Жарияланымдар

Akkoyan
мен калып койыппын гой менде жазайншыыыыы:
2012 жылы:
қаңтар: желтоқсаннан қалған қалың қарды күредім, арасында көрші-қолаң басқа біреулермен сөйлесіп тұрғанда тәтемнің балаларымен қар атысып ойнадым;
ақпан: 1ші рет конькиге барам деп аягымды шыгарып алдым, бирақ осыдан кейін жарнама ролигіне түсуге ұсыныс алдым;
наурыз: Керекинфога тіркелдім
сәуір: массаган осы ай мүлдем есімде жоқ… ужастик…
мамыр: сессиямды уздик жауып, диссертация жазуға мүмкіндік алдым;
маусым: Жүрек ауруы, дипрессия-------------------------------------------------
шілде: жаңа өмір бастадым…
тамыз: күніне 20 сағат жұмыста қамалдым…
қыркүйек: жұмыста жобамды қорғам кәдімгі адамша жұмысқа барып келіп істейтін мүмкіндік алдым)))
қазан: бұл ай әр жыл сайын керемет өтеді: менің туған күнім осы айда болғандықтан 1-нен 31 не дейін подаркаға тоям, сондай-ақ, осы айда жиенімнің жүрегіне жасалған операция сатті өтті!
қараша: көптен күткен ұлы той: үлкен үйде жылына 1 рет өткізілетін отбасымыздың саммиті, баріміз жиналып бір-бірімізді көріп мөөөөөөз болдық..
желтоқсан: керемет ай: жаңа жылдық скидкалардың басталуы!!!
Жалпы айтқанда 2012 мен үшін керемет жыл болды: көп нарсе үйрендім, қиындықтардан өттім, керемет адамдармен таныстым, мүшелден аман-есен аттап барам, жақсы жетістіктерге жеттім, ең бастысы-өзіме қымбат жандар және еліміз, аман-есен, жұртымыз тыңыштықта болды!