Жарияланымдар

Қол жеткізсем саған...



«Дотинуться до тебя»-бұл Корей елінің шығарған фильмі.Үйде жалғыз өзім болғандықтан, не істерімді білмей отырдым.
Содан кино қарауды жөн көрдім.Киноны қарағаныма еш өкінбеймін.Өте қызықты, мағынасы бар кино.Кино туралы қысқаша баяндап кетейін.
Бұл кинода басты рөлді Савако ойнайды.Сыныбында өте жай, көп үндемейтін қыз.Бастауыш сыныпта мен дәл сондай болғанмын.))Тссс… Ешкімге айтып қоймаңыз.Сонымен ол қызды сыныбында «Садако»-деп атап кетеді.Ол сол лақап атқа үйреніп кетеді.Кейде сыныптастарына үй тапсырмасын орындап береді.Әйтсе де, ол сыныбында оларға жақсы қыз болып көрінетіндей достар табады. Олардың есімдері: Кадзэхая, Яно, Ёсида, Рю.Кадзэхая ол Саваконы сыныптағы ол туралы қауесеттерге қарамастан, оның шынайлығына, ақ жарқындылығына, мейірімділігіне ғашық болады.Жалпы, бұл кино өзін жалғызбын деп ойлап жүрген қызды, яғни, Савакоға ол жалғыз емес екенін, ол өте жақсы қыз екенін көрсетеді.Сондай-ақ,әлемге жарқын көзбен қарау екенін үйретеді.Міне, солай...!

Осы сілтеме арқылы көруге болады.http://kino-v-online.tv/3327-dotyanutsya-do-tebya-online-film.html

Көтеріңкі көңіл күй тілеймін! Тамашалаңыз!!
Әрі қарай

Мен оқыған қызықты мәліметтер)

Өмірде қызықты нәрселер болмаса,өмірдің мәні жоқ.Міне, сіздердің назарларыңызға әлем қызықтарын ұсынып отырмын.

Жалпы, мен бірнеше мамандық түрлерін білемін.Алайда, кокос ашушы деген мамандықты естіп таңырқырап отырмын.Сонымен, сол мамандықтың иесі туралы айтып берейін.
Панама елінің азаматы,64 жасар Андрес Гардин елінің арасында кокос ашушы ретінде танымал.Андрес Рио Алехандро деген елді аймаққа арнайы көрсетілім қояды екен.Гардин Гиннес рекордына кіру үшін өтініш тастаған.
Панама елінің азаматы))
Кокосты жақсы ашатынына қарағанда,тісі мықты-ау шамасы)

Жас неміс тіс щеткасында допты айналыру арқылы рекорд орнатты.
Германия елінің 18 жастағы спортсмені аузына тіс щеткасын салып, допты көпшіліктің көзінде 26 секунд ішінде баскетбол ойынына арналған добын айналдырды. 15 қараша күні 2012 жылы 18 жасар Майкл Копп 26 секунд ішінде тіс щеткасында доб айналдырған адам ретінде Гиннес рекордына кірді.

Жас спортсменнің сөздеріне үңілсек, оны істеу үшін көп күш жұмсаған.Бала кезінің арманына жету үшін…

Майкл мектеп жасында болған кезде ата-анасы баскетбол секциясына берген.Сол секцияға бірінші күндері барғаннан-ақ тренерлерін ерекше қабілетімен таңғалдырған.Жасынан бастап баскетбол ойынынан жарыс өткен кезде,өзінің өнерін көпшілікке паш етіп жүрді.Оның Гиннес рекордына қатысуына ықпал жасаған оның достары.420 000 үміткерлердің ішіннен жарып шығып, көпшіліктің көзіне түскен.Міне, адамдар өзінің ерекше қабілетімен көзге түсіп, танымал болып жатыр.Ал, сіз не істей аласыз?

сілтеме:mirfactov.com
Әрі қарай

Қазақ тағамдарына бренд жасауға бола ма?

Көше де жүріп келе жатсам, бәрі бір жерге кезекке тұр екен.Неге десем?Өздеріңіз білетіндей қазір қай жерде жүрсеңіз де донер-кебаб, лагман секілді тамақ сататын орындар көбейіп кеткен.Банағы жұрт сол үшін кезеккем тұр екен.Содан біздің тамаша ұлттық тағамдарымыз тұрғанда, неге жейді деп көңілім қалды 
"Қоянды қамыс, ерді намыс өлтіреді",-дейді халық мақалы.Ал менің айтарым: «Денсаулығымызды донектер, лагмандар құртып тынады».Әркім әр қилы ойлар, ал менің мақсатым тек айту…

Бренд дегеніміз не? «Бренд» деген сөздi қайсыбiр қарапайым адам түсiне қоймауы мүмкiн. Оның мағынасы әрбiр фирманы немесе кәсiпорынды танытатын, оның өнiмiн жарнамалап баршаға паш ететiн тауарлық белгiсi дегенге саяды. Ол ұлтқа да қатысты болады. Мәселен, ұлттық бренд десек, сол ұлттың айырықша ерекшелiгiн бiлдiрiп тұратын танымдық белгiсi, өзгелерден айырықша көзге ұрып тұратын артықшылығы болуы шарт. Ол – бәлкiм ұлттық тағамы, киiм үлгiсi, музыкалық аспабы, экзотикалық өнерi, тағы басқа нәрсе болуы мүмкiн. Бұл – ұлттық бренд ретiнде бiр ғана нәрсемен шектелiп қалу деген сөз емес. Егер мақтанарлық жағдайы болса, ол қанша болса сонша бола алады. Дегенмен солардың арасында барша жұрт қабылдаған ерекше болуы қажет. Әрi ол әлемде басқа ешбiр елде жоқ, қайталанбас нұсқа болуы керек.Бренд үшiн тұтынушы қандай да болмасын қаржы төлеуге әзiр. Ия, бүгінде әр елдің өз брендтары бар.Мысалға: Франция: Эйфель мұнарасы; француздық брендингтегі иіссу, парфюмерия мен косметика, француз асханасы. Ұлыбритания: Англияның ағылшын иттерінің арасындағы танымал түрі — бульдог; Биг-Бен; тағы да басқа.
БIЗДЕ БРЕНД БАР МА?Әрине,ұлтымызда брендке тұрарлық тағамдарымыз бен ұлттық құндылықтарымыздың саны шексіз. Біреулер ұлттық бренд домбыра, қобыз сияқты музыкалық аспаптар десе, екіншілері қымыз және шұбат сусындары деп санайды, ал үшіншілері киіз үйді жақтайды.Таңдау қиын, ұлттың сәні – кешке киетін сәнді киім емес.Бренд деп,ұлттық тағамымызды айтуға болады.Оған айғақ, шет елдіктер күні кеше Лондон олимпиадасын да өткен ауыр атлетикада Илия Илинның жеңісінің сыры қазы-қартада екенін білген.Оны естіген басқа елдер де қызығушылық танытуда.Дәмін татқан шетелдіктер де, қазақпен аралас-құралас өмір сүріп жатқан басқа халықтар да қазақтың ұлттық тағамдарын құрметтейтін болды. Тіпті, оның денсаулыққа пайдасын, адам ағзасын күшейтетін қасиетіне әбден көзі жеткен немістердің қымызды патенттеп алып, бие сүтінен дәрумендер жасайтыны, спортшыларын баптайтыны, бельгиялықтардың балмұздақ пен тәтті-дәмділер, Дания мен Францияда дәрілер дайындайтындықтары туралы деректерді қазір әркім-ақ біледі.Ата-бабаларымыздың бізге аманат еткен мирасын уақытында бағалағанымыз жөн.Аталарымыз бен әжелеріміздің ішкен-жегені нағыз дәрумендердің көзі болған.Кең жазира далада басып жайылған сиырдың сүті, түйенің шұбаты мен жылқының қымызы күш-қуаттың көзі осылар екен.Пайымдауымша,ұлттық тағамдарымыз бренд болуға тұрарлық.Бірақ, ол үшін инвестиция, басқа сөзбен қаржылай көмек, елді қызықтыру 1-ші жобада болғаны дұрыс.Сонымен қатар жаңа,қызықты ой-идеясы бар арнайы мамандар даярлаған жөн.Яғни, жұртты қызықтыратындай етіп жарнама жасау арқылы,ұлттық тағамдарымызды нарыққа шығара аламыз.Шығарған өнім сапалы жарнамасымен қатар пайдалы болса сұраныс молая түседі.Тіпті, біздер ішімдіктерді нарықтан шығарып,қымызды қоюмызға болады.Ұлттық бренд-Қазақстанның өзекті тақырыбы болып тұр.Бренд деп әр кім әр қалай айтады.Келешекте Қазақстанның атын не шығаратыны белгісіз.Таңдау қиын, дегенмен де ұлттық тағамдардың өнімділігін жетілдіретін фабрика ашқан жөн.
Әрі қарай

Әлемдегі ең ұзын

Өздеріңз білетіндей, кей жағдайда қоғамдық көлікте қыстырылысып, кейде соқтығысып жатамыз.Сосын мен осы қоғамдық көліктер туралы мәліметтер жинадым
Әрі қарай