Жарияланымдар

"Күнің бір айлыққа қарап қалсын"

Блог - BalgynBalgyn: Күнің бір айлыққа қарап қалсын

Сипаттамаса да өзіңізге аян еврей деген ұлттың ең жаман қарғысы осы дейді. «Білме, білгеннің тілін алма»,-деген біздің қазақтың «соңғы нүктедегі» лағнет сөзі болса, жебрейдікі — тақырыпта.

Блог - BalgynBalgyn: Күнің бір айлыққа қарап қалсын
Әлем мойындаған қаржыгерлердің (өзім оқыған Киосаки, Шефер, Трейсидің сөзіне жүгініп отырмын) бәрі «бірнеше табыс көзі болу керек»,-деп қайталай беретіндей де бар. Трейси демекші, Трейси бірнеше ай бұрын Алматыда ақылы тренинг өткізді. Мұхит асып келгенде билет құны аз ақша болмағанын білеміз. Әрине, аты жер жаһады жаулаған алыптың берері көп.
Блог - BalgynBalgyn: Күнің бір айлыққа қарап қалсынҚазақта да Трейси пайда болды. Қателеспесем, 3 жылдан бері сапалы қазақ "өндірем" деп шырылдап жүр. Ахметбек Нұрсиланы айтам да. Қазақ үшін Брайннан артықшылығы бар. Қолға таяқ ұстатқандай, кәсіп көзін өзі тауып беріп жүргенін интернеттен көп болды оқығаныма. Құмар деген жігіт біздің филология факльтетін бітірген болатын, сол кісінің бастамасымен 5 айда 9 миллион теңге таптым деп жүр. Керемет қой.

8-)8-)8-)8-) Өмірлік қағидамның беки түсуіне септігін тигізер ой түйіп қайтармын. Тәуекел деп Ахметбек Нұрсиланың 3 қарашада өткізетін тренингіне қанатымды қомдап қойып отырмын. Алақанға шырт түкіріп, ысқылап, күн санап жүргенде 1 қараша болып қойыпты. Алматыда жүрген достарымның барлығын шақырдым. Оқысаңыз, сіз де жүріңіз. Трейси сияқты ақша сұрамайды, тегін.
Осы бейсенбіде кешкі сағат 7-де Спорт және туризм академиясына (Абай/Байтұрсынов) келсеңіз, күтіп алам! :):):):):):)
Әрі қарай

Білесіз бе? Шуда сөмке де шығады.

Дидар атты қазақтың жігіті қазір Шу қаласында өнімдерін шығарып жүр. Былғарыдан әмиян, сөмке, кілтсалғыш деген сияқты бұйымдар жасайды. Сүйікті ісіңді кәсібіне айналдыратындардың табысы қандай? Бұл сұраққа Grand Craft табиғи тері өнімдерін шығарушы Дидардың жауабы төменде. Бұл өнім ұнап жатса, Алматыдағы Достық сауда орталығынан табасыз. Меніңше, ер адамдаға сыйлық іздеп сабылғанда, қыздар үшін керемет көмек болады деп ойлаймын. Сапалы, бағасы да жақсы. Если что, 7 мамырға да аз уақыт қалды. ;);) Ал, өзге қолөнершілердің айтқандары туралы осы жақтан оқуға болады. businessnews.kz/2016/04/kazakstannyn-handemade-industriyasy-kalaj-damuda/

Блог - BalgynBalgyn: Білесіз бе? Шуда сөмке де шығады.

Дидар Мұқашев, Grand-Craft табиғи тері өнімдерін шығарушы:

Жалпы тері бұйымдарымен жұмыс жасауды 2013 жылы жолдасым екеуміз бастадық. Интернет желісінен жинаған мәліметтерге жүгіне отырып жасап шыққан ең алғашқы бұйымның нәтижесі көңілімізден шығып, ары қарай осы бағытта жұмыс жасауға бел будық. Арада біраз уақыт өткен соң, бірнеше бұйымдар жасап көрдік. Жасаған дүниемізді көпшілік қауымға ұсыну үшін, кәсібімізге ат қоюды ойластыра бастадық. Осылайша, 2014 жылы «Grand-Craft» атаулы тері бұйымдарын өндіретін шағын ғана шеберхана дүниеге келді. Grand-Craft-тың кәсібі өте шағын. Бүгінгі таңда шеберханамызда екі адам ғана еңбек етеді.

Блог - BalgynBalgyn: Білесіз бе? Шуда сөмке де шығады.
Өкінішке орай, шетелден әкелінген шикізатты алуға тура келіп отыр. Бірақ, жақында отандық тері комбинаттың бірінде өндірілетін шикізаттың сапасын көріп қайттық. Сондықтан, болашақта бұйымдарымыздың бір бөлігін отандық шикізаттан жасайтын ойымыз бар. Біздің өнімдеріміз Алматы қаласы, Dostyk Plaza ойын-сауық кешеніндегі Experimentarium дүкенінде сатылады.Сол сияқты интернеттегі әлеуметтік желілер арқылы да сатамыз. Шындығына келсек, өнімдердің кең таралуына және жарнама жасауға, қажетті көңіл бөле алмай жүрмін.

Блог - BalgynBalgyn: Білесіз бе? Шуда сөмке де шығады.

Кәсібім шағын болғандықтан, мен әлі көптеген қиындықтармен жолықпаған шығармын. Бірақ өз көзқарасымды айта кетейін. Біріншіден, шикізат құны. Шетелден импортталатын шикізат құны жоғары келеді. Соған байланысты біз өндіретін бұйымдардың бағасы да өседі. Екіншіден, отандық шикізат өндірісінің тапшылығы. Ойдағы бұйымдарды іске асыру үшін, отандық шикізаттың ішінен түрі немесе түсі табылмай жатады.

Блог - BalgynBalgyn: Білесіз бе? Шуда сөмке де шығады.
Отандық шикізат өндірісін барынша дамытса, біз үшін шетелдік шеберлермен бәсекелеске түсуге зор мүмкіндік пайда болатын шығар деп ойлаймын. Әрине, Қазақстанда тері бұйымдарымен айналысатын көптеген шеберлер бар. Бірақ, мен әлі бәсекелестікке түсетін дәрежеге жеткен жоқпын. Кәсібім дамып жатса, бәсекелестік бағымды сынап көрермін.
Әрі қарай

Бәрімізге керек 13 қулық

Қулықты ақылды адамдар ғана жасай алады. Алаңғасарлардың қолынан ол келмейді. Нақты 13-ін жасап көрмесем де, бір-екеуін жүзеге асырып қарадым. ;) ;) ;) ;) ;) ;) ;) Негізі, қызық. Барлығыңызға ұсынамын. ;)

1. Біреуге көңіліңіз кетіп, оның сізге деген көзқарасын біле алмай дал болып жүрсіз. Әлгі жанды сырттай бақылап, айтатын бір сөзін таңдап алыңыз. Сол сөзді немесе синонимін пайдаланған сайын басыңызды изеп, жымиғанын байқайсыз.
Блог - BalgynBalgyn: Бәрімізге керек 13 қулық

2. Егер айтып отырған сөзіңізді өзгелер қалжыңсыз қабылдасын десеңіз: «Әкем осылай айтқан еді»,-деп қосып қойыңыз. Адамдар ата-ананың кеңесін бейсаналы түрде дұрыс деп қабылдауға бейім.

3. Құрбы-құрдас, әріптестер «Тас, қайшы, қағаз» ойнап жатады. Ойында әрдайым жеңімпаз болудың да құпиясы бар. Бәс басталардың дәл алдында қарсыласыңызға кез келген сұрақты қоя салыңыз. Сұрағыңызбен ойы шашырап тұрған ойыншы міндетті түрде «қайшыны» көрсетеді.
Блог - BalgynBalgyn: Бәрімізге керек 13 қулық
4. Әңгімелесушіңіз сізді мақұлдасын десеңіз, сұрақ қоя отырып басыңызды изеңіз. Басты изеу тек шындықты айтып тұрғаныңыздың белгісі ретінде қабылданады.

5. Таңғы сағат 8-де қоғамдық көлікте тірі жан болмаса екен деп армандадыңыз ба? Адамның ең көп шоғырланған жерінен кері бағытқа қараңыз. Барлығы екіге жарылып сізге жол ашып тұрғандай көрінетіні таңғалдырмай қоймас. Мұның сыры қарапайым: адамдар топырлап тұрған кезде олар басқа жүргіншілердің қайда бара жатқандығын ұғыну үшін көзіне қарап, оған соғысып қалмайын деп ығысумен болады екен.
Блог - BalgynBalgyn: Бәрімізге керек 13 қулық

6. Күні бойы бір әнді қайталап айта берсеңіз, өлеңнің соңын еске түсіріңіз. Адам санасы аяқталмаған істі жаттап қалады. Сондықтан ән сөзінің соңын ойласаңыз, ол өзінен өзі тоқтайды.

7. Балаңыздың брокколи жегенін қалайсыз ба? «Саған брокколи салайын ба?»,-деп емес, «Қанша брокколи салайын, екеу ме, бесеу ме?»,-деп сұраңыз. Олар үшін брокколиді сіз таңдап қойдыңыз. Бірақ балалар сұраққа жауап беру арқылы оны жеуді өздері қалағандай күй кешеді. Бұл қулықты өмірде кездесетін басқа да жағдайларда пайдалансаңыз болады.

8. Егер сізді біреу аңдып жүргенін байқасаңыз, жай ғана есінеп тұрып айналаңыздағыларды көзбен шолып өтіңіз. Есінеу қаншалықты әсерлі болса, қыр соңыңызға түсіп жүрген жанды соншалықты тез табасыз.
Блог - BalgynBalgyn: Бәрімізге керек 13 қулық
9. Танысыңыз заттыңызды керек жеріне жеткізіп тастасын десеңіз мынадай әдісті пайладаныңыз. Мәселен, әңгімелесіп тұрып, қорабыңызды оның қолына ұстатыңыз. Адамдардың дені мұндай алдаусыратуды байқамай, жауапкершілікті өз мойнына алып алады. Дегенмен сақ адамдардан абай болыңыз. Өзіңізді ұялтып тастауы мүмкін.

10. Қол алысып амандасу қажет екендігін біліп тұрсаңыз, алақаныңыздың қызып тұрғанына көз жеткізіңіз. Қолдың жылылығы достық пейіліңізді және елгезектігіңізді білдіреді. Суық алақан жек көрініш сезімін тудырады екен.

Блог - BalgynBalgyn: Бәрімізге керек 13 қулық
11. Өзгелер сізге көмектессін десеңіз өтінішіңізді: «Маған сенің көмегің керек...»,-деп бастаңыз. Адамдарға өзін айыпты сезіну ұнамайды. Сондықтан қол ұшын беруден бас тартуы неғайбыл.

12. Әңгімелесушіңіздің айтып отырған кей сөзін қайталаңыз. Сонда өзін мұқият тыңдап, түсініп отырғандығыңызға сенеді. Бірақ тым шектен шығып кетпеңіз.
Блог - BalgynBalgyn: Бәрімізге керек 13 қулық
13. Кімде кім сізді жақтырмай жүрсе, одан қарындаш сұраңыз. Бір жағынан, адамдар өздері жек көретін жанға көмектескісі келмейді, бір жағынан, бұл – бас тартатындай үлкен өтініш емес. Осылайша, кімнің қандай көңілі барын аңғаруға болады.
Әрі қарай

Ең қысқа тест

Блог - BalgynBalgyn: Ең қысқа тест
Бұл тест мінез ерекшеліктері мен қасиеттерді дәл анықтайтындығымен танымал. Мұнда жарияламас бұрын өзім өттім. Достарыма, ата-анама, бауырларыма жібердім. Барлығы дәл келеді дейді. Бұрын жасап көрмесеңіз, байқап көріңіз. Сұраққа жауап берерде анау-мынау демей, ішкі дауысыңызға жүгініңіз.
Сіз қайсы көкөністі көбірек жақсы көресіз?
А) қияр немесе қызанақ
Ә) қауын немесе қарбыз

Блог - BalgynBalgyn: Ең қысқа тест
Қияр және қауын
Мұндай таңдау әйелдерге қарағанда ер адамдарға тән. Бұл типтегі жігіттер – ер мінезді әрі салмақты. Ішімдікке салынып кетпейді. Олардың арасында спортшылар мен саяхатшылар көп. Дәл осындай жанның қасында кез келген әйел өзін қауіпсіз сезінеді. Отбасындағы жауапкершілікті өз мойнына алады. Мақсатшыл әрі ойға алған ісін оңай бағындырады. Кемшіліксіз жан жоқ. Бұл азаматтарға қиялдау жетіспейді. Жұбайының: «Маған қашан гүл сыйлайды?»,-деп күтуі нәтижесіз. Дұрысы – қандай гүл қалайтынын тұспалдап айту. «Қияр-қауын» типіндегі әйелдер көбіне басшы болады. Бірақ үй шаруасына олақ. Олар асты дәмсіз әзірлейді, ақшаны ұқсатып жұмсауды білмейді, ыдыс жууды, киім тазалауды ұнатпайды. Ер адамдармен адал, жанын ұғатын дос.

Қызанақ жəне қарбыз
Олар – көңілді, белсенді жандар. Асқан тілтабысқыштығымен ерекшеленеді. Бірақ тілдесу кезінде үнемі тепе-теңдікті сақтамайды. Құйындай мінезі жанжалға жиі алып келеді. Мұндай типтегі – жігіттер асқа талғампаз. Еріншек және жолсөмкесіне шәркейі мен үй халатын салып алып, ұйықтайтын қапшығын құшақап жүре береді. «Қызанақ-қарбыз» әйелдер әсершіл, жануарларды және отбасын сүйеді. Олардың жанында өзін жайлы сезінеді. Әзәзілдік қолынан келмейді, бірақ кейде әдепсіздік танытуы мүмкін. Себебі, «қарбыз-қызанақ» типіндегі жандар шынайылық пен ашықтықты алғашқы орынға қояды.

Блог - BalgynBalgyn: Ең қысқа тест
Қияр және қарбыз
Мұндай жандар үнемі психологиялық тұрғыдан абдырап қалады. Сыртқы келбетіндегі байсалдылық пен ұстамдылық ішкі дүниесіне сәйкес емес. «Үндемегеннен үйдей бәле шығады» деген мәтел осындай ер адамдарға сай. «Қияр-қарбыздар» жанартау сияқты. Дәл қазір қандай сөз айтып, ертең не істейтінін ешқашан ешкім білмейді. Ал әйелдер болмашы нәрсеге ұрыс шығармайды. Барлығын ішіне сақтап, бір күні «жарылады». Ыдыс-аяқтар қирап, күйеуінің басына әңгір таяқ ойнатып жатса таңғалмаңыз. «Қияр-қарбыз» типіндегі жандар – нағыз шығармашылықтың адамы. Олар ойланып-толғануға бейім. Араларынан ғалымдар, өнертапқыштар жиі шығады.

Блог - BalgynBalgyn: Ең қысқа тест
Қызанақ және қауын
Дәл осы нәтижеге сәйкес келгендер – байсалды, әдепті, сабырлы. Сезімталдығы мен түйсігі дамыған. Әдемі заттарды жақсы көреді және жоғары талғам иесі. «Қызанақ-қауын» ер адамдары нәзік болады. Олардан суретші, музыкант, жалпы шығармашылық адамдары жиі шығады. Әйелдер – ғашықтыққа бейім, көңілшек, махаббатына жан-тәнімен беріледі және оған тұрақты. Жанқияр, нәзік әрі қамқор жұбай. Ал «қызанақ-қауын» типіндегі ерлер өзімшілдер қатарында.

Блог - BalgynBalgyn: Ең қысқа тест
P.S. Шаңырағы биік болатын жұптар:
«қияр-қауын» ер мен «қияр-қарбыз» әйел;
«қызанақ-қауын» ер мен «қияр-қауын» әйел;
«қияр-қарбыз» ер мен «қызанақ-қарбыз» әйел;
«қызанақ-қарбыз» ер мен «қызанақ-қауын» әйел.
Әрі қарай

"Алдағы онжылдықта әлемдік сахнаға шығамыз" [с]

Блог - BalgynBalgyn: Алдағы онжылдықта әлемдік сахнаға шығамыз [с]
«Жеңілгеннің сөзі құрысын», — дейді ғой. Ешкімді кінәлаудың қажеті жоқ»... Осы сөзден кейін бірер секунд үнсіздік пайда болды. Сәден соң: «Кітап оқымайды деп әншілерді кінәлап жатады.Сіз оқисыз ба?», — дедім.
Ол: «Мен өтірік алдамаймын, ешқашан кітап оқымағанмын. Мектепте нашар оқыдым.… Кітап оқымағанмын. Оқушы кезімнен музыкаға ынтам күшті болды».
Музыкаға қатысты кітап оқымадыңыз ба?
Музыкаға қатысты кітапты да оқыған жоқпын. Мен сол уақыттан бері оқуға емес, үйренуге тырыстым. Нота білмеймін. Ешқандай мукзыкалық білімім жоқ. Бірақ өзімнің ізденісімді оқу деп ойлаймын. Өзіме керекті нәрсені әлі де ізденіп келемін. Қазір ғаламтар бар. Қасымда группам бар. Олар — оқыған муыканттар. Солардан көп нәрсе үйренемін. Әрбір жұмыс кішкентай болса да тәжірибе, білім.

Блог - BalgynBalgyn: Алдағы онжылдықта әлемдік сахнаға шығамыз [с]
Осыдан кейін сұрақтар бір-бірімен байланысты болмаса да, автоматты түрде кете берді. Аздап анкеталық сауалдарға да келеді.

Қазір ауыл сізді «жұлдыз» ретінде қарсы алады ма?
Ауылға сирек барамын. Көрген кезде адамдар ризашылығын айтып жатады. Рахмет ол кісілерге. Қуаныштымын. Жасырмаймын, басында мектеп кезінде жұлдыз болғым келді. Қазіргі түсінігім бойынша, суретке түсіп, жарнама жасаған ұнай бермейді. Музыканы енді бастап жазып жүрген кезде жұлдыз болуды армандадым. Сол кезде шығып кетпегеніме қуанамын. Ол кездегі түсінік басқаша еді. Ол кездегі музыкам да бөлек. Әр нәрсе өз уақытымен. Қолды босатып тастай салмау керек.
Жаңа альбом жазып жатырсыз. Тағы да ғаламторға тегін салуыңыз мүмкін бе?
Жоқ. Бұл жолы әлемдік сайттарға саламын. Әлемге танымал болғым келеді.

Былайша айтқанша, ТМД елдерінде танымалдығыңыз бар.
Аздап таныйды…

Бір-екі ән айтып жұлдыз болып кететіндер көп. Қарапайым көрінесіз...
Өйткені, жұлдыз болу маған қызық емес. 7-8 жыл бұрын жарқ етіп шығып, жалп етіп құламағаныма қуанамын. Көп нәрсені көрдім, көп нәрсені түсіндім. Ғаламтор желілерінен шетелдіктер жазып тұрады. Германиядан, Ұлыбританиядан, Қытайдан жазады. Шетте оқып жүрген қазақтың ұл-қыздары тыңдатады, сол жастардың арқасында таныйды. Олар тұрақты тыңдарманым болып кеткен. Тіл білмеген соң қиындау, ағылшынша білетін достарым арқылы сөйлесуге тырысамын.
Қазақ тілінің дамуына қосқан үлес деп қарауға боалтын сияқты...
Ол жағын ешқашан ойламаппын. Өнерді қатты жақсы көремін. Еуропаның әндерін көп тыңдап өстім. Біз неге осындай сапалы әндер жазбаймыз деп ойлайтынмын. Сол себептен үйрендім. Әлі де үйреніп жүрмін. Алайда, менде «осындай стильдегі бірінші адам болу, қазақ тілін дамыту» деген ой болған жоқ. Тек музыка туралы ойладым. Еуропалықтардың музыкасы біздікімен салыстырғанда айырмашылығы аспан мен жердей. Құдай бәрімізді бірдей жаратты. Оларда да екі қол бар, бізде де екі қол бар. Оларда бар ми бізде де бар. Құлақ бар.
Алдағы он жылдықта әлемдік сахнаға шығып қаламыз деген ойдамын. Қазақты танытамыз. Шетелден бірге жұмыс істеуге көптеген ұсыныстар болды. Бірақ, мен ешқайда кетпеймін. Алматыдан басқа ешқайда кеткім келмейді.

Блог - BalgynBalgyn: Алдағы онжылдықта әлемдік сахнаға шығамыз [с]

Адам әр күніне есеп беріп жатады. Күнде қай нәрсеге үлгермей қаласыз?

Мен уақыт бөле алмай жатқан нәрсем өте көп. Ол – менің отбасым, әке-шешім, бауырларым, достарым, туған-туыстарым. Ренжитіндер де көп. Екі тәулік ұйықтамай, төрт сағат ұйықтап сізге сұқбат беруге келіп отырмын. Екі күн ешқайда шықпай студияда жұмыс істедім. Үнемі осындай жұмыс үстіндемін.

Көңіл бөле алмай жүрген дүниелеріңізге күндер өте келе «Неге солай еттім?» деп өкінбейсіз бе?
Осы жолды таңдадым. Өкінбеймін. Егер мені шын жақсы көретін, жақын адам болса, ол мені түсінеді деп ойлаймын. Егер менің жақындарымның бірі осылай арманын қуып, сол үшін жұмыс істеп жатса, мен оған ренжімеймін. Қуанамын…

… Эгоист сияқтысыз ғой
Мен эгоистпін, иә. Бірақ мен ешқашан біреуді алдаған емеспін. Кімді де болсын, жолдасымды да. Ең алғашқы күннен бастап оған: «Егер музыка мен сені қатар қоятын болса, мен музыканы таңдаймын» дегенмін. Жақсы таныйтын адамдар менің қандай екенімді біледі.
Нақты мақсатым да жоқ. Бірақ ішім тыныш емес. Жаңа әндер бар. Жазып жатамын, болмай қалады. Қатты ашуланамын. Одан екі есе жұмыс жасаймын. Қазіргі уақыттағы күйім тура осындай. Тоқтап қалғым келмейді. Қазіргіден де жоғары дәрежеге жететінімді ішім сезеді.
Блог - BalgynBalgyn: Алдағы онжылдықта әлемдік сахнаға шығамыз [с]
Киноға түсуге шықарғандар болды ма?
Екі жыл бұрын болды. Актер ретінде өзімді көре алмаймын. Оған қызығушылығым жоқ. Менің қызығушылығым – кино түсіріп, режиссер болу. Актер ретінде әлсізбін. Жәй түсе салу болмайды. Режиссер бола алатыныма сенемін. Дәл қазір емес. Бейнебаяндарымды өзім түсіремін. Кішігірім білемін. Жақын достарым мықты режиссерлер. Олармен көп сөйлесемін.

Бейнебаян демекші, Қазақстанда ең арзан бейнебаян түсірген адам болдыңыз ғой деймін. «Ақпен бірге» әнінің бейнебаянана 30 мың теңгеге жұмсапсыз
Иә. Сол бейнебаян хит болып, бірінші ТМД елдерінде, Еуропада тарпалып, жақсы қабылдады.
Блог - BalgynBalgyn: Алдағы онжылдықта әлемдік сахнаға шығамыз [с]
Қазақстаннан гөрі сыртқа көп шығатын сияқтысыз
Ресейден көп шақыру келді. Осы уақытқа дейін барған жоқпын. Қазақстанда қанша уақыт концерт берсем, Ресейден одан да көп ұсыныс түсті. Бармаған себебім: ол кезде менің бірге ойнайтын тобым болған жоқ. Олар: «Фонограммамен кел» дейді. Олай өзімді төмен түсіргім келген жоқ. Фонограммамен айтсам, ол – біздің бүкіл әншілердің атына келетін кір.
Қазіргі уақытта ұсыныстарға әзірмін. 2016 жылы Ресейге концерт беруім мүмкін. Ұятқа қалмайтындай концерт беруге дайынмын. Ақша үшін бара бергенімде ұятқа қалатын едім.

Шәкірттеріңіз бар ма?
Бір-екі жыл бұрын уақытымды бөліп, қыздарды дайындадым. Көз алдымда өзгерді. Жалпы ұялмай айта аламын, сахнада «Мен!» деп жүрген қыздардан мықты. Өздері аспапта ойнайды. Ән айтады. Ән жазу жағын үйреніп жатыр. Өкінішке орай менің уақытымның тығыздығы, жетпегені және қаржы жағынан дәл қазіргі уақытта жарыққа шығара алмаймын. Қазір ол қыздар ренжіп жүрген шығар. Алдағы уақытта болады. Таза өнер, таза шығармашылық уақытты талап етеді.

P.S. Осымен бітті. Әншімен суретке түспейтінмін. Түсейінші дедім. Бірақ, тағы да түспедім.
Әрі қарай

Музейден кейін....

Қызылорда темір жол вокзалынан түскенде, алдыңызда шағын сары үй тұрады. Бұл "ғимараттың" фундаменті 1905 жылы құйылған. Кезінде әскери казарма, темір жол милициясының кеңсесі болған деседі. Қазір «Ақмешіт» мұражайы.
Блог - BalgynBalgyn: Музейден кейін....
Блог - BalgynBalgyn: Музейден кейін....
Блог - BalgynBalgyn: Музейден кейін....
Мұражай Қызылорда астана болып тұрған кездегі мәліметтерге басым көңіл бөлген. Ал, менің көзіме өзге экспонаттардан бөлме ортасында тұрған Ақмешіт бекінісінің макеті ерекше көзге түсті.
Блог - BalgynBalgyn: Музейден кейін....
Бұл бекіністі қоқандықтар 1817 жылы салған. Бекіністің айналдыра 15 метр тереңдікте қазып, ішін суға толтырып, бетін қамыспен жауып тастаған. Әрине, жаудан қорғанудың керемет әдісі. Қамыс қорғаны болып, жерінде қамыстың мол өсуінен Қамысты қала атанған… Қамысты қала – қазіргі Қызылорданың алғашқы аты.
Бекініс салынған кезде 400 үй болған. Қырғыздардан бөлек, санақ бойынша, 400 қазақ тұрған деген бар. Бекініс қабырғасының қалыңдығы 11 метр. «Оқ тек қабырғаны жанап өтеді, жара алмаған» © Мұражайдағы гид апай.
1853 жылы қайқы мұрт, бұйра бас генерал губернатор Перовск шабуылдап, қамалды бағындырып, Перовск форты деп атайды… Перовс – Қызылорданың үшінші аты.
Блог - BalgynBalgyn: Музейден кейін....
Ол өз гербін енгізіп, қаланың жеке елтаңбасын жасайды. Герб – қалқанға күміс қызыл көз бұқа, киіз үй, бидай, Александр лентасы бейнеленген қойытрақ. Ана қызыл көз өгіз"Қазақтың ортасын «каша-малаша» қыламын" деген сияқты болып тұр..
Блог - BalgynBalgyn: Музейден кейін....
Мұражайдан басқа да қызықтар бар. Бір, бір жарым ғасыр бұрынғы қазақтың маңдайалды марғасқаларының қолжазбаларын кездестіруесіз. Олар туралы кейін.
P.S. Мұражайға кіру 200 теңге, гид апаймен жүрсеңіз 600 теңге.
Әрі қарай

Қазіргі проза кейіпкері мынадай болады

Блог - BalgynBalgyn: Қазіргі проза кейіпкері мынадай болады
Жо-жоқ, алдымен, мәтінді оқып шықсаңыз деймін.
"… Аялдамаға келіп қалған екен, алдыға қарай аттай бергенімде, тралейбус кілт тоқтады. мен екпініммен алға қарай тәлтіректей жөнелдім. жығылатын ба едім, алдыңғы есіктен шыққалы тұрған ақ құба жігіт қарсы ұмтылып құшақтай алды...." [325 -бет] (Бексұлтан Нұржекеұлы. «Ерлі-зайыптылар». Шығармалар жинағы. 4-том. Алматы: Жалын, 2008.)
ОҺ.Романтика. Жалғасы не болғанын кітаптан оқуға болады. Ал, қазір жазушы осылай кейіпкерін суреттесе, күлкілі болатыны анық. Ол кейіпкерлер уақыттың уысында кетіп қалған. Сол жерден кітапты жауып тастаймын. Себебі:
Блог - BalgynBalgyn: Қазіргі проза кейіпкері мынадай болады
Иә, аптуызда жұртқа қарауға уақыт жоооқ.
Әрі қарай