Жарияланымдар

Begim
Мен сізді ұзақ күттім ғой, мына жердегі көп перделердің арасынан сығалап, ақыры көрінгеніңіз қандай жақсы болды))). Батылдығыңыз үшін мың алғыс. Мораль оқуға келген біреу деп ойладыңыз ба? Жоқ, керісінше жан жадыратар жақсы әңгімелерден (әзілден де) шуақ аламын. Ал Гастаны (бұл жердегі ешқайсыларыңызды да) танымаймын, бірақ өз позициямда қалып, өз көзқарасымды білдірудің астынан соншама күдік іздеудің қажеті жоқ. Оның орнында Сіз болсаңыз да, солай қорғайтыным анық еді. Менікі тек шындық деуден аулақпын, ол бар болғаны менің пікірім болатын. Бұл жерде ешкімге жағынып, плюс жинау үшін жақсы көрінгім келіп отырғам жоқ, болмысым сол. Гастаны жақтап пікір айтуым қай кезде де оның ығында жүріп, қорғаштау деген сөз емес… Ал егер мен өзіммен бірге қолайсыздық ала келсем, яғни маған бола бұрынғы қолданушыларыңызды (әсіресе қыздар жағын) жоғалтып алсаңыздар, кетуге дайынмын. Ал мына әңгімені енді ғана оқыдым. Несі бар? Маған ұнады. Күліп, көңілім көтеріліп қалды. Себебі, астарына үңіліп көрсеңіз, бұның идеясына біржақты қарауға болмайды, өреңіздің, сана-сезіміңіздің жеткен жеріне қарай әр түрлі деңгейде түсінуге болады, жаман жағын көрем десеңіз, "өзі жоқтың көзі жоқ" деп тасадан тас атқандай деп ойлаңыз, қажет болса, жақсы жағына қарай бұрып алыңыз… (тек өзгелердің қысыр сөзіне ілік болсын деп, біреудің жазған дүниесін басқа сипатқа бұрғаныңызды қаламас едім).
P.S. Сіздің мына жазбаға плюс қоя отырып білдірген пікіріңіздің менің атымнан «жанашырлықпен көңіл айту» болып шыққаны өкінішті…
Пікір түзетілген: 9 маусым 2011, 22:39
Begim
Жазбаңызды сондай бір позитивті көңіл-күймен бастағаныңыз сонша, өз-өзімнен жымиып алдым. Ал кестеңіз шынында да ғажап! Мына гүлдің өзінің ұсақ детальдарын бірнеше түспен кестелеудің өзі, өзіңіз айтқандай, асқан шыдамдылық пен еңбекқорлықты керек етеді ғой. Кестелі орамалдарыңыз көбейе берсін, АКА!))
Begim
Тамаша! Ең алдымен, алғашқы шумақта басталған ұйқасты соңына дейін сақтап қалуыңызбен таңдандырдыңыз. Меніңше, бұл өлеңдегі негізгі жүкті көтеріп тұрған — "Өнер екен тазалықты сәбиге тән жоғалтпау" деген жол. Адам бойындағы сәбиге тән тазалықты, пәктікті, кіршіксіз аппақ жүректі мәңгі сақтап қалуға үндеуіңіз керемет! Өз достарыңыз бен жора-жолдастарыңыздың бойындағы жақсы қасиеттерін осылай көре білуіңіздің өзі сіздің жан дүниеңіз бен рухани әлеміңіздің кеңдігінен хабар береді.
P.S.Кейде Ф.Ницшенің афоризмдерін оқыған сайын «Түзу» адамдардың неге «qisyq» аталатынын түсінгендей боламын...)))
Begim
Қалжыңмен жазылған дүние деп ойлап едім, қателесіппін. Әсіресе:
«Ақ қонжық, сені мен ойыншық демен
Адамдардан кей сәтте ойыншық көрем…» — деген жолдардың астарында терең мағына бар. Адамға ой салады…
Begim
«Көреалмастық пен іштарлық» деген нақты сізге қарата айтылмаған. Тек сондай ой қалдырдыңыз.
Пікір түзетілген: 9 маусым 2011, 22:45
Begim
Түсінбедім. Мені біреумен шатыстырып отырсаңыз, қателесесіз. Бірінші рет тіркеліп отырмын, Алла куә. Сізбен салғыласу ойымда жоқ, тек өзім білетін жерлерімді түзеп жіберейін дегем. Жалпы, әйел баласына осынша түртпектеп (екпіндеп отырғанын өзі түсінбей, басқа біреудікін көтере алмай), әр нәрседен күдік іздеп пікір жазудың керегі не?!
Begim
Саммита ханым, бұйрығыңыз өзіңізге! Қалай жазсам да өз еркім, сіз секілді «аса» ақылды емеспін.
P.S. Гүлнардың өлеңі екенін менің алдымда жатқан оның «Бір жұтым ауа, қызыл күн» атты кітабының ішінен көріп отырғаныммен дәлелдей аламын.
Begim
Автор: «Менің 1 жыл сырқат кезімде де, ұзаққа созылған жұмыссыздығымда да, әкемнің өлімінде де менімен бірге қиналған Альмира», — дейді. Міне, осы жолдардың жасы үлкен қыздардың ақылдылығына қандай қатысы бар, қазақтың үлкен-кіші демей, тәрбие көрген әрбір қызының бойында мұндай жанашырлық қасиет болу керек емес пе, Зере?
Пікір түзетілген: 9 маусым 2011, 22:37
Begim
СОСЫН «АПТЫҚПА СЕЗІМ ТОССА ДА АЛДАН ҚҰЗЫН МЫҢ» БОЛУҒА ТИІС!
Пікір түзетілген: 9 маусым 2011, 22:40
Begim
ДҰРЫСЫ — «АППАҚ ТҮСТІҢ ДЕ БІЛГЕМ БІР АЛДАЙТҰҒЫНЫН».
Begim
БҰЛ ӘННІҢ СӨЗІН ЖАЗҒАН — ГҮЛНАР САЛЫҚБАЙ!