Ойбай мұнысы несі, кешке жұмысым нешеде бітеді, эфир уақыты әрқалай, шығармашылық саладамыз дегендей, — деееп ойланып, мен отырмын. Ұйқым да шала ашылған, даусым қырылдап тұр))) Сосын не де болса кешке хабарласыңыз 18:30да, жауабын берем дедім. Сонымен 18:30. Хабар жоқ… звондамағасын, келмес деп үйге жиналдым. Сөйтсем әлгі жігіттің тәртіптілігі сонша,  18:30-да  шығып, 19:00-де менің жұмысымның алдындамын деп  звондап тұр. Күннің суығында маған бола келді-ау,- деп шықтым кездесуге. Түріне қарасам,  соннндай  тәртіпті! Өзім сәл тұмаулап тұрғам, қара суықта ең болмағанда кофе ішеміз-ау деген ойым да жоқ емес. Сөйтсем, бейтаныс адамдар өздеріне аса жұрттың көзі түсе бермейтін, кең жерде тілдескен дұрыс деген «ереже» бар екен) Сол «тәртіп» бойынша дірдектеп туфлида мен келем… Ол өзінің «тәртіпті» өмірінен сыр шертуде… Жалпы өмірде өз принциптерімді өзгертпеймін,- дейді… Еее, ережесі көп екен,- деп түйіп қойдым.Құдай-ау, ананы істеуге болмайды, былай еткен бұрынғылар, ана қылық қоғамға  қарсы, мына образ қызға жараспайды дегенде, ұялтады-ау басында… соңында ішім  пысып кетті. Е қошы-ей дегің келеді. Әркімнің өз таңдауы бар ғой, санасы мен есі жеткен жерге дейін бақытты болсыншы, шаршамашы енді,- дегің келеді. Тал бойы сондай тәртіпті, кеудесінде жаны бар, «жыны» жоқ сондай адамдарды жек көрем. Бойыңды еркін ұстап, асықпай керіліііп, рахаттанып күліп алшы, -дегің келеді. Меніңше, адам өзін тәртіпке бағындырам деп, қатты қорламауы тиіс. Өзі ме, өзге ме, ойлап тапқан «образдың» құлы болудың қажеті жоқ. Қоғам бізге белгілі бір принциптерді таңып тастағаны анық. Әрине, тұрпайылық пен дөрекілікті насихаттаудан аулақпын, жалпыға ортақ рухани ұстанымдар бар. Бірақ тәлім мен тәрбиені темірдей тәртіпке, қатып қалған қағидаға ауыструдың еш қажеті жоқ-ау.
Әрі қарай