2 подхода по восемь повторений — 2 рет кірісіп, сегізден қайталау, орыс тілінің орамын сөз бе сөз аударуға болмайды, ойды қазақ тлінің орамына бағындыру керек.
Ернұрдың мына бір сөзі болашақ баламаның бір критерийі болатын сықылды: «Жалпы сөздің вирус сияқты жұқпалы болғаны дұрыс. » Тамаша! Тек қана «сөздің» орнына «сәтті баламаның» деп қойайық.
«Терминатор» қатысушыларына! Басқаны қайдам, өзім бұл жобаға кәдімгідей байсалды қарап кіріскем. Бірақ кейбір әріптестер тарапынан сезім мен төзімге арандату жасалғасын, сол деңгейде жауап беруге тура келді. Анайыға анайы да жауап кетті. Кейбреулер тарапынан мысқыл да тыйылар емес (оййй, жазба тым ұзақ екен. Қысқаша түсініктемені тобықтай қып жазсаң болар еді.) Амал не… Бар мәселе менен болса, кешірім сұраймын.
Жалпы, бұл жобаны өлтіріп алмайын десек, жауапкерлік пен тәртіпке көңіл бөлген дұрыс. Қарапйым әдеп керек, мінеу мен сынау, жеке басқа тиісу болмағаны жөн.
Жалпы, термин баламасын қарауға қысқаша ереже болса, үдерісті тиімді етпек, мысалы:
Әуелі термин ұсынушы сол терминнің мәнін білдіретін дерек пен ақпарат ұсынғаны жөн, ол бізді бірден балама іздеу бағытын дұрыс таңдауға мүмкіндік береді;
Әркім екі нұсқадан артық ұсынбасын;
Әркім үш мәндетпеден (комментарий) артық сұрынасы болмаса, бермесін;
сосын ұсынылған баламаларды лингвистикалық негізде сараптайтын сарапшылардың болуын қамту керек;
Сараптама баламаны таңдауды емес қорытуды ғана беруі керек, ал қатысушылар өздері қалаған баламаға дауыс берсін.
Әрине, бұл декрет емес, жай ғана ұсыным. Қабылдау не қол сілтеу қатысушылар еркінде.
СӘТТІЛІК!!!
МОДЕРАТОРҒА(айтпақшы осы сөзді де мыжу керек еді): қосалқы материалдар іліп қоятын мүмкіндік керек секілді, мысалы сөздіктер, баламалықтар, теориялық еңбектер т.т.
Саммита-ау, бұл қаулы аталмыш комитетке ешбір құзыр бермеген, оның бекіткен терминін ешкімге зорлап та, жалынып та қолданта алмайды. Құзырдың жоқтығы менің уәжім емес. Тіл комитеті өзі мойындаған жағдай. Ал, заңгер ретінде айтарым, Мемтерминком бекіткен қаулы небәрі әлгі ком-ның мүшелерін ғана бекіткен, олардың қалай жұмыс істеп, терминді қалай аудару процесі атымен көрсетілмеген. Оның отырыснда М.Шаханов ағаның орнында отырғаным да бар… Айта берсек, былыққа көз жеткізе береміз… Оджан жүрек ауртқаннан басқа пайда жоқ.Жалпы, білгесін айтып отырмын. Кәзір Тілком оның орнына қандай құрылым ұсынарын білмей отыр. Жарайды, тіл саясатын жөніне қояйық, ол дұрыс болса, неміз бар еді айтысып-тартысып… Ал, «бағдарламаның» жайы да белгілі. Жақында Азиада кезнде «спортивное ориентирование» деген тіркеске спорт журналистері бас қатырды. Ақыры «спорттық бағдарлау» деп тынды. Әрине, бұл барынша жуық аударма, ал әлгі программаға «бағдарламаның» қатысы қандай? Сыттай ұқсас айтым болғандықтан ба?
«түсірілім деген орынды аударма. Шұбалған түгі жоқ.» Дұрыс. Әркім өз уәжін қорғауы. Бірақ тілді кім қорғайды? Айналайын, қазақта бұйрық райлы етістікке «ым», "ім", м" секілді жұрнақ жалғану арқылы жасалатын зат есімдер «отряды» бар, бұл соған қарай жасалған, бірақ бір қайнауы ішінде: өл+ім, бөл+ім, өр+ім, ас+ым… сол секілді: түсір+ім (съемка), көрсет+ім (көрсетілім емес).Бірақ кейбір жағдайда бұл ережені белден басып "қойылым" дегендерді жасағанымыз бар… Кез келген неологизм біреудің құлағына жаққандықтан не уәжіне сай болғандықтан емес, тілдің сөзжасам қабілетіне орайласқандықтан лексикалық бірлікке айналу керек. Әйтпесе, тілден сау-тамтұқ қалмайды, әркім ойдан сөз қосып, ақыры жұрт ол тілге қолды бір сілтейді. Жауапкерлік керек!
Бұлай айтыс демогогияға апарады. Осымен тоқтатып, мына бір еңбекті оқып шығуды ұсынамын. Сосын осы сайтта форум өткізіп, ойталасқа шақырамын: Жүкешев Қ.М.
Ж 86 Мемлекеттік тіл: қазіргі күйі және даму философиясы. – Алматы, 2008. – 240 бет.
Әйтпесе, «домбыра бір жақты, тартушы екінші жақта» болып кетер. Бұл еңбекті тіліміз үшін шынымен бас қатырып жүргендерге оқуға кеңес беремін.
Шын мәнінде, қазақы «бірдеңені тексеру» формасы нені тексерітінін білдіреді, бірақ неге, не үшін тексеретінін білдірмейді. Бұл тіркеспен компьютерді, адамды, қылмыскерді «тексере» береміз, бірақ нақтылық жоқ. Етістіктің қай септікте тұрғандығы емес, мәселе не үшін тексеруді білдіретін фразаның қажеттігінде.Мен де өлердей қас адамның бірімін калькаға жармасуға, бірақ… қажеттілікті қазақылықпен қымтай бермейміз.Жай ғана намыс тілді дамытпайды, біздің тіл аграрлық деңгейден индустриялық ауқымға шығуға талпынып жатқанын сезуіміз керек және соған ізденіс пен талпыныс керек. Алайда, тілімізді басқа тілдің көлеңкесі етпеу пікірін қос қолмен қолдаймын! Тідің ішкі мүмкіндігін мансұқ етпей дамыта беруге дауыс беремн.
Орыс тілінің кәзіргі мүмкіндігі ХІХ ғасыр соңын ала ХХ ғасырда қалыптасты.Оған дейін ол да жарамай француз тілін талғажау еткені мәлім, себебі, тілдің мүмкіндігі мен қауқары оның өзінен ғана емес, қоғам дамуына аса тығыз қатысты. ХІХ ғасырдағы тіл орамымен кәзіргі жайтты баяндай алмайтынымыз сондықтан. Бұл енді жай ғана тіл құбылысына экскурс.
сгибания — жүрелету/тізебүгіс;
разгибания — бойжазым
Скручивания на брюшной пресс — құрсақ бұлшыққа жыйырылу немесе құрсақ бұлшық ширату;
брусья — қолға серпілу
разведения в стороны — құлаш жаю
Шраги (пожимания плечами)- иық қушиту
Жалпы, бұл жобаны өлтіріп алмайын десек, жауапкерлік пен тәртіпке көңіл бөлген дұрыс. Қарапйым әдеп керек, мінеу мен сынау, жеке басқа тиісу болмағаны жөн.
Жалпы, термин баламасын қарауға қысқаша ереже болса, үдерісті тиімді етпек, мысалы:
Әуелі термин ұсынушы сол терминнің мәнін білдіретін дерек пен ақпарат ұсынғаны жөн, ол бізді бірден балама іздеу бағытын дұрыс таңдауға мүмкіндік береді;
Әркім екі нұсқадан артық ұсынбасын;
Әркім үш мәндетпеден (комментарий) артық сұрынасы болмаса, бермесін;
сосын ұсынылған баламаларды лингвистикалық негізде сараптайтын сарапшылардың болуын қамту керек;
Сараптама баламаны таңдауды емес қорытуды ғана беруі керек, ал қатысушылар өздері қалаған баламаға дауыс берсін.
Әрине, бұл декрет емес, жай ғана ұсыным. Қабылдау не қол сілтеу қатысушылар еркінде.
СӘТТІЛІК!!!
abai.kz/content/internet-konferentsiya-kanagat-zh-keshev-basy