Жарияланымдар

Құжаттарың түгел ме?

«Осыншама өмір сүргенде құжаттары түгел қазақты кездестірмедім» © танымал біреу

Негізі, бәрін бірдей осы стереотипке телу қисынсыз болар, бірақ, басым көпшілігі (оның ішінде өзім де бармын) осындай сияқтымыз.
Жақында жұмыс ауыстырып, барған жердегі кадр бөлімі мен бухгалтерияға тапсыру үшін құжаттарымның көшірмесін жинақтайын дегенде, ненің қайда қалғанын білмей, 10 күндей уақытымды құжат түгендеу операциясына арнағаным бар.

Содан туындаған сауалдар:

1. Құжаттарыңыздың (жеке куәлік, паспорт, ӘЖК (СИК), СТТН (РНН), жүргізуші куәлігі, машинаңыз болса оның құжаттары, тағысын тағкылар) түгелдігі мен жарамдылық мерзімін қаншалықты жиі тексересіз? Ауыстыру қажет болғанда уақтылы ауыстырасыз ба?
2. Құжаттарыңыздың тап-тұйнақтай, түгел болуы сізге қаншалықты маңызды, соған орай қандай да бір шаралар қабылдайсыз ба?

Ал, бөлісе отырыңдар ойларыңмен…
Әрі қарай

Қазақша КВН-2011

Админнің қолпаштауынан кейін аз да болса көрген білгеннен бөлісейін дедім. )))))))
Қазақша КВН-ге атсалысқандардың қатарынан болғасын, жақында болған (29.09.2011) жартылай финалдық ойындарға шолу жасап көрейін.
Айта кетейін, 2 топқа бөлінген ойынның тек бірінші күнін көрдім, екінші күні баруға мүмкіндік болмай қалды (жалпы ойындарға бармау менің өмірімде сирек кездесетін жайт).
Сонымен, ойынға 4 команда қатысты:
«Назар аудар» Орал
«Барыстар» Ақтау
«Нұр» Астана
«ТарМУ» Тараз
Әрі қарай

Сағыну мен күту

Жақында бір танысым мынадай сұрақ қойды.
Сағыну мен күту екі түрлі сезім бе әлде бір-бірінен ажырамайтын егіз ұғым ба?
Ойланып қалдым…
күткен адам сағынады, сағынған адам күтеді. Бірақ, сағынбай-ақ күте беретіндер де бар, келмейтінін, күткеннен қайыр жоқтығын біле тұра сағынатындар тағы бар…
Сонда қалай?
Әрі қарай