Жарияланымдар

Эссе және өлең-жыр байқауын жариялаймыз

Биыл да көпшіліктің сұранысы бойынша Bilim-all.kz ақпараттық-танымдық порталында сайыс өткелі жатыр. Бұл жолы кішігірім ерекшеліктері бар, барлығы төменде толығырақ жазылған.

2019 жылдың 30 тамызы мен 2020 жылдың 25 қаңтары аралығында өтетін эссе және өлең-жыр байқауына шығармалар қабылдаймыз.

Мақсаты: Шығармашыл жастардың өнеріне қолдау көрсете отырып, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, өлең-сөздің құдыреті арқылы қазақ тілінің мәртебесін көтеру.

Сайысқа қатысушылардың эссе және өлең-жырлары үстіміздегі жылдың 25 қаңтарына дейін қабылданады. Қабылданған шығармалар 1 айдың (25 қаңтар — 25 ақпан) көлемінде іріктеуден өтіп, жеңімпаздар анықталып, 2020 жылдың 26 ақпан күні сайтымызда жарияланады.

Негізгі жүлделер:

Өлең-жыр

І орын – біреу – смартфон + диплом.
ІІ орын – екеу – PowerBank + диплом.
ІІІ орын – үшеу – PowerBank + диплом.

Эссе

І орын – біреу – смартфон + диплом.
ІІ орын – екеу – PowerBank + диплом.
ІІІ орын – үшеу – PowerBank + диплом.

Сонымен қатар Bilimland.kz сайтында да әр аптаның қорытындысы бойынша үздік шығармалар жарияланып, авторлары bilimland ұжымынан PowerBank-пен марапатталады.

Байқау соңында, негізгі жүлделерден бөлек, Bilimland.kz ұжымының атынан да арнайы сыйлық иесі анықталатын болады. Ең үздік шығарманы Bilimland.kz сайтына жариялап, бағалы смартфонмен марапаттайды.

Барлық талаптармен Қаламгерлер сайысы сілтемесі арқылы таныса аласыз.

Өлең-жыр байқауын жариялаймыз

2018 жылдың 05 қыркүйегі мен 2019 жылдың 25 қаңтары аралығында өтетін өлең-жыр байқауына шығармалар қабылдаймыз.

Ұйымдастыру комитеті сайысқа қатысушылардың өлеңдерін үстіміздегі жылдың 25 қаңтарына дейін қабылдайды. Қабылданған шығармалар 1 айдың (25 қаңтар — 25 ақпан) көлемінде іріктеуден өтіп, жеңімпаздар анықталады.

Толығырақ

Жас ақындар арасында жыр байқауын жариялаймыз

Блог - BilimAll: Жас ақындар арасында жыр байқауын жариялаймыз

2017 жылдың 01 қарашасы мен 2018 жылдың 15 қаңтар аралығында «NEXT ұрпағы» өлең-жыр байқауына шығармалар қабылдаймыз.

Мүшәйраның мақсаты: Шығармашыл жастардың өнеріне қолдау көрсете отырып, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, өлең құдыреті арқылы қазақ тілінің мәртебесін көтеру.

Сайысқа 14 — 29 жас аралығындағы ақындар қатыса алады.

Бірінші кезеңде: еркін тақырыптағы өлең-жырларды жариялау жүргізіледі.

Екінші кезеңде: өтінімдерді қарастыру мен үздік ақындардың орнын анықтау өткізіледі. Марапаттау қаңтар айының аяғында болады.

Жүлдегер ақындар арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтарға ие болады.

Толығырақ
Әрі қарай

Жайлы аймақтан шығу үшін 3 себеп

Әр адам өмірін жайлы әрі ыңғайлы еткісі келеді. Кең үй, жаңа автокөлік, жұмсақ төсек, жылдам істейтін компьютер. Өркениеттің бұл игілігінен бас тарту ақымақтық болар еді.

Блог - BilimAll: Жайлы аймақтан шығу үшін 3 себеп

Алайда бәріне қол жеткіздім, өмірім – жұмақ дейтіндер уақыт өте келе мұндай жайлы өмірдің өзіндік қауіптілігі бар екенін түсіне бастайды. Қай жағынан қауіпті және одан неге алшақ болуымыз керек?

Ыңғайлы, жайлы өмірдің еш жамандығы жоқтай көрінеді. Сіз өзіңізді жайлы сезінесіз, тәуекелге барудың еш қажеті жоқ, жұмысыңыз жүріп жатыр, ештеңені өзгертудің қажеті жоқтай көрінеді. Дегенмен сіз өзіңізді толыққанды бақытты сезінбейтін шығарсыз, немесе 100% қанағаттанбайтын шығарсыз, солай емес пе? Солай.

Көбіне жайлы аймақ адамның өз-өзін алдауынан, иллюзиясынан туындайды. Бүгінгі жағдайыңызға үздік балама жоқ деп ойлайсыз, осы жағдайды жасау үшін тым көп еңбек еттіңіз, бірдеңе өзгертуге тым кеш дейсіз. Сіз ыңғайлы болса да, бір жерге тоқтайсыз да, өміріңіздегі тамаша мүмкіндіктерге жоқ дейсіз. Жайлы аймақ жолыңыздың соңғы аялдамасына айналады. Неге олай болады?

Сіз жұмсақ бола бастайсыз


Жылы ваннаға кірген адаммен бірнеше минуттың ішінде не болады? Оның бойын жылулық билеп, өзін жайлы сезіне бастайды. Ал мұндай күйді ұзаққа созатын болса ше? Дұрыс, ол деградацияға ұшырайды. Бұлшық еттері пішінін жоғалтып, біраз уақыттан кейін ол жүгіру тұрмақ, бір орында тұра алмайтын болады.

Бірақ бұл денеге ғана қатысты емес. Миымызбен де дәл осы процесс қайталанады. Қиын тапсырмаларды орындауға қажетсіздік ойлау қабілетін, білім алу қабілетін төмендетіп, шешім қабылдай алмауға әкеледі. Сіз күнделікті бір аймақта жүріп-тұратын және бір ғана тапсырмаларды орындап жүретін қуыршаққа айналасыз. Соның арасында, өміріңіздің қай кезеңі сіз үшін өнімдірек және шығармашылыққа толы болды? Ол уақытты жайлы шақ деп айта алмайтыныңызға сенімдіміз. Біреулер ұйқысыз өткен студенттік шақтарын есіне алады, басқалар шытырманға толы оқиғалар мен саяхаттарын, ал үшіншілері – бәрін басынан бастау керек болған қилы кезеңді.

Сіз өмірлік мақсаттарыңыздан бас тартасыз


Әр адамның, жарайды, адамдардың көбінің жүрек түбінде өмірде қол жеткізгісі келетін мақсаты болады. Бір қызығы, әдетте ол мақсаттар қол жетімсіз және қияли болмайды. Бірақ бәрібір бізге бірдеңе кедергі болады. Біз мақсатымызды кейінге шегере береміз, ал айналаңызда жайлы аймақтың өркендей беруінен ол тіпті қол жетімсіз болып қалады. Себебі бір уақытқа жылы ваннадан шығып, далаға шығу қиын ғой.

Сіз өзіңізді тани алмай кетуіңіз мүмкін


Адамның беті қиындыққа ұрынғанында ашылады деген пікір бар. Сіз өмір бойы жайлы ортада өмір сүріп, қолыңыздан шын мәнінде не келетінін білмей өтуіңіз де мүмкін. Сіз шынымен батыл әрі өнертапқыш бола аласыз ба? Сіз шынымен қайсарлық танытып, шыдамды бола аласыз ба, әлде сондаймын деп ойлайсыз ба? Жайлы аймақтан шығып, тым құрығанда өзіңіз үшін, шын мәнінде қандай адам екеніңізді және мүмкіндіктеріңіздің шегі қай жерде екенін түсінетін уақыт келді. Нәтижесі сізді таңғалдырмай қоймайды.

Ерте ме, кеш пе жайлы аймақ кез келген адам үшін оның дамуын тежейтін және өмірді сезімнің өткірлігінен айыратын факторға айналады. Өміріңіздің ең қызықты сәттерін есіңізге алыңызшы. Олардың көбі әдеттегі өмірден тыс әрекеттерді жасау кезінде болған шығар? Жайлы аймақтан шыққан кезіңізде болды. Енді осыны неге қайталап көрмеске?

Дереккөз: Жайлы аймақтан шығу үшін 3 себеп

Оқуға кеңес береміз(Мотивация):

Бақытсыз, бейбақ, сәтсіздіктен көз ашпайтын адам болудың 10 себебі

Күніне бірнеше минут қана бос уақытың бола тұра, өзіңді және өз өміріңді қалай өзгертуге болады

10 минуттың ішінде өзіңді қалай жігерлендіруге болады?

Өзінді тәртіпке келтірудің 5 тиімді әдісі
Әрі қарай

Баланың табысқа жетуіне кедергі келтіретін ата-ана тәрбиесіндегі 7 қателік

Көшбасшы болудың қыр-сырын меңгерген, көптеген психологиялық кітаптардың авторы Тим Элмор көптеген зерттеулер жүргізіп, ата-аналар балаларының өз-өзіне сенімсіз болып өсуіне итермелейтін және өмірде жетістікке жетуін тежейтін қандай кері тәрбие беріп жүргенін анықтаған екен.
Блог - BilimAll: Баланың табысқа жетуіне кедергі келтіретін ата-ана тәрбиесіндегі 7 қателік
1. Біз балаларға тәуекелге баруға мүмкіндік бермейміз

Біз қоршаған орта қауіпке толы заманда өмір сүреміз. Балаларымыздың әр қадамына алаңдап, олардан көз жазып қаламыз деп қорқып, оларды барынша әлпештеуге тырысамыз. Еуропалық психологтар анықтаған екен: егер балалар далада ойнамаса, егер олар бірде-бір рет тізесін жарып алмаса, онда есейгенде түрлі фобияларға жиі шалдығады.

Бала құлаудың қалыпты жағдай екенін ұғыну үшін ол бірнеше рет құлауы керек. Балаларының тәуекелге бару мүмкіндігінен айыра отырып, ата-аналар олардың бойында тәкаппарлық, мақтаншақтық пен өзін-өзі бағаламаушылық қасиеттерін тудырады.

2. Тез арада көмекке асығамыз

Бүгінгі заманның жастары 30 жыл бұрын өмір сүрген балалардың бойындағы кейбір қасиеттерге ие емес. Біз тез арада көмекке асығып, баланы қамқорлығымызға алу арқылы оған өз бетінше қиындықты жеңуге мүмкіндік бермейміз.

Ерте ме, кеш пе балалар оларды әрдайым біреу құтқаратынына сеніп алады: «Егер мен қателесіп кетсем немесе мақсатыма жетпесем, ата-анам мәселені тез арада шешіп береді» деп ойлайды олар. Алайда шын мәнінде ересектердің қарым-қатынас құру әлемі өзгеше. Балаларыңыз ересек өмірге дайын болмай шығуы мүмкін.

3. Біз оларды марапаттауға дайын тұрамыз

Өзіңді асыра бағалау процесі балаларды жаппай туу заманында басталды, ал 1980 жылдан бастап мектептерге де жетті. «Әр қатысушы кубок алады» деген ереже баланың өзін ерекше сезінуіне мүмкіндік береді. Бірақ заманауи психологтардың зерттеулері мұндай марапаттау әдісі күтпеген зардаптарға ұшыратуы мүмкін. Біршама уақыттан кейін бала, онымен тамсанатын тек ата-анасы екенін байқайды. Басқалар оны ерекше деп тіпті санамайды. Сонда бала ата-анасының әділдігіне күмәндана бастайды. Ол мақтау естігенімен, шын мәнінде оған күмәнмен қарайды.

Уақыт өте келе мұндай бала ыңғайсыз шынайылықты тудырмас үшін өтірік істеуді, айтуды асыра сілтеуді бастайды. Өйткені ол қиындықтармен бетпе-бет келуге бейім емес.

4. Өзімізді кінәлі сезінгендіктен еркелетеміз

Балаңыз сізді минут сайын жақсы көруге міндетті емес. Оған өмірде көптеген жағымсыз жайттарды еңсеруге тура келеді, ал бұған оның еркелігі кедергі келтіруі мүмкін. Сондықтан олар өз қалаулары мен қажеттіліктері үшін күресуді үйренуі үшін балаларға «жоқ» және «қазір емес» деп айтып отырыңыз. Егер отбасында бірнеше бала болса, ата-аналар бір баланы марапаттап, екіншісіне назар аудармау дұрыс емес деп санайды. Алайда бәрін әрдайым марапаттап отыру қиынға соғады. Бала табысқа өз күшімен және игі істерімен жетуі керек екенін түсінсін.

Балаларды саяхатқа немесе сауда орталықтарына апарып, демалдыру алдында жақсылап ойланыңыз. Егер қарым-қатынастарыңыз материалдық ынталандыруға негізделсе, балалар ішкі игілікті, шартсыз махаббатты сезінбейді.

5. Жас кезімізде жасаған қателіктерімізбен бөліспейміз

Кез келген жасөспірім бір мезетте еркіндікті аңсап, ересектерше өмір сүруге талпынады. Ал ата-анасы оған мұндай мүмкіндікті беруі керек. Бірақ бұл балаға күмәнді заттар мен жағдайларға қатысты бағыт-бағдар көрсетіп, көмектеспеу дегенді білдірмейді. Балаларыңызға олардың жасында жасаған қателіктеріңіз жайлы айтып беріңіз, бірақ шылым шегу, ішімдік пен есірткі жайлы артық насихаттан аулақ болыңыз.
Балалар жағымсыз жайттармен кездесуге дайын болуы керек және өз шешімдеріне жауап беруді үйренуі керек.

Осыған ұқсас жағдайларға ұшырағанда қандай сезімде болған едіңіз, мұндайға не үшін бардыңыз және қандай сабақ алғаныңыз жайлы айтып беріңіз.

6. Интеллект пен дарындылықты ересектікпен шатастырамыз

Кей жағдайда интеллект баланың есейгендігінің белгісі деп қабылданып жатады, осылайша нәтижесінде ата-ана ақылды баласының шынайы әлемге дайындығына күмән келтірмейді. Бірақ олай емес. Кейбір кәсіби спортшылар мен Голливудтың жарқын жұлдыздары зор дарынға ие болса да, көпшілік дау-жанжалға түсіп қалып жатады. Балаңыз бар жағынан дарынды деп ойламаңыз.

Балаға нақты еркіндікті беруге болатын және өз-өзіне жауап беруге дайын болатын сиқырлы «алтын уақыт» жоқ.

Бірақ бір жақсы ереже бар – сол жастағы басқа да балаларды бақылау. Егер балаңыздың құрдастары оған қарағанда дербес екенін байқасаңыз, онда бәлкім балаңызды құрсауда ұстап отырған сіз боларсыз?

7. Баламызға үйрететін заттарды өзіміз жасамаймыз

Ата-ана ретінде баламызға тілейтін өмірді өзіміз ұстануымыз керек. Дәл қазір біз – отбасымыздың басшысымыз, сондықтан қоршаған ортада шынайы болуымыз керек. Іс-әрекеттерімізге абай болайық, тіпті ең ұсақ нәрселерге де мән берген жөн, өйткені сізді балаларыңыз бақылап жүр.

Егер сіз ережелерді ұстанбайтын болсаңыз, онда балаларыңыз да оны ұстанбайды. Балаларыңызға бар ынтаңмен біреуге көмектесу деген қандай екенін көрсетіңіз. Адамдар мен ортаңызды жақсарта түсіңіз, сонда балаларыңыз да сізден үлгі алатын болады.

Оқуға кеңес береміз:

Бала тәрбиесі бесіктен

Ертегі айту

Дереккөз: bilim-all.kz
Әрі қарай

Сіздердің пікірлеріңіз біз үшін өте маңызды!

Құрметті КерекИнфо сайтының қолданушылары!

Жақында ашылған bilim-all.kz сайтын көріп, ой пікірлеріңізді айтып көмектессеңіздер. Пікірлеріңізге қарай сайтқа жаңалықтар, өзгерістер енгіземіз. Сіздердің пікірлеріңіз біз үшін өте маңызды! Тәй-тәй басып келе жатқан қазақ тілді сайттың дамуына өз үлесіңізді қосыңыз!

Пайдалы сайттар: Сіздердің пікірлеріңіз біз үшін өте маңызды!

www.bilim-all.kz сайтына өздеріңіздің немесе өздеріңізге ұнаған даналық сөз, ой-толғау, әзіл, анекдоттар, өлеңдер, сабақ-жоспар т.б енгізіп, сайттың оқырмандарымен бөлісе аласыздар.

Сайттың кейбір бөлімдері:

Ұлағатты сөздер
Салт-дәстүр
Информатика
Хайуанаттар әлемі
Суреттер сөйлейді
Өлеңдер
Анекдот, әзілдер
Ертегілер
Жұмбақтар Т.б
Әрі қарай