Таңдаулы

Әйелдер жөнінде...

Қорқыт ата:
«Сұлу әйелге үйленсең – оның күзетшісіне айналасың, атақты әйелге үйленсең – оның атағына телінесің, бай әйелге үйленсең – оның көп мүлкінің біріне айналасың, ал ақылды, иманды әйелге үйленсең – оның сенімді серігі боласың.»
Шал ақын:
«… Жақсы әйел дәулетіңе жөн келтірер,
Әйелің долы болса күнде өлтірер.
Жақсыдан жаман туған бала болса,
Атаға үйде жатқан сөз келтірер.
Жақсы әйел айтқан сөзді кектей қоймас,
Осал жігіт әйелге беттей қоймас.
Жауыз қатын қабаған ит сияқты,
Ер жігіттің түбіне жетпей қоймас.»
Әзілхан Нұршайықов:
«-Махаббат деген не?-десе
-Әйелдің өзі!-дер едім.
-Ләззат деген не?- десе,
-Әйелдің сөзі!- дер едім.
— Ең күшті нәрсе не?- десе,
-Әйелдің әмірі!- дер едім.
Әйелдердің барлығын:
-Жердегі Тәңір!- дер едім.
Өз басым әйелді осылай деп бағалаймын. Өйткені адамзатты жарататын- әйел, ұлтын көбейтетін- әйел, ұрпақты ұластыратын- әйел, еркекті Ер ететін- әйел. Махаббаттың асыл нұры- әйел. Өмір деген алтын сарай есігінің күміс кілті- әйел махаббаты.»
Ғабит Мүсірепов:
«Дүниеде әйелдің көзінен артық қызықтыра алатын, әйелдің көзінен артық сиқырлап тартып кете алатын күш жоқ қой деймін. Байлық, бақ, мансап, тіпті қоғамдық дәреже дегендердің бірде-бірінде ондай күш жоқ. Бәрі бірге қосақталып келіп мойныма асыла кетсе, мен бәрін сілкіп тастап, оқтай қадалған әйел көзіне қарай жүре берер едім.»
P.S. Қилызаман ағайдың жазбасынан соң, өзімнің кітапшама түртіп алғандарымды бөліспек болдым.
Әрі қарай

Сәукелені неліктен сәукеле атаған?

Алдыман Сәукеле жайлы сөз қозғасақ.
«Сәукеле – қызды ұзатқанда киетін бас киім. Сәукелені қыз ұзатылғанда күйеу еліне киіп бару үшін тіктіреді.Сәукеле арнайы басылған ақ киізден немесе арасына қыл салынып сырған матадан жасалып, сырты қымбат матамен
Әрі қарай

Әнектер топтамасы.

Тотының толғанысы

Бір шал ашытпа ішіп отырса, тордағы тотықұс: -«Маған да ішкізсеңші!» — депті.
Шал: — Кет, таңертең бас жазуға тағы сұрамақсың ба?
— Жоқ, сұрамаймын, — депті Тоты.
Шал: — Жақсы, егер де сұрасаң, қанатыңды қиып тастаймын!- депті шал.
Екеуі ішіп, жатыпты.
Таңертең шал тұрса, Тотықұс олай-былай тыпыршып, торда орын таппай жүр екен.
— Осы маған қанаттың не керегі бар өзі?! – депті бір кезде…
***
Ауру адамды моргке апара жатыр.
— Мен әлі өлген жоқпын.
— Біз де әлі жеткен жоқпыз.
***
Құдасы көрші ауылда тұратын құдасына көрген сайын «үйге келмедің, бір қойдың басын жемедің» деп айта берген екен. Содан бір күні шақырылған құда да қонаққа келеді. Арада бір апта өткенде, қонақ күтіп әбден шаршаған құдағи:
— Құдеке, ауылыңыз өртеніп жатыр деген суық хабар алдық, қайтпайсыз ба?
— Ондай жағдай болса, ол жақта жататын жерде жоқ шығар.
Осында қала берейін.
— Құдеке, қалжыңдағаным ғой, бәрі аман-есен, қайта берсеңіз болады.
— Онда тіпті жақсы, енді алаңсыз жата беретін болдым ғой.
***
Соңғы қоңыраудан үйге келген баласы:
— Әке, ақша жоқ-ақша жоқ деуші едіңіздер ғой. Келесі жылы мен сіздерді қинамайтын болдым.
— Не дейсің?
— Маған енді жаңа кітаптар алудың қажеті жоқ. Жетінші сыныпта қайта оқитын болдым.
***
Сот:

— Неге сіз бұл көлікті ұрладыңыз?
Айыпкер:
— Ешкім о дүниеге мал-мүлкін алып кетпейді. Бұл көлік бейіттің жанында тұр екен. Сосын оған оның керегі жоқ шығар деп ойладым.
***
Екі кемпір әңгімелесіп отыр екен.
— Айтпақшы, келін түсіріпсің, құтты болсын! Келінің қалай екен?
— Ой, айтпа! Келінім сондай пысық болып шықты. Ертеңгі сағат 5- те тұрады, содан тынбай түнгі 12-де бірақ ұйықтайды.
— Айтқандай, қызың тұрмысқа шығыпты, құтты болсын! жағдайы қалай екен?
— Ойбу!!! Айта көрме! Ол қызым сорлап қалды ғой. Ертеңгі сағат 5-те тұрып, түнгі 12-де бірақ жатады екен.
Әрі қарай

Әйелдің орнында болып көру

Өміріңізде бір рет болсын әйел болу қандай екенін ойлап көрдіңіз бе? Олай болса бүгін ойлап көріңіз:



Әйелдердің 3-тен 1-і зорлық-зомбылық көреді екен.

Кім кінәлі?

Біз тек қарсыңызға бір айна қойдық...


дейді мына роликті жасаушылар.
Әрі қарай