Жарияланымдар

Конвергентті журналистика дейсің бе? Иә, бар!

Блог - Marco: Конвергентті журналистика дейсің бе? Иә, бар!
Конвергентті журналистика әлдекімдердің ғылыми атақ қорғау үшін ойлап тапқаны. Сізге мұндай ой келіп көрген жоқ па?! Тақырыпқа алғаш көз салғанда қолды бір сілтегім келді. Жоқ, шынымен ше, өндірісте жүрген журналист көп нәрсенің конвергенция екенін білмей-ақ та жапырып жүр. Әлгі, «Қазақтар наурыз көженің жеті ингредиенттен тұратынын бұрыннан білген, тек ингредиенттің не екенін білмепті» дейтін әзіл еске түсті бар ғой.
Әрі қарай

Ақпараттық қауіпсіздік: Дін VS Терроризм

Соғыс бізден тым қашық сияқты. Бірақ соғыс дәл қасымызда. Сіздің көшеде, сіздің үйде, тіпті сіздің пәтеріңізде де жүріп жатыр. Бұл – ақпараттық соғыс. Оңтайландырылған ақпаратпен адам арасына от тастауға, мемлекеттерді құлатуға, әлемдік соғыс бастауға болатыны бұған дейін де талай айтылды. Бірақ тақырыптың ауқымы мен өзектілігін ескерсек, айтылмақ әңгіме әлі көп. Бұл жолы журналистік қызмет барысында кездескен сарапшылар мен олардың қызықты пікірлері арқылы экстремизм мен терроризмнің насихаты қалай жүріп жатқанына тоқталып көрейін.
Әрі қарай

Девальвация: Негізі күлетін нәрсе емес

Үйдің қасында үш банктің филиалы бар. Ертеңгісін бағам қарау әдет болды. Жұрт сияқты мен де уайымдаймын (Шүкір, екі бала бағып отырған жайым бар). Бірақ ойлап-ойлап, тап менің уайымдағанымнан көп нәрсе өзгере қоймасын түсінідім (бұл үшін, негізі, көп ойланудың керегі жоқ). Ендеше не бас ауыртатыны бар. Көппен бірге көрерміз. 1999 жылы да тірі қалдық қой. Ал білесіз бе, сол жылы девальвациядан бір күн бұрын жампозым Ақтөбеден Алматыға аттанған екен. Пойыз екі күн жүреді. Барам дегенше теңге екі есе арзандап, қалтадағы ақшасының құны қалмапты. Бір досымыз дәл сол уақытта шетелге жарысқа аттанған. Оның жағдайын елестетіп көріңіз. Қазіргі жағдайымыз жақсы емес пе? Банктер бар, ақша аударымдары бар, әйтеуір амалын табуға болады. Одан да бір күліп алайық.

Әрі қарай

Тарихың сенің тереңде

Қазақ хандығының 550 жылдығын тойлап жатырмыз. Алайда Тәуелсіз Қазақстанның ең танымал тарихи символы Алтын адам. Тақырыпқа орайластыра салды дерсіз. Бірақ мына дала мен даланы мекен еткен халықтардың тарихын 550 жылмен шектеуге тағы болмас.

Ескерте кетейін, суреттегі экспонаттардың бәрі Есік музейіне қойылған. Бірақ бәрі бірдей Алтын адам табылған қорғаннан шыққан жоқ. Тек көненің көздерімен бетпе-бет кездескенде ой өзінен-өзі шапқылап, алысқа кетіп қалған болатын.
Әрі қарай

Фуа-гра жегің келе ме?

Қазақ фуа-гра жеп көрмедік деп зар жылайтынын көрем деп кім ойлаған. Аты бөлек демесең, құдалыққа барған сайын құйрықпен қосып асап жүрсіз ғой. "Құда, құда дегізген, құйрық-бауыр жегізген". Есіңізге түсті ме?! Иә, фуа-гра деген де сол бауыр. Тек қаздікі. Онда да қаздың бауыры классикалық рецепт қана. Қазір көбіне үйректің, тіпті тауықтың да бауырынан жасай беретін көрінеді. Дәмі, әрине жақсы. Қойдың бауыры сияқты қатып кетпейді, жұп-жұмсақ болып, аузыңа салсаң еріп кетуге дайын тұрады. Дайындалуы да, ет асудың өзі ұялып қалатындай қарапайым. Қысқасы, біз үйде өзімізше фуа-гра жеп тұрамыз. Менің әдісімді пайдаланып көріңіз.
Әрі қарай

Әлдебір сәрсенбі


«I'm friends with the monster that's under my bed». Телефонымдағы Риана баж ете қалды. Көзімді ашып, айналама қарадым. Шүкір, үйде ояныппын. Төсегімнің қасында екі пар шұлық жатыр. Демек бүгін сәрсенбі. Шұлықты ауыстырып алайын, киім өтектеп жатуға уақыт жоқ. Жұмысқа осылай бара салармын.
Әрі қарай

Әлеуметтік медиа ақша табу құралы

Жатып алып ақша тапса ғой, шіркін! Өміріңізде ең болмас бір рет осылай армандадыңыз ғой. Алма пісіп, аузыңа түсіп жатса, несі жаман? Интернетте батпан құйрық уәде ететін сайттар жыртылып айрылады. Ит жеместей көремін бе, әйтеуір өзім соларды айналып өтем де жүрем. Бірақ шаш етектен болмаса да, пайда тауып жүргендер бар. Солардың бірін әңгіме тартқан едім.
Әрі қарай

Екінші өтпелі кезең

«Біз 25 жасымызда»… Үлкендердің осылай басталатын әңгімесін талай естідік (тұра-тұр, соңғы кездері өзім де айтып жүрген жоқпын ба осы?). Тіпті өлеңнің өзі қаншама?! Үйткен 25, бүйткен 25, сағындырған 25, жай 25… Стоп! Сонда 26 тоқалдан туып па? Екеуінің арасы 12 ай, 365 күн ғана емес пе? Бұлай болмас. 26 жасқа неге ән арнамасқа?!
Әрі қарай

САРЫ

Құтылатын амал қалмағанын ұққан жігіт ақырын ғана аспанға қарады. Артында мылтық кезеніп тұрған жендеттерге бұрылғысы да келген жоқ. Одан не пайда? Қарусыз адамды ата салуды ерлік санаған қорқаулардың түрі емес, соңғы көргені өзінің сары даласы болғаны мың артық. Патшаның сасық түрмесінде шірігенше, өзі сияқты кең даланы тынымсыз кезген ит-құсқа жем болғаны жақсы.
Әрі қарай

Ойды ой қуады

Көңіл жүйрік пе, көк дөнен жүйрік пе демекші, блогиада туралы жазам деп тым алысқа шауып кетіппін. «Тым қысқа жазасың» деп сөккен қазылар, «былшылдап кетіпсің» десе де таң қалмаймын. Әдеттегіден көп жазған сияқтымын. Оқығыңыз келсе оқырсыз, боқтағыңыз келсе боқтарсыз.
Әрі қарай