Жарияланымдар

Алтыншы алтын!

Өскемендік Ольга Рыпакова Қазақстанға алтыншы алтын медалін сыйлады! Құтты болсын ағайын.



Бүгін Лондондағы Олимпиада ойындарында үш қарғып секіруден жарысқа түскен қазақстандық жеңіл атлет Ольга Рыпакова 14,98 метр көрсеткішпен Олимпиада чемпионы атанды.
Лондонда өтіп жатқан ХХХ жазғы Олимпиада ойындарында қазақстандық жеңіл атлет Ольга Рыпакова қатарынан үш рет секіруден үшінші мүмкіндігінде 14,79 метр қашықтықты бағындырып, Қазақстан құрамасының қоржынына алтыншы алтын салды.
Әрі қарай

Сису (sisu)

Сису, sisu

Жасалатын дүние – қайткенде де жасалады
Финндер өз тарихында, табиғи қиыншылық болсын, әскери қиыншылық болсын, көптеген ауыр қиыншылықтар көрген халық. Бұл сынақтар, шамасы, фин ұлтының менталитетiне ерекше таңба салды. Финдер басқа еуропалық елдер секілді білімгерлік пен ұйымшыл болғанымен, олар өзінің мінезімен өзгеше болған, әсіресе Сису оларда көрнекті орын алады.
Сису (sisu) сөзі Фин елінде ерекше орын алады, және өте танымал. Бұл сөз, елде жүк пен кеме зауыттарын атап кеткен, және де кейбір көпшілік пайдаланытын тауарларды да атайды. Ел ішінде адам есімі Сису болуы да ғажап емес, бұл сөз теледидар мен радиодан, және қарапайым адамдардың әңгімелерінен естуге де болады. Бірақ, келімсектер, яғни шетелдік адам оны білгісі келсе, бірқатар бөгеттер орын алуы мүмкін.
Түсінбейтін адамға бұл төрт әріптен құралған сөздің түпнұсқа мәнін түсінуге өте қиын. Не дегенмен, Сису сөзін, шетел тіліне аудару мүмкін емес. Көптеген фин сөздіктерінде ол сөз: жігерлік, беріктік, қыңырлық деген аударма береді, бірақ бұл аз болуы мүмкін, оған қоса сабырлық, төзімділік деген сөздерді де қосу керек. Түпнұсқа мәніне біршама жақындау үшін, мыналарды ескеру қажет: -Сису ол, жәй ғана сөздер емес, ол тек жәй ғана икемділік пен түскен қиындыққа төзімді болу емес, ол онымен қатар сабырлықты сақтап, жасаған қимыл-әрекеттерге мұқият болу, оған саналы түрде қарау. Оны жалпы: «Жасалатын дүние – қайткенде де жасалады» -, деп те түсіндіруге болады.
Әрі қарай

Жігіттер мен қыздар, 1 минут үнсіздік жариялайық. Шекарадағы болған жағдай.

ШҰҒЫЛ: ҰҚК АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА 13 АДАМНЫҢ ҚАЗА БОЛУ ОҚИҒАСЫН РАСТАДЫ 31.05.2012 13:08
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекарашылық қызметі Алматы облысында 13 адамның қаза болу оқиғасын растады. Қаза болғандардың қатарында 12 шекарашы мен бір қорықшы бар, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
«ҚР Ұлттық қауіпсіздік коммитетінде 2012 жылы 30 мамырда ҚР ҰҚК шекара қызметінің «Шығыс» өңірлік басқармасы Үшарал шекара отряды «Сары бөктер» заставасының наряды тауда жазғы уақытта 15 шекарашы қызмет атқаратын «Арқанкерген» шекара постының жанып кеткен ғимаратын көрген. Оқиға болған жерде шекара қызметінің директоры генерал мойор Н. Мырзалиевтің басқаруымен ҚР ІІМ және бас әскери прокуратурасы мамандары мен өкілдерінің қатысуымен жедел тергеу тобы жұмыс істеуде. Қазіргі уақытта жанып кеткен 13 адамның, посттың жанында орналасқан аңшылық шаруашылығы қорықшысының денелері табылды. ҰҚК және ІІО, шекара қызметінің күшімен жедел іздестіру шаралары жүргізілуде», — деді арнайы ұйымдастырылған брифинг барысында ҚР ҰҚК шекара қызметі директорының бірінші орынбасары Тұрғанбек Сматбеков.
Ол сондай-ақ аталған оқиға бойынша жаңа мәліметтер келіп түскен жағдайда, тілшілерге хабарланатындығын жеткізді.

Саясатқа қатысы жоқ тақырып, 1 минут үнсіздік жариялайық.

дереккөз
Әрі қарай

Кешке қарай ойламастан ұйықтап кеттім

Кешке қарай ойламастан ұйықтап кеттім, шаршаған болдым ба, бірақ, не істегенді білмедім соншама ұйықтайтындай, негізі көп түс көрмеймін. Ұйықтап жатсам, көптен көрмеген түсті де көрдім. Түсімде маған бір кісі келіп;
— Әй Владимир бері кел, — дейді, есімім сөйтсе Владимир екен.
Әрі қарай

Полистерол немесе полистирол кірпіші

полистерол, полистиролдан үй салу
Альберт Эйнштейн 1926 жылы үш қабатты қабырғасы бар тоназытқышына патент алған еді. Тоназытқыш екі қабат бетон мен тоз ағашты термоизоляциядан тұрды, данышпанның идеясы XX ғасырдың соңында құрылыс төңiрегiдегi әрі тиiмдi, әрі озық технологияның үлгісі болды.
Әрі қарай