Жыныма тимеш(і)

Жұрттың бәріне жаға беруге мүмкін емес. Мінезсіз адам да болмайды. Мінезі жоқ адам, мына заманда алға қадам боспас. Әр табалдырыққа, әрі кетсе тасқа шалынып құлап жүретін болады. Тек сүйкімді мысық келбетіндегі қасқырлар мен айлакер түлкілер ғана тірі қалмақ. Бірақ бәрібір бетперделері түсіп, шынайы келбеттерін көрсететін кезде келер. Сайқал, екіжүзді, бетіне күліп тұрып, екіншісіне жамандап тастайтын достарымыз аман болсын! Осындай адамдарсыз ешқашан алға жылжи алмас едік. Бұл күтпеген «толчек» сияқты. Адамды алға итермелеп, күшке-күш қосып, гипер, ультра болуға шындайды. Сол себепті, көпіртіп жаза бермей, Жадыра Байбұланованың «Жыныма тимеші» өлеңімен аяқтауды жөн көрдім. Айтпақшы, сіздердің ойларыңызша дүниеде зұлымдық атымен болмаса, қандай жетістіктерге жетер едік? Дүниені қалай елестете алар едіңіздер?

Дүр жігіттер — 30 бен 40 жасқа толып қалған ағаларды (еркектерді) атайды. Біздің нысанамыз — бойдақтар! Көбіне жылы ошаққа үйреніп, анасының қанатынан шықпаған, дайын дүниеге үйреніп қалғандар. Олардың өзге еркектерден айқын бір ерекшелігі қарынның қомпиюы. Яғни, жастардың тілімен айтқанда «авторитеттерінің мықты» болуы.;) Бұл дұрыс па? Әлде бұрыс па? Санамызға үйленбеген сіріңкедей жігіт, кейін тығыршықтай болуы қалыпты жағдайға айналғандай. Сондай жағдайда "әйел алғаны жағыпты" дейміз де кете береміз. Қоғамда бойдақ дүр жігіттердің көбеюіне не себеп болды?
4.Жүрістері көп жігіттер. Талай қыздардың көз жастарына қалғандарды айтамыз. Оларға бір қызбен жүру көңілдерін қанағаттандырмайды. Бір күн біреуімен, келесі күні екіншісімен қыдырғанға үйреніп қалғандар. Қасындағы жалғыз аққуын бағаламай, өзге тауықтарға көз салады. (Маша қыз негізі дұрыс айтады;))




Бұл фәниде ата-ананың орнын ешкім баспайды. Басалмайды. Не себепті? Неге? Сондай құрметті, аяулы жандар ажырасып жатады. Дәм-тұзы жараспай кетті ме? Өз басым бұл тақырыпты қозғауды ұнатпаймын. Бірақ кеше сөйлескен бір балалның әңгімесі бей-жай











Қазіргі заманда қыз баланың араласпайтын шаруасы жоқ. Әмбебап болғаннан ешкім зардап шекпеген шығар, енді. Сол себепті ара-арасында футболға да қызығамыз. Сіздерге ескіріп кеткен жаңалықпен бөліспекпін. Шамамен 1 ай бұрын, үй тапсырмасы ретінде, республикалық деңгейде жүлделі орын алған бір спортшыдан сұқбат алу керек болды. Бәріміз жанталасып іздей бастадық. Сөйтіп, менің кейіпкерім кім болды? Қызық болса, сұқбатыма көз жүгіртіп өтіңіз! ^=^
