Жарияланымдар

Белгісіз күнделіктен: Аспанға барғым келеді-ғарышкер болып емес...

«Аспанда мұндай өмір жоқ. Иә, аспанда мүлдем бөлек әлем. Мына өмірдің ең жақсыларын да, жамандарын да аспан алып кетті. Бірақ, аспанның кіршіксіз таза әлемінде тек жақсылар. Мен сенемін, әкем де сол кіршіксіз, нәзік бұлттар арасында… Сеземін, ол мені сағынып жүр… Сеземін, ол мені аспаннан бақылап тұр… Сеземін, ол мына қолымдағы дәптерімді оқып тұр… Сеземін, ол менің маңдайымнан иіскеп, „қызым“ деп дауысының жарқын шыққанын қалап тұр… Ол маған аспаннан мейіріммен қарап тұр… Сағындым… Мен де аспанға барғым келеді. Иә, мен аспанда тұрақтағым келеді. Қолым „айға“ жеткенін қалаймын! Аспанға барғым келеді, бірақ, ғарышкер болып емес! „Айға“ жеткім келеді, бірақ, ғарышкер болып емес. Менің айым- әкем! Әкетайыма барып, құмарлана иіскеп, қатты құшақтап, сағынышымды басқым келеді! Бірақ, менің шаттығымды ұрлаған, 8 жыл жанымды қинаған мына өмірді кешірмеймін… Ешқашан… Менің сегіз жыл төгілген жасымды ешкім де, ештеңе де өтей алмайды… Құдайдан басқа, әрине… Ішімде тұнып тұрған өксікті бүкіл әлем жойылып кетсе де шығара алмаспын. Шексіздікке айналған сағынышымды ешқашан баса алмасым анық. Сонда да мен аспанды қалаймын… Аспанда әкем бар, анам жоқ… Жерде анам бар, әкем жоқ… Сонда да аспанды қалаймын… Жер бетінде бәрі бар, әкемнен басқа...(( Әкемді жұтқан- жер… Жер бетінде өмір сүргім келмейді! Бақытты балалығымды ұрлаған, менен әкелік махаббатты аяған, кеудемді өксікке толтырған, жанымды жаралаған мына өмірден, әкемді алған, кіршіксіз аспанды сүйемін! Аспанға барғым келеді- ғарышкер болып емес…
Аспанға барғым келеді-
Ғарышкер болып емес…
Өмірді сүйгім келеді-
Қолымнан келер емес…
Әкемді көргім келеді,
Бірақ, ол мүмкін емес…
Құшақтап, сүйгім келеді-
Арамыз жақын емес…
Жылуын сезгім келеді-
Маған бұйырған емес…
Суретке қарағаныммен-
Ол жай ғана елес…
Әкеме барғым келеді-
Жетуім аз уақыт емес…
Аспанға барғым келеді-
Ғарышкер болып емес…
25.04.2016. 19:04»
Әрі қарай

Армандар орындалады...

Блог - AyaEnchieva: Армандар орындалады...Мен қазір 14 жастамын. Біз жақта қаладағыдай бірінші сыныпқа 7 жасынан емес, 6 жастан барады. Ал мен 5 жасымнан барыппын. Әкем мен анам жанымда, бір әпкем қуанышым болып, екі ағам қорғанышым болып, бір сіңлім жұбанышым болып жүрген шақтарым. Әкемнің ерке қызы болып өстім. Әкеме еркелеп жүріп алты жасымда әкемнен айырылып қалдым. Аллаға да жақсы адам керек қой… Не керек, ол кезде түсінбедім. Мамам мен бауырларым мұңіайып жүрді. Олардың есі бар ғой. Сіңлім екеуіміз бала боп жүрміз әлі. Мен әкемді сағынатынмын. Недегенмен әкенің махаббаты ерекше ғой! Әкем аман кезінде мені машинасына отырғызып ауруханаға апаратын. Сары аурумен ауырдым. Сол кездерді де, яғни, әкемнің қасында болған сәттерімді сағынатынмын. Солай, мен «дәрігер боламын» дедім. хех, ол кезде «дәрігер» емес, «доқтр» дейтінмін. Мен мамама «дәрігер боламын» деп айтатынмын. Мамам болса, ыстық құшағына алып, «жарығым, менің қызым ең мықты дәрігер болады» дейтін еді. Кейін, өсе келе, үшінші сыныбымнан «операция жасайтын дәрігер боламын» дейтін болдым. Келесі жылы, бір дәрігерлер туралы кино көріп «хирург» сөзін үйреніп, «хирург боламын» дедім. Бесінші сынып. Әкемнің жоқтығын анық сезінетін уақыт еді. Әкемнің жол апатынан аман қалмағанын біліп, алдыма мақсат қойдым. Мақсатым- әкем сияқты жол апатына ұшыраған адамдарға Алладан кейін көмек беру. Мен адамдарға көмектесуге құштар болдым. Адамдарға екінші өмір сыйлап, олардың алғысын алғым келді. Қазір тоғызыншы сыныппын, шүкір. Өзім аманмын, аман кезде басқаларды аман алып қалу үшін оқып жүрмін. Тоғыз жылдан бері бір рет те мамандығымды ауыстырған емеспін. Достарым мен өзімнен үлкен мектептегі достарымның әлі не мамандық таңдарын білмейтіні мені қызықтырады. Сонда, олардың өмірінде мамандық таңдауға себеп болмаған ба? Кейбіреулер айтады "Үйдегілер врач боласың дейді, бірақ мен болғым келмейді" деп. Түсінбейтінім, адам мамандығын сүймесе қалай жұмыс жасайды. Оның үстіне, дәрігерлік оңай мамандық емес. Кейбіреулері айтады «ақшасы көп мамандық таңдаймын ғой» деп. Ақша табу үшін де оқу керек қой. Менен барлығы қандай пән таңдайтынымды сұрағанда, бірден «биология» деп жауап беремін. Олар күледі "ұятсыз" деп. Кейбірі «ойвууу, отырып қаласың ғой» дейді. Оларға жауабым: «отырып қалсамда, оқуымды оқып, хирург боламын». Басқа не айтамын? Олар менің неліктен дәрігер болуды қалайтынымды білмейді де, мазақ қылады. Хех, мен оларға күлуім керек. «Армансыз адам, қанатсыз құспен тең». Армандау керек. Мамам да айтады «армандар орындалады» деп. Мен мамамның барлық айтқан сөзіне сеніп үйренгенмін, бұл жолы да сенемін «армандар орындалады». Қазіргі таңда мен Кореяға барып оқуды мақсат еттім. Жыл сайын «дәрігер боламын» деген арманыма бір мақсат қосып келемін. Құдай қаласа, мектепті үздік аяқтап, грантқа түсіп, бірінші курстан кейін Оңтүстік Кореяға тегін жолдамамен оқуға барамын. Білесіздер, қазір шет елдің студенттерімен алмасып, тәжірибе алмасып жүр. Мен де солай Оңтүстік Кореяға тәжірибе алмасуға барамын. Сосын, Қазақстанға қайта келемін. Қазақстанның «менмін» деген ауруханасынан тәжірибе жинап, ауылыма үлкен аурухана тұрғызамын. Сол кезде маған сенбегендер ұялатын болады. Мақсатыма жеткенде үлкендер маған батасын берері анық. «Батаменен ел көгерер» дейді ғой. Арғы дүниеде жүріп, әкем менімен мақтанатын болады! Әлі талай адам «Темірханның қызы ғой...» деп айтатын болады!
Қарап отырсаңыздар, тоғыз жылдан бері мақсат етіп келген бұл мамандыққа бір ғана себеп-Алланың әкемді алып кетуі. Армандай білу керек, сол арманға жету үшін мақсат қоя білу керек. Анам айтады АРМАНДАР ОРЫНДАЛАДЫ! Мен арманыма жетемін және жеткен кезде осында жазамын.
Әрі қарай

"Бахабис" дейді...

Бұл блогқа көптен бері ештеңе жазылмапты. Қазір мен жазғаныммен оқыла қояр ма екен? Жарайды, оқитындар немесе мен сияқты жаңадан қосылғандар оқып қалар. Қазақ рэпінде ерекше орын алған Жақау туралы айтқым келеді. Жақау лақабындағы азаматты танитын боларсыздар.
Маған ағам қазақша рэпты тыңдатпайтын. «Боғауыз сөздер көп, сондықтан тыңдама» дейтін. Әйй, қайдам, ағам жоқта гуглдан "Қазақша рэп" деп жазып көрдім. Бірінші болып Жақау шықты. Ютуб желісіндегі видеосы. "Қара тізім" трэгі болатын, көрдім. Маған қатты ұнады. Шындықты айтқан, өзім шок болдым ондағы айтылған сөздерге. Сонымен не керек, "Қара тізім" трэгімен Жақауды таныдым. Жақаудың музыкаларын іздестірдім. Ағам айтқандай боғауыз сөздер көргенім жоқ. Трэктерін емес, былайша, өзі түскен видеоларды да көрдім. Байқасам, дін туралы көп айтады екен. «Діншіл адам екен ғойй, керемет..» деп ойлағанмын. Иманды азамат болғанның несі жаман? Халықты түсінбейтінім, кейіннен осы Жақауды «бахабис» деп атады. Яғни, басқа дінге кіріп кеткендер қатарына жатқызады. Мен оған сенбеймін. Өткенде, бір досым Жақау жайлы жазылған постты маған көрсетті. ВК желісіндегі бір дін туралы группада жарияланған екен. Дін тілін түсінбеймін ғой, бірақ қарапайым тілде оны «басқа дінге кірген азамат, біз ұстанатын дін емес» делінген екен. Ол посттан кейін ойымды жинақтай алмадым. Себебі, Жақау бір видеода айтқан екен: «Мені „бахабис“ деп шығарылған өсектің тарай бастағанына бір ай болды. Бірақ, түсінбейтінім, менің ВК желісіндегі парақшамда дін туралы айтқандарым бұрыннан бар. Мен ВК желісіне қосылғаныма біраз болған. Сонда, менің дін туралы айтқандарымды бір ай алдын көрген бе?...» деп (оның сөздерін, өз сөзіммен жаздым). Менің де түсінбейтінім осы. Сіздер қалай ойлайсыздар? Оның иман туралы, дін туралы көп уағыз айтатыны жаман ба? «Бахабис» болатындай үлкен себеп пе? Оқысаңыздар, өз ойларыңызды жазсаңыздар екен.
Әрі қарай

Досымның азаюы мен көбеюіне себеп болған, менің сүйікті үш әнім...

Мен музыка адамымын. Музыкасыз күнімді өткізе де алмаймын. Сол, «музыкасыз өмір жоқ» деп жүріп, өмірімде біраз өзгеріс болып кетті. Әрине, оған музыка себепші болды. Қайрат Нұртастың нағыз фанаткасы едім. Оны көру арманым болатын. Әлі де фанаткасымын, бірақ қазір оның әндерінен гөрі жаңа Қазақстандық K-POP стильіндегі NINETY ONE тобының әндері ұнайды. Бұл топтың "Ұмытпа" әнін тыңдауға кеңес беремін. Бірақ ол топты өзіммен қатар адамдар болмаса, менен үлкендер жақсы қабылдамайды. Хех, бұл топтың әндерінің мағынасы менің өміріме дым қатысы жоқ. Тағы да бір топ Оңтүстік Кореяның танымал әншілері BTS (Bangtan boys) тобы. Мен бұл топтың барлық әнін жақсы көремін, соның ішінде ұнайтыны «RUN» әні. Тақырыбы «жүгіру» болғанымен, спортқа қатысы жоқ, махаббат жайлы ән. Менің жасымда қандай махаббат, мен бұл әнді таңертең жүгіргенде қатты жақсы көріп кетемін. Жүгіргенде көңілді көтеретін ән ғой:
«Снова бегу, бегу, бегу, не могу остановиться
Опять бегу, бегу, бегу и ничего не могу с этим поделать
Все равно, я больше ни на что не способен Только и могу, что любить тебя». Бұл әнді ұсынатындай ешқандай себеп жоқ шығар, тек тақырыпқа сай жазып отырмын.)
Және мен GIRLS GENERATION (SNSD) тобының әндерін сүйіп тыңдаймын. Хех, бұл да Оңтүстік Кореяның қыздар тобы. Негізі бірінші болып осы әнді жазуым керек еді. Бұл топтың әндерінен алғаш болып тыңдағаным және мені Кореяға жетелеген ән- «THE BOYS» әні. Ұлдар жайлы айтылғаны тақырыбынан да белгілі. Бұл әннің мағынасы менің өміріме қатысы жоқ. Тек бұл ән маған қатты ұнады. Осы әнді тыңдап, менің Кореяға деген құлшынысым артты. Осы әннің арқасында K-POP-қа келдім де, K-POPER болдым. K-POPқа қалай келдім, солай менің достарым азайды, яғни олар кәріс әншілерін ұнатпады. Бір жағынан достарым көбейді. Өзім сияқты Корея әншілерін тыңдайтын жандармен таныстым. Үлкені де, кішісі де бар. Қазір мені жанымдағы достарым емес, музыка әлеміндегі достарым көп іздейді. Айтарым осы үш ән. Талғамды сыйлай біліңіздер!)
Әрі қарай