Жарияланымдар

Шолу жасасақ..



Қазіргі коллекцияммен таныстырып өтейін.
менде пеларгония (герань), бальзамин, фиттония, гардения, бегония, катальпа, капуста, фэйхоа, цикламен, павловния, эхиум, руэллия, апельсин, колеус, фикус, толстянка, пеперомия, глоксиния, стапелия, валотта, гибискус, декабристка-щлюмбергера, кактус гүлдері бар.
Азірге өскін бермеген – адениум, баухиния, датура…
Осы гүлдерді күтуге қатысты сұрақтар болса, жауап жазайын!
********************
Жаңартылды: Қазіргі уақытта капуста, цикламен, павловния, эхиум, стапеллия, адениум, баухиния, датура гүлдері жоқ, көпшілігі өткен жаздың ыссылығын көтере алмады.
Әрі қарай

Гүлдер сыры

Блог - Gulistan: Гүлдер сыры

Өсімдіктер көп өсірілген жерде сіз оп-оңай тыныс алуға болатынын байқадыңыз ба? Олар өз бойларынан бізге оттегі шығарып қана қоймай, адам айналасындағы қоршаған ортаның биоаумағын тазартады.
Әрі қарай

Кіріспе



Сәлем Әлем! Блогымдағы жазбалар гүлдер әлеміне арналатын болады, әсіресе бөлме гүлдеріне.
Олармен жақын таныстығым 1 жылға жақындап қапты.
Осы уақытқа дейін «Кездесуде» жарияланған аз-маз посттарым осында көшіп, көпшілік назарына екінші мәрте ұсынылмақ.
Осы жерде өз коллекциямдағы гүлдер тіршілігінен әңгіме тарқататын боламыз, ой пікірлерің болса, бөлісіңдер!
Әрі қарай