Жарияланымдар

Керекинфолықтар, кәсіби кеңес керек...

CJK-200 ұялы телефондарды басқышының (подавитель) техникалық сипаттамасында CDMA, GSM, DCS, PHS,3G байланыстарын 870-880MHz, 930-960MHz, 1805-1850MHz, CDMA1950/1975-1980MHz, 2110-2170Mhz аралығында басады делінген.
Сұрақ: Аталмыш техника 4G байланысын баса ала ма? Қазақстандағы 4G диапазоны — 1800Mhz екен.
Логикаға сенсек, әрине басу керек. Күмәндануға екі себеп бар: біріншіден сипаттамада ол туралы еш жерде айтылмайды, екіншіден бұл техника 870-2170 аралықта емес, жоғарыда жазылғандай әр байланыстың аралығын ғана басып отырады деген өзінше бір болжам.
Әрі қарай

ororo.tv сайты туралы

Бұл — ағылшын тілін жетілдірем деген және жоғары рейтингілі сериалдарды қайдан көрсем деп ойлап жүрген адамдарға таптырмайтын сайт. Тіпті Рунетте аналогы жоқ сайт десем де болады.
Ағылшын тіліндегі сериалдарды сапалы субтитрмен қарай аласыз. Анау-мынау емес, жоғары интлеектуалды, деректі — дерексіз, қара юморлы, британдық, HBO-дың немесе FOX-тың және т.б. талғамыңызға сай кез-келген сериалдың тәулігіне 6-7 эпизодын тегін қарай аласыз.

П.С. «Арчер» атты үлкендерге арналған мультфильмді және «Firefly» атты фантастикалық сериалды қатты рекомендтеймін. Талқылайтын, бірігіп мәз болып, таңданатын адам жоқ((((( 
Блог - Nodar: ororo.tv сайты туралыБлог - Nodar: ororo.tv сайты туралы
Әрі қарай

Таңдау туралы

Адам өмірі таңдаудан тұрады. Нені таңдайсың, соған байланысты сен де анықталасың. Арманыңды таңдайсың ба әлде жұрттан қалмау жолын таңдайсың ба? Көп адамдар тіпті таңдау туралы ойланбайды да. Оқу, табысты жұмыс, бақытты отбасы, жылына бір рет Турцияға демалу және т.б.
Отбасын да құрып, «халықтың сүйікті ....-не» (әншісі, спортшысы, жазушысы… керегін қоя бер) болғысы келетіндер өнерді жеткілікті сүймейтіндер. Әсіресе әйел адамдар өз бақытын тек отбасымен, нақтырақ айтсақ қасында күйеуі болумен бағалайды. (яғни, баласы болса да, ер адамсыз олар бақытсыз). Ал ер адамдарда олай емес. Ер адамдарда Адамдық, Жоғары қасиеттер басым, ал әйел адамдарда Пенделікб Тіршіліктік қасиеттер басым.
Сондықтан да, әйел жыныстыларды бір саты төмен санау да дұрыс шығар.
Қазақтың болсын, басқа ұлттың болсын, (әйел деген сөз дөрекі естіледі) певицалары қалайда бір күні карьерасын тоқтатып, отбасы құруды мақсат етеді. Ой, негізі барлық нәзік жандыларда солай. Бұл жерде тағы бір таңданыс. Қалай оны мақсат етеді? Ол мақсатталатын дүние ма? Емтиханнан бес алуды мақсат етуге болады, Университетті жақсы бітіруді мақсат етуге болады, ал бірақ отбасын құруды мақсат етіп қою жиіркенішті емес па? Ол болады немесе болмайды. Сен біреуді сүйесің, онда да сүйген адамыңды кездестірсең ғана. Одан соң ол адам саған да сондай сезімде болса жақсы. Көөөөп жағдайда олай бола бермейді. Сонда осыншама ықтималдықтарға толы шарттардан тұратын дүниені (отбасын құруды айтам) қалай жоспарлауға, мақсат етуге болады? Бұл — бірінші.
Екіншіден, өнер жолына бет бұрсаң, халықтың махаббатын сезгеннен соң, ұлылыққа ұмтылу деген құлшыныс неге нәзік жандылардың бойынан сирек кездеседі? Ер азаматтар, ұлы жазушылар, әнші, суретшілер өнерге өмірін арнайды, одан өзін бақытсыз сезінбейді, ұлылыққа ұмтылады. Неге, неге осы қасиет біздің бойымыздан көрініс таппайды? Бұл — екінші.
Пост тіпті де таңдау туралы болмай, шым-шытырық ойымды ғаламторға жүктеу процесіне айналып кетті. Кешірім сұраймын. Біразыңыз түсінбейтін шығарсыздар, бұл енді менің кінәм. Ойды анық жеткізіп үйрену қажет.
Әрі қарай

Сенна туралы

Блог - Nodar: Сенна туралы
Картинг «карт» деп аталатын болидтың шағын және қарапайым түрімен арнайы картодромда жарысуды айтамыз. Алматының сыртында, қай жерінде екенін нақты білмеймін, картингтен ұялмайтыңдай дәрежеде сайыстар өткізуге болатын картодром бар деп естідім, бірақ көрген емеспін.
Ал оны көруге мүмкіндігі жоқтарға картингпен «Метро» ойын-сауық кешенінде немесе Қиял-ғажайып бағында танысуға болады. Бағасы 1200 теңгеден жоғары. Алайда жеңілдіктер кезеңіне тап болсаңыз 400-600 теңге аралығында 4 минуттық тамаша әсер алуға болады.
«Формула 1-ге» деген қызығушылығым осы картингтен кейін басталды. Жас кезімде әкемнің осы спортты теледидардан қарап отырғанында «Не деген мағынасыз әрі қызықсыз дүниені көріп отыр» деп ойлайтынмын.
Блог - Nodar: Сенна туралы
Бір күні АйЭмДиБидің сайтын шарлап отырып, деректі фильмдердің үздігінде «Senna» деген атауға көзім түсті. Биографияға негізделгені анық, рейтингісі өте жоғары, алайда естімеген есім… Қысқаша синопсисы Формула 1 жүргізушісі жайлы екенінен хабар бергесін, қарағым келмей кеткені рас. Алайда, қызығушылық жеңді де…
Осылайша Айртон Сеннаның тұлғасы мен спорттық карьерасының фанатына айналдым.
Айртон Сенна 33 жасында өмірден өтті. Жүрегі таза, бар өмірін, өзін түгелімен Формула 1-ге арнаған, оны шын сүйген «Сыйқыршы» (әріптестері мен фанаттары берген атауы)
Әрі қарай

Мен Тупакты жақсы көремін

Рэп дейміз, жалпылама хип-хоп дейміз, қалай аталса да оның ең сүйсінуге және тыңдауға тұрарлық өкілі — Тупак Амару Шакур. Тупактың биографиясы аса қызықты емес, сол баяғы оңтүстік пен солтүстік жағалаудың қырқысы, міндетті түрде бір рет оққа ұшырау, көтерілу бар, құлау бар. Бірақ екі нәрсе оны өзгелерден биік тұғырға көтерді. Ол — оның әлеуметтік тақырыптағы мәтіні мен музыкасы әдемі шыққан әндері мен 25 жасында өміден өтуі.
Мен тағы бір факторды қосар едім, ол — Тупактың Шакурдың адам етіндегі тазалығы. Атақты адамдарды тікелей танымасаң да, олардың ішінде жаны таза жақсыларын сезуге болады. Неден? Шынайы күлкісінен, ұялған сәттерінен, сөздерінен. Ол — Майк Тайсон, ол — Салман Кхан, ол — Майкл Джексон. Тупактың интервьюлерінде оның бала-адам екенін көреміз. Білем, оның бүкіл рэперлерге тән ұятсыз, жаман сөзге толы әндері бар. Бірақ мен одан жаман жолға жетелейтіндей әсер көрмеймін.
Керісінше оның Элтон Джонмен айтатын «Ghetto Gospel», «Changes», «Brenda got a baby» сынды әндері жүрекке жетеді, ойға жетелейді, көзге жас әкеледі.
Мен Тупакты жақсы көремін.
Әрі қарай

Екі фильм жайлы ой

Төбелес фильмдерінің шедеврі атағын алып үлгерген Рейдтің жалғасы наурыз айында Алматы кинотетарларында жарыққа шыққаны белгілі. Аузым ашылып қарадым демейін, бірақ фильм бойы жүрегім дүрс-дүрс соғып, эстетикалық тамаша бір ләззат алғанымды жасырмаймын. Өте-мөте сирек сезілетін сезім.
Дәл сол уақытта Нұх пайғамбардың биографиясы дейін ба, аңыздың желісінде түсірілген Даррен Аронофскийдің «Ной» деген туындысын жұрттар ауызының суы құрып мақтап жатты. Оған да барып көрдім, бағым келгеннен емес, құрбымның көңілі үшін ғана.
Енді анализ. Аронофскийдің қазіргі мэйнстримнің интеллектуалды, өзінше тәуелсіз (независимые фильмы) фильмдерін түсіретін Кистофер Нолан сияқты жастардың must see режиссерлерінің тізімінің алдында орналасқан жан. Көпшілігі гений деп бас ұрады, сүйсінеді.
Ал шындығында, бәрі өмірдегідей. Аронофскийдің туындылары жалпақ жұрттың өзін ақылды сезінуіне мүмкіндік беретін «пэлсапашыл», «терең», «ооо операторлық шешімдерін айтсаңшы!!!!» дүние ғана. «Ной» фильмі тобырдың вкусына сай, миллиондап ақша жинайтындығына сенімділікпен түсірілген, режиссердің жаны мен жүрегі емес, бизнесмендік интуициясы мен фильм түсіру тәжірибесі ғана ат салысқан фильм.
Нұқтың өз отбасын құтқаруында залда ине шаншар орын болмаса, Рейдке келген адам саны онға әрең жетті. Басқа кинотетарларда да сондай көрініс орын алғанына күмәнім жоқ (Қазақстанды ғана айтып отырмын). Досымды бұл фильмді көруің керек деп апарып, оның көз жасына себеп болдым. Ия, ол фильмдегі қан мен қатыгездікке қарап, өзін психологиялық және физикалық түде нашар сезінді. Мені кінәлады.
Рейд 2 «Ной» сияқты адамзат проблемаларын қозғайды ма? Жоқ. Себебі ол, бір танысым айтпақшы «тупое мочилово ». Эхх…
Әрі қарай

Қысқаметражды шедеврлерді көргіңіз келсе...

Қысқаметражды фильмдердің көрермені болу сүйкімсіз іс. Олар кинотетарларға шықпайды, 10-20 минуттық сюжеттер аса үлкен эмоциялар сыйлап та үлгермейді. Оны түсіретіндер де көп жағдайда кино әлеміне алғаш қадамдарын басқан атақсыз, абыройсыз жастар. Әрине қысқаметражды фильмдерде революция жасаған Pixar-дың режиссерлерінің анимациялық, ойы терең, суреті көркем, пәк туындыларынан басқа қарайтын ештеңе жоқ сияқты.
Осыған дейін мен де солай ойлап келдім…
Бірақ интернеттің қазыналары кейде аяқ астынан шығып жатады. Сонымен kothvosta.ru сайтымен таныс болыңыздар. Бұл сайт Рунеттегі қысқаметражды фильмдерге арналған жалғыз ғана сайт. Сайтта басыңды ауыртатын мақалалар, қажетті-қажетсіз рецензиялар және т.б. кино туралы сайттарға тән ұсақ-түйектер жоқ. Блог түрінде сайт авторы әртүрлі өзі таңдаған, ұнатқан, таңғалған қысқаметражды фильмдерге бір-екі абзац ойын білдіріп, фильмдерді жүктеген. Фильмдер тақырыптар бойынша бөлінген, бірақ бастысы ол емес. Бастысы, автордың шынымен де, ерінбей ізденіп, интернеттің түкпір-түкпірінде шашылып жатқан, белгілі-белгісіз қысқаметражды фильмдерді бір ортаға жинағандығы. Қарапайым ғана ой осындай керемет сайтты дүниеге әкелген.
қысқаметражды фильм бөлек зерттелетін, керек десеңіз, толық метражды фильмдерден де ауыр, үлкен жұмысты талап ететін сала екенін сайттағы шедеврлерді көре отырып түсінетін боласыздар.
Бюджет лимиті, тіпті кейде бюджетсіз және аз ғана минуттар ішінде басы, ортасы, аяғы бар, ой салар фильм түсіру тек таланттардан басқа, ешкімнің қолынан келмейтін дүние.
Сөз соңында кино деген сөзге қатысты арманы, мақсаты бар керекинфолықтарға қолдарыңызға ұялы телефондарыңыз немесе жай DSLR фотоаппаратттарыңызды алып алғашқы қысқаметражды фильмдеріңізді түсіруді бастаңыздар.
Әрі қарай

Рамон Деккерсті танисың ба?

Блог - Nodar: Рамон Деккерсті танисың ба?
Тай боксының әлемге кең танылғанына көп уақыт бола қойған жоқ. Сондықтан да болар, осы төбелес түрінің шеберлері туралы да білетініміз шамалы. Әрине Буакавтың жығыстарын көргендер бар, сосын тай боксы туралы Тони Джаа арқылы білгендер бар. Фанаттар болмаса, жалпы көпшіліктің білетіні осымен тәмам.
Тай боксының тарихында «Жылдың ең мықты тай боксшысы» деген атаққа қол жеткізген тек жалғыз ғана шетелдік, яғни тай ұлтынан емес, спортшы бар. Ол муай тайдан сегіз мәрте әлем чемпионы болған, таиландықтар алдарында бас иіп, мойындаған Рамон «Гауһар» Деккерс. Ия, ия ерекше өнері мен мықты күші үшін «Гауһар» /Бриллиант/ аталып кеткен Рамонның алаңда көрсеткен төбелестері кезінде Таиланд спортшыларын талай састыртқан.
2013 жылдың ақпан айында көз жұмған ұлы боксшыны керекинфолықтар біле ме екен?
Оны әлемнің #1 тай боксшысы дегенге келісесіздер ме?

P.S. Тақырыптан тыс мәлімет. Форсаждың алдағы уақытта жарық көретін жетінші бөлімінде Тони Джааның алғашқы голливудтық ролін көре алатын болдық.
Әрі қарай

"Бруно 667"

Жер планетасына ұқсас планеталарды экзопланеталар деп атайды. Ғалымдар бекіткен түрлі шарттарға сай келген планета (көлемі, сыртқы түрі, атмосферасы және т.б.) біздің Жерімізге ұқсас, потенциалды тіршілік иелері бар планета деп әзірше саналуда. Ондай планеталардың біздің Құс жолы галактикасында мыңдағаны ашылды, алайда олардың ең жақынының өзі бізден мыңдаған жарық жылдары қашықтықта жатыр. Экзопланеталарды ашуды «Кеплер» жобасы қолға алған. Әзірше мықты деген құралдардың өзі тек Құс Жолы галактикасынындағы экзопланеталарды аша алады, ал біздің әлемде Хаббл телескопы анықтағандай галактикалардың саны шектеусіз.
«Бруно 667» атты жоба Күн жүйесіне ең жақын орналасқан экзопланета Глизе 667-ге аяқ басатын алғашқы адамдар тобын дайындаған болатын. Күн жүйесінен шыға алатын, үшінші ғарыштық жылдамдығына ие ғарыш кемесін ғалымдар Джордано Бруноның ескі еңбектерінен табылған алғашқы сілтемелер арқылы ойлап тапты. Екі рет «Бруно 667» кемесі автоматты түрде Күн жүйесінен шығып, экзопланетаның анық суреттерін Жерге жіберген болатын. Аталмыш суреттерден Глизе планетасының уранға бай екендігі анықталды. 2817 жылы Жердегі барлық энергияның көздері тек уранмен жұмыс жасап жатқандықтан, Глизеге космонавтттар тобын жіберу жобасын НАСА басшылығы бірден қабылдады. Экипаж 7 адамнан тұрды: 4-уі қазақ, 1-уі- АҚШ азаматы, қалғаны Ресейлік мамандар. Төрт қазақтың ғарышқа ұшатындығы Ресей-Қытай Басқармасының қарамағындағы автономиялық мемлекет боп саналатын Қазақстан азаматтарын қатты қуантты. Олар оны өздерінше бір белгі ретінде бағалады. Алайда экипаждың жартысынан көбі қазақ болуында ешқандай ерекше ешнәрсе жоқ еді, шынында 2817 жылдары космонавттар ерте кездердегідей аса құрметті қоғам мүшелері емес еді. Ең ауыр, қауіп-қатерге толы, кәсіби авариялар саны көп сала космонавтика еді. 1990 жылдардан бастау алған ғарыш қоқыстары бұл кездері шегіне жеткен еді, ескі жер серіктері, космостағы авариялардың қалдықтары әрбір төртінші ғарыш кемесінің күлін тура мағынасында көкке ұшыратын. Сондықтан да, ең ауыр, ең бастысы белгісіз осы жобаға қазақ космонавтттарын алу шешілген еді.
Келесі бөлімде экипаж мүшелерімен таныстаын боламыз.

Экзопланеталар туралы оқығыңыз келсе: ru.wikipedia.org/wiki/%D0%AD%D0%BA%D0%B7%D0%BE%D0%BF%D0%BB%D0%B0%D0%BD%D0%B5%D1%82%D0%B0
Глизе 667 с туралы: ru.wikipedia.org/wiki/%D0%93%D0%BB%D0%B8%D0%B7%D0%B5_667_C_c
Хаббл телескопы ашқан галактикалар туралы: www.adme.ru/illustration-and-photography/30-luchshih-fotografij-teleskopa-habbl-457105/
Ең бастысы ғарыш қоқыстары /космический мусор/ туралы: ru.wikipedia.org/wiki/%D0%9A%D0%BE%D1%81%D0%BC%D0%B8%D1%87%D0%B5%D1%81%D0%BA%D0%B8%D0%B9_%D0%BC%D1%83%D1%81%D0%BE%D1%80
Әрі қарай