Жарияланымдар

Eat-shit-sleep-work-internet

Осындай режимде жүрмін. Наурыздың 22 не дейін солай болатын сияқты. Айдалада кен орнында үздіксіз айлап істеген өмірдің бар қызығы сол екен.
Басқа жаңалығым жоқ. Қыздардың мейрамдары жақындап қалды. Әйелім елден ерек бірнәрсе сыйла деп мазамды алған емес, бірақ ұят боп жүр. Қатнишкама әбден қарыздар болдым.

Әкеміздің бір жылдық асын, соңғы саудасын аманшылықпен өткізіп алсақ, туған күнінен де, мереке -перекеден де құтылам ғой деп жүрмін өзімше.
Бас аман болса, Будда жеткерер.

Келе жатқан мейрамдарың құтты болсын қыздар!
Әрі қарай

Қабылдау

Егер «адам» деген мақұлықтың ішкі-сыртқы-психикалық құрылысына қызықпасаңыз төмендегі жазу да сіз үшін қызық бола қоймасы анық. Келесі бір әзіл ме, киноталқы не оқиға жазғанымды күтуіңізге тура келеді.
Жалпы қызық дүние емес. Жай ағымдағы ойлар.
Адамның санасына, кіші-үлкен әлеуметтік топтардың атмосфералық факторларына, динамикасына, құбылыстарға айдар таға салатын әдетім бар. Адамның ішінде ұйықтап жатқан түрлі қасиеттер мен потенциалдарды байқасам, адамның организмі — жатқан құпия екендігіне тағы да тәнті боламын. Менің қуанышыма ондай адамдар жиі кездесті.

«Организмі» дегенде мен оның тек денесінің ғана мүмкіндігі емес, санасының және бейсанасының да мүмкіндіктерін де айтамын.
Сөйте тұра, біреуді бір типажға жатқызып, біреудің басына айдар таға салатын кездерді миымның жалқаулығы деп ойлаймын. Қыртыс-қыртыс сұр түсті зат ойланудан бір жері «күйіп» істен шығып кетпеу үшін бір ыңғайы келген анықтамамен қорыта салады.
Әрі қарай

Четвергандрей фон-Марковик : "Ақтөс" феномені


Жексенбі күні. Ескі мәдениет үйінің залында ине шаншар орын жоқ. Кент әкімі Антуан Шәріп кенттегі барлық мекемелердің бастықтарына бүгін өткізілетін ашық кездесуге түр-түс, ұлт-дініне қарамай белсенді азаматтарды осында жинап әкелуді тапсырған болатын.
Ресми жиналыстан шаршаған халыққа бұл іс-шараның алдағы ешбір сайлауға, партия саясатына қатысы жоқ, ешқандай үгіт-насихат акциясы емес екендігін жеткізуді бұйырды.

Кент халқы да қарап жатпай, бастықтарының бір ауыз сөзін жерге тастамады. Белсенділік танытты. Үйінде аш қалған баласы жылап, «тойып» алған күйеуі қақсап отырса да мектеп мұғалімдері мен медицина қызметкерлері бір ауыздан қалмай келді.
Әрі қарай

Әдіре-налин (болған уақиға ізімен)


Бұл оқиғаны Насрулла ешуақытта ұмытпайды.

20 жасар кеше ғана университет бітірген жас маман. Қолында умаж-умаж «Из рук в руки» газеті, әр жерінде маман іздеген мекемелердің көкпен сызып, қоршап қойған телефондары…
Түсініксіз бір колледждің, түсініксіз факультетінде мұғалім болды. 7 мың теңге айлық жалақысының, 4000 теңгесіне жаңа жұмысын әріптестеріне «жуып» жатты.
Әрі қарай

Мақтанудың ашық және жасырын тәсілдері

Шейх Абу-Али Ибн Молла өзіне күміс жалатылған Боинг -747 сатып алыпты.

А зато менікі 36 см… Ол тек жуандығы ғана.

Жалпы мақтану деген не? Және ол сүйкімсіз қасиет пе?

Мақтаншақтық түр-түс, тәрбиесіне қатысссыз барлық бүлдіршіндерге тән қасиет. Демек әр ересек адам уақыт өте оны жасырудың, сыпайылап жеткізудің амалын жүре келе үйренеді немесе ондай амалдарды қажетсінбей, турасынан мақтанады.
Әрі қарай

Советтік балғын шақтан қалған комплекстер...

Блог - Gastarbaiter: Советтік балғын шақтан қалған комплекстер...
Мен сабақты 6 сыныпқа дейін орташа оқыдым. Қазақтар бас ал десе шаш алады. Баяғы Сәбет Өкіметі орыстардың билігінде болса да, қазақтар орыстардан бетер асырып тұрып бағынатын соның ережелеріне.
Орыс мектебінде ең басты назар білімге бөлініп жатқанда, бізде ең басты назар балаларды «авторитарлы Сталиндік режиммен басып» ұстауға бағытталған болатын.
Бәрімізді үшінші сыныпқа дейін тақырбас қып қоятын. Әкем хат жазып, «баламның басындағы биттерге дәрігер ретінде өзім жауап берем» — деп индивидуалдығыма сәл де болса үлес қосты. Бесінші сыныпқа дейін шеренгамен шагайттап, жақсы оқитындарды алдына отырғызып, үшке оқитындарды кемсітіп, қатты алалайтын.
Әрі қарай

Ауылдағы жаттығу залы

Былайынша ауылдық жаттығу залдарының күнделікті күйбеңін орысша бір шығармамда бұрын мына жерде көрсеткен едім.
Соңғы күндері аптасына тым болмаса екі рет баруды өзіме міндеттегем. Сол-ақ екен, жаттығу залындағы әрбір күн қызыққа тола бастады.

Қаланың жаттығу залдарына барсаң рахат. Тып-тыныш. Әркім зал ережелерінен хабардар сияқты. Білмесе қысылмай келіп сұрайды. Сен де білгеніңнен бір-екі аузы айтасың, егер сұрағы көбейсе, инструкторға сілтеп жібересің. Жүйелі түрде қатысып жүргендердің көбі орекеңдер.

Страховка жасап жіберші! -десең жүгіріп кеп жөнімен сақтандырып, жаттығудың соңғы мәртелерінде штанганың астында езіліп қалмауға көмектесіп жібереді. Бұл зал этикетінде.

Енді осы өз ауылымнан сонау жарты сағат машинамен баратын жерде біздің жалғыз да жайсаң жаттығу залымыз бар. Оған да шүкір.

Сонымен мен кезекті жаттығуыма бармақ болдым.
Әрі қарай

Бажаңдыссс, екі сөйлеп, өлмей қалдым нақ)

Тойдан кейін біреуді шығарып салып жатып, өзі кетіп қалатын әнек бар еді ғой. Сол сияқты өзім тіс емдетем деп жүргенде қатнишкам кетіп қалды. Үйде емізулі бала бар, мен кочегарить етіп кеттім. Арасында соңғы екі күш үн мөңіреп зайыбы шығып, күйлеп жүрген (ауылдықтар түсінед) қашардың астын алып, суын беріп, шөбін беріп жатқан кезде бір жігіт келді. Өзағамыздың өкілі екен.
— Ия не керек?
— Ескі заттар бор ма?
— Қазір көрейін. Қайдансыңдар?
— Шимкенттенбіз!
— Лібәд осы Шымкенттің кәсіп тапқыштығына ризамын.

Үйден сарайлардың кілтін алып шығып бір аралап шықтым.

Ипааать. Бұл жерде 76-шы жылғы Рекорд телебизірі бар екен, Екі ескі кіржуғыштың моторы бар екен, холодильниктің корпустары бар екен. Жылда осы бәлелерді бір сарайдан бір сарайға тасытып зайыбым шығатын еді. Уақыт болса темір терсекті машинаға жегіп, ауыл сыртына сибалс қылам деп жүргем.
Мынау жақсы болды.
Қап, әттеген ай қоқыстан құтылам ба десем, әтвөрткі сұрады. Алып келдім. Шұқып-шұқып, әлгілердің ішінен бірнеше детальды алды да, 1500 теңге бола ма ағасы? деді.
Өй жарайды. Тренировкамның жол пұлы ғой әйтеуір деп движение жасап отырған жайым сол.
Тіс дүйсенбі күнге қалды.
Айтпақшы кеше мегаторрентстен екі үнді фильмін жазып алғам мамамды қуантайын деп.
Біреуі «Бродяга» екіншісі «Господин 420»- жарты ғасыр бойы хит болған «Мера жупе ин Джапани» деген өлеңді мамонт блогерлер білмеуі мүмкін емес.
Кешкісін, мама бар, қатнишкам бар, 5 айлық Айана бар ретро кешін ұйымдастырамыз.
Ал мен тренировкаға кеттім.
Айтпақшы ертең фото отчет жасайм.
Әрі қарай

Мен бүгін реалда не бітірдім? (сайыс)

Осындай қауымдастық ашқым келеді. Бәрімізге реалда белсенділікке итермелесін деп, осындай конкурс жариялағым келеді.
Реалдағы белсенділік, блогымыздағы мәтіннің де мазмұнын түрлендіріп, одан әрі қызық етеді.
Әйтпесе, талқылайтынымыз кілең интернетке қатысты дүние, интернеттен көрген кино, интернеттен оқыған жаңалықтар, егер реал туралы жазсақ, көбіне ностальгия түрінде тек ескіні еске аламыз да қоямыз.
Бұл сайыс блогосфераға жаңа дем беріп, реал өмірді де қызыққа толтырады деп ойлаймын.

Қауымдастыққа әркім реалда қандай жақсылы-жаман іс бітіргенін есеп беру мақамында жазса, ештеңе бітірмегендер жазбаса да болады.

Мақтану алаңы боп кетпей ме? — дейтіндерге айтарым, ия сондай-ақ бола қойсын, бірақ түбінде қауымдастық әр қайсымыз реалда істеген тірлігімізге көбірек көңіл бөлуге талпынамыз.
Өтірік соғу-соқпауы әр адамның санасы мен ұятына жүк болсын.

Осындай қауымдастық құрып беріңдерші. Өзімнің қор болғанда рұқсатым да жоқ екен қауымдастық ашуға.
Әрі қарай