Жарияланымдар

Дүкс-дүкс музыкадан шаршағандарға ұсынарым.. рэгги!

Мен ұсынатын үш ән!: Дүкс-дүкс музыкадан шаршағандарға ұсынарым.. рэгги!
«Жаңбырды сүйем дейсің, бірақ қолшатыр ұстайсың,
Күнді сүйемін дейсің, сәулесінен қашып, көлеңке іздейсің,
Желді жақсы көремін дейсің, бірақ үрген кезде терезені жабасың,
Міне, сондықтан сен мені „сүйемін“ деген кезде, мен қорқамын». -Боб Марли-
Әрі қарай

Жүйрік жүріктер!

Өткен жексенбі күні, яғни 23-нші маусымда Ақтөбе қаласында, нақтырақ айтсақ, теннис орталығы артындағы мини-футбол алаңында тілшілер арасында белгілі журналист, марқұм Әмір Оралбайдың құрметіне арналған турнир өтті. Кубок үшін таласқа алты команда қатысты: қала әкімдігі, Рика ТВ, Шамшырақ ЖШС, Қазақстан-Ақтөбе телеарнасы, аудандық БАҚ және біз – қалалық БАҚ. Әр тайм 10, үзіліс 5 минуттан болды. Алты команда екі топқа бөлінді, біздің топта: Рика, Шамшырақ және біз. Бірінші матч Рика мен Шамшырақ арасында өтті, ол 3:2 есебімен Риканың пайдасына шешілді. Екінші топтың командалары кездескеннен кейін, біздер ойынды үшінші жұп болып бастадық. Рикаға (қызылдарға) қарсы кездесуіміз 3:2 есебімен біздің пайдамызға аяқталды. Тіпті басқа командалар «Риканы жеңді» деп бізден сескене бастағандай көрінді, осыны сезген біздер «типа» әлдағандай боп қалдық. Бір қызығы, бірінші айналымда барлық кездесу 3:2 есебімен аяқталған. Біздің екінші матч Шамшыраққа (сарыларға) қарсы өтті, манағы асқан сенімдік сезімі бізге керісінше кедергі болды.
Әрі қарай

Ұлы шовинизм!

Шовинизм — (французша chauvinisme – Наполеон Бонапарттың басқыншылық саясатына табынушы сарбаз Николя Шовеннің аты-жөніне байланысты шыққан сөз) Солдат Николя Шовен өзінің басшысына кез келген сәтте, кез келген жерде шектен тыс адал болған. Аңызға сай, ол өз басшысын ешбір жауға сатпаған екен. Қазіргі таңда бұл сөз — шектен шыққан, жауыққан ұлтшылдық идеологиясы мен саясатты білдірсе керек. Шовинизм фашизм идеялары мен саясатында ашық көрініс тапты. Шовинист өз ұлтын, тобын, табын басқалардан артық көріп, асыра бағалайтын адам. Ол өзінің ұлтшыл екенін білдірмеу мүмкін, бірақ шовинист басқа ұлт өкілдеріне көмектескен кезде де өз ұлтының мүддесі мен мәдениетін ескереді, соны жанама түрде насихаттап жүреді, басқаларды қызықтыруға тырысады. 1815-нші жылдардан кейінгі «Бурбон жаңғыртуы» кезеңінде бонапартизмнің онша танымал болмағанына қарамастан, аңызға сай, сарбаз Шовен Наполеонның нағыз жақтасы болады, тіпті жаға қайырмасына шегіргүл таққан, бұл аластатылған басшыға беріктік белгісі іспеттес. Жартылай аңыз тарихқа сай, Шовен кедейлігіне, еңбекке жарамсыздығына және мазақ етушілерге қарамастан «фанатты адал солдат» болған. Ол патшаны құдайға теңеп, оның кез келген сөзін дұрыс деп санап, онымен бірге бүкіл әлемді жаулап алуға дайындығын білдірген.
Әрі қарай