Таңдаулы

Сезім мұңы... (сағыныш хат)


Мына жалған дүниеде әр пенденің жүрегінде ерекше сезім болатыны ақиқат қой! Ал, Жүрегімдегі сол сезімге селқос таныткан да сенсін… Маған арнап бірде-бір жыр арнамадын деп өкпелеуін орынсыз еді, себебі сен менің жүрегімнің түкпіріне бір рет үңіліп қарасан, сен одан том-том болып жинақталып жаткан жырларды оқитын едін, ешбір жанға көрсетпеген, ешбір жерге жарияламаған, ешбір адам көре алмаған жырды көрер едің ғой… ал енді неліктен былай деп себебін сұрар болсан, саған берер жауабым: жүрегіме сақтаганым, ешбір жанның көлеңкесі түспесе екен дедім, ешбір жерге жарияламағаным, ешкімнің назары түспесе екен дедім, ешбір адам көре алмағаны, олардың көздері мені сенен кызғанбаса екен дедім.
Жарығым, сен енді мына менің көзіме,өзіме, сөзіме де өкпелеме! Мен енді келместің кемесіне мініп кетіп барам, барар бағытым белгісіз… Жүрегіме сезімнің мұңын арқалап енді сенімен кезікпес үшін, осы күйге қайтадан түспес үшін, жолдарымыз екіге бөлініп кетті. Махаббаттың мұңын жүректерге тұмар еткен алғашкысы да, соңғысы да біз емеспіз… тәтті бір түске еніп, ұйыктап кетсем ғой, шіркін! Киялдардың әлеміне саяхаттап қайтар едім, мен ол жақта бақыттың кұшагында, сезімге толы жүрегімдегі жырымды өмірімнің иесі саған арнап оқып берер ем, мына жалған дүниенің бақытына жете алмаған біздер, ең болмағанда қиялдарда бірге мәңгі болайықшы деген сертімізді бір-бірімізге беріп үлгерсек болар еді! Ояна келе бұлардың жай ғана тәтті түс екенін білу де ауыр екен… Саған арнап жаза берсем назымды, жүрегім көтере алмайма деп қорқам! Махаббатқа сенім арткан жүректеріміздің келесі өмірде жолығуын тіледім! Мен сені сол мекенге барып тосатын болам… Үзілмеген үмітімнің жібін жалғап келеріне сенем!
Әрі қарай

Күнделігіме "құда" түсіп жүр...


Күнделік — күнделікті өмірің дегенді оқыған едім, (авторын білмедім) соған толықтай да келісуге болады деп ойлаймын. Мен өзім қойын дәптерді әр бөлімге құрап қоятынмын. Мысалға, өзімнің өмірімді арнайы дәптерге арнап жазсам, ақындардың өлеңдерін, философиялық сөздіктерді, мақал-мәтел мен нақыл сөздерді басқа дәптерге жазып сақтайтынмын. Мектеп қабырғасында оқып жүргенімде жазған талай қойын дәптерім «отқа» кетті, біреулер оқып қояма деп тығып жасырып жазатын едім. Біреулер көрген бойда сол сәтте оны жыртып болмаса отқа тастайтынмын, жасыратындай да еш сыр жоқ соның ішінде..)) қазір сол күндерім естелікке айналды…

Енді мына оқиғаны сіздерге баяндап берейін: Осы жылдың көктемінде Алматыдан қайтып келе жатқанымда купемізде екі жігітпен жолсерік болдық. Жанымда бөлем болды. Біздің бағыт- Қазалы қаласы болса, олар Ақтөбеге қарай бет алған екен. Содан жол бойы әңгіме-дүкен құрып, танысып-білісіп келе жатырмыз. Өзіммен бірге үнемі тастамай жүретін «асыл қазынамды» (ақындардың өлеңдері мен нақыл сөздіктеріме осылайша өзім ат құрап алғам) оқып отырғам, кенет әлгі ағамыз (небәрі төрт жас үлкен екен менен) сұрап алды. Қолыңа алып парақтап оқып отыр, арасында басын шайқап күліп қояды. Бәрін оқып бітіріп, маған қарады да: сен маған мынаны сатсаң қайтеді,- деді. Мен сасқанымнан не айтарымды білмей қалдым. Дәл қазір қанша сұрасаң да берейін, мынаны маған беріп кетші деп отырып алды. Ішімнен өзімше ойға қалдым, мына жігітке соншама не үшін қажет болды екен деп ойлап отырғанымда, ол өзінің осы Алматының бір театрында «режиссер» екенін айтып, және сол үшін қажет екенін айтты. Қойылымдарға, оқушыларға беруге жақсы дүниелер екен деген соң, беріп-ақ кеткім келді. Бірақ…

Қия алмадым. мен үшін бұлар жәй дүние емес, өміріме тікелей маңызы бар нәрсе еді. Содан біраз ақылдаса келе, мынандай шешімге тоқтадық: Олар екі күннен кейін осы пойызбенен Ақтөбеден Алматыға қайтатынын біліп алғанымнан кейін, мен оларға осы дәптердің «копиясын» жасап жолда беріп кетемін деп келістім. Ақшасын бермек болып отырғанда мен қарсы болдым. Сіздердің жұмыстарыңыздың қажетіне айналғанына шын жүректен қуанып қалдым, сол үшінде мен бұны ешқандайда ақшаға жасауға келіспейтінімді айттым. Олар әрине, маған сенбей ұзақ ойланды онысы да дұрыс қой енді, кім жолдағы жолшыбайға сенім артсын?!

Қойшы, әйтеуір әрең дегенде көндіріп телефон нөмерін беріп міндетті түрде хабарласатынын айтты. Пойызымыз, Қазалыға келіп біз жолда түсіп қалдық. Үйге келіп ертеңгісіне өзіме артқан «аманатты» орындауға кірісіп кеттім. Уәделі күнде келіп, пойыз жолда келе жатқан режиссер ағайларға кездесіп аманатын тапсырдым. Қуанғанынан алғысын жаудырып, Алматыға келіп жатсаң хабарлас деп қол алысып, қоштасып пойызыңа мініп кетті…

P.S: өмірімде бір адамға пайдамның тигені үшін, Аллама мың мадақ айтып өттім…
Сурет гуглден алынды.
Әрі қарай

Тоғыспаған тағдырлар...

Автовокзал… Көрші ауылдағы нағашымның ауылыңа қонаққа баруға жолға шыққан бойым еді.Келсем күткен автобусымның кешігіп жатқаныңа қарағанда шамасы мен ерте келіп алдым-ау деп, өзіме-өзім күбірлеген бойда жанымда тұрған газет-журнал дүкеніне кіріп газет алмақ оймен кірген болатынмын, жолда аз да болса уақытты өткізу үшін. Орташа бойлы, күлім көзді, жанары ботадай жанып тұрған бойжеткен қызды көргенімде бойыма ток жүріп өткендей селт етіп тұра қалдым тұрған жерімде.

-Сәлеметсізбе! Сізге қандай көмегім керек еді,-деп нәзік дауысымен үн қатты.
Әрі қарай