Жарияланымдар

Халық банкінің жеке тұлғаларға арналған интернет банкингі

Қайырлы күн керекшілер. Бүгін біз халық банкінің интернет банкингімен танысамыз, алдымен интернет банкинг туралы аз кем айта кетер болсам. Интернет банкинг бұл интернет арқылы төлем жасаудың ең оңай жолы, дамыған елдер бұл жүйеге әлдеқашан көшкен ал бұл бізде енді дамып келе жатқан сала. енді осы арадан қайта халық банкінің интернет банкингіне оралайын, ол үшін сіз халық банкінің клиенті болуыңыз керек, яғни сізде халық банкінен ашылған жеке шот нөмеріңіз болуы керек, сонымен интернет банкингті қосу жолдары
халық банкінің банкоматына барасыз
сол жерден мобилді банкинг дегенді талдап аласыз ол екі түрлі болады, бірі ақша аударылғанда хабарлама келетін енді бірі келмейтін, ал хабарлама келу үшін сізден ай сайын 350 теңге ұстап отырады, ал бізде интернет банкинг болғандықтан 350 теңге шығындап еш қажеті жоқ.
сонымен сіз халық банкінің деректер базасына тіркелген болып саналасыз,
енді үйге келіп компты қоссасыз myhalyk.kz сайтына кіресіз, сол жерден сіз карточкаңыздың нөмерін енгізесіз, сол кезде сіздің мобилді банкингке тіркелгеніңіз туралы анықтама шығады, сіз моблиді банкингке тіркелмеген болсаңыз онда сіз ары қарай жалғасытра алмайсыз. соныдқтан міндетті түрде мобилді банкингке тіркелу керек.
сонымен жаңағы сайтқа тіркелесіз. тіркеліп болсаңыз болды сіз енді барлық операцияларды орындай аласыз, ол қалай деп отырсыз ба енді сізге жаңағы сайт мынадай мүмкіндік береді
— бірінші сіздің картоскаңызда қанша ақша барын біле аласыз
-кез келген банктің карточкасына ақша аудара аласыз
— төлемдерді қабыладй аласыз ұялы байланы телекоммуникация, бала бақша, білім айыппұл кез келген штраф, кедендік баж, мемлекеттік баж, кредит төлеу.
— билет сатып алу
— қайырымдылық қорына ақша аудара аласыз.
— егер карточкаңызды жоғалтып алсаңыз сайтқа кіріңізді карточкаңызға уақыташа тосқаулы қоя қойыңыз, болды ақшаңызешқайда кетпейді.
Интернет банкингті пайдалану толықтай тегін тек әр оперцияларыңыз үшін тиісті соммадағы коммиция төлейсіз
ал әзірге осы сұрақ туындаса пікір қалдырыңыз.
ал мынау интернет банкингтің мәзірі
Әрі қарай

Java қосымшасы немесе ұялы байланыстағы төлем қабылдау

Қайырлы күн Керекшілер бүгінгі тақырып, өз телефоныңызды төлем қабылдай алатындай етіп, қосымша орнатып алу.
Сонымен кеттік… телефон деген сіздің өміріңіздің бір ажырамас бөлшегі, қысқасы ұйықтап жатсаңызда сізді оятып алады… ұйықтап кетсең будилнигімен мазаңды алатын, досыңыз қоңырау шалып қарызын сұрайтын телефоныңыз сізге көп пайдасын тигізеді. ендеше біз осы телефон арқылы табыс табамыз, сенбейсіз бе онда дәлелдеп көрейін.телефоныңызға кез келген төлем қабылдаумен айналысатын компаниялардың JAVA қосымшасын орнатасыз, ол үшін сіздің телефон интернетпен байланыса алу керек, қысқасы GPRS базасын қолдай білу керек, соынмен қандай телефондар ыңайлы деген сұрақ туындаса интернетке қатынасы бар барлық телефондар ыңайлы айтпақшы MOtorolla деген телефон егер осы прогты орнатсаңыз жай жұмыс жасап қалады,
енді бағдарламаны интернеттен көшіріп аласыз сосын банктегі шот нөмерңізді тіркеп алың төлем қабылдай бересіз, бірақ абай болыңыз қазіргі кезде алаяқтарда толып жатыр, сондықтан мүмкіндігінше бағдарламаны көшірер алдында сол компанияның қолдау орталығымен байланысқан жөн. олар сізге түсіндіреді. телеоныңызда біраз бос орын болсын жаңағы бағдарлама сіздің телефонда жұмыс жсауы үшін.
Әрі қарай

WEB нүктелерде төлем қабылдау

Қайырлы күн Керекшілер осы постта төлем қабылдаудың тағы бір тиімді жолы өз компьютеріңізге немесе ноутбугіңізге орнатылған төлем қабылдау қосымшасы.
Бұл кез келген желімен қосылған компьютерге арналған қосымша, бұны да орнату үшін алдыңғы посттарда жазылғандай, жеке кәсіпкерлік керек. енді ол жағы түсінкті,немесе мына жерде сол посттарға сілтеме көрсетілген.
Сонымен бұның басқаларынан артықшылығы: төлем қабылдаудың көптеген түрлері ұялы байланыс, интернет, ақылы каблді теледидар, Электронды ақшаларға, мемелкеттік қызметтерге (балабақша оқу ақысы дегендей) және неиселер төлеуге ыңғайлы, бұл қызметтердің барлығы жаңағы сізді бағдарламамен қамтамасыз еткен провайдерде болу керек екенін анықтап алыңыз жоғардағы көрсетілгендердің кейбірі болмай қалуы мүмкін. сонымен іске сәт, қалып қойғандары болса пікір ретінде жазарсыздар, келесі посттарда Электронды ақшалар туралы жазатын боламын,
Әрі қарай

Бүгін POS- терминалмен танысамыз

POS- терминал бұл шағын бизнеске таптырмас шешім.
Қызметі ұялы байланыс операторларына IP байланыс, коммуналдық төлем, кабелді теледидар және интернет, т.б. осылар үшін төлемдер қабыладй алады. ешқандай күрделі функциялары жоқ, бағасы кәдімгі терминалдан бірнеше есе арзан, қуат көзі болмаған жағдайда да кемінде 6 сағат жұмыс жасай алады. кез келген ұялы байланыс қолдайтын жерде қолданылады, телефон желісін қосып қажеті жоқ,
бағасы шамамен 60 мың теңгеден басталады, қосымша чек басып шығаратын қағазын да ала салыңыз,
сатып алып орнату үшін жеке кәсіпкерлік куәлігіңіз болса болды егер жеке кәсіпкерлік куәлігіңіз болмаса онда салық органдарына барып тіркеле қойыңыз, тіркелу құны бес мың теңге шамасында, патентпен жұмыс жасайсыз, тапқан табысыңыздың бар болғаны 3 пайызын ғана салық ретінде төлейсіз, мысалы сіз жетпіс мың теңге пайда таптыңыз деп саналық үш пайызы 2100 теңге оған қосымша зейнетақыңыз үшін бір АЕК(айлық есептік көрсеткіш қазігі көлемі 1600 теңге) және тағы бір салығы бар ол 600-700дей сонымен шығыс 2100+1600+700=4400 теңге.
сонымен сізге келетін табыс алпыс мың, айтуға ұмытып барады екенмін ғой сіз төлемдерін қабылдаған компания сізге салған ақшаңызға шамамен 0.2% сыйақы тағайындайды. түсінбей қалдыңыз ба? мысалға белайнға ақша салсаңыз билайын сізге сыйақы тағайындайды. сонымен POS- терминал сатып алуға кеттік…
келесі жазбада WEB нүктелерде төлем қаыблдау туралы айтатын боламыз, жазбаны уақытылы елден бұрын біліп отырамын десеңіз осы блогқа қосылыңыз
Әрі қарай

Төлем қабылдау терминалдарына жалпы сипаттама

Төлем қабылдау терминалдары — өзгертулер немесе операторлардың есептеуіш жүйелермен өзара әрекетін қамтамасыз ететін құрылғы; компьютер желілерінде — мәліметтерді жіберуші немесе қабылдаушы болып табылатын құрылғы; пернетақта мен дисплейден тұратын және компьютер (немесе есептеу жүйесімен) ақпарат алмастыру арнасының шетінде орналасқан, әдетте, көп пайдаланушылар жүйесінде қолданылатын енгізу-шығару құрылғысы. Мәлімет өңдеу жүйелерінде және автоматтандырылған басқару жүйелерінде мәлімет енгізу және шығару үшін қолданылатын құрылғы. қызметі біріңғай автоматтандырылған жүйе болғандықтан кез келген уақытта төлемдеріңізді қабылдап операцияларды орындауға мүмкіндік береді. бұны кез келген жеке кәсіпкер ретінде тіркелген тұлға өзінің сауда нүктесіне орната алады, Терминалдар арқылы төлем қабылдаудың басты артықшылықтары:
кезекте тұрмайсыз уақыт үнемдейсіз, коммисияның аз мөлшері, төлем қас қағым сәтте орындалатыны бар болғаны 7 секунд.
Енді сол терминалдарды орнатып табыс табуға болатыны жайлы жазатын боламын сонымен терминалмен жалпылама танысып алайык:
Жалпы төлем қабылдаудың төр түрлі жолы кең таралған олар мыналар:
терминал
POS терминал
WEB нүктелер
JAVA ұялы байланыс
арқылы жасалатын төлемдер ал бүгінгі жазбада терминалға тоқталатын боламын, ол екі түрлі бірнші түрі қағаз ақшаларды( 200,500,1000,2000,5000,10 000) екінші түрі монеталарды (5,10,20,50,100) қабылдай алатындар, бұлардың айырмашылығы бағасында, біріншісі шамамен 1-2 мың АҚШ доллары ал екіншісі яғни монета қабыладй алатындары 2 мың АҚШ долларынан басталады.
оларды орыналастырудың ең тиімді орыны халық көп жиналатын орындар,(базар, сауда орталықтары, вакзал, әуежай, оқу орындары) монета қабылдай алатындарды оқу орындарының жанына орналастырған өте тиімді. себебі аш құрсақ студентте қайдан көп ақша болсын, біз студент кезімізде 50 теңге сала салып жүре беретін едік.
Айтпақшы Қазақстанда терминалдар жасаумен айналысатындар жоқ тек Рессейден әкеліп сататын делдалдар ғана бар, сонымен, терминал сатып алуға жиналдыңыз ба? ендеше сізде мына құжаттар болсын:
жеке куәлік көшірмесі
Жеке кәсіпкерлік куәліктің көшірмесі,
Патент көшірмесі,
үй кітапшасы көшірмесі
салық органдарына тіркеуге тұрғандығыңыз туралы анықтама (Қосымша құн салығы деген сияқтылар ғой)
банктік реквизиттеріңіз болсын.
Төлем терминалдары мен қамтамасыз ететін жүйелер мыналар:
КиберПлат
ОСМП
М-ПЕЙ
Таулинк
НПС

енді бұдан қандай табыс табамын деушілерге кеңес бұл әрине қомақты табыс әкелетін бизнес емес, сондықтан қосымша табыс көзі деп біліңіз, сонымен шамамен терминалдан айына 50-70 мың теңгеге дейін табыс табуға болады, бар болғаны әкеліп қосып қойсаңыз болды ол өзі табыс әкеледі.
сонымен кеттік терминал сатып алуға… келесі тақырпта төлем қабылдаудың басқа жолдарымен танысамыз.
Әрі қарай