Жарияланымдар

Asyl
Ассаламу алейкум. Жұмабек, хал жақсы ма? Философия жөнінде тақырыпты жақсы қозғапсың. Бұл қай мақалаға қатысты пікірлерің?Қай жерде орналасқан? Жалпы пікірлеріңмен келісемін, бірақ, қадар мәселесі жөнінде біржақты жазғансың. Оның адамның қалауына байланысты жағы бар. Олай болмағанда, яғни, адамның тағдыры оның еркіне қатысты болмағанда, оның жаратылысының мәні болмаушы еді. Тағы бір жәйт. Философия құрал ретінде қызмет етуі мүмкін, алайда оның ақиқатқа жету ықтамалдылығы аз. Ислам діні толық, оның кемшілігі жоқ. Кемшіл де шектеулі — ол біз, философия.
Араб көктемі жайлы пікіріңмен келісемін. Әлеуметтік желілер тек құрал ретінде қолданылды, қолданыла бермек. Алайда оның революциялық толқындарды басқаратындай нағыз ұйымдастырушылық қызметі төмен.