Ақырзаман бола ма?
Әлемдік климат өзгерісін зерттеп жүрген ғалымдар 2012 жылы «ақырзаман» бола ма деген сұраққа өз пікірлерін білдіруде
Әрі қарай

Ескендiр Хасанғалиев қашанда Сыр елінің қыздарының сұлулығына таңғалатынын жасырған адам емес. Бәлкім, жалғыз ұлы Біржанның өмірлік жарын осы өңірден таңдайтындығын сезген болса керек.Біржанның болашақ жары Ақмаржанның құлағына сырға тағып, қазақи дәстүрдің жалғасын жасады. Ақ алтыннан жасалып, 40 карат жаһұт таспен безендірілген сырға сұлудың құлағына жараса кетті. Айта кету керек, Біржанның қалыңдығы Алматы қаласындағы С.Асфандияров атындағы медициналық университеттің 6 курс студенті екен. Біржан екеуі араласып, өзара біліскеніне 3 жылдан астам уақыт болған екен. Отыздан асқан жасына қарамастан осы уақытқа дейін шаңырақ құрмаған Біржанның таңдауы болған қыздың Сыр елінен екендігі біздің мекеннің шынымен-ақ қасиетті екенін тағы бір дәлелдей түсті.





