Тырнақ күтіміне арналған кеңестер
1. Егер де тырнағыңыз сыңғыш болса, онда келесі қоспаны пайдаланып, жүзеге асырыңыз. 1 ас қасық сұйық майды су буына қыздырыңыз, суығаннан кейін 2-3 тамшы А дәруменін, 3 тамшы йод және жарты ас қасық лимон шырынын қосыңыз. Саусақтарыңызды қоспаға 20 минутқа салып отырыңыз. Артынан қол жуудың қажеті жоқ.
2. Тырнағыңыздың берік және қатты болғанын қаласаңыз, дәріханадан А және Е дәрумендерін сатып алып, ұйықтар алдында оларды тырнаққа жағып отырыңыз.
3. Тырнақты ретке келтірмес бұрын қолыңызды 3-5 минутқа сабынды суға немесе түймедақ (ромашка) тұнбасына салып, жұмсартыңыз. Одан кейін тырнақтың айналасындағы теріні арнайы құралғысымен алып, бір бағытта егеңіз. Бәрін мүлтіксіз орындағаннан кейін үстінен әдемілеп лакпен бояңыз. Осыларды орындасаңыз қолыңыз нәзік болып көрінеді. Тырнақ күтімімен айналасып, әрқашан әдемі болып көрініңіздер!!!


Балқаш көлі — Қазақстандағы ең ірі көлдердің бірі, оңтүстік-шығысында орналасқан. Аумағы жағынан Каспий, Арал теңіздерінен кейін үшінші орында. Орташа тереңдігі 5,8 метр, ең терең жері 26 м. Батыс бөлігіне Іле, шығыс бөлігіне Қаратал, Ақсу өзендері құяды. Жаз айында еліміздің түкпір-түкпірінен, тіпті Ресейден, Қытайдан туристер келіп демалады. Қаламыз мұнысымен ғана шектелмейді.
Оңтүстік-шығысында 60 км жерде Әулиетау деп аталатын тау желісі бар. Бірақ қала тұрғындары «Бектау ата» деп атайды. Оның жанында Ұраңқай деген шоқы бар. Таудың шыңы 1000 метрге дейін жетеді, ал ұзындығы 4000 га, оның аумағында түрлі атқалдар мен құздар орналасқан.
Бектау ата тауының күн батыс жағында "Әулие" деп саналатын үңгір бар. Үңгірдің жалпы ұзындығы 45-48 метрге дейін жетеді. Суы мөлдір, таза, өте салқын және түбі лай болып келеді. Кезінде Бектау ата үңгіріне ауру адамдар, бала көтере алмайтын әйелдер басына түнеп, құрбан шалып, Құдайдан тілеген тілектерінің орындалуын сұрайтын қасиетті орын болған. Ал, қазіргі уақытта бұл жан-жақтан келетін туристердің қызығушылығын тудыратын табиғат әлемінің ерекше бір туындысы болып қалыптасты. Және де мұнда балалар демалатын жазғы лагерлер жұмыс істейді.
Сонымен қатар, шаһарымызда «Балқаш кен-металлургия» комбинаты бар. Мұнда алтын, күміс, платина және т.б. түсті металдар шығарылады. 1997 жылдан бастап "Қазақмыс" корпорациясының құрамына кірді. Аймақтан мыс кенін шығаратын 4 кеніш жұмыс істейді. Олар: Қоңырат, Саяқ-1,2,3. Бұлардан басты пайдалы компонент — мыс, молибден, алтын өндіреді.
Ал, орталық алаңында Ағыбай батыр ескерткіші орналасқан, сонымен қатар Мұхтар Мағауин атындағы мәдениет сарайы бар. Қаламызды қай жағынан алып қарасаң да мақтауға тұрарлық. Бірақ, ең басты деп саналатын киелі жерлері туралы жаздым. Оқып отырғанның өзінде көз алдыңызға бейнесі елестейтіні хақ. Қаламыз жылдан-жылға дамып, өсіп-өркендеп жатыр. Еліміздің үлкен бір алып қаласына айналатына сенемін.