Жарияланымдар

Жапония күнделігінен-3

Жолға шықпас бұрын соншама ұзақ сапарды игере алатыныма күманданғанмын, бірақ бәрі әлдеқайда жеңіл, тез және қалыпты болды. Осы ретте Жанна мен Эльвираларға рахмет айтқым келеді, олардың барар-келер жолды бүге- шігесіне дейін айқындап, тырыстарын
Әрі қарай

Жапония күнделігінен: Жолда

Йохуууу!!! Жолдамын!!!


Демалыс басталмай жатып, жақын, жолдастар мен әріптестерге асыға қол бұлғай, заттарымды жинақтадым да, жолға шығып кеттім.
Қолымдағы Атырау-Алматы бағытындағы ұшақ билеті нағыз сапардың әлі алда екенін білдіргендей.
Әрі қарай

Жапония күнделігінен: Сапарға дайындық


Сәлем Әлем!
Міне көптен жоспарлап жүрген Жапония еліне жасаған саяхатыма шолуды күнделік ретінде сіздерге ұсынбақпын.
Шын мәнінде Оңтүстік Кореяны да қосып жаспарлағанбыз, онымен виза мәселесінде қиындықтар туындап, одан бас тартуға тура келді.
Әрі қарай

Сериалдың "кесірі"

Ертай досымыздың өткен бір жылдары жазып, сыйға тартқан сериалдар топтамасынан «Code Blue» жапон сериалын толық қараудың сәті тек кеше түсті. Бұл меніңше, қазір көзайымға айналған Доктор Хаустың жапондық нұсқасы деуге болады.Үзіп-жарып қараймын
Әрі қарай

Алғыс


Жапониядан қайтар жолда Алматыда болған мини-кездесуді ұйымдастырған және жылы лебіздерін білдіре келген барша замандас достарыма үлкен алғыс айтам.

Лайым іргелерің сөгілмесін!
Әрі қарай

Балабақша



Қазақстанда балабақшалар жетіспеушілігінен көп қиыншылықтар туындауда.
Көптеген құрбыларым жеке бала бағушының кәсіби біліміне күман келтіретіндіктен, оларға балаларын тапсырудан қорқады.
Қазір ғана Анар құрбым жеке бала бақша ашуға ниетті екенін білдірді және өзіне серіктес ақылшы іздейді. Сол баяғы сұрақ: неден бастау керек, қандай қор болу керек? нені қамту керек? дегендей. Егер араларыңызда ой бөлісетіндер бар болса, осы жерге пікірлеріңізді қалдырыңыздар.
Бұл шынымен де өзекті мәселе!
Әрі қарай

Лондонның Kew Gardens патшайым бағы

Халайық, бүгін сіздермен Лондонның Kew Gardens патшайым бағына саяхат жасамақпыз. 281 жылдық тарихы бар бақтың береі көп, өте керемет жер!!!
Суреттерді көруге болады. Бақ туралы мына жерден оқи аласыздар:http://www.kew.org/
Ал Уикипедия: en.wikipedia.org/wiki/Royal_Botanic_Gardens,_Kew
Ал кеттік ендеше! Түймедақты алқап:
(1114 Kb, 2560x1920)
Әрі қарай

Гүлге тапсырыс беру қаншалықты оңай?



Гүлдер тақырыбына қайта оралайық. Қателеспесем, гүлдер сатылымда екі түрлі формада кездеседі:
дәнекті жане клубень. Басқа жақтардан жаңа гүл сорттарына тапсырыс жасап көрсе, дәнегін ешқандай қиындықсыз салып жібереді. Ал клубеньге келгенде – проблема. Ресейден алдыртатын болсақ, арнайы маусымды күту керек, күз болсын, жаз болсын деп созып алады, себебі – клубеньдер кез-келген уақытта тасымалдауға жарай бермейді.Онда да сапасын сапар соңына дейін жоғалтпайтынына ешкім кепілдік бере алмайды. Дегенмен онымен айналысатындар көп.
Амстердам аэропортында Шипхолда гүлдің түр-түрі бар, ой,қарасаң көз тұнады.
Оларды әрі-бері өткенде еш қиындықсыз алуға болады. Бірақ аэропорттарда ұшақпен
клубень тасымалдатпайтыны ойландырып тастады.Себебін білмейсіздер ме?
Әрі қарай