Боже мой. Какие слова. Форду плохо — Америке плохо. Алише плохо — дервишам пофиг.
Бауырым, сенің көңіл-күйіңді датчикпен қарап отырғаным шамалы. Эмоцияңмен қоса әрман. Кімнің қандай күйде жазып отырғанын қайдан білесің. Әлде қайғы жарыстырамыз ба?
Ауылда шын болған. Әпкеммен кластас болған көршіміз бар. Енді бір-екі жылда елуге келейін тұрған үлкен мұжық. Сол мектепте «шешең» деп көп қосып сөйлейді екен. Бір күні сабақ айтып тұрып, сөзінің арасында «шешең» деп жіберген көрінеді. Содан ұялып, «Ох, шешең, шешең деппін ғой, шешең» деп басын қасып тұр дейді.
Басымнан өткен. Білем. Бірақ… Дәл қазір ойлап отырсам, бәрі құр әурешілік екен. Жарты жылдың үстінде құсаға түсіп, солпиып… Ееей, неткен ақымақтық десеңші. Дүниеде қыз жоқтай! Таста, бауырым, таста. Аллаһ Тағала айтады: «Сендердің жаман деп ойлағандарың жақсы, жақсы деп ойлағандарың жаман болып шығуы мүмкін. Сендер білмейсіңдер! Аллаһ біледі!». Сол кезде өмір бітіп қалған сияқты болатын. Қазір есіме түссе күлкім келеді. Сенші маған, сені одан да жақсы қыз күтіп тұр. «Жоқ, одан басқаны сүйюім мүмкін емес!» дейсің сен баяғы мен сияқты:))) Ендеше жауап берейін, мүмкін, мүмкін! Мүмкін емес тіпті солай! ал мына ауруыңның емі мынау — көңіліңді басқа нәрсеге, салаға бөл. Сайтыңды жаса, дамыт. Оқуыңды жақсарт. Тіпті болмаса тыңнан бір нәрсе ойлап шығар. Уақытша нәрсе барлығы… Жігітсің ғой, жасыма! «Кім айтты саған қара ешкі мүжіген ағаш қайтадан гүлдемейді деп?»
Бауырым, сенің көңіл-күйіңді датчикпен қарап отырғаным шамалы. Эмоцияңмен қоса әрман. Кімнің қандай күйде жазып отырғанын қайдан білесің. Әлде қайғы жарыстырамыз ба?
Нақ — орыс тіліндегі боғауыз сөздің дәруішөлгендік сөйлеу стиліне бейімделген баламасы. Орыстың қысқартылған «нах» сөзінің дәруішөлгендік толықмәнді нұсқасы. Пікір жазушының тұжырымдап, бекітіп айтқан көңіл-күйін, болмаса айызының қанғанын немесе көңіл толмаушылығын, жақтырмаған кейпін білдіреді. Мысал: «Мен саған ештеңе деп жатқан жоқпын нақ». © @satibaldi, «Музарт-2 (суреттер)» жазбасы. (Қараңыз: Наққа кету)
Наққа кету, наққа жіберу — Әлдебір болашақта болады-ау деген, я болған жайттың, оқиғаның, іс-әрекеттің болмай қалуын немесе жоққа шығуын, бекер жасалғанын білдіреді. Қазақ халқының «Еңбегім еш, тұзым сор» деген мақалымен мағыналық жағынан ұқсас. Сонымен қатар, әлдебір жайттың басқа бір жағдайдан басым түскенінде де осы сөз қолданылады. Мысал: «Сол сайт „сайттың табысты дамуы оның дизайнына тәуелді“ деген ережені наққа жіберді». Самба Грил, © @patick.
«Наққа кету» дөрекі, тұрпайы түрде «кет нақ» та болып айтылады, жазылады. Әлдебір субъектті ұнатпағанда, жаратпағанда, оның бұрыс іс-әрекеттерге барғанын шұқып көрсеткенде және онымен бірге болмауға деген ниетін білдіргенде «кет нақ» делінеді. Мысал: «Кет-ей нақ, қайдағы: телефонды ала сала досыңа арнап шығарған «Аттың сыны» атты өлеңін тыңдайсың.» Қыздардың әуресі © Сатыбалды
Дәруішөлген үлкен түсіндірме сөздігі, Антуан Шәріпхан баспасы, 1993 жыл. @AKY, @Abilakim, @Sammita, @VKM, @blackbeard, @Erbol
Түпнұсқа