Жарияланымдар

Ауылдан шықтым

Ауылдан шықтым сырымды саған ақтарам,
Ауылдан шықтым осыным менен мақтанам.
Ауылым менің -алтын бесігім тербеткен,
Мейірімділіктің сөлін бетіне сақтаған.

Ақсақал көрсем, ауылданба екен, — деп қалам,
Ауылдан шыққан ғұлама, ғалым, епті адам.
Талшыбық мініп, асыр сап жүрген бала кез,
Балданда тәтті балалық шақты еске алам.

Туған ауылдың төсінде ойды тербеткен,
Асқардай биік арманым менен ер жеткем.
Елеңдеп көңіл, лүпілдеп жүрек тулайды,
Сағыныш сазы, бір хабар жетсе Ел беттен.

Ауылдың сонау шетіндегі үйдің ешкісін,
Жетектеп барып беруші едік кешкісін.
Бүкіл ауылдың иті де бізге еркелеп,
Танушы еді айырып бірден иіс, түсін.

Бар жақсы қылық бойыма сенің еккенің,
Балалық дәурен -өмірлік менің мектебім.
Ыпыстық сезім бойымды билеп бір сәтке,
Ақтардым солай өмірдің кейбір беттерін.

Насыреддин Қожырбайұлы
Әрі қарай

Япырай не боп кетті заман деген

Япырай не боп кетті заман деген,
Арам болып шығады адал деген,
Адал болып шығады арам деген.
Бірін бірі жамандап байыз таппай,
Ақ қарасын айырмай түтіп жеген.

Содан соң виртуалды басты қасып,
Бір біріне лайк қоюға болар асық.
Біреулер кіші пейіл болып жатса,
Біреу жүр боқауызбен асып тасып.

Біреу жүр селфилетіп бұрқыратып,
Бір бірін ФБ дан жүр тырқыратып
Күллі әлем отырғандай алақанда.
Өмірдің кетті ау мүлде сұрқы қашып.

Виртуалды өмірде тағам екен,
Ал, оған тәуелділік жаман екен.
Сағат сайын үңілген алақанға,
Адамның өміріне залал екен.

Келін жатыр құшақтап ноутбукты,
Бала жатыр құшақтап ноутбукты.
Асыл уақыт зымырап өтіп жатыр,
Виртуалды өмірмен, нені ұқты.

Желіге кіріп кетсем қайтер екен,
Мұң, зарымды әлемге айтар екем.
Күллі әлемді қаратқан бір өзіне,
Япырай интернетте шайтан екен.
Әрі қарай

Жаяудың монологы

Мен жаяумен,
Жаяу Муса боламын,
Мен байырдан.
Мен жаяумын,
Аттыға еремін,-деп,
Тоңы айырылған.

Сыртым бүтін,
Ішім түтін мен бір жан.
Қашан ғана атар екен,
Біздің таң.

Жаяу жанды жаяулық,
Күнінен бұрын қартайтар,
Бөрі арығын білдірмей,
Сыртқа жүнін қампайтар.

Мақтануға шебермін,
Әп әдемі киінгем.
Бірақ, бірақ амал не,
Тойған адам ас іше алмас үйімнен.

Ашық, шашық күйім бар,
Суға кетіп құлағалы үйім бар.
Небір түрін тартып келем азаптың,
Маңдайыма жазылғаны осы да,
Өйткені мен Қазақпын.
Әрі қарай

Ақтауым менің

Ақтауым менің қанатын жайып қалықтап,
Күн сайын өсіп келеді жәйлап анық бақ.
Шет жақта жүрсем өзіңе қарай асығам,
Ұштасқан тағдыр, шағала қиял шарықтап.

Ақмаржан қалам қанатым сенде бекіді,
Жаныңды тербер түнгі қаланың тек үні.
Теңізге төніп, еңкейіп тұрған ақ қалам,
Каспийде тұрған ғажайып жұмақ секілді.

Ақтауым әнім, арулығың маған керегі,
Ақ шаңқан үйлер баурыңда өрбіп келеді.
Арманымның толқыны шайқап тербеп тұр,
Көкжиектен көрінген аппақ кемені.

Төсіңде өрген ұл, қызыңменен мақтанам,
Ару қаламның сұлулығын сақтаған.
Мәңгілік елдің перзенттері деп білемін,
Дана халқымның үміт, арманын ақтаған.

Ақ арман қалам жаға жайыңмен мақтанам,
Қапыда қалма сұр қала, -деп күн қақтаған.
Кәусар ауаңды кеуде керіп бір жұтқанда,
Ойыңнан шығар асау теңізім, ақ қалам.

Киелі өлкем Маңғыстау ата мекенім,
Астанам Ақтау өзіңді мақтан етермін.
Дем алыс алсаң Ақтауға бұрың ат басын,
Көріп кет көзбен Ақтауым аққала екенін.
Әрі қарай

Етігімді бірге көм.

Баяғыда Əкем айтқан əңгіме түсті есіме,
Өздеріңе жырлап бермей бұлданайын несіне.
Туу хақта өлу хақ ғой, дүние қума қарағым,
Сұм дүниенің жолына түссең ашылады араның.

Ертеде бір Бай өтіпті өзі сараң, өзі сұм.
Сан жетпейтін малы болған түрінен төрт түліктің,
Өмір бойы дүние қуған түбіне жетпей мүліктің.
Кедейлерді сорған дейді сорғанындай сүліктің.

Күні бітіп жаратқаннан хабар жеткен баяғы,
Дүние — мүлкі бұлбұл ұшып жан алқымға таяды.
Шайтан болып кететіндей өмір бойы жанталас,
Қу құлқынын толтыра алмай немен бітті аяғы.

Осылайша ойлап жатып жинапты үш баласын,
Бар дүниемді, — депті оларға қылдай бөлісіп аласын.
Шырақтарым қу дұниенің жете алмадым түбіне,
Ал балдары жатқан дейді көз алдында таласып.

Сонда əлгі бай ұлдарына бір өсиет айтыпты,
Менен өткен бұл дұниеде болмап еді бай мықты.
Жиған- терген жолдас болмай ақыр соңы қарағым,
Он шақты кез ақ матамен құр қол кетіп барамын.

Ең болмаса киіп жұрген етігімді былғары,
Өзімменен бірге жерлең өсиетімнің бұл бəрі.
Талай жылдар тозбап еді əрі мықты, төзімді,
Сүиегіме кіргендерге айт тыңдар осы сөзімді.

Депті дағы жан тапсырып көз жұмыпты сол байың,
Ал, өлетін пендең болса дегендей ақ көр дайын.
Сүйекшілер жиналғанда үлкен ұлы сөз бастап,
Əке өтінішін жеткізіпті түсіндіріп мəн жəйін.

Сонда тұрып ішіндегі жан ашыр бір ағайын,
Бұл не сұмдық, — депті, бұған қандай амал табайын.
Депті бəрі қарсы болып, — ата салтын бұзбаймыз,
Бұндай нəрсе көрмеп едік көрсек дағы талайын.

Осылайша сүйекшілер кетейік біз десіпті,
Əкелеріңді өздерің жуың, — деп ашқан дейді есікті.
Басқа амал қалмаған соң келісім беріп балдары,
Сүйекшілер ақыр соңы етіктерді шешіпті.

Сонда əлгі Бай өлер алды өмір мəнін түсініп,
Жаны ашып балдарына қан жылаған іші нық.
Етік ішіне ақ қағазға екі ауыз сөз қалдырған:
Көрдіңдерме балаларым, жаман етікте ала алмай,
Бос барамын ана жаққа, -депті ойын пісіріп.

Бұл жалғаннан кім өтпеген хандарда өткен қағандар,
Бұл өмірдің жалғандығын ұқпасаң не амал бар.
Жиған, терген дүниеңменен өлшенбейді өмірің,
Келер ұрпақ жалғыз ғана жақсы ісіңді бағалар.

Бұл өмірден пайдақұмар, жемқорларла өтіпті,
Кетерінде дүние мүлкін қалай қиып кетіпті.
Келер ұрпақ дүние қумай, өнер, білім қуыңдар,
Өмір жалған, сол жалғанның түбіне кім жетіпті.

Насыреддин Қожырбайұлы
Әрі қарай

Әкімнің монологы

Әкім болдым мінеки, әкім болдым,
Халыққа бірер қадам жақын болдым.
Күні кеше жүр едім мүжәлсіз боп,
Бұл күнде мың бір тәубе болып толдым.

Құдай ау май шелпек ғой әкімдігің,
Қалайша білмегенбін бұдан бұрын.
Жымиып, басың бағып жүрсең болды,
Саусаң сүті сарқылмас биелі құлын.

Жоқ деген сөз болмасын лексиконда,
Мұрның барда бір сіңбір қолда.
Мұртыңды балта шаппас, қысылмастан,
Уәдені бере бер оңды солға.

Алайда таппағайсың сен байызды,
Терең қылып жүргейсің сен тайызды.
Жымысқы тірлігіңде жан сезбесін,
Тек қана ұмытпай жүр «Он пайызды».

Үш әріпке сақ болып байқап жүрің,
Асыра бер қулықтың неше түрін.
Жұрт қолымен от көсе қиналмайсың,
Еш уайымсыз атады сенің күнің.

Оңды солды коттежді салып таста,
Иномарка жан-жаққа алып таста.
Өз атыңа ештеме жазбағайсың,
Ұсталып қап жүрерсің ойбай қасқа.

Тексеріс келе қалса тулағайсың,
Балыққа ұқсап сусылдап тұрмағайсың.
Бюджеттің қаржысы шетсіз, шексіз,
Ебін тауып бір шеттен «Ұрлағайсың».
Әрі қарай

Сұм дүние

Сұм дүние
Қысқа уақыттың қадірін білмей адамдар,
Отыра қалып бірін — бірі жамандар.
Нәпсесінің құлы болған өмірі,
Толып жатыр арамызда сараңдар.

Қыстың күні қар сұрасаң бермейді,
Ал, берерің болса бері кел, -дейді.
Байи берсе байығанның үстіне,
Ақшаны ойлап күні-түні терлейді.

Сараңдықтың тасасында қалады,
Мейрімділік, адамшылық қасиет.
Нәпсі шіркін сөйтіп әлек салады,
Әлсіз жандар ақша алдында бас иед.

Сабындай ақ қысқа өмір қамшының,
Өте шығып көрде бір ақ тыншыдың.
Қысқа ғұмыр қарбаласпен өтсе де,
Ұқпай өттің ұлы өмірдің қыр — сырын.

Талай жандар осылай ақ өтеді,
Сұм дүниенің түбіне кім жетеді.
Көрі алтын, табыты алтын болсада,
Күнаң болса тамұқ болмақ мекені.

Насыреддин Қожырбайұлы
Әрі қарай

Өз үйімде

Өз үйімде кеңге салып арқаны,
Босаңсыған қуатымда артады.
Кей нәрсеге ызалансам куінсем,
Өз үйімде бәрі соның тарқады.

Өз үйімде өлең төсек жайғассам,
Тәтті ұйықтаймын кірпіктерім айқасса.
Кісі үйінде ілінбейді көзімде,
Еске түсіп бастан кешкен қай қайда

Қайран меніқ қадірі жоқ өз үйім,
Ыстығыңа күиіп суығыңа төзеиін.
Босағадан аяқ шығып жатсада,
Депті қазақ, -«Кең сарайдай боз үйім».

Өз үйім ол Ұлы Отанның макеті,
Айтыңдаршы барма мұның қатесі.
Отаныңды өз үйіңдей сүйе біл,
Ал Азамат сол үйіңнің әкесі.

Насыреддин Қожырбайұлы
Әрі қарай

Отан деп соққан жүрегім

Ақ сүтіменен анамның,
Бойыма сіңген ізгілік.
Осынау жасқа келгенше,
Көрсетпей өстім түз қылық.

Жастайымнан білемін,
Отан деп соққан жүрегім.
Отаным менің отбасым,
Отаным мәңгі тірегім.

Отаным менің ордалым
Отаным менің орманым.
Отаным менің кең далам,
Отаным менің қорғаным.

Отаным менің ардағым,
Отаным менің арманым.
Тапжылмас темір қазықтай,
Отаным бағыт бағдарым.

Отаным, Қазақ бір ұғым,
Соны ұғып өскен мен ұлың.
Қазағым мәңгі жасай бер,
Бостандық болсын тұғырың.

Қазағым менің қас тұрғың,
Бөлтірігі қасқырдың.
Азаттықтың жолында,
Белестерден астың мың,

Құшақ жайып досыңа,
Ішіңді бермей қасыңа.
Елім деп келген бауырға,
Шапағыңды шаштың мың.
Әрі қарай

Өмірің сенің өлшеулі

Өмірің сенің өлшеулі,
Ертеңмен күнді өткізбе.
Ауызы бір болса төртеудің,
Төбедегі келер деп білде.

Жұмыла алған жүк жеңіл,
Болса да қанша зіл темір.
Үні шықпас жалғыздың,
Жоғалар сөйтіп бірте бір.

Ауыз бірлік Қазаққа,
Керек ақ мынау заманда,
Әр бір көрген «азаптың»,
Орыны толмас әманда.

Өтеді уақыт өтеді,
Қалады есте «кешегің».
Істеген ісің бүгінгі,
Ұрпаққа берер есебің.

Жақсы не жаман еткенің,
Уақыт шіркін реттейді.
Өнеге ісің әрдайым,
Ел есінен кетпейді.
Әрі қарай