Жарияланымдар

Жастар жазғы фестивалінің жеңімпазы анықталды

Жастар жылы барысында Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының гранты аясында көптеген жобалар жүзеге асырылуда. Солардың бірі — Қазақстан КВН Одағы Республикалық жастар қоғамдық бірлестігімен ұйымдастырған жазғы фестиваль.
Нұр-Сұлтан қаласында өткен жайдарман ойындарының республикалық жастар жазғы фестиваліне еліміздің әр аймағынан өнер көрсетуге ниетті топтар саны жыл санап артып келеді. Биылғы сайысқа Жоғары лигада бақ сынап жатқан жайдарман жұлдыздары мен жас командалардан құралған 15 топ қатысты. Өнерлері мен тапқырлықтары тең түскен жайдарман топтарына Дана Нұржігіт, Бақтияр Артаев, Дәулет Кәрібек, Бақтияр Мәкен, Ерлан Аңдасбаев есімді тұлғалар қазылық етті.
— Қазақстан Теміржолы ұлттық компаниясының құрамасы — «Маңғыстау.kz»
— «Медиум» Тараз қаласынан
— «Квартал» Орал қаласы
— «Қазақпыз ғой» Павлодар қаласы
— «АҚ құрамасы» Семей қаласы
— «Бренд» Қостанай қаласы
— «Әуезов құрамасы» Семей қаласы
— «Сарыарқа құрамасы» Нұр-Сұлтан қаласы
— КазАТК – Алматы қаласы М. Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы
— «Грация» Нұр-Сұлтан қаласы
— «Жарлыөзек» Алматы облысы
— «Эконом класс» Ақтөбе қаласы
— «Мед универ» Семей қаласы
— «Дарын» Қостанай қаласы
— «Қазалы» Қызылорда облысы
Осы аталған жайдарман топтарының өнерлеріне оң баға беріліп, жеңімпаздар анықталды.
Сайыс қорытындысы бойынша жүлделі үшінші орынды Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік универсиетінің жастарынан құралған «Эконом класс» командасы иеленсе, күміс жүлде яғни екінші орын елордалық «Сарыарқа құрамасына» бұйырды. Ал, республикалық деңгейде алғаш рет сахна төріне шыққан Шығыс Қазақстандық «АҚ» командасы «Жазғы фестиваль жеңімпаздары» атанып, үлкен кубокті иеленді. Халықаралық жастар күніне арналған сайыс жоғары деңгейді өтіп, осылайша жас командалардың жайдарман әлеміндегі қанаттарының кеңге жайылуына мүмкіндік берді.

Астанада көше саудасымен қалай айналысуға болады?

Cәкен Әділбеков — Астанадағы 1000 орын көше саудасы жобасының жетекшісі.
Астанадағы 1000 орын көше саудасы жобасы туралы білесіз бе?! Заңды түрде көше саудасы кәсібімен айналысудың қыр-сыры туралы.

Астанада VIII Азаматтық форум өтті



Азаматтық қоғам және мемлекет. Бүгінгі үкіметтік емес ұйымдардың форумы осы тақырып төңірегінде өрбіді. Тағы, Елбасы Жолдауында айтылған әлеуметтік бастамаларды іске асыру аясында тиімді ынтымақтастық құруға баса көңіл бөлінген. Жиында сөз алған ҚР қоғамдық даму министірі Дархан Кәлетаев үкіметтік емес ұйымдар үшін бірқатар жағымды жаңалықтарымен бөлісті.

Дархан Кәлетаев, ҚР қоғамдық даму министірі:
«Астанада азаматтық бастамалар орталығының құрылысы басталды. Әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуға арналған бірқатар жобалар қолға алынып, Қазақстанның барлық облыстарын қамтып әлеуметтік жобалар картасын әзірлейміз».

Қазірдің өзінде Астананы – үкіметтік емес ұйымдардың ордасы деп атауға болады. Себебі, бас қаладағы кез-келген жобаның басы-қасында осындай ұйым мүшелері жүреді. Қоғамдық, әлеуметтік, саяси оқиғалардағы дәл осы үкіметтік емес ұйымдардың рөлі күн санап артып келеді.

Бақыт Сұлтанов:
«Астана әкімдігі мен 30-дан астам үкіметтік емес ұйымдар бірлесіп 464 миллион теңгенің 66 әлеуметтік маңызы бар жобасын жүзеге асырды. Сондықтан бүгінгі форумды ашық диалог алаңына айналдырып, қоғамды дамыту үшін ойлап табылған әр жобаны талқылап, осы саладағы мәселелерді бірлесіп қаузаймыз».

Шаһар басшысы атап кеткен әкімдікпен бірлесіп жұмыс жасайтын 30 үкіметтік емес ұйымның бірі «Дос»Тәуелсіз өмір» орталығы мүгедектер ҚБ. Олар мүмкіндігі шектеулі жандарға қолайлы бірнеше жоба ұсынған.

Қарлығаш Тыныбекова, «Дос»Тәуелсіз өмір» орталығы мүгедектер ҚБ атқарушы директоры:
Арт терапия, бокалотерапия, саз-балшық терапиясы туралы».

Астанада бас-аяғы 2700-ден артық үкіметтік емес ұйымдар бар. Ал, оның білгілі бір бөлігі тіркеліп тұрғанымен жұмыс жасамайды. Ондайларға мораторий беріліп тізімнен алынып тасталатын болды. Өзгелері бүгін бірқатар мәселелері шешіліп қуанып қалды.

Баян Ахметжанова, «Форум НКО Астаны» президенті:
«Көп ұйымдар өздерінң қойған, көп жылдары шайқап жүрген сұрақтарына жауап алып жатыр. Оған өте қуаныштымыз. Ал, енді ойлаймыз осы қаланың ішіндегі өздерінң шешеиідеріне келмей, мүгедек, қарт кісі болсын. Елдегі проблемалары зор азаматтар осындай жиналыстардан кейін пайдасы тиеді. + Бүгінгі жиыннан кейін айтып отыр ғой ковркинг центр сияқты үкіметтік емес ұйымдарға офисный нелер беріледі помещениялар. Сосын өзіміз қатысып жүрген госзаказдар 1 жылдық емес 3 жылдық болады деп жатыр».

Жиын қорытындысында Астана әкімі жастарды шаһар төңірегіндегі мәселерді бірігіп шешуге ат салысуға шақырды. Бұдан бөлек форум аясында әлеуметтік идеялар мен жобалардың үздік авторлары марапатталды. Айта кетейін, осы жылдың 27-28 қарашасында Астанада Елбасының қатысуымен республикалық деңгейдегі азаматтық форум өтеді.

Астана "Жастар жалыны" форумы



Астана «Жастар жалыны» форумы өтті

Жастар – қоғамның тегеурінді күші. Елдің алға ілгерілеп, дамуы жолында қоғамның осы тобына артылар жүк ауыр. Жасампаздыққа жан құмартқандардың дүниетанымын кеңейтпекке " жастар жалыны" форумы Астанада ұйымдастырылды.
Жастарға ілкімді ой айтып, бағдар беруге жетістікке жеткен 20 арнайы қонақ шақыртылды. Олар өмір өткелдерімен бөлісіп, жиналғанларға шабыт сыйлады. Олардың бірі — Арслан Дамиров. Жоғары оқу орнында білім алудан бас тартқан ол, 17 жасында кәсібін бастап, қалыптасқан таптаурындарды бұзды. 5 жыл ішінде тіл үйрету орталығының ауқымын кеңейтіп, кәсібін Ресейде де дөңгелетуде.
Арслан Дамиров — кәсіпкер
Әр адам Мен кіммін? Өмірге не үшін келдім? деген сауалдарға жауап берсе, жолы айқындалады. Мен сұрақтарға 17 жасымда жауап іздеп, кәсіпкер атандым. Жетістікке жету үшін пікір 1 арнаға тоғысатын жандармен мықты команда құру қажет.
Қиындықты қасқая жеңген Серік Есматов, жастардың қошеметіне бөленіп, үлгі болды. Қос аяғынан айырылған ол үмітін өшірмей, белестерді бағындыруға кірісті. Нәтижесінде, паралимпиада жүлдегері, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы атанды.
Серік Есматов — паралимпиада жүлдегері, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы
Қиындыққа мойымау керек. Мен 13 жасымда оқыс оқиғадан 2 аяғымнан бірдей айырылдым. Соған қарамастан, жүректегі қорқынышты жеңіп, өзімді дамыттып. Спортқа ден қойып, волейболмен айналыстым. 1500 кітап оқып, болашағымды жарқын етуге тырыстым. Сіздер де мақсаттарыңызға айқын қадам басыңыздар.
Форумға 1000 жуық жас қатысты. Қажетті ақпараттарға қанық болғандар, алғыстарын қошеметпен жеткізді.
Жастарға ұсынылған тарту мұнымен толастамады. Рухани байығандар, концерттік бағдарлама тамашалап, бір серпілді.

«Астана LRT» – қоғамдық көліктер халықтың уақытын үнемдеуге қауқарлы

«Астана LRT» – қоғамдық көліктер халықтың уақытын үнемдеуге қауқарлы.
«Astana Aspany» бағдарламасының алғашқы қонағы «Астана LRT» ЖШС-ның төлем жүйелері департаментінің директоры Дәурен Нұралиев болды. Еліміздің бас шаһарын «ақылды қалаға» айналдырар, жергілікті биліктің негізгі жобаларының бірі, соңғы бірнеше жылда біраз жаңалықтарды енгізіп үлгерді. Ондағы мақсат: қала тұрғындарын уақытын, шығынын ыңғайлы жолмен үнемдеуге септігін тигізу. Бағдарлама барысында Дәурен Нұралиев мырза, жүргізушінің сан түрлі сұрақтарына жауап беріп, халыққа пайдалы ақпараттармен бөліседі.

Жастардың жұлдызын жағатын байқау



Жастардың жұлдызын жағатын байқау

Астанада тұңғыш рет «Жаңа белес» байқауы өтті. Өнерлілер додасына бас қаланың 35 арнайы орта білім беретін оқу орындарының студенттері қатысты. Жалынды жастар тыңғылықты дайындалып, үздік танылуға ынтықты. Шеберліктерін шыңдап, жанкүйерлердің ықыласына бөленді.

Жеңіске жетіп, талантын танытуға мыңнан астам студент ниет білдірген. Олар ән, би, мәнерлеп оқу, сиқыр, кім ақылды аталымдары бойынша бақ сынауда. Үміткерлер сапында ауқымды байқау жеңімпаздары мен сахнаға алғаш рет шығатындары да бар.

Үміткерлердің шабытын шалқытуға жанкүйерлер ерекше ынтызарлық танытты. Жасампаздыққа ұмтылып, арнайы киім киіп, ұрандарын айтып, ерекшеленуге тырысты. Өйткені, байқау аясында үздік жанкүйерлер де анықталады.

Жастарға қолдау көрсетуге эстрада жұлдыздары келіп, әннен әуелетті. Айта кетейік, жарыс 6 күнге созылады. Жүзден жүйрік шыққандарға қаржылай сый табысталады.

Астана Опера. Шыңғыс Қожабековпен бірге | Астананы жағаlike

Мәдениеттің ең жоғары сатысы болып саналатын, опера өнерінің алтын ордасы «Астана Опера» ғимаратын, тек сыртынан тамашалап жүрген болсаңыз, бұл дәл сізге арналған шығарылым!)
«Астананы ЖағаLike» жобасының бұл бөлімі керемет ғимарат «Астана Опера»-ға арналады!

Қайрат Баекенов. Ол екi чемоданмен келген еді

Қайрат Баекенов — музыкант, композитор. «Формат» тобының продюсерi. Астана қаласына екi чемоданмен келiп елордамен бiрге шығармашылығын дамытқан өнер адамы.
«Astana Aspany» бағдарламасының кезекті қонағы Қайрат Баекенов өз сұқбатында мамандық таңдау мен жар таңдаудың сырымен бөліседі. Елордаға арман қуып келіп, жанды дауыста ән салатын вокалды-инструменталды ансамбль құрып аяққа тұрғызған. Оның шығармашылық жолы үлкен ізденіс пен әрдайым жаңашылдықты талап етті. Осылайша, Қайрат өзінің отандық эстрадаға деген кәсіби көзқарасы мен өмірлік ұстанымдары туралы айтады.

Астанада "Шабыт" шығармашыл жастар фестивалі басталды



Астанада «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалі басталды. Осымен 21-ші рет өткізілген байқауға 16 мен 35 жас аралығындағы 600-ден астам үміткер қатысты. Олар, 5 күн бойы сынға түсіп, жүзден жүйрікті анықтайды. Мәселен, алғашында мыс үрмелі аспаптар аталымына 18 адам қатысса, 2-ші кезеңге оның тек 9-ы жолдама алды.

Әр үміткерге артылған жүк ауыр. Олар елінің намысын қорғап қана қоймай, өнер айдынында өрістерін кеңейтеді. Қатысушылардың бұл жылғы мүмкіндігін
Ресей, Украина, Қырғызстан, Австрия, Германия, Грузия, Македония, Израильден келген көрнекті мәдениет қайраткерлері бағалайды.

Үміткерлер 5 аталым бойынша сынға түсуде. Талантын танытқысы келгендер, тыңғылықты дайындалып, бар өнерлерін паш етті. Қатысушылар, Шабыт фестивалінің деңгейі қашан да асқақ дейді.

Астананың 20 жылдығына орай ұйымдастырылған байқау елімізбен қатар Ресей, Украина, Грузия, Израиль, Қырғызстан, Әзербайжан, Өзбекстанның таланттарын тоғыстырды. Фестивальдің биылғы ерекшелігі, 6 жыл бұрын бағдарламадан шыққан журналистика аталымы қайта енгізілді. Айта кетейік, байқауға 21 жыл ішінде 10 мыңнан астам үміткер қатысып, жұлдызын жаққан.

Астаналықтар шұғыл жағдайда қайда хабарласулары керек? | Ikomek



Астана қаласы Əкiмдiгiнiң қолдауымен «Астана Аспаны» сұқбаттық жанрда түсiрiлетiн жоба əлеуметтiк желiлерде жарық кɵрдi. Бағдарламамыздың басты мақсаты — Елорданың ɵсiп — ɵркендеуiне ɵз ықпалын тигiзген жандардың еңбек жолы мен ɵмiрлiк ұстанымдары туралы баяндау. Хабарымыздың кезектi кейiпкерi — «I komek » қалалық мониторинг және шұғыл әрекет ету орталығының басшысы Жаннат Дубирова. «Ikomek» орталығы Елорданың шаруашылық жұмыстары мен қауіпсіздік шараларын бақылауға алып, тұрғындардың сұраныстарын «109» call-байланыс нөмері арқылы қабылдайды. «Астана су арнасы», «LRT» қоғамдық көлігі, «Жедел жәрдем» станциялары және қаладағы төтенше жағдайлар мен көшелерде орнатылған бейнебақылаулардың жұмыстары туралы баяндайды.