Жарияланымдар

Сіз заңгерлер туралы қаншалықты жақсы білесіз?

Заң туралы терминдер алғаш рет антикалық дәуірлерде пайда болған. Солардың бірі «прокурор» бәріне қамқор болатын адам, «заңгер» болса латын тілінен аударғанда құқық деген ұғымды білдіреді екен. Ежелгі Римде сот ісі бүгінгі таңдағы шоу секілді өткен сондықтан оны қарауға көптеген көрермендер жиналған. Кей кездері сот істері бір тәуліктен аса уақыт жүргізілген. Өкінішке орай, барлық білім алушылар тамаша заңгер бола алмайды, дегенмен қалағанына қол жеткізіп, ақпаратпен толық қамтамасыз етілген білікті заңгер маман болса, одан жақсы саясаткер шығады, бірақ саясаткерден заңгерден шыға алмайды. Әлемге әйгілі тұлғаға айналып, талайлардың өміріне әсер еткен келесі заңгерлер бар: Махатма Ганди, Фидель Кастро, Владимир Ленин. Мәселен, АҚШ-тың бүгінгі күнге дейінгі президенттерінің 28-і заңгер мамандығын тәмамдаған. Ал, АҚШ Сенатының үштен екі бөлігі дәл осы заңгерлер.
Байқасаңыздар, жұмыспен қамту орталықтарында немесе қоғамға қажетті қызметкерлердің 75%-ға жуығы құқықтық қызметке байланысты. Өйткені, ең қажетті мамандарға: банк қызметіндегі заңгерлер, салық саласындағы, нотариус, түрлі компаниялардың құқықтың мәселелерін шешетін және авторлық құқықты қорғайтын заңгер мамандар қажет. Бір қызығы, медицина салсындағы қызметкерлер мен ауыл шаруашылық ісімен айналысатын мамандармен салыстырғанда, заңгерлердің сөздік қоры көп екен. Ол 15000-ға жуық кәсіби және күнделікті тұрмыста қолданылатын сөздерді біледі, бұл болса техникалық мамандардан сегіз есе көп.
Бүгінгі күні елімізде Елбасының «Бизнестің жол картасы 2020», «Қазақстан 2050» стратегиялық жобаларының аясында көптеген компаниялар ашылып өз қызметін халыққа ұсынуда. Ал, кез келген компания өзінің серіктестерімен келіссөз жүргізу, құжаттардың шынайылығын тексеруде және мекеме құқықтарын қарастыратын білікті заңгерлерге зәру. Демек, нарық заманында көпшіліктің қажетін қамтамасыз ете алатын заңгер болу үшін бастапқы білімді дұрыс алу керек. Білім әрбір адамның фундаменті десек, өз кәсіби өмірініңіздің нық болуы үшін дұрыс мамандық таңдап, сол сала бойынша терең білім алған абзал. Сондықтан, қоғам сұранысын өтей алатын білікті заңгерлерді дайындауда ұлттық университеттер рейтингісінде көш бастап тұрған Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті сөзсіз үздіктердің үздігі. Өйткені, бүгінгі күнге дейін 85 жылдық тарихы бар факультеттен мемлекеттік істерді шебер жүргізіп келе жатқан Жоғарғы соттың төрағасы Жақып Асанов, Конституиялық кеңестің төрағасы Қайрат Мами,Әсет Исекешов, Бекназаров Бектас, Донаков Талғат және өзге де елінің қамын жеген азаматтар түлеп ұшқан.
Бүгінде Мемлекет басшысының тапсырмасымен республикада сот жүйесін жаңғырту жүргізілуде. Оның ең маңызды міндетінің бірі — судьяларды іріктеу жүйесін жолға қою.

Қазақстандық заңгер «ұят» ұғымын заңға енгізуді ұсынды.

Жангелді Сүлейменов өзінің Facebook әлеуметтік желісінде еліміздің конституциясына «адамгершілік формуласын» енгізуді ұсынды. Адамдардың бойындағы ұлттық болмыс қасиеттерін дамыту арқылы қылмысты төмендетуге жол бастайтынын алға тартып отыр. Өйткені, соңғы кездері жиі кездесетін моральды шығын өтеу кезінде, қандай негізде айыптады десек, ұятты қылық жасады деп ақтай аламыз.
Бүгінгі таңда, осындай елдегі құқық бұзушылықтың төмендеуіне ықпал етіп жүрген, қара шаңырақ ҚазҰУ-дың заң факультеті талайлардың білім нәрімен сусындалған мекені. Әлем мойындаған беделді мемлекет болу үшін заң жүйесін ретке келтіріп, оны қадағалауды қолға алған жөн. Ал жастайынан бойға сіңбеген тәртіп пен тәрбие, ұлтжандылық ұғымы оқу ордасын бітірген жас маманның бойынан бірден табыла қоймайтын қасиет. Міне, жаңа заманның ең басты мәселелерінің бірі де осы. Себебі, қазақ жастарының көптеп шетелге кетуі, қара бастарын күйттеп, ел болашағына күмәнмен қарауы да білім мен тәрбиенің дұрыс берілмеуінен. Ғаламның екінші ұстазы Әл-Фараби «тәрбиесіз берілген білім — адамзаттың хас жауы» — деген болатын, олай болса ғылым мен тәрбие жас ұрпақтың болмысына қатар сіңіре білген еліміздегі үздік оқу орындарының бірі Әл — Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті. Егер адам ішсем, жесем, күліп — ойнасам деген мақсатпен ғана тіршілік етсе, ұлтының кемел келешегіне күмән туары хақ. Демек, Елбасымыз атағандай «Рухани жаңғыру» идеясын қолдасақ, Қазақстан әлемнің ең үздік елдерінің қатарына қосылары анық. Осы мақсатта, ҚазҰУ көлемінде жыл сайын «Мен — жастарға сенемін!» секілді студенттер мен оқушылардың мемлекет болашағына қаншалықты алаңдап, қандай идеяларын ұсынатын байқаулар өтеді. Оның ішінде, заң факультетінен қатысатын студенттер елдегі қауіпсіздік және саяси күрделі мәсмелелерді шешуде қандай бағыттарды ұстанып, заңды қатаң қолға алудың тиімді жолдарын қарастырады.
Қазіргі таңда, Заң факультеті тек қана университет көлемінде емес, әлемнің онға жуық елінің үздік оқу ордаларымен байланысып жастардың білім алмасуына мүмкіндік жасап отыр. Әл – Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жастардың замауи талапқа сай білім деңгейін қалыптастырып қана қоймай, отанын сүйер ұрпақтың қалыптасуына ықпал ететін үздік оқу ордасы!

Ел ертеңін бірге қамтамасыз етейік!

Күніне неше адам түрлі қылмыс жасайды? Жұмыс беруші сіздің танысыңызға жалақысын бермей қойды ма? Жас бала неліктен толық жұмыс уақытын өтеуі тиіс? Қылмысты кім және не үшін жасайды? Біз тәртіпті қалай орнатамыз? Осы сұрақтар күнделікті сіз бен біздің мазамызды алады. Уақыт өткен сайын адамдардың ақыл-ойы санасы дамып келеді. Шығыстың ұлы ойшылы, әлемнің екінші ұстазы әл-Фараби «тәрбиесіз берілген білім адамзаттың хас жауы» деген болатын, демек тәрбие мен тәртіп болмаған жерде шектен тыс ақылдылық қоғамға қауіп тудырады. Заман мен ғалам қатар дамыған сайын, қылмыс түрлері де, оны жасаушылар да көбейді.Олай болса қылмыс деп нені атаймыз?!
Қылмыс — қылмыстық кодекс бойынша жазалау мүмкіндігімен тыйым салынынған, қоғамға қауіпті әрекет немесе әрекетсіздік. Қылмыс — бұл құқық бұзылушылықтың бір түрі. Ал мұндай қауіпті істі конституциялық тұрғыда әшкерелеумен әрі жазалаумен әрбір адам айналыса бермейді. Оны тек заң саласында қызмет ететін азаматтар ғана біледі және содан туындайтын мәселелерді шешеді. Егер сіздің ойыңызда отанға деген борышты өтеу үшін заң жолымен тәртіп орнату көзделсе, бірінші дұрыс «иммунитеті» мықты жерден білім алған дұрыс. Бұл атқа меніңше, еліміздегі ұлттық оқу орындары рейтингісінде көш бастап тұрған әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті әбден лайық.
1955 жылы Алматы заң институтының негізінде Қазақстанда ең алғашқы заңгерлер дайындайтын мемлекеттік жоғары оқу ордасында заң факультеті құрылды. Ол қазіргі заманға сай әдістерді қолданып, жоғарғы деңгейдегі заң мамандарын даярлады. Заң факультеті өзінің 63 жылдық тарихында 35 мыңға жуық құқық саласындағы маманды, яғни сот, прокуратура, ішкі істер органдары мен мемлекеттік қауіпсіздіктің жоғары білікті жауапты қызметкерлерін, нотариустарды, адвокаттарды, заңгерлерді дайындап шығарды. Факультетте ҚР ҰҒА академигі, з.ғ.д., профессор С.С. Сартаев; з.ғ.д., профессор Д.Л. Байдельдинов, з.ғ.д., профессор А.Н. Ағыбаев, отызға жуық доктор мен профессорлар, 80-тен астам ғылым кандидаты мен доценттер, 12 PhD докторы, оқытушылар жұмыс жасайды. Сонымен қатар ҚР Парламентінен, ҚР Конституциялық Кеңесінен, ҚР Жоғарғы Сотынан, ҚР Президенті Әкімшілігінен, ҚР Бас Прокуратурасынан, ҚР Үкіметінен және құқық қорғау органдарынан жоғары кәсіби тәжірибелі мамандар ашық дәріс сабақтарын өткізіп тұрады. Білімді тек кітаптан емес, практик мамандардан қатар алатын заң факульететінің студенттері қай кезде болмасын сұранысқа ие болды. Ірілі ұсақты компаниялар мен мемлекеттік ұйымдар үшін заңгер маманы аса маңызды, сол себепті де дарынды маман иесі ешқашан есік аузында қалмас.
Заң факультеті нарықтық экономика жағдайында демократиялық құқықтық мемлекетті қалыптастыруға қабілетті, жоғары білікті кадрларды дайындау бойынша жалпыға бірдей тапсырмалар енгізілді.

Халықаралық журналистерді даярлау мәселесі талқыланды

Блог - Atynay: Халықаралық журналистерді даярлау мәселесі талқыландыХалықаралық журналистерді даярлау мәселесі талқыланды

V халықаралық Фараби оқулары аясында “Тұрақты даму мақсатындағы халықаралық журналистиканы оқыту модельдері (MTIJ)” атты үшінші халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Ғылыми конференция «Мамандыққа оқытудың жаңа алгоритмдері», «2018 жылдың медиа-трендтері», «ІІІ конференция (МTIJ): кеңес беру және диалог форматтары» бағыттарын қамтып, «Онлайн-білім беру үдерістері», «Әлемдік қауіп-қатерлер жүйесіндегі журналистика» «Тұрақты даму кластеріндегі медиасфера», «Медианы роботизациялау», «Постшындық кезеңі және контентті тексеру», «Crowdlearning: аудиторияны зерттеудің жаңа деңгейі», «Кибер соғыстар және жеке қауіпсіздік тәуекелдер» тақырыптарында өрбіді.
Конференцияны журналистика факультетінің деканы Сағатбек Медеубекұлы ашып, биыл үшінші мәрте өткізіліп отырған жиын жұмысына сәттілік тіледі. Журналистер даярлаудағы өзекті мәселені кең әрі ашық талқылау білім беру және медиа саласындағы сарапшылардың өзара тәжірибе алмасып, мәселені бірігіп шешуіне ықпал етері даусыз деген сенім білдірді.
Конференция модераторы ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғамдық медиа кафедрасының меңгерушісі Назгүл Шыңғысова ақпараттық контентті сауатты қалыптастырып, тілдік және құқықтық тұрғыдан біліктілік танытатын мамандар даярлаудағы өзекті мәселелерді ойталқыға салатын ғылыми жиынның маңыздылығын атап өтті. «Халықаралық журналистика» мамандығының өзекті мәселелерін тілге тиек етті. Қатысушыларды алдыңғы өткізілген екі конференцияның қорытындыларымен таныстырды.
Одан кейін сөз алған Алматы қ. ЮНЕСКО Кластерлік бюросының коммуникация және ақпарат бөлімінің маманы Сергей Карпов БАҚ дамуындағы жаһандық тенденцияларға байланысты баяндамасында БАҚ еркіндігі, плюрализм, журналистердің тәуелсіздігі және қауіпсіздігі саласындағы жаңа тенденцияларға сыни талдау жасады.
БҰҰ-ның Қазақстандағы қоғамдық ақпарат департаментінің директоры Властимил Самек БАҚ дамуындағы Қазақстанның елеулі әлеуетін атап өтті: «Біз, әрине, журналистиканы оқыту бойынша технологиялық, халықаралық стандартқа негізделген бағдарламалардың енгізілуі мен қолданылуындағы үдерістерді қолдаймыз. Әлемдік стандарт бойынша жұмыс атқаратын қазақстандық журналистер жаһандық ақпараттық кеңістікте шетелдік әріптестермен бәсекеге қабілетті болады».
Қазақстан журналистика Академиясының президенті Сағымбай Қозыбаев журналистер даярлаудағы білім беру үдерісінің сапасы мен деңгейін қатаң бақылау қажеттілігіне тоқталды.
Жиында баяндама жасап, өзекті ойларын ортаға салған профессор Ләйлә Ахметова, «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қорының сарапшысы Ғалия Әженова, «Internews» Орталық Азиядағы өкілдігінің басшысы Марат Бигалиев, осы ұйымның жаңа медиа-кеңесшісі Анна Сукачева, заңгері Ольга Диденко, «Түркітілдес журналистер қоры» ҚҚ президенті Нәзия Жоямергенқызы, «Мінбер» журналистерді қолдау орталығының президенті Есенгүл Кәпқызы, Factcheck.kz редакторы Думан Смақов т.б. журналистер даярлау ісін үнемі жетілдіріп, әлемдік стандартқа сай сапалы даярлау қажет деген ортақ пікірге тоқталды.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Студенттік баспасөз Орталығы
Әрі қарай

ТҰРАҚТЫ ДАМУ МАҚСАТЫНДА (ТДМ) ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖУРНАЛИСТИКАНЫ ОҚЫТУ МОДЕЛЬДЕРІ

ТҰРАҚТЫ ДАМУ МАҚСАТЫНДА (ТДМ) ХАЛЫҚАРАЛЫҚ
ЖУРНАЛИСТИКАНЫ ОҚЫТУ МОДЕЛЬДЕРІ
V халықаралық Фараби оқулары аясында “Тұрақты даму мақсатындағы халықаралық журналистиканы оқыту модельдері (MTIJ)” атты үшінші халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Ғылыми конференция «Мамандыққа оқытудың жаңа алгоритмдері», «2018 жылдың медиа-трендтері», «ІІІ конференция (МTIJ): кеңес беру және диалог форматтары» бағыттарын қамтып, «Онлайн-білім беру үдерістері», «Әлемдік қауіп-қатерлер жүйесіндегі журналистика» «Тұрақты даму кластеріндегі медиасфера», «Медианы роботизациялау», «Постшындық кезеңі және контентті тексеру», «Crowdlearning: аудиторияны зерттеудің жаңа деңгейі», «Кибер соғыстар және жеке қауіпсіздік тәуекелдер» тақырыптарында өрбіді.
Конференцияны журналистика факультетінің деканы Сағатбек Медеубекұлы ашып, биыл үшінші мәрте өткізіліп отырған конференция жұмысына сәттілік тіледі.
Конференция модераторы ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғамдық медиа кафедрасының меңгерушісі, филол.ғ.д., профессор Назгүл Шыңғысова конференцияның маңыздылығына тоқталып, «Халықаралық журналистика» мамандығының өзекті мәселелерін тілге тиек етті. Қатысушыларды алдыңғы өткізілген екі конференцияның қорытындыларымен таныстырды.
Одан кейін сөз алған Алматы қ. ЮНЕСКО Кластерлік бюросының коммуникация және ақпарат бөлімінің басшысыСергей Карпов Властимил Самек, БҰҰ-ның Қазақстандағы қоғамдық ақпарат департаментінің директоры; Марек Бекерман Albany Associates халықаралық аймақтық жобасының жоба директоры; Юсуф Калианго, Огайо университетіндегі Халықаралық журналистика институтының директоры, профессор; Ғалия Ибраева, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Бірінші проректорының кеңесшісі; Ләйла Ахметова, профессор, ҚазҰУ; Сағымбай Қозыбаев, Қазақстан журналистика Академиясының президенті; Ғалия Әженова, «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қорының сарапшысы; Марат Бигалиев, «Internews» Орталық Азиядағы өкілдігінің басшысы; Анна Сукачева, «Internews» жаңа медиа-кеңесшісі; Ольга Диденко, Интерньюс-Қазакстан заңгері; Әділ Жалилов, «MediaNet» Халықаралық журналистика Орталығының директоры; Мария Дубовицкая, ЕҚЫҰ саяси мәселелер және БАҚ Офис бағдарламасының Астанадағы ұлттық үйлестірушісі; Рафис Абазов, MDP бағдарламасының директоры, Колумбия университетінің адьюнк-профессоры; Нәзия Жоямергенқызы, «Түркітілдес журналистер қоры» ҚҚ президенті; ф.ғ.к., Есенгүл Кәпқызы, «Мінбер» журналистерді қолдау орталығының президенті; Жұлдыз Әбілдә, «Жас өркен» ЖШС директорының орынбасары; Ербол Азанбек, АҚ «KaspiBank» баспасөз-хатшысы; Думан Смақов, Factcheck.kz редакторы,
Конференция білім берудің жоғары стандарттарына қол жеткізу және әртүрлі елдердің ғылыми қоғамдастығының және тұрақты даму мақсатында халықаралық ұйымдардың диалогты және өзара әрекеттесуді ұйымдастыру үшін сапалы ғылыми алаң екендігін айту қажет.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Студенттік баспасөз Орталығы
Әрі қарай

Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың "Президенттің бес әлеуметтің бастамасы" атты халыққа үндеуі. Елбасының "Бес әлеуметтік бастамасы" үндеуі Алматы жастары арасында талқыланды

Наурыздың 19-ы күні әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «Жастар ұйымдары» комитетінің төрағасы Нұрсұлтан Болатұлының ұйымдастыруымен Елбасының «Бес әлеуметтік бастамасы» атты Алқасөз Алматы жастары арасында өткізілді. Алқасөздің мақсаты — жастар арасында Елбасының үндеуін талқылап, кеңінен насихаттау, жоғары оқу орындарында жүзеге асырылуын қадағалау. Дөңгелек үстел модераторы Бекқайыров Нұрсұлтан үндеудің үшінші бастамасы жастарға арналғандығын айтып, сөз кезегін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Алтын сапа» пікірсайыс клубының төрағасы Өтеген Төрежанға берді. Өтеген Төрежан үндеудің бес бағытына талдау жасай келіп: «Бес әлеуметтік бастама — ел жағдайын әлеуметтік жобалар арқылы жақсарту деп ойлаймын», — деп қорытындылады. Кезекті сөз тізгінін алған «Сұңқар» студенттер мен магистранттар кәсіподағының төраға орынбасары Әлібек Қызайбай кәсіподақтың атқаратын қызметтері осы үндеумен тығыз байланысты екендігін айтты. Атап айтқанда, студенттерге әлеуметтік көмек беру, жатақханамен, «Оңай» қоғамдық көлік картасымен қамтамасыз ету, дұрыс тамақтануды қадағалау, белсенді студенттерге Ыстықкөлге тегін жолдама беру т.б.
«7-20-25» бағдарламасындағы сандарға экономика және бизнес жоғары мектебінің белсенді студенті Жәкен Нұрхан: "Қазіргі кезде Қазақстанда жұмыссыз жүрген 436 мың қарапайым халықты жұмыспен қамту үшін жасап жатқан шараның бірі десек болады. Яғни, шағын несиелермен өзіңді және өзгелерді жұмыспен қамту арқылы Қазақстанның экономикалық тұрақтылығын қамту үшін жүзеге асырылатын шараларға өз үлесіңізді қоса аласыз"- деді.
Журналистика факультетінің студенттік деканы Адина Мамбетханның баяндамасынан кейін, Нұрсұлтан Болатұлы 6 жыл бұрын Елбасының өзі отырған залда үндеуін талқылағаны үшін ерекше қуанышты екендігін айта келіп: «Ең үлкен назар аударылатыны — үшінші бастама. ЖОО-да білім сапасы және білім алатын студенттердің жағдайы, қосымша 20 мың гранттың бөлінуі. Сонымен қатар 75 мың студенттерге арналған жатақхананың салынуы»-деді.
АТУ-да «Жастар кеңесінің» төрағасы, 2 курс магистранты Әбдешов Ержан: «Дәл осы бес бастаманың да бізге қатысы өте зор, мәселен, Елбасының білім гранттарының бірден 20 мыңға өсуі. Осы уақытқа дейін гранттар саны ұлттық университеттерге көбірек бөлінсе, қазіргі таңда біздің университетімізге де гранттар саны көбейеді. Елбасы техникалық және технологиялық мамандықтардың санын көбейтуді қадап айтқан болатын», — деді.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Студенттік баспасөз Орталығы
Әрі қарай

ТҰРАҚТЫ ДАМУ САЛАСЫНДАҒЫ МАГИСТРЛЕР БҰҰ ҚАУІПСІЗДІК КЕҢЕСІНІҢ НЬЮ ЙОРКТЕ ӨТКЕН ЖАҺАНДЫҚ ПІКІРТАЛАСҚА ҚАТЫСТЫ

Тұрақты даму саласы (MDP) бойынша білім алып жатқан бір топ магистрлер және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Түлектер орталығының студенттері Қазақстан Президентінің тарихи сөз сөйлеуіне куәгер болу үшін Нью-Йоркке шақырылды. 2018 ж. 18 қаңтарда Нью-Йоркте өтетін БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде Президент Нұрсұлтан Назарбаев ядролық қаруды таратпау туралы баяндамасын оқиды. Бұл баяндама Қазақстан Республикасы үшін тағы бір тарихи оқиға болып табылатын Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде төрағалық етуіне теңестірілуде.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінен қатысушы студенттер Нью-Йоркке оқу үдерісі бойынша, яғни, Колумбия университетімен (SIPA) алмасу бағдарламасы келісімшарты аясында келді. Он күндік сапар барысында олар бірнеше пәндер бойынша жетекші тәжірибелі мамандар мен ғалымдардан дәріс алады.

Ақпарат: БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі. Жарғыға сәйкес Қауіпсіздік Кеңесі бүкіл әлемде бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге толықтай жауапты. БҰҰ ҚК 15мүше мемлекеттер бар және әрбір мүшесі бір дауысқа ие. Жарғыға сәйкес барлық мүше мемлекеттер БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің шешімін орындауға міндетті.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Студенттік баспасөз Орталығы
Әрі қарай