Таңдаулы

Д.А.-ға

Сəлем қымбаттым. Сізді де желі жалықтырып, «достарыңыз» түңілдіре бастады ма? Иə, лайктың қадірі қашып, лентаңыздан қызық кетіп, комменттің де мағынасы қалмаған сияқты. Бастапқыда көзге шалынған ақымақтарды анфоллоу жасап жол таптым. Өзімше ақыл айтып сақтандырмақ та болдым. Бірақ «желіалаңдық вирусы» біраз аккаунтты шалыпты. Бұл вирус лайкпен, шейрмен тарайды екен. Тіпті вирусты бір емес бірнеше рет жұқтыруға болады. Жұққан сайын науқастың жағдайы нашарлап ем-домға келмейді деседі. Реал өмірді ұмытып есі тек желіге алаңдаулы. Өмірінің бар мұраты, функциясы тек желіге өтеді. Тек желі аясында жүзеге асады. Қазақы дəстүрлер, діни ритуалдар, мемлекеттік бағдарламалар, достық ишаралар, жұбайлық міндеттер де желіде жүзеге асырыла беретін болыпты. Өкініштісі біраз жақындарым да эпидемия құрбаны болған сияқты. Əлде тек симптомдары ма. Білмеймін қай кезде қалжың, қай кезде шын екенін. Смайлдар фактчекингі тренингіне бару керек еді… Кейде эпидемияның ошағынан сілтемелермен бөлісіп отырады. Содан соң лайк басуға қорқасың. Баспасаң бəлелер аңдып отырады. Оффлайнда да өмір бар дегендей. Кейде бар ғой, сізден де сезіктеніп қалам
Жартаста жалғыз отыру қызықсыз, бейадекваттармен қауіпті. Қайтпек керек?
Құрметпен Б.
Әрі қарай

Домбыра пати Астанада!

Кеше Арқаның төсінде, Астананың төрінде, Бәйтеректің жанында, Керуеннің алдында Керекшілер ұйымдастырған тамаша іс-шара өтті. Шартты түрде «Домбыра пати» атауын алған іс-шараның басты мақсаты — домбыраны, қазақшылықты насихаттау. Ұмытыла бастаған игі дәстүрді қайтадан сәнге айналдыру. Астана уақытымен кешкі 21.30-да басталған пати 23.00-де аяқталды. Керекшілерден бөлек қыдырыстап жүрген адамдар да қызықтады. Өнерлерімен бөлісті.
Соңында «Көп жасаңдар!» мен «Маладестер »-дің астында қалған керекшілер сол жерде әр бейсенбі Бәйтерек маңында 20.00-де осы дәстүрді жалғастырмаққа уағдаласып тарасты.
Ал, әзірге патиден суреттер:

Әрі қарай

Бурабай бардым не көрдім

ескерту: пост Бурабайдан шықпайтын қасқырларға емес, өзім секілді жаңа барғандарға арналған.


Өткен сенбі, жексенбі коллегалармен Бурабайға бардық. Негізгі сылтауы — мекемеміздің 10-жылдығы және журналисттер күнін кешігіп болса да тойлау болғанмен, негізгі себебі — мына жүгірісі мол пендеяуи өмірден сәл болса да босап, ұялы телефонды өшіріп тастап демалып қайту болды.
Әрі қарай

Дюмағали Саин. "Үкілеген арман"

… ылғи адамды түтіп жеген, ә десең мә дейтін мықты, әлді, талантты адамдардан тұратын сайт болса © Satibaldi

Бастамас бұрын, аздап шегініс:
Бұл шытпақтың атын «Сейітқали Меттерних. Исаның екінші кетуі» деп қойғым келген, әрі бері қарадым да, екі мың жыл бойы Иса байғұс қабірінде сальто-мортале, двойной ритбергер, тройной тулуптың түр-түрін жасап зайып алған шығар, мазаламайын дедім. Оның үстіне тәқуа Иса мен кейіпкерімнің өмір салты мен бет-әлпетінде аздап айырмашылық бар екен. Күпірлік қылмай, қарапайым атағанымды кешіре көріңдер. Ал енді кезекті сюжетке берейік.
Әрі қарай

Бұл тек Керекинфоға ғана тән емес!


Керекинфоны неге «спартандық мектеп» дейді? Ойлап қараңызшы!

Өш, сөйтіп пафосты прологпен бастап тұрсам ия… :*) Ешкім де бізді «спартандық мектеп» демейді. Өзімізге өзіміз сондай атақ тағып алмасақ. Керектің Дарвинисттік табиғи сұрыпталу заңымен «Спартандық дисциплинаны» салыстыруға келмес. Өлгенде, Спартандықтардың мақсаты болды ғой, максы құрғыр.
Әйтсе де, Керекинфоны хаос мекені демес едім. Және біздің ұлтшыл радикалдармен ұқсас жерлеріміздің де көптігін байқадым. Төменде «неге олай» екенін негіздемек болып тыраштанғанымды байқайсыз.
Әрі қарай

Гастарбейтер мен баласы

…-Алайда әке, Сіздің менен бұрын туғаныңыз – кездейсоқ жағдай болғандықтан, маған бұлайша бұрйық беруіңізге түк хақыңыз жоқ сияқты.

— Ұлым, қанша әділеттілік іздегенмен, кейде үстелді бір қойып, шешім қабылауға тура келетін жағдайлар болады.

-
Әрі қарай