Ескертуіңіз дұрыс. Сайт жасау тек қана HTML+CSS+PHP+MYSQL емес. Бірақ мен олай деп айтқан жоқпын. Мен оқырманға қиындап кетпеу үшін тек кең таралған жиынтықты көрсеттім. Ал HTML — ге келсек, ол программалау тілі емес. Ол белгілеу тілі HyperText Markup Languag ru.wikipedia.org/wiki/HTML. XML сияқты. Мен сайт тек HTML — де ғана бола алмайды деп айтпадым. «Енді біздің әп-әдемі бутигімізге аяқ киімдерді толтырып базарға апарып қойсақ та болады, бірақ бізге аяқ киімдерді сатып отыратын сатушы қажет.» Яғни, тек HTML- ді пайдаланып сайтты жасауға болады, бірақ ол динамикалық болмайды статикалық болады. Сайт функциялар жасай алу үшін оған программалау тілдерін қолдану керек болады. Сосын мен тек PHP ғана демедім. «Ол сатушы сервелік программалау тілі (PHP, ASP.NET, Ruby т.б.) PHP — ол сайттың миы деуге болады. „ Бұл тілдерде сайттың бағдарламасы жазылады, бірақ егер HTML- ді пайдаланбасақ бұлардың көрсететіні тек аққа қарамен жазылған қатарлар түрінде болып қалады. Және де CSS ол сайттың қаңқасы емес, HTML сайттың қаңқасы, ал CSS HTML көмегімен жасау қиын болған кезде немесе таза кодты стильдермен араластырмау ниетінде қолданылатын, сырттан қосылатын стильдер кестесі. ru.wikipedia.org/wiki/Css
Сіз мақаланы мұқият оқымаған көрінесіз. Жақсылап оқысаңыз мен тек қана осылармен ғана жасалыды деп айтпағанымды түсінер едіңіз.
Пост web-программистерді дайындауға емес, қарапайым халыққа жалпы түсінік беру үшін жазылған. Бұйырып жатса, алдыңғы уақыттарда сайт жасаудың техникалық тұстары туралы тереңделген посттар жазуға тырысамын.
Негізінде, CMS — тің жақсылығы біріншіден, сізге қайсысы түсінікті және оңай екеніне байланысты. Ең көп тараған Joomla, Wordpress, Drupal сияқты CMS — тердің әрқайсысының қолданылу аясына байланысты өз артықшылықтыры мен кемшіліктері бар. Мысалы блог жасау үшін Wordpress қолайлы онлайн магазин үшін Joomla. Менің келесі тақырыбым осы жайлы болады. Осы блогты күзетіп отырсаңыз тез арада шығып қалады.
Домен — ол мен тақырыпта айтқандай тек сайттың орналасқан жерін көрсететін адрес. Оны қайдан алсаңыз да ешқандай айырмашылық болмайды. Ал хостинг компаниясын бірінші кезекте олардың қызмет көрсету сапасына, бағаларына, қауіпсіздігіне қарай таңдаған жөн. Қазақстандағы хостинг компанияларының қайсысы жақсы екенін, олардың әрқайсысымен талдау жұмыстарын жүргізіп, зерттеп қана нақты айтуға болады. Ал менің жеке тәжірибем бойынша, Қазақстандағы алдыңғы қатарлы хостинг компаниялары ол hoster.kz idhost.kz(біраз кемшіліктері бар). Дегенмен мен қателесуім мүмкін. Егер сұраныстар болып жатса, оларды зерттеп, осыған байланысты пост жазуға тырысамын.
«Ол сатушы сервелік программалау тілі (PHP, ASP.NET, Ruby т.б.) PHP — ол сайттың миы деуге болады. „ Бұл тілдерде сайттың бағдарламасы жазылады, бірақ егер HTML- ді пайдаланбасақ бұлардың көрсететіні тек аққа қарамен жазылған қатарлар түрінде болып қалады. Және де CSS ол сайттың қаңқасы емес, HTML сайттың қаңқасы, ал CSS HTML көмегімен жасау қиын болған кезде немесе таза кодты стильдермен араластырмау ниетінде қолданылатын, сырттан қосылатын стильдер кестесі. ru.wikipedia.org/wiki/Css
Сіз мақаланы мұқият оқымаған көрінесіз. Жақсылап оқысаңыз мен тек қана осылармен ғана жасалыды деп айтпағанымды түсінер едіңіз.
Пост web-программистерді дайындауға емес, қарапайым халыққа жалпы түсінік беру үшін жазылған. Бұйырып жатса, алдыңғы уақыттарда сайт жасаудың техникалық тұстары туралы тереңделген посттар жазуға тырысамын.