Жарияланымдар

Анашым, туған күніңмен!

Бүгін анамның туылған күні! Анамды ең бірінші болып құттықтайын деп едім, үлгере алмай қалдым, бірінші боп Астанадан құрбысы қоңырау шалып құттықтап үлгерді. Мен екінші болдым. Аллам әлі талай рет бірінші болып құттықтауды жазсын. :)

Асыл анашым, мені тоғыз ай көтеріп, өмір сыйлағаңына, мәпелеп, қорғаштап өсіргеніңе шексіз алғысымды білдіргім келеді. Асқар таудай әкеммен бірге біздің (ұл-келіндеріңіздің, қыздарыңыздың, немере-шөберелеріңіздің) қызығын көріп, дендеріңіз сау болып жүре беріңіздер!
Менің сіздей анам барын мақтан тұтам және болашақта сіздей мейірімді, үлгілі ана болуға тырысамын! -деп ертең отырыста айтпақпын иншалла!

Аналарымыз аман болсын! :)
Әрі қарай

Жұлдызбен жұлдыздану

Аты аңызға айналған тұлғанының рөлін сомдап ойнау кез-келген актердың арманы ғой. Төменде аты аталған Голливуд актерлары осындай атақты тұлғалардың рөлдерін айнытпай ойнап, көрермен қауымның жүрегінен орын алған.
1. Одри Тоту «Коко де Шанель» 2009 ж.
Блог - Erkekyz: Жұлдызбен жұлдыздану
Блог - Erkekyz: Жұлдызбен жұлдыздану
Әрі қарай

Кәріс сериалдарында кездесін 30 пункт.

Блог - Erkekyz: Кәріс сериалдарында кездесін 30 пункт.

Кеше «Голливуд боевик»теріндегі қателіктерді оқып, мына кәріс сериалдарындағы кездесетін(қайталана беретін) қателіктер есіме түсіп кетті. Сіздерде мұны «бір жерден» оқыған болуларыңыз мүмкін, сонда да жаза кетейінші.
1. Жас, сымбатты, бай жанұяның балалары өздерінен үлкен, ұрысқақ, тола қыздарға ғашық болып қалады.
2.Сенің досың болады, ол саған сен оған жарысың ғашықсыңдар.
3.Ағайындылар, жиендер, нағашылар әйтеуір бір қызға ғашық болып қалады.
4.Бәрі қатерлі ісікпен ауырады.
5.Ғашық болып қалған жігітіңнің н/е қызыңның отбасы әйтеуір сенің отбасыңа жамандық істеген болып шығады.
6.Егер сен байдың баласы болсаң, сен нақұрыссың.
7.Егер сен кедей болсаң-сен періштесің.
8.Әйелдері бетіндегі косметикасымен ұйықтап, косметикасыпен оянады.
9.Қатты жігерленіп сабақ оқыса н/е жұмыс істесе мұрындарынан қан кетеді.
10.Мұрыннан қан кетсе, онда ол адамда қатерлі ісік.
Әрі қарай

Сіңліме сыйлық :)

Жақында сіңлім 3-ке толады. Соған арнап мына бір сарафанды тоқыдым. Шедевр болмасада, ең бастысы шын көңіліммен тоқыдым.
Әрі қарай