Жарияланымдар

Ел ауызынан

Бір еңбекші қарапайым қыздың абайсызда шығарған іш желін естіп қалған оспадар жігіт:

Жылға ма екен, сай ма екен жатқаныңыз,
Үйрек пе екен қаз ба екен атқаныңыз?
Алдында дүйім жұрттың тарқ еткізіп
Болды ма мұндай ғұрып қатқаныңыз? — деген екен.

Сонда қыз:

Сай екен жылға екен жатқанымыз!
Қаз екен, үйрек екен атқанымыз!
Үйрек болса беліңе байлана ғой!
Мылтығымның ауызынан айнала ғой!

Далбаеб ауызыңассиейін! — деген екен.

Мат болған жігіт сөзге тоқтап, ат-шапан айыбын төлеп, ертеңінде харакири жасап Айд патшалығына аттанып кете барыпты дейді
Әрі қарай

Құрт

Ертеректе жазғы каникул кезінде шөп шабу науқанына қатысып келген сыныптас достарымыздың әңгімелері бәрімізді (айтып отырғандардың өздерін де) әрдайым таң қалдырса да еш күмәнсіз сендіре білетін. Бұл хикаялардың барлығы бір адамның ауызынан шыққандықтан әрдайым бірдей басталатын. «Бәленбайыншы жыл болатын. Нүкен деректр, Найыл енженер, Сәкеңнің екі жағына төрт төрттен сегіз жарты арақ сиятын қара қожыны бар. Біздің үйден бәріміз қара қуырдаққа бөгіп алып жолға шықтық.» Әрі қарай жұрттың көңіл күйіне қарай сюжет өз бетімен дами беретін. Бірақ ол ертеректе. Біздің айтпақ хикаямыз бертін мен артынның шекарасында болып біткен еді.

Совхоздың деректірі, зоотехнигі, мал дәрігері, экономисі һәм парткомы қыстақтарды аралап, сақманға дайындықты тексеріп саралап жүріпті. Комиссия кешкілік бір шопанның қыстауына келіп тоқтап, қонуға ниет білдірсе керек.

Үй иесі бір тұяғын шалып жіберіп, қадірлі меймандарды күте бастапты. Ет піскенше шай беріліп, дөңгелек үстел сары май, таба нан, кілегей, ақ және сары ірімшік, балқаймақ, брензі, сыр, және құрт атаулының түр түрімен тотырылыпты. Күні бойы атсоқты болған қадірлі меймандар ерекше сәтті шыққан ежегей құртты мақтай отырып опырып жіберіпті.

Құрт салынған табақ тақырлана бергенде, үй иесі бәйбішесіне жеңсік асты еселеу қажеттігін жетізіпті. Қазандағы еттің көбігін алып жатқан бәйбіше, ерсектеу қызын кілетке барып, құрт алып келуге жұмсапты.

Екі минуттан кейін қызы қайтып келіп,«Апа, гамаждағыны әкелейін бе, шөлкидегіні әкелейін бе» деп сұраған екен.

Оны естіген атқамінерлер әр түрлі аллергияға шалдыққан көрінеді. Бірақ кейбіреулері әлі шауып жүр.
Әрі қарай

Алматыдан келген кластас

Блог - Qnh: Алматыдан келген кластас

Преамбула
Біздің ауылдың бір бетке ұстар жігіті кештетіп болса да үйге көңілді оралып, келіншегін әдеттегіден көбірек басывжверген(sorry за местный сленг) көрінеді. Аяулысы: «Отағасы, сізге дәл бүгін қандай ерекшелік дарып жұлдызыңыз әдеттегіден үш жарым есе жарығырақ жарқырады деген астарлы болса да сыпайы сауалына Отағасы „Білә, кеше Алматыдан Әділет келведі, сол бір дәріверіведі со шығар, мазганы майыстырмаш“, — деп қор ете түсіпті-мыс,
Ертеңінде, маңдайына жазылған жұлдызы үш жарым есе артық жарқыраған бақытты келіншек „Нағып бетің жылтыравтұр“ деп сыпайылықпен сұрай салған кластас коллегасына білетін сырын айтып қойыпты.

Амбула
Қазандай қайнаған миллиондық қала тіршілінен әбден мезі болып, Отанына демалысқа келген Әділет, ауыл сиырларының үйреншіксіз азан-қазанынан оянып кетіп тұрды да, туған мекеніндегі ғайытың күшімен аман есен қалған Мәдениет үйінің алдындағы ұзын орындықта қалғып-шұлғып отыр еді.

Сағат он бірден он екі минут кеткен кезде оған кезіндегі кластас қыздарының бірі „Әй Әділет! Осы менің байымды кластасым-кластасым дегенде сондайсың, Алматыдан әкелген дәріңді неге бермегенсің?“ депті
Әрі қарай