Жарияланымдар

Қорғалжын қорығы

Бүгін біздің экспедициямыздың жетінші күні, бұл күн өте сәтті өтті.Неге десеңіз біз бүгін Астана қаласының оңтүстік батысына қарай 130 шақырым жерде орналасқан Қорғалжын қорығына бардық.Қорықтың басты мақсаты табиғи комплексті қорғау және табиғатты аялау ниеттерін халыққа жеткізу болып табылады.Қорық Қорғалжын шұңқырында орналасқан.Қорық 18 сәуірде 1968 жылы ашылған.Аумағы 543 171 га.Жалпы айтқанда қорық аумағында екі үлкен көл бар.Олар Теңіз және Қорғалжын.Теңіз көлінің ұзындығы 85 км, ені 35 км.Жазда көл бетінде әр түрлі құстар болады.Мәселен аққу,қаздар,үйректер және фламинголар тағы басқалары.Мұнда сүтқоректілердің 37 түрі, құстардың 294, бауырымен жорғалаушылардың 3, қосмекенділердің 2, балықтардың 10-нан астам түрлері тіршілік етеді. Сондай-ақ, дала суыры, қоян, күзен, борсық, ақбөкен, т.б. мекендейді.Бұл жердің ең әсем көз тартар құстарының бірі қоқиқаз(фламинго). 1960 жылдары қорықта қоқиқаздың саны 45 – 60 мыңдай болса, 2000 жылдары 10 – 15 мыңдай ғана қалды.Бұл факті арқылы айтайын дегенім, оларды қорықта қаншалықты жағдай жасап өсіргенімен әлі күнге дейін оларды атып алу, оның сұлулығына қызығып әр түрлі бұйымдар жасау тоқтамай тұр. Қорғалжындағы жалпы аумағы 260 мың гектарды құрайтын өзендер жүйесі бүкіл Орта Азиядағы құстардың ең маңызды сулы-батпақты мекені болып табылады. 1976 жылы қорықтағы су айдындары «Рамсар» тізіміне енгізілген. Қорғалжындағы өзендер жүйесі қызғылт қоқиқаз (фламинго) және жоғалуға айналған өзге де сирек құстардың: бірқазан, тырна, савка және тарғақтың әлем бойынша солтүстіктегі ең шалғай мекені. Қорықта құстың 294 түрі жұмыртқа салса, суларында балықтың 17 түрі мекендейді. Сондай-ақ мұнда сүтқоректі жануарлардың 41 түрі тіршілік етеді.
Қазірде қорыққа шет елдерден де көптеп келуде.Әсіресе ғалымдар мен тек елімізде ғана кездесетін жануарлар мен құстарға қызығушылар болып табылады.
Алдағы уақытта мен қорыққа шығармашылық жетістіктер тілеймін.Ел табиғатының одан әрі жандануына үлес қосып жүрген қорықтың табиғи байлығы арта түссе екен.Еліміз самалмен тербеліп сыбдырлайтын өсімдіктерге, асуланып ағыспен толқитын өзендер мен көлдерге, шексіз қиыры жоқ сайын далаға бай емес пе? Осынау табиғатқа қарап мен де жүрекжарды туындымды арнаймын.Шалқар даламыздың әсем табиғатын бірге қорғайық!!!
Бір керемет орын бар сайын дала төсінде,
Орын тепкен ол жерде Қорғалжының көсіле.
Қазағымның шалқар дала, мөлдіреген көлі мен,
Табиғаттың кереметін табасың сен ол жерде.
Әрі қарай

Назарбаев Университеті

Мінекей бүгін арман қаладағы үшінші күн.Әрі мен үшін тағы бір арманымның орындалар күні.Ол Назарбаев Университетіне бару болатын.Түскі асты ішіп болған соң, Назарбаев Университетіне жол тарттық.Әсем архитектурасымен бірден көзге түсетін бұл университет 2010 жылы Нұрсұлтан Әбішұлының қолдауымен өз жұмысын бастады.Бізді университетпен таныстыру барысында көп мәліметтерге куә болдық.Ең алдымен 17 қазан 2009 жылы ҚР Премьер-Министрі К.Максимованың бастауымен алғашқы жиналыстар өткіз3лген болатын.Ал 2010 жылғы 7 маусымда университет атауы «Назарбаев Университеті»деп өзгертілді.Сонымен ол әлі күнге дейін жастардың болашағына кепіл болар мекенге айналды.Жұмыс істегеніне бар болғаны бес жылға таяп қалса да,үлкен жетістікке жете алды… Менің арманым осы университетте білім алу.Әрі барлық қазақ жастары секілді Қазақстан ды биіктерде көрсету.Сонымен зерттеу жұмысының соңында Назарбаев Университетіне үлкен жетістіктер тілей отырып, болашақта үлкен белестерге жететініне сенімдімін деп нақты айта аламын.
Әрі қарай