Жарияланымдар

Ат жарыс Ақтөбеде (фотолар)

Алдыңғы күні, яғни 10-ншы мамырда Ақтөбе қаласы, Қарғалы ауылындағы №10 орталық ипподромда Екінші дүниежүзілік соғысындағы жеңістің 68 жылдығына орайластырылып ат жарыс ұйымдастырылды. Оған қатысушылар еліміздің түкпір-түкпірінен келді. Содан әдеттегідей қысқаша фотореп.)

1. Аламан бәйге – 17 шақырым, бірінші орынға тігілген сыйлық Тойота Хайлюкс;
2. Құнан бәйге – 7 шақырым, бірінші орынға УАЗ Патриот;
3. 1600 метрлік жарыс, бірінші орынға Рено Дастер;
4. 1000 метрлік жарыс, бірінші орынға Лада Приора.

Бас демеуші «West Motors Servise» ЖШС.
Әрі қарай

Унитаз қақпағын көтеріп қою - дискриминация ма?!

Жұмыстағы немесе пәтердегі дәретханаларда, әсіресе ортақ әжетханаларда унитаз қақпағын ерлердің қайта-қайта көтеріп қою әдеттері олардың әйел қауымына қатысты көзқарасының көрсеткіші ме және бұл дискриминацияға жатады ма?! Ортақ тойлеттен шыққан ер адамнан кейін әйел адам кіріп, унитаз қақпағына қарап, оның әйел қауымын қай деңгейге қоятынын білетіндей. Ал егер ол еркек сол әйелдің танысы, досы немесе әріптесі болса ше, жалпы қарым-қатынастағы аздаған түсініспеушілікке осы да себеп болып жатса, таң қалудың қажеті жоқ сияқты. Бірақ бұл туралы ашық айтыла бермейді.
Жалпы солтүстік еуропа елдерінде ерлер мен әйелдер құқығы тең екені баршамызға белгілі. Осы аптада Швеция елінің парламенті ерлерді кіші дәреттерін отырып алуға міндеттейтін заңжобаны қарайды. Оны ұсынушы депутат Вигго Хансеннің санауынша, бұл гигиена деңгейін көтеріп, ерлер мен әйелдер теңдігін нығайтып, простата алдын алады.
Заңжоба авторларының ойынша, егер ерлер кіші дәреттерін отырып алып үйренсе, отбасыда ыдыс-аяқ сылдырлау жағдайлары азаяды екен.
Әрі қарай

Қазақша Эль-Классико: ФК Ақтөбе vs Тобыл 1-0 (бірінші тайм фотолары)

Футбол, тек қана футбол!: Қазақша Эль-Классико: ФК Ақтөбе vs Тобыл 1-0 (бірінші тайм фотолары)Міне, ақтөбеліктер мен қостанайлықтардың көптен бері күткен матчы қаламыздың басты футбол алаңында өтті. Қазақстанның футбол біріншілігінде принципиалды қарсыластар ФК Ақтөбе мен ФК Тобыл арасындағы кездесулер қашан да қызық болатын. Жексенбі күні, яғни 5-нші мамырда өткен кездесу соны дәлелдеді десек артық айтпаспыз. Дегенмен, ақтөбеліктер басты мақсатқа әдемі ойыннан гөрі нәтижені қойғанын байқадым. Бірақ футболда бәрін нәтиже шешпей ме?! Біз қостанайлықтарды өз алаңымызда жеңе алдық, оған да шүкір. Енді сіздерге сол матчтан өзімнің түсірген фотоларымды ұсынғым келіп отыр. Түсірілген 1200 фотодан маңыздылары мен сәтті шыққандарын іріктеп алудың өзі біраз уақытты алатыны белгілі. Өзімнің санауымша жаман емес шыққан фотолар жеткілікті болғандықтан оларды екі фотосетке бөлуге тура келді, сонымен төменде фотолар:


ПыСы: Қалған фотоларды екінші фотосеттен көре аласыздар.)
Әрі қарай

Жұмыстан кейінгі екінші тайм: Ақтөбе - Жетісу 1:1

14-нші сәуірде жексенбілік жұмысымды аяқтап, бірден «Футболдан облыстық балалар мен жасөспірімдер олимпиада резерві»-не тарттым. Бірінші тайм басталып кеткен екен, шамамен 10-ншы минутында бардым. Енді билет сатып алайын десем, сатушылар сатпай қойды. Неге десеңіз, стадионда орын жоқ екен. «Билет бар, бірақ орын жоқ»! Бірінші тайм кешігіп келгендер үшін осылайша тірі аудиотрансляция арқылы өтті. Амал не?! Екінші таймды күтуге тура келді. Ойынның екінші жартысы 1:1 есебімен басталды. Оралдағы жағдай қайталанды.)) Бұған да шүкір дедім де, потапаратты іске қостым. Суреттер аз шыққан жоқ, алайда фотосетке тек 30-ы жүктелінеді. Өкінішке орай, екінші таймда гол болмады. Сонымен, Ақтөбе — ақ, Жетісу — көк түсті формаларда.
Әрі қарай

Орал қаласы (life)

18-нші наурызда еліміздегі көне қалалардың бірі Оралға сессиялық емтихан тапсыруға барған мен, қаладағы ескі және белгілі нысандарды фотосуретке түсіріп алған болатынмын. Фоторепті мына сілтеме арқылы тамашалай аласыздар. Енді назарларыңызға қала өмірі туралы фотоларды ұсынсам деймін. Суреттер аз емес, бірақ тек 30-ын жүктедім.

P.S. Фотоларды қарамас бұрын төменде орналасқан «тағы да»-ны басыңыз.)
Әрі қарай